Адам жанының құпиясы. Ф.Оңғарсынова «Өлең, мен сені аялап өтем». Қазақ әдебиеті, 9 сынып, сабақ жоспары. 2-сабақ.


Қысқа мерзімді жоспар

САБАҚ: 2

Мектеп: ФМБ НЗМ Тараз қаласы

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні:

Сынып: 9-сынып

Қатысқан оқушылар саны:

Қатыспағандар:

Сабақтың тақырыбы

3-бөлім. Адам жанының құпиясы

Ф. Оңғарсынова «Өлең, мен сені аялап өтем»

Осы сабақ арқылы жүзеге асатын оқу мақсаттары

9.2.3.1 шығармадағы әдеби тілді құбылту мен айшықтаудың (троп пен фигура) түрлерін талдай отырып, автор стиліне баға беру.

Сабақтың мақсаттары

Оқушылар Ф. Оңғарсынованың «Өлең, мен сені аялап өтем» шығармасындағы әдеби тілді құбылту мен айшықтаудың түрлерін талдай отырып, автор стиліне баға береді.

Бағалау критерийлері

  • әдеби тілді құбылту мен айшықтаудың түрлерін талдайды;
  • автор стиліне баға береді.

Тілдік мақсаттар

Пәндік лексика мен терминология:

Троп (метонимия, синекдоха, метафора, теңеу, гипербола, литота, кейіптеу, ирония).

Фигура (шендестіру, қайталау, параллелизм, риторикалық сұрақ-жауап, дауыс ырғағы т. б.)

Оқушылар түсінеді және сипаттайды...

Диалог және айтылымға пайдалы тіркестер:

Менің байқағаным,...Менің ойымша,... Мен ойлаймын...

Құндылықтарды дарыту

Жалпыадамзаттық құндылықтар:

  • адамгершілік, мейірімділік, әділдік;

Еліміздің құндылықтары;

  • рухани жаңғыру, ұлттық кодтың сақталуы.

Пәнаралық байланыстар

тарих, өнер

АКТ қолдану дағдылары

бейнекөрсетілімдер

Осыған дейін меңгерілген білім

Оқушылар Фариза Оңғарсынованың өмірі мен шығармашылығымен танысады. Осы сабаққа белсенді қатысу үшін « Өлең, мен сені аялап өтем» өлеңінің мазмұнын оқып келеді.

Жоспар

Жоспарланатын уақыт

Жоспар бойынша орындалуы тиіс іс-әрекеттер (төменде келтірілген жазбаларды жоспарланған әрекеттермен алмастырыңыз)

Дереккөздер

Сабақтың басы

5 минут

Қызығушылықты ояту.

Берілген сөздердің қай көркемдегіш құрал түріне жататынын анықта.

Сабақтың мақсатымен, бағалау критерийлерімен таныстыру.

Сабақтың ортасы

15 минут

15 минут

Мағынаны тану

Мұғалім терминдердің мағынасымен таныстыра келіп, сатылай кешенді талдау негізіне сүйене отырып, өлең құрылысына талдау ретін көрсетеді:

1. Авторы

2. Тақырыбы

3. Жанр түрі

4. Идеясы дегеніміз

5. Шумақ саны

6. Тармақ саны

7. Бунақ дегеніміз

8. Буын саны

9. Ұйқас түрі.

10. Әдеби теориялық ұғымдар:

11. Сөздікпен жұмыс.

12. Өлеңнің тәрбиелік мәні.

Оқушылар осы тапсырмадағы көрсетілген рет арқылы өлең құрылысына талдай алатыны есте сақтау керек.

Әдеби-теориялық ұғым

Троп (гр. tropos – айналым, тіл оралымы, иін, иірім, сөз қолданысы) немесе құбылту – атаудың немесе мағынаның ауыспалы түрде қолдану тәсілі. Сөздерді тура мағынасында емес, бұрма мағынасында қолдану, шындықты бейнелеп, кейде тіпті перделеп жеткізу тәсілі болып табылады. Әдеби тілдің әсемдігі ғана емес, әсерлігі үшін де орасан қажет.

Тілде троп түрлері өте көп, ол екі нәрсенің, не құбылыстың бір-бірімен сабақтастығы мен арақатынасын ашу негізінде жасалады (метонимия, синекдоха), не сипатталатын құбылыстың белгілерін екінші бір құбылыс ерекшеліктеріне ұқсату, ауыстыру тәсілі негізінде туындайды (метафора, теңеу), сондай-ақ троп бір нәрсені үлкейту не кішірейту, не сықақтау яки қарсы мағынада сипаттаумен, әсірелеу сарынымен де шендеседі (гипербола, литота, кейіптеу, ирония).

Сөз айшықтары (фигура) – сөйлеудін әсемдігін, мәнерлілігін, экспрессивтік мәнің күшейтетін синтаксистік құрылымдардың формалары, ұзақ уақыт бойы қалыптасқан, жиі қолданылатын амал-тәсілдер. Оларға: шендестіру, қайталау, параллелизм, риторикалық сұрақ-жауап, дауыс ырғағы т. б. жатады. Сөз айшықтары адамның сөйлеу шеберлігін, зерделілігін, тіл байлығын көрсетеді.

І топ

Өлеңдегі көркемдегіш құралдарды табу.

Көркемдеуші құралдар (троп)

мысалдар

автордың ойын берудегі әсері

ІІ топ

Өлеңдегі көркемдегіш құралдарды табу.

Көркемдеуші құралдар (фигура)

мысалдар

автордың ойын берудегі әсері

2- тапсырма

Бес сөйлеммен қорытындылап айт. Фариза Оңғарсынованың өлеңде қолданған тілі қандай?

____________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________

Бағалау

Дескриптор:

  • көркем ауыстыру түрлерін біледі;
  • шығармадан таба алады;
  • қолдану себебін анықтайды;
  • автордың ойын берудегі әсерін табады.

ІІІ топ.

Автор бейнесі – әдеби шығармадағы жазушының өз тұлғасы. Оқиғалы шығармаларда автор негізінен алғанда оқиғаны баяндаушы болады.

Мағынаны тануға бағытталған тапсырма

Көзқарасы нақты, пікірі әңгімеде айқын көрінеді, мысалы_______________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________

Ойын еркін айта алмайтын жасқаншақ, дәлелі_________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________

Бағалау

Дескриптор:

  • автор бейнесінің анықтамасын біледі
  • шығармадан автор бейнесіне қатысты жолдарды таба алады
  • автор бейнесіне анализ жасай алады.

Сабақтың соңы

5 минут

Рефлексия:

Бүгінгі сабақта алған ақпараттың алдағы өміріңізде пайдасы бар ма?

Сабақта қай тапсырманы орындау қиындық туғызды?

Сізге қиындықты жеңу үшін не істеу керек деп ойлайсыз?

Оқушылармен кері байланыс жасалған соң, сабақ барысында қиындық туғызған тапсырмаларды қалай жеңіл орындауға болатын жолдары талқыланады.

Қосымша ақпарат

Дифференциация – Сіз оқушыларға көбірек қолдау көрсету үшін не істейсіз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай тапсырма беруді көздеп отырсыз?

Бағалау – Оқушылардың ақпаратты қаншалықты меңгергенін қалай тексересіз?

Пәнаралық байланыс

Қауіпсіздік ережелері

АКТ-мен байланыс Құндылықтармен байланыс (тәрбиелік элемент)

Дифференциацияны берілетін тапсырма, күтілетін нәтиже, қолдау көрсету, бөлінетін уақыт, қолданылатын дереккөздер арқылы жүзеге асыруға болады.

Дифференциация сабақтың кез келген бөлімінде қолданылады.

Бұл бөлімді оқушылардың сабақ барысында алған білімдерін бағалау үшін қолданылатын әдіс-тәсілдеріңізді жазу үшін пайдаланыңыз.

Сабақ жоспарын құру үшін сізге өзге пән мұғалімдерінің көмегі керек пе?

Берілген тапсырмалардың қайсыбірі оқушылардың қауіпсіздігіне немесе денсаулығына қауіп төндіре ме?

Оқушылар сабақ барысында өздерінің АКТ дағдыларын дамыта ала ма?

Осы сабақ барысында НЗМ құндылықтарын дамытуға қандай мүмкіндік бар?

Ойлану

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары жүзеге асырымды болды ма?

Бүгін оқушылар нені үйренді? Сыныптағы оқу атмосферасы қандай болды? Дифференциацияны жүзеге асыру қолымнан келді ме? Мен жоспарланғануақытымды ұстандым ба? Мен жоспарыма қандай өзгерістер енгіздім және неліктен?

Төменде берілген бөлімді осы сабақ туралы ойларыңызды жазу үшін пайдаланыңыз. Сол жақ бағанда берілген сабағыңызға қатысты ең маңызды сұрақтарға жауап беріңіз.

Жалпы баға

Сәтті өткен екі нәрсені атап көрсетіңіз (сабақ беру және оқытуға қатысты)?

1:

2:

Қандай екі нәрсе сабақтың одан да жақсы өтуіне ықпалын тигізер еді (сабақ беру және оқытуға қатысты)?

1:

2:

Осы сабақ барысында сынып немесе жеке оқушылар туралы менің келесі сабағыма дайындалу үшін қажет болуы мүмкін қандай ақпарат алдым?



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Қазақстан пойыздарында үй жануарларын тасымалдау ережелері
» Қазақстандықтар шетелге шығуға жылына қанша жұмсайды?
» Су тасқынынан зардап шеккендерге қосымша тағы 553 мың теңге төленеді
Пікір жазу