Жүсіпбек Аймауытов «Ақбілек» романы. Қазақ әдебиеті, 10 сынып, презентация.


Ж. Аймауытов. «Ақбілек» романы

Оқу мақсаты:

10.2.3.1 - шығармадағы көркемдегіш құралдар мен айшықтау амалдарының қызметін талдау;

Бағалау критерийі:

Көркемдеуіш құралдарының қызметіне талдау жасайды

«Сұрақтар жауыны» әдісі

Сұрақтарға жауап беру барысында ойланбаңыз, кідірмеңіз. Бірден ойға келгенін жазып отырыңыз.

Ескерту. Жауаптарыңызда көркемдеуіш құралдар болуы тиіс.

Мысалы, айдай сұлу анаммен.

1. Орманда біреумен келе жатқаныңызды елестетіңіз, ол кім болуы мүмкін? 2. Орманда келе жатып, жаныңызда бір жануар жүргенін байқадыңыз. Ол қандай жануар? 3. Көздеріңіз түйісті, енді не болады? 4. Әлі орманда келе жатырсыз. Арманыңыздағы үй тұрған бір жерге келдіңіз. Үйдің көлемі қандай? 5. Арманыңыздағы үйдің сыртында қоршау бар ма? 6. Үйге кірдіңіз. Ас үйге бара жатырсыз. Үстелдің үстінде және жан-жағында не бар? 7. Үйден артқы есік арқылы шықтыңыз. Шөптің үстіне кесе жатыр. Ол неден жасалған? 8. Оны көріп, не істер едіңіз?

Көркемдеуіш құралдарын қолданып жауап беру қиындық тудырды ма?

Күнделікті өмірде көркемдеуіш құралдарын қаншалықты қолданасыз?

Көркемдеуіш құралдарын не үшін қолданамыз?

Топтық жұмыс

1-топ. Ел қайда? Бұл қайда? Әкесі, ауылы не күйде? Ақбілек туралы олар не ойлап жатыр десейші?.. Сорлы қызымды өлтіріп тастады ма, әлде не қылды?.. деп, әкесі не ғып жаны шыдап отыр екен?.. Күйеуі келмек еді, түндегі қуған, оққа ұшқан әлде сол емес пе екен? Тірі қалып, құдай жазып, көретін күн болса, күйеуіне не бетімен жолықпақ!.. Ойпырмай! Мұндай да сорлы, мұндай да масқара болған қазақта әйел бар деймісің? Бұл қорлықты кім көрді дейсің. Осының бәріне шыдап, не ғып өлмей, тірі отыр?..

Айшықтаудың қай түрі берілген?

Айшықтаудың үзіндідегі қолданысына талдау жасаңыз. ( не үшін қолданғанына түсінік беріңіз.)

2-топ. Мұқаш ақырын: «Мен» деді де, атын қораға кіргізіп, қадаға байлап, үйіне кірді. Бір кезі соқыр, жалғыз әйнекті, тапалтақ, кішкене үйінің дымыққан, күлімсілеу, терсымақ иісі мұрнына жып-жылы тиді. Жаман текемет үстіндегі қызыл шыт көрпеден монтиған қолдары шығып, домаланып, томпиған үш жасар Медеудің көкшіл танауы делдиіп, аузы ашылып, езуі қожалақтанып, шот маңдайы тоқырайып, жылтырап жатқаны да жарастықты көрінді. Баласын иіскейін деп оқтанды да, ойына бірдеме түсіп кеткендей, тоқтай қалды. Күнәға батпаған періштедей сәбиге жаман қолын, арам демін, арам ернін тигізуге батылы бармады.

Қарамен берілген сөздер троптың қай түрі екенін ажыратыңыз

Мәтіндегі қолданысына, мәтіндегі рөліне түсінік беріңіз.

3-топ. — Тұрдың ба, сәулем?— деп, Алтынай оң қолымен қолтығына қысып, маңдайынан сүйді. Медеужан бақыраштағы қызара бөртіп келе жатқан, ортасы тесік жалпақай бауырсағына қарап:

Апа, жалпағым... деп, ұрты салбырап, маңқиып аузын ашты.

Иә, күнім, сенің жалпағың,— деп, апасы ши өткізіп, жалпағын қолына ұстатты.

Томпиған, маубас Медеу отқа борбайын қақтай, шүмегейі салбырап, жүресінен отырып, шидің екі басынан ұстап, аузын ыржитып, бетін тыржитып, ыстық бауырсақтың шетінен тістей бастады.

Қарамен берілген сөздер қандай көркемдеуіш қралдары екенін анықтаңыз.

Мәтіндегі рөліне талдау жасаңыз.

4-топ. Қызыл көз, қасқыр жүз, қаблан азу, қара түнді Алтай аңғарынан үркіткелі, қорғасын аспанға алтын айдар Күнекей сұлуын өрмелеткелі, күншығыс ұжмағы қызыл қақпасын ашқанда, Ақбілек артына алақ-алақ етіп жолға шықты.Аспанның күн жақ туырлығы ақшыл тартып, тау бастары алтын жалатқандай күлімдеп келеді.

Табиғатты суреттеуде қандай тәсілді қолданады?

Қарамен берілген сөздер көркемдеуіш құралының қай түрі?

Мәтіндегі рөліне талдау жасаңыз?

Бағалау критерийі:

Көркемдеуіш құралдарын анықтайды

Мәтіндегі рөліне талдау жасайды

«Дауыс беру» әдісі арқылы бағалау жүргізеді.

Кері байланыс

Не жақсы болды?

Нені жетілдіру керек?

Кім белсенді болды?

Кімге белсенділікті арттыру керек?

Кім көп ақпарат берді?

Кімге қосымша көмек керек?

Рефлексия

Сізге мақсат түсінікті болды ма?

2. Тапсырманы орындау сізге қиындық тудырды ма? Неге?

3. Сіз бұл мақсатты жетілдіру үшін не істей аласыз?

4. Осы мақсат бойынша тапсырманың қандай болғанын қалайсыз?



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Freedom bank-те керемет акция! 1000 ₸ кэшбек сыйлайды
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
Пікір жазу