Адам жанының құпиясы. Ф.Оңғарсынова «Өлең, мен сені аялап өтем». Қазақ әдебиеті, 9 сынып, презентация. 2-сабақ.


Сабақтың тақырыбы

3-бөлім. Адам жанының құпиясы

Ф. Оңғарсынова «Өлең, мен сені аялап өтем»

Оқу мақсаты:

9.2.3.1 шығармадағы әдеби тілді құбылту мен айшықтаудың (троп пен фигура) түрлерін талдай отырып, автор стиліне баға беру.

Сабақтың мақсаты:

Оқушылар Ф. Оңғарсынованың «Өлең, мен сені аялап өтем» шығармасындағы әдеби тілді құбылту мен айшықтаудың түрлерін талдай отырып, автор стиліне баға береді.

Бағалау критерийлері:

әдеби тілді құбылту мен айшықтаудың түрлерін талдайды;

• автор стиліне баға береді.

Мағынаны тану

Өлең құрылысына талдау

 

1. Авторы

2. Тақырыбы

3. Жанр түрі

4. Идеясы дегеніміз

5. Шумақ саны

6. Тармақ саны

7. Бунақ дегеніміз

8. Буын саны

9. Ұйқас түрі.

10. Әдеби теориялық ұғымдар:

11. Сөздікпен жұмыс.

12. Өлеңнің тәрбиелік мәні.

Әдеби-теориялық ұғым

Троп (гр. troposайналым, тіл оралымы, иін, иірім, сөз қолданысы) немесе құбылту – атаудың немесе мағынаның ауыспалы түрде қолдану тәсілі. Сөздерді тура мағынасында емес, бұрма мағынасында қолдану, шындықты бейнелеп, кейде тіпті перделеп жеткізу тәсілі болып табылады. Әдеби тілдің әсемдігі ғана емес, әсерлігі үшін де орасан қажет.

Тілде троп түрлері өте көп, ол екі нәрсенің, не құбылыстың бір-бірімен сабақтастығы мен арақатынасын ашу негізінде жасалады (метонимия, синекдоха), не сипатталатын құбылыстың белгілерін екінші бір құбылыс ерекшеліктеріне ұқсату, ауыстыру тәсілі негізінде туындайды (метафора, теңеу), сондай-ақ троп бір нәрсені үлкейту не кішірейту, не сықақтау яки қарсы мағынада сипаттаумен, әсірелеу сарынымен де шендеседі (гипербола, литота, кейіптеу, ирония).

Сөз айшықтары (фигура) – сөйлеудін әсемдігін, мәнерлілігін, экспрессивтік мәнің күшейтетін синтаксистік құрылымдардың формалары, ұзақ уақыт бойы қалыптасқан, жиі қолданылатын амал-тәсілдер. Оларға: шендестіру, қайталау, параллелизм, риторикалық сұрақ-жауап, дауыс ырғағы т. б. жатады. Сөз айшықтары адамның сөйлеу шеберлігін, зерделілігін, тіл байлығын көрсетеді.

І топ

Өлеңдегі көркемдегіш құралдарды табу.

2- тапсырма

Бес сөйлеммен қорытындылап айт. Фариза Оңғарсынованың өлеңде қолданған тілі қандай?

_____________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________

ІІ топ

Өлеңдегі көркемдегіш құралдарды табу.

2- тапсырма

Бес сөйлеммен қорытындылап айт. Фариза Оңғарсынованың өлеңде қолданған тілі қандай?

_____________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________

Бағалау

Дескриптор:

• көркем ауыстыру түрлерін біледі;

• шығармадан таба алады;

• қолдану себебін анықтайды;

• автордың ойын берудегі әсерін табады.

ІІІ топ.

Автор бейнесі – әдеби шығармадағы жазушының өз тұлғасы. Оқиғалы шығармаларда автор негізінен алғанда оқиғаны баяндаушы болады.

Мағынаны тануға бағытталған тапсырма

Көзқарасы нақты, пікірі әңгімеде айқын көрінеді, мысалы____________________________________________________________________________________________________________________________________________Ойын еркін айта алмайтын жасқаншақ, дәлелі______________________________________________________________________________________________________________________________________________

Бағалау

Дескриптор:

автор бейнесінің анықтамасын біледі

шығармадан автор бейнесіне қатысты жолдарды таба алады

автор бейнесіне анализ жасай алады.

Рефлексия:

Бүгінгі сабақта алған ақпараттың алдағы өміріңізде пайдасы бар ма?

Сабақта қай тапсырманы орындау қиындық туғызды?

Сізге қиындықты жеңу үшін не істеу керек деп ойлайсыз?



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Пікір жазу