Нысанбай жырау «Кенесары-Наурызбай» жыры. Қазақ әдебиеті, 9 сынып, сабақ жоспары. 6-сабақ.


Сабақ:

Қазақ әдебиеті

Мектеп:

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні:

Сынып: 9 Т1

Қатысқан оқушылар саны:

Қатыспағандар:

Бөлім тақырыбы

Тарихи шындық пен көркемдік шешім

Сабақтың тақырыбы

Нысанбай жырау «Кенесары-Наурызбай» жыры

Сабақтың түрі

Жаңа сабақ

Осы сабақ арқылы жүзеге асатын оқу мақсаттары

9.2.3.1 шығармадағы әдеби тілді құбылту мен айшықтаудың (троп пен фигура) түрлерін талдай отырып, автор стиліне баға беру;

Сабақтың мақсаттары

Барлық оқушылар

  • Шығарма мәтінінен көркемдік ерекшеліктерді табады;

Көптеген оқушылар

  • Шығармадағы әдеби тілді құбылту мен айшықтаудың түрлерін талдайды;

Кейбір оқушылар

  • Шығармадан құбылту мен айшықтаудың түрлерін талдай отырып, автор стиліне баға береді.

Бағалау критерийі

Шығармадағы әдеби тілді құбылту мен айшықтаудың түрлерін талдай отырып, автор стиліне баға береді.

Тілдік мақсаттар

Пән лексикасы және терминология: автор бейнесі, идеясы, стилистикасы, идеялық-тұтастырушы рөлі, талдау.

Диалог және жазылым үшін қажетті сөз тіркестер: менің ойымша, сіздің ойыңызша, мынандай дәлелдер келтіруге болады т.б.

Пәнаралық байланыс

Тарих

Мектеп құндылықтары

Академиялық адалдық: өзге адамдардың пікірі мен идеяларына деген құрмет, академиялық адалдық ұстанымдарын сақтау

Осыған дейін меңгерілген білім

Алдыңғы біліммен байланыстыру:

ЖЖ.«Түрлі –түсті хатқалта» арқылы мұғалім алдыңғы біліммен байланыс жасай алады.

Жоспар

Жоспарланатын уақыт

Жоспар бойынша орындалуы тиіс іс-әрекеттер

Дереккөздер

Сабақтың басы

Оқушыларға

  • Бөлім атауы;
  • Сабақтың тақырыбы;
  • Оқу мақсаты таныстырылады.

Сынып қабырғаларына шендестіру, қайталау, параллелизм, риторикалық сұрақ, метонимия, синекдоха, метафора, теңеу, гипербола, литота, кейіптеу, ирония сөздері ілінеді. Оқушылар сынып ішін аралап жүріп, сөздерге анықтама береді. Тапсырманы жеке, жұппен, топпен орындауға болады. Өзінен бұрын жазылған анықтамаларға толықтыру, түзету енгізуге рұқсат етіледі.

Сұрақ:

  • Сынып қабырғасына ілінген көркемдік ерекшеліктерді не біріктіреді?
  • Көркемдік ерекшеліктерді шартты түрде екі топқа бөлуге бола ма?
  • Айшықтау деген не? Оның ерекшелігі қандай?
  • Құбылту деген не? Оның ерекшелігі қандай?

Оқушылар тақтадан көрінген сұрақтарға өзара ақылдаса отырып жауап береді. Бір-бірінің жауабын толықтыруға мүмкіндіктері бар.

Сабақтың

ортасы

Ж/ЖЖ/Т.

«Фишбоун» әдісі арқылы топтар мәтіннің ішінен жазушы қолданған көркемдегіш құралдарды тауып, мағынасын анықтайды.

Орындалу барысы:

Басы – жазушы стилі.

Үстіңгі сүйектері- мәтіннің ішіндегі көркемдегіш құралдардың түрлерін жазу.

Астыңғы сүйектері – көркемдеуіш сөздерді үзінді арқылы дәлелдеу.

Құйрығы- шығарма жайлы оқушының ойы. Қаңқадағы жазулар қысқа болу керек.

Олар тірек сөздерден немесе тақырыптың негізгі ойын ашатын фразалық сөздерден болуы мүмкін.

Дескриптор

  • жазушы стилін анықтайды;
  • мәтін мазмұнынан көркемдік ерекшеліктерді табады;
  • көркемдегіш құралдардың қолданысын талдайды;
  • шығарма туралы қорытынды ой айтады.

«Дәйексөз » тәсілі

ТЖ Жырдан бірнеше үзінді беріліп, топтарға таратылады.

Тапсырма

Сұрақтарға топпен ақылдаса отырып, жауап беріңіз.

1. Сюжет: Әңгімелеуші кім? Осы сәтте не болып жатыр?

2. Интерпретация: Үзіндінің маңызы неде? Кейіпкер туралы не айтылады? Тақырыбы қандай? Тартыс бар ма?

3. Анализ: Жоғарыдағы сұраққа жауапты автор қолданған әдеби құралдармен байланыстыр.(Айшықтау мен құбылту)

Дескриптор

  • шығармадағы әдеби тілді құбылту мен айшықтаудың (троп пен фигура) түрлерін анықтайды;
  • шығармадағы әдеби тілді құбылту мен айшықтаудың (троп пен фигура) түрлерін талдайды;
  • автор стиліне баға береді;

Топтар жұмыстарын алмастырады, топтар арасында өзара бағалау жүзеге асады.

Сабақтың соңы

2 минут

Рефлексия: оқушы өзінің жасаған жұмысы бойынша рефлексия жасайды.

Менің түйгенім...

Қиындық туғызған тұсы...

Туындаған сұрақ...



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Су тасқынынан зардап шеккендерге қосымша тағы 553 мың теңге төленеді
» Елімізде TikTok желісі бұғатталуы мүмкін бе?
» Елімізде су тасқынынан зардап шеккендердің қандай мүліктеріне өтемақы төленеді?
Пікір жазу