Адам жанының құпиясы. Ф.Оңғарсынова «Өлең, мен сені аялап өтем». Қазақ әдебиеті, 9 сынып, презентация. 1-сабақ.
Сабақтың тақырыбы
3-бөлім. Адам жанының құпиясы
Ф. Оңғарсынова «Өлең, мен сені аялап өтем»
Оқу мақсаты:
9.1.1.1 әдеби шығармаға сюжеттік-композициялық талдау жасау
Сабақтың мақсаты:
Оқушылар Ф. Оңғарсынова «Өлең, мен сені аялап өтем» сюжеттік-композициялық құрылысын талдау жасай отырып, тақырыбы мен идеясын ашады.
Бағалау критерийі:
сюжеттік-композициялық талдау жасайды;
тақырыбы мен идеясын ашады.
«Дейін-кейін» стратегиясы
Оқушылар Фариза Оңғарсынова және оның шығармашылығы туралы не білетінін айтады, «Дейін» бағанын толтырады, бейнематериалды тыңдап «Кейін» бағанын толтырады.
https://www.youtube.com/watch?v=JvUYbY3wWF8&t=34s
Фариза Оңғарсынова өмірі мен шығармашылығы туралы бейнематериалды көреді.
Әдеби-теориялық ұғым
Сюжет – өзара жалғасқан оқиғалар тізбесі, оқиғаның тұтас желісі.
Композиция (лат. соmpositiо - құрастыру, шығарма) – көркемөнер туындысының құрылымы, оның жанры мен мазмұнына орай құрамдас бөліктерінің тұтастығы. Композиция – құрамдас бөліктері бірлікте ұштастырылған, бір-біріне және жалпы мүддеге бағындырылған мақсатты көркем құрылым.
ЖЖ. «Өлең, мен сені аялап өтем...» өлеңін композициялық құрылымына талдау жасайды.
1.Оқиғаның басталуы.
2.Оқиғаның байланысы
3.Оқиғаның шиеленісуі
4.Оқиғаның шарықтау шегі
5.Оқиғаның шешімі
2-тапсырма
«Күлкімді, жайлы күнімді,
азапты, қайғы-мұңымды
өзіммен бөліскенің үшін,
қатем мен жеңістерім үшін
менің мынау қиындау тағдырым болып
о баста көріскенің үшін
Өлең, мен сені аялап өтем! - деген жолдар ақынның өлеңге көзқарасы қандай екені байқалады ма? деген тапсырма бойынша оқушы жұпта бір-бірімен ой бөліседі.
3-тапсырма
Өлеңнің идеясы не? Қай жолдардан көрінеді?
Оқушылар 4 адамнан құралатын топта «пирамидалық талқылау» әдісі арқылы жауап береді.
Топ мүшелері өз пікірін жеке жазып, ортада талқылап ортақ пікір қалыптастырады. Топ мүшелерінің саны 4 оқушыдан болуы керек. Әр топ таратылған қағазға тапсырмаға байланысты жеке өз ойларын жазады. Қағазды бұру арқылы бір-бірінің жауабымен танысады. Жауаптарымен танысып ортақ пікірді қағаз ортасына жазып, ойларын қорғайды.
«Ыстық орындық»
«Ыстық орындыққа» оқушылар белгілі бір рөлді таңдап отырады, мысалы, Ескендір патша. Оқушылар мәтін мазмұнына сай, Ескендір патшаға сұрақтар қояды.
1. Неліктен сіз көрші жатқан бейбіт елді шапқанды ұнатасыз?
Бағалау
Дескриптор:
сюжеттік-композициялық құрылысына талдау жасайды;
берілген тақырып шеңберінде жеке көзқарастарын білдіре алады;
креативті ойларымен талқылауға белсенді қатысады;
ақпарат алмасу кезінде еркін сөйлейді.
Ж. «Жанрлық трансформация» тәсілі.
Сабақта алған ақпараты мен түйген ойы бойынша «Жанрлық трансформация» тәсілін қолданып, қорытынды жасау.
Жанрлық трансформация. Шығарманың бір шумағын алып, газеттік мақала немесе эссе түрінде ұсыну.
Рефлексия
«Тазалық» ойыны
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» Қазақстандықтар шетелге қай мезгілде жиірек шығады
» Freedom bank-те керемет акция! 1000 ₸ кэшбек сыйлайды
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?