Нысанбай жырау «Кенесары – Наурызбай». Қазақ әдебиеті, 9 сынып, сабақ жоспары. 5-сабақ.


САБАҚ: 5

Мектеп:

Мерзімі:

Оқытушының аты-жөні: Угыбаева Г.А.

СЫНЫП: 9 Т1

Қатысқан оқушылар саны:

Қатыспағандар:

Бөлім

Тарихи шындық пен көркемдік шешім

Сабақтың тақырыбы

Нысанбай жырау «Кенесары – Наурызбай»

Осы сабақ арқылы жүзеге асатын оқу мақсаттары

9.3.2.1 шығармадағы ұрпақтар сабақтастығы көрінісін заманауи тұрғыда салыстырып, жаңашылдығына баға беру;

Сабақтың мақсаттары

Барлық оқушы

шығарманы батырлар жырымен салыстырып, айырмашылығын анықтайды;

Көптеген оқушы

шығармадағы ұрпақтар сабақтастығының көрінісін талдайды;

Кейбір оқушы

шығарманың жаңашылдығына баға береді.

Бағалау критерийі

шығармадағы ұрпақтар сабақтастығының көрінісін заманауи тұрғыда салыстырады, шығарманың жаңашылдығына баға береді;

Тілдік мақсаттар

Пән лексикасы және терминалогия: шығармадағы ұрпақтар сабақтастығы көрінісі, шығарманың жаңашылдығы, зерттеу

Диалог және жазылым үшін қажетті сөз тіркестері: ұрпақтар сабақтастығының көрінісі байқалады, заманауи тұрғыда салыстырар болсақ, жырдың жаңашылдығын байқай аламыз, т.б.

Мектеп құндылықтары

Өмір бойы оқу: білуге құштарлық, шығармашылық және оқылатын материалға сыни қарау арқылы оқуға құштарлыққа баулу, ақылын, денесін, қарым-қатынас пен мінезді ұдайы дамыту. Өзіне оқушылардың өз бетімен оқуына ықпал ететін икемділік мен дағдыларды дамытуды қамтиды.

Алдыңғы сабақта

шығармадағы ұрпақтар сабақтастығы көрінісін заманауи тұрғыда салыстырып, жаңашылдығына баға берді.

Жоспар

Жоспарланған

уақыт

Жоспарланған жаттығулар

Дерек көздері

Сабақтың басы

2 минут

4 минут

Оқу мақсатымен, бағалау критерийімен танысады.

Жұпқа бөлу

Мұғалім сынып оқушыларын «Балмұздақ таяқшалары» әдісі арқылы жұптастырады.

Әр жұп берілген қосымша мәліметпен танысады.

Қосымша мәлімет

Бұл дастанды Кенесары Қасымов бастаған ұлт-азаттық кетерілісіне бастан-аяқ қатысып, барлық оқиғаларды өзі көрген Нысанбай жырау Жаманқұлұлы шығарған. Нысанбай көлемді, тарихи-реалистік сипаттағы жырда Кенесары мен Наурызбайдың бейнесін батырлық эпос үлгісімен жырлап, ұлт-азаттық көтерілісінің соңғы кезін терең танып, үлкен ақындық шеберлікпен суреттеген. Ұлттық батырлар Кенесары мен Наурызбайдың психологиялық жағынан ең бір айқын айшықталған бейнесі жасалынған. Бұл жырды тарихшы ғалымдар да, жазушылар да өздерінің зерттеу жұмыстарында, шығармашылық қызметтерінде дерек көзі ретінде пайдаланған. Ұлт-азаттық көтерілісінің ішінде жүріп, оның жалынды жыршысына айналған Нысанбайдың аузынан тараған жыр тарихи жәдігер ретінде де, көркемдік ескерткіш ретінде де ете құнды дүние.

Жыр Кенесары-Наурызбай көтерілісінің шырқау биікке жетіп, әлсіреген кезін, көтеріліс басшысы хан Кененің мұздай каруланған патша әскерінің екпініне тойтарыс беруге шамасы жетпей, атамекенінен еріксіз кетіп, торға түскен жаралы жолбарыс күйін кешкен күйзелісін бейнелейді. Нысанбай жыраудың халық атынан қос батырын жоқтаған мұң-шерге толы зарлы жоқтау жырында көтерілістің, өзекті арнасын үлкен ауқымда қамтып, Кенесары, Наурызбай ерліктерін бұрынғы батырлар жыры дәстүрінде бейнелейді, эпикалық оқиғаға лирикалық сипат беріп, заман шындығын тебірене жырлайды.

Қазақтардың жеңілген себебі - Кенесары қолында алауыздық туады, барымтаны олжалауға таласады. Ақын мұны да жасырмай жырлаған. Бұл Нысанбайдың өзге акындардан ерекшелігін, сыншыл жыршы екенін көрсетеді. Жыр керкемдік қуатымен ғана емес, тарихи деректі сипатымен де кұнды.

Слайд

http://kerey.kz/?p=5889

Сабақтың ортасы

10 минут

12 минут

5 минут

5 минут

ЖЖ

Тапсырма:

Алған ақпаратыңыздың ішінен 2 сөйлемді белгілеңіз, ойыңызды дәлелдеңіз.

Келісемін – V

Толықтырамын – +

Т

«Кенесары-Наурызбай» жыры мен батырлар жырындағы ұрпақтар сабақтастығын салыстырыңыз. Жырдың жаңашылдығын анықтаңыз, бағалаңыз.

«Кенесары-Наурызбай» жыры

Батырлар жыры (Нақты бір жырды алуға да болады)

Авторы

Тақырыбы

Идеясы

Басты кейіпкерлері, батырлар

Батырлар мұраты, ұрпақтар сабақтастығы

Өзіндік ерекшеліктері мен айырмашылығы

«Кенесары-Наурызбай» жырының жаңашылдығы неде? Бағалаңыз.

Кері байланыс

  • Жырда ұрпақтар сабақтастығы қалай байқалды?
  • Тапсырманы орындауда сіз неден қиналдыңыз?
  • Сізге нені қайталау керек?

Өзін-өзі бағалау

Өзге 2 жұптың жұмысымен танысыңыз, өз жұмысыңызбен салыстырып, айырмашылығын анықтаңыз.

Слайд

2 минут

Рефлексия

  • Мен алған қосымша ақпарат:
  • Мен үшін қажетсіз, артық дүние:
  • Ой елегінен өткізіп, әлі де қарастыруым керек:

Слайд



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Ораза кестесі 2024 жыл. Астана, Алматы, Шымкент т.б. ауыз бекіту және ауызашар уақыты
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу

Соңғы жаңалықтар:
» Биыл 1 сыныпқа өтініш қабылдау 1 сәуірде басталып, 2024 жылғы 31 тамызға дейін жалғасады.
» Жұмыссыз жастарға 1 миллион теңгеге дейінгі ҚАЙТЫМСЫЗ гранттар. Өтінім қабылдау басталды!
» 2024 жылы студенттердің стипендиясы қанша теңгеге өседі
Пікір жазу