Нысанбай жырау «Кенесары-Наурызбай» жыры. Қазақ әдебиеті, 9 сынып, сабақ жоспары. 10-сабақ.


Сабақ:

Қазақ әдебиеті

Мектеп:

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні:

Сынып: 9 Т1

Қатысқан оқушылар саны:

Қатыспағандар:

Бөлім тақырыбы

Тарихи шындық пен көркемдік шешім

Сабақтың тақырыбы

Нысанбай жырау «Кенесары-Наурызбай» жыры

Сабақтың түрі

Жаңа сабақ

Осы сабақ арқылы жүзеге асатын оқу мақсаттары

9.3.2.1 шығармадағы ұрпақтар сабақтастығы көрінісін заманауи тұрғыда салыстырып, жаңашылдығына баға беру;

Сабақтың мақсаттары

Барлық оқушылар

  • Шығармадағы ұрпақтар сабақтастығын анықтайды;

Көптеген оқушылар

  • Шығармадағы ұрпақтар сабақтастығы көрінісін заманауи тұрғыда салыстырады;

Кейбір оқушылар

  • Шығармадағы ұрпақтар сабақтастығы көрінісінің жаңашылдығына баға береді.

Бағалау критерийі

  • Шығармадағы ұрпақтар сабақтастығын анықтайды;
  • Шығармадағы ұрпақтар сабақтастығы көрінісін заманауи тұрғыда салыстырады;
  • Шығармадағы ұрпақтар сабақтастығы көрінісінің жаңашылдығына баға береді.

Тілдік мақсаттар

Пән лексикасы және терминология: автор бейнесі, идеясы, стилистикасы, идеялық-тұтастырушы рөлі, талдау.

Диалог және жазылым үшін қажетті сөз тіркестер: менің ойымша, сіздің ойыңызша, мынандай дәлелдер келтіруге болады т.б.

Пәнаралық байланыс

Тарих

Мектеп құндылықтары

Академиялық адалдық: өзге адамдардың пікірі мен идеяларына деген құрмет, академиялық адалдық ұстанымдарын сақтау

Осыған дейін меңгерілген білім

Алдыңғы біліммен байланыстыру:

ЖЖ.«Түрлі –түсті хатқалта» арқылы мұғалім алдыңғы біліммен байланыс жасай алады.

Жоспар

Жоспарланатын уақыт

Жоспар бойынша орындалуы тиіс іс-әрекеттер

Дереккөздер

Сабақтың басы

Оқушыларға

  • Бөлім атауы;
  • Сабақтың тақырыбы;
  • Оқу мақсаты таныстырылады.

«Елестетіп көр» әдісі

Сынып оқушыларына төмендегі сұрақтар қойылады. Оқушылар сұрақтың жауабын қасындағы жұбына айтады.

  • Кенесары ханның тарихтағы орны қандай?
  • Наурызбай батырдың тарихтағы орны қандай?
  • Нысанбай жырау қазіргі заманда өмір сүрсе кім болар еді?
  • Кенесары хан өмір сүрген кездегі қазақтар мен біздің замандастарымызда айырмашылық бар ма?

Оқушылар жұбының жауабын тыңдайды.

Кері байланыс береді. Бір-бірінің жауабын толтықтыруға мүмкіндік беріледі.

Оқушылар тақтадан көрінген сұрақтарға өзара ақылдаса отырып жауап береді. Бір-бірінің жауабын толықтыруға мүмкіндіктері бар.

Сабақтың

ортасы

Оқушылар кездейсоқтық әдісімен 6 топқа бөлінеді.

Т. «Әдеби үйірме» әдісі

1- қадам: Оқушылар Нысанбай жыраудың «Кенесары-Наурызбай» жыры бойынша аудиоматериалды тыңдайды.

2- қадам: Оқушылар 6 топқа бөлініп отырып, 6 қызметпен танысады. Топта отырған оқушылар қалауы, қабілетіне қарай қызметтерді бөліп алады.

  • Зерттеуші өлеңдегі бас кейіпкер ақынның көңіл күйін, өлең жазуда көздеген мақсатын зерттейді.
  • Баяндап беруші жырдың идеясын, шығармадағы материалдық және рухани құндылықтары туралы қосымша мәлімет дайындайды.
  • Сұрақ құрастырушы жыр бойынша сұрақ құрастырады. Сұрақтар төменгі және жоғары деңгейлі болуы қажет.
  • Сілтемелер табушы жырдың тақырыбына сәйкес афоризмдер мен мәтелдер табады.
  • Бейнелеуші - жыр мазмұнына сай немесе көтерілген мәселеге қатысты сурет салады.
  • Дәнекер – автор көтерген мәселелерді бүгінгі өмірмен байланыстырады.

Дескриптор

  • Шығармадағы ұрпақтар сабақтастығын анықтайды;
  • Шығармадағы ұрпақтар сабақтастығы көрінісін заманауи тұрғыда салыстырады;
  • Шығармадағы ұрпақтар сабақтастығы көрінісінің жаңашылдығына баға береді.

Сабақтың соңы

2 минут

Рефлексия: оқушы өзінің жасаған жұмысы бойынша рефлексия жасайды.

Менің түйгенім...

Қиындық туғызған тұсы...

Туындаған сұрақ...



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу