Нысанбай жырау «Кенесары – Наурызбай». Қазақ әдебиеті, 9 сынып, сабақ жоспары. 4-сабақ.


САБАҚ: 4

Мектеп:

Мерзімі:

Оқытушының аты-жөні: Угыбаева Г.А.

СЫНЫП: 9 Т1

Қатысқан оқушылар саны:

Қатыспағандар: 0

Бөлім

Тарихи шындық пен көркемдік шешім

Сабақтың тақырыбы

Нысанбай жырау «Кенесары – Наурызбай»

Осы сабақ арқылы жүзеге асатын оқу мақсаттары

9.2.2.1 автор бейнесінің идеялық-стилистикалық тұтастырушы ретіндегі рөліне талдау жасау;

Сабақтың мақсаттары

Барлық оқушы

автор бейнесін анықтайды;

Көптеген оқушы

автор бейнесіне талдайды;

Кейбір оқушы

автор бейнесіне қатысты негізгі ойларға талдау жасайды.

Бағалау критерийі

автор бейнесінің идеялық-стилистикалық тұтастырушы ретіндегі рөліне талдау жасайды;

Тілдік мақсаттар

Пән лексикасы және терминалогия: автор бейнесі, идеялық-стилистикалық тұтастырушы, заман шындығы, ұлт-азаттық көтеріліс жыршысы,

Диалог және жазылым үшін қажетті сөз тіркестері:

Автордың идеялық нысанасы, көзқарасы…

Автордың шығармадағы оқиғаларға көзқарасы, кейіпкерлерге қатынасы...

Мектеп құндылықтары

Өмір бойы оқу: білуге құштарлық, шығармашылық және оқылатын материалға сыни қарау арқылы оқуға құштарлыққа баулу, ақылын, денесін, қарым-қатынас пен мінезді ұдайы дамыту. Өзіне оқушылардың өз бетімен оқуына ықпал ететін икемділік мен дағдыларды дамытуды қамтиды.

Алдыңғы сабақта

9.1.3.1 көркем шығарманың идеясына сай кейіпкерлер жүйесін анықтау;

Жоспар

Жоспарланған

уақыт

Жоспарланған жаттығулар

Дерек көздері

Сабақтың басы

3 минут

Сынып оқушылары 5 топқа бөлінеді.

Оқу мақсатымен, бағалау критерийімен танысады.

Слайд

Сабақтың ортасы

8 минут

6 минут

3 минут

5 минут

3 минут

7 минут

3 минут

Т

Оқушыларға автор бейнесін талдау, идеялық-стилистикалық тұтастырушы ретіндегі рөлін анықтау үшін топтық тапсырмалар беріледі. Топтар жұмысын А3 форматындағы қағазға жазып, сынып қабырғасына іледі.

Тапсырма: Берілген ойды топта талқылай отырып, себебін анықтаңыздар.

1-топ: Автор – оқиғаны баяндаушы, себебі ...

2-топ: Автор батырлардың ерлігін бұрынғы батырлар жыры дәстүрінде бейнелейді, себебі ...

3-топ: Автор – заман шындығын тебірене жырлаушы, себебі ...

4-топ: Автор – ұлт-азаттық көтерілістің жыршысы, себебі ...

5-топ: Автор – өмір шындығын көркем шындыққа айналдырды, себебі ...

«Карусель»

Топ оқушылары бірлесе жүріп, әр топтың жұмысымен танысады, топ болып талқылайды, қажеттілігіне қарай толықтырады.

Кері байланыс

Қай жауап көңіліңізден шықты? Неліктен?

(Оқушылар өзінің жеке пікірін білдіруге, бағалауға мүмкіндік алады.)

ЖЖ Тапсырма:

Жырда берілген үзінді туралы өз ойыңызды,

пікіріңізді білдіріңіз.

Ендігі жерде сөйлейінБолған істі бастағы.Бәрі де жау боп көріндіАлатаудың тастары.

Елден бұрын НысанбайЖоқ сұмдықты бастады.Қобызы қалды қосында,Түзеді бетін қашқалы.Өз басын алып құтылмақ,Іздемеді басқаны.Алты ай шауып жол болғанШу менен таудың арасы.Бұл сапарда қазақтыңБолмады қабыл тәубасы.Рүстем менен Сыпатай –Дулаттың нағыз баласыҮндес болды қырғызбен,Әне, ауыздың аласы!Он екі мың дулаттыҚашырды түнде, расы.Жамандық қылған мұндардыңМойнына болсын жазасы.Қазақтың көбі қырылды,Қанды ма екен табасы?!

Кері байланыс

Ақынның бұдан кейінгі тағдыры қалай өрбіді? (Оқушылардың болжамы, оқыған мәліметтері туралы сұралып, қосымша ізденуге тапсырма ретінде беріледі.)

Ж

«Нысанбай жырау – ұлт-азаттық көтерілістің жыршысы» тақырыбында автордың ақындық, адамдық бейнесіне баға беріңіз.

Бірін-бірі бағалау

ЖЖ

Жұпта көз жүгірте оқу арқылы бір-бірінің жұмысын бағалайды.

1 сәтті тұсы –

1 толықтыратын тұсы –

Слайд

http://kerey.kz/?p=5889

2 минут

Рефлексия

Мен нені түсінбедім?

(Оқушылар стикерге өздерінің түсінбеген тұстарын, сұрақтарын жазып, мұғалімге қалдырады.)



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу