Адам жанының құпиясы. Ф.Оңғарсынова «Өлең, мен сені аялап өтем». Қазақ әдебиеті, 9 сынып, сабақ жоспары. 3-сабақ.


Қысқа мерзімді жоспар

САБАҚ: 3

Мектеп: ФМБ НЗМ Тараз қаласы

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні:

Сынып: 9-сынып

Қатысқан оқушылар саны:

Қатыспағандар:

Сабақтың тақырыбы

3-бөлім. Адам жанының құпиясы

Ф. Оңғарсынова «Өлең, мен сені аялап өтем»

Осы сабақ арқылы жүзеге асатын оқу мақсаттары

9.3.4.1 әдеби шығарманы қазақ әдебиеті мен әлем әдебиеті үлгілерімен салыстыра талдап, шағын сын мақала жазу

Сабақтың мақсаттары

Ф. Оңғарсынова «Өлең, мен сені аялап өтем» шығармасын қазақ әдебиеті мен әлем әдебиеті үлгілерімен салыстыра талдап, шағын сын мақала жазады.

Бағалау критерийлері

  • қазақ әдебиеті мен әлем әдебиеті үлгілерімен салыстыра талдайды;
  • шағын сын мақала жазады;
  • қазіргі өмірмен байланыстыру арқылы қорытынды жасайды.

Тілдік мақсаттар

Пәндік лексика мен терминология:

Қазақ әдебиеті, әлем әдебиеті, салыстыру.

Оқушылар түсінеді және сипаттайды...

Диалог және жазылымға пайдалы тіркестер:

Менің байқағаным,...Менің ойымша,... Мен ойлаймын...

Құндылықтарды дарыту

Жалпыадамзаттық құндылықтар:

  • адамгершілік, мейірімділік, әділдік;

Еліміздің құндылықтары;

  • рухани жаңғыру, ұлттық кодтың сақталуы.

Пәнаралық байланыстар

Тарих, өнер

АКТ қолдану дағдылары

Презентация

Осыған дейін меңгерілген білім

Оқушылар Фариза Оңғарсынованың өмірі мен шығармашылығымен танысады. Осы сабаққа белсенді қатысу үшін « Өлең, мен сені аялап өтем» өлеңінің мазмұнын оқып келеді.

Жоспар

Жоспарланатын уақыт

Жоспар бойынша орындалуы тиіс іс-әрекеттер (төменде келтірілген жазбаларды жоспарланған әрекеттермен алмастырыңыз)

Дереккөздер

Сабақтың басы

5 минут

Қызығушылықты ояту

Шығармашылық жазылым туралы түсінік беру

Шығармашылық жазылым – шығармашылық тұрғыда жазылған, идея және стильден шығармашылық мінез көрінетін, жұмыс барысында өте көркем және әсерлі сөздер таңдалып қолданылған, әсерді жақсарту үшін сәйкестендірілген құрылым қолданылған; кейіпкерлері мен сюжеті жанды суреттеліп, оқиғалар реті жымдасып, оқырманды қызықтыратын жазылым түрі.

Шығармашылық жазылымға тән сипаттар:

  • Жазылым өте шығармашылық тұрғыда жазылған. Идея және стильден шығармашылық мінез көрінеді;
  • Жұмыс барысында өте көркем және әсерлі сөздер таңдалып қолданылған;
  • Әсерді жақсарту үшін сәйкестендірілген құрылым қолданған;
  • Кейіпкерлері мен сюжеті жанды суреттеліп, оқиғалар реті жымдасып, оқырманды қызықтырады.

Сабақта қалыптастыратын дағды мен оқу мақсатын таныстыру.

Сабақтың ортасы

10 минут

15 минут

5 минут

Мағынаны тану

Салыстыру кестесі

Ф.Оңғарсынованың «Өлең, мен сені аялап өтем...» өлеңі мен М.Мақатаев «Поэзия» өлеңін салыстыру.

Ф.Оңғарсынова

«Өлең, мен сені аялап өтем...»

Дара күндерімнің,

нала түндерімнің

серігі болғаның үшін,

сенімі болғаның үшін

мен сені аялаймын.

Біреудің пасықтығынан,

біреудің жасып мұңынан,

жүрегім сыздаған кезде,

жаным мұздаған кезде

мен сені саялаймын.

Біреудің күлкісін көріп,

бақыттының түр-түсін көріп,

шаттанып қалған шағымда,

жеткендей арман-сағымға,

қуаныштан дірілдеп денем,

алдыңа күлімдеп келем.

Ажалмен айқасқан сәтте

қыршын жас көз ілгенін көріп,

өткінші сезімдерді көріп,

кешегі "доспын" дегеннің

минутта жерінгенін көріп,

кімнен өшімді аларымды білмей,

кімдерге кінә тағарымды білмей,

алдыңа лапылдап келем,

жарылуға жақындап келем.

Өмірдің өткелдерінен

қиындық көп көргеніммен,

өртеніп от басқаныммен,

өзіңмен қоштаспадым мен.

Күлкімді, жайлы күнімді,

азапты, қайғы-мұңымды

өзіммен бөліскенің үшін,

қатем мен жеңістерім үшін

менің мынау қиындау тағдырым болып

о баста көріскенің үшін

Өлең, мен сені аялап өтем!

М.Мақатаев «Поэзия»

Поэзия! менімен егіз бе едің?

Сен мені сезесің бе, неге іздедім?

Алауыртқан таңдардан сені іздедім,

Қарауытқан таулардан сені іздедім.

Сені іздедім кездескен адамдардан,

Бұлақтардан, бақтардан, алаңдардан.

Шырақтардан, оттардан, жалаулардан,

Сені іздедім жоғалған замандардан.

Сені іздедім досымнан, қасымнан да,

Ақша бұлттан іздедім, жасыннан да,

Сен бе дедім ақ нөсер ашылғанда,

Қызыл-жасыл шұғыла шашылғанда,

Көкжиек пен көкжиек қосылғанда.

Махаббаттан іздедім, сағыныштан,

Арманымнан іздедім алып ұшқан!

Сәттерімнен іздедім жаңылысқан,

Сені іздедім жадырау, жабығыстан.

Сені іздедім зеңбірек гүрсілінен,

Күннен, түннен, гүлдердің бүршігінен.

Қуаныштан, түршігу-күрсінуден,

Жүректердің іздедім дүрсілінен.

Сені іздедім сезімге у шараптан да,

Минуттерден іздедім, сағаттан да,

Сені іздедім.

Іздеймін тағат бар ма?

Сені маған егіз ғып жаратқан ба?!

1-тапсырма

Оқушыларға өлеңдерде айтылған ойды талқылайды.

  • Өлеңнің тақырыбы қандай?
  • Ақындар осындай өлең жолдары арқылы оқырманға қандай ой түйгізеді?

2-тапсырма.

Өлең мазмұны негізінде кесте толтыру. ТЖ

1-топ

Ф.Оңғарсынованың «Өлең, мен сені аялап өтем...»

М.Мақатаев «Поэзия»

2-топ

3-топ

Шығарма тақырыбы

Шығарма идеясы

Шығарма тілі

Менің қорытындым

3-тапсырма

«Төрт сөйлем» әдісі

Менің ойымша...

Себебі, мен оны мен былай түсіндіремін...

Оны мен мына фактілермен, мысалдармен дәлелдей аламын...

Осыған байланысты мен мынадай қорытындыға келдім...

4-тапсырма.

Оқушылар Ф. Оңғарсынова «Өлең, мен сені аялап өтем» өлеңін идеялық жағынан мазмұндас әлем әдебиетіндегі туындылармен салыстыра отырып, сыни мақала жазады.

Дескрипторлар

  • Тақырып бойынша түсінігі бар;
  • Өз ойын және өз көзқарасын білдіреді;
  • Орынды пікір, дәлел келтіреді;
  • Әлем әдебиеті үлгілерімен салыстыра талдайды;
  • Шағын сын мақала жазады;
  • Қазіргі өмірмен байланыстыру арқылы қорытынды жасайды.

Оқушылар ортаға шығып, өз жұмыстарымен таныстырады.

Сабақтың соңы

5 минут

Кері байланыс/Рефлексия

«3Қ"

Не қызық?

Не қажет?

Не қиын?

Қосымша ақпарат

Дифференциация – Сіз оқушыларға көбірек қолдау көрсету үшін не істейсіз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай тапсырма беруді көздеп отырсыз?

Бағалау – Оқушылардың ақпаратты қаншалықты меңгергенін қалай тексересіз?

Пәнаралық байланыс

Қауіпсіздік ережелері

АКТ-мен байланыс Құндылықтармен байланыс (тәрбиелік элемент)

Дифференциацияны берілетін тапсырма, күтілетін нәтиже, қолдау көрсету, бөлінетін уақыт, қолданылатын дереккөздер арқылы жүзеге асыруға болады.

Дифференциация сабақтың кез келген бөлімінде қолданылады.

Бұл бөлімді оқушылардың сабақ барысында алған білімдерін бағалау үшін қолданылатын әдіс-тәсілдеріңізді жазу үшін пайдаланыңыз.

Сабақ жоспарын құру үшін сізге өзге пән мұғалімдерінің көмегі керек пе?

Берілген тапсырмалардың қайсыбірі оқушылардың қауіпсіздігіне немесе денсаулығына қауіп төндіре ме?

Оқушылар сабақ барысында өздерінің АКТ дағдыларын дамыта ала ма?

Осы сабақ барысында НЗМ құндылықтарын дамытуға қандай мүмкіндік бар?

Ойлану

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары жүзеге асырымды болды ма?

Бүгін оқушылар нені үйренді? Сыныптағы оқу атмосферасы қандай болды? Дифференциацияны жүзеге асыру қолымнан келді ме? Мен жоспарланғануақытымды ұстандым ба? Мен жоспарыма қандай өзгерістер енгіздім және неліктен?

Төменде берілген бөлімді осы сабақ туралы ойларыңызды жазу үшін пайдаланыңыз. Сол жақ бағанда берілген сабағыңызға қатысты ең маңызды сұрақтарға жауап беріңіз.

Жалпы баға

Сәтті өткен екі нәрсені атап көрсетіңіз (сабақ беру және оқытуға қатысты)?

1:

2:

Қандай екі нәрсе сабақтың одан да жақсы өтуіне ықпалын тигізер еді (сабақ беру және оқытуға қатысты)?

1:

2:

Осы сабақ барысында сынып немесе жеке оқушылар туралы менің келесі сабағыма дайындалу үшін қажет болуы мүмкін қандай ақпарат алдым?



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Пікір жазу