Нысанбай жырау «Кенесары – Наурызбай». Қазақ әдебиеті, 9 сынып, сабақ жоспары. 6-сабақ.


САБАҚ: 6

Мектеп:

Мерзімі:

Оқытушының аты-жөні: Угыбаева Г.А.

СЫНЫП: 9 Т1

Қатысқан оқушылар саны:

Қатыспағандар:

Бөлім

Тарихи шындық пен көркемдік шешім

Сабақтың тақырыбы

Нысанбай жырау «Кенесары – Наурызбай»

Осы сабақ арқылы жүзеге асатын оқу мақсаттары

9.3.4.1 әдеби шығарманы қазақ әдебиеті мен әлем әдебиеті үлгілерімен салыстыра талдап, шағын сын мақала жазу

Сабақтың мақсаттары

Барлық оқушы

Берілген тіркестерді қолдана отырып, жырды қазақ әдебиеті мен әлем әдебиеті үлгілерімен салыстырады;

Көптеген оқушы

Сыни мақала жазуда жырды қазақ әдебиеті мен әлем әдебиеті үлгілерімен салыстырады, берілген тіркестерді орынды қолданады;

Кейбір оқушы

Сыни мақала жазуда жырды қазақ әдебиеті мен әлем әдебиеті үлгілерімен тиімді салыстыра талдайды, берілген тіркестерді орынды қолданады;

Бағалау критерийі

әдеби шығарманы қазақ әдебиеті мен әлем әдебиеті үлгілерімен салыстыра талдап, шағын сын мақала жазады;

Тілдік мақсаттар

Пән лексикасы және терминалогия: сыни мақала, мақала жанры, әдеби сын

Диалог және жазылым үшін қажетті сөз тіркестері: әдебиет үлгілерімен салыстырар болсақ, қазақ әдебиетіндегі шығармалар қатарында, батырлық эпос үлгісі, батырлар бейнесі, шындықты бүкпесіз жеткізген, рухани күштің жаңа тынысы, т.б.

Мектеп құндылықтары

Ынтымақтастық: өзіне жағымды қатынастарды дамытуды, ынтымақтастық дағдыларын қалыптастыруды және сындарлы көзқарасты дамытуды, өзара қарым-қатынастар құрған кезде сыни ойлай білуді қамтиды.

Алдыңғы сабақта

шығармадағы ұрпақтар сабақтастығы көрінісін заманауи тұрғыда салыстырып, жаңашылдығына баға берді.

Жоспар

Жоспарланған

уақыт

Жоспарланған жаттығулар

Дерек көздері

Сабақтың басы

4 минут

Оқу мақсатымен, бағалау критерийімен танысады.

Сынып оқушылары 4 топқа бөлінеді.

Слайд

Сабақтың ортасы

8 минут

8 минут

13 минут

3 минут

2 минут

Т

Топтарға сабақтың оқу мақсатына негізделген тіркестер беріледі. Оқушылар топта берілген тіркестерді қолдана отырып, жырды қазақ әдебиеті мен әлем әдебиеті үлгілерімен салыстырады. Салыстыруға қай шығарманы алатынын өздері шешеді. Мысалы, «Алпамыс батыр», «Манас», т.б. жырлары.

Тапсырма:

«Кенесары-Наурызбай» жырын өздеріңіз оқыған мазмұндас шығармалардың бірімен салыстырыңыздар. Берілген тіркестерді қолдана отырып, өз пікірлеріңізді білдіріңіздер.

Қолдануға берілген тіркестер:

әдебиет үлгілерімен салыстырар болсақ...

қазақ әдебиетіндегі шығармалар қатарында

батырлық эпос үлгісі

батырлар бейнесі

шындықты бүкпесіз жеткізуде

рухани күштің жаңа тынысы

жырдың көркемдік ерекшеліктеріне катысты

екі халық арасында болған бір кақтығыстың себептері 

ЖЖ

Тапсырма:

Жұбыңызбен бірге «Кенесары - Наурызбай» жыры – тарихи жыр» тақырыбында сыни мақала жазыңыз. Жырды қазақ әдебиеті мен әлем әдебиеті үлгілерімен салыстыра талдаңыз. Ұсынылған тіркестерді қолданыңыз.

Дескриптор:

  • сын мақала жазады;
  • сыни пікірін тиімді білдіреді;
  • қазақ әдебиеті мен әлем әдебиеті үлгілерімен салыстырады;
  • берілген тіркестерді қолданады.

Өзара бағалау

Жұптар өзге 1 жұптың жұмысын дескриптор арқылы бағалайды.

Кері байланыс

Сыни мақала жазуда қандай кедергіге тап болдық?

Оқушылар стикерге жазып қалдырады. (Кейін мұғалім оқушыларда кездескен кедергілерді болдырмауға жұмыстанып, жеке оқушылармен жұмыс ұйымдастыруына болады.)

http://kerey.kz/?p=5889

https://kitap.kz/books/alpamys_zhyry

https://kitap.kz/books/muxtar_auezov_manas_jyry

Слайд

2 минут

Рефлексия «1 сөйлеммен 1 пікір»

Мен үшін ... құнды болды, себебі ...



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Пікір жазу