Қазіргі қоғам: миграция және зияткерлік миграция. Қазақ тілі, 11 сынып, сабақ жоспары. 1 сабақ. 1 нұсқа.


Қысқа мерзімді жоспар

Пән: қазақ тілі

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Қазіргі қоғам: миграция және зияткерлік миграция.

Шешендік сөздер. Сөзталас.

Мектеп:

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні:

Сынып: 11 Т1

Қатысқан оқушылар саны:

 Қатыспағандар:

Сабақтың тақырыбы

Қазіргі қоғам: миграция және зияткерлік миграция

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

11.1.4.1 мәтінде көтерілген мәселеге автор мен оқырманның қарым-қатынасын ескере отырып, талқылау сұрақтарын құрастыру және сыни тұрғыда бағалау;

11.3.6.1 жазба жұмысын абзац пен бөліктерге бөлу, ойын (ақпарат, идея) дұрыс жүйелеп, логикалық және стильдік түзетулер енгізу, редакциялау)

 Сабақтың мақсаты

Мәтінде көтерілген мәселеге автор мен оқырманның қарым-қатынасын ескере отырып, талқылау сұрақтарын құрастыру, сыни тұрғыда бағалау;

Жазба жұмысын абзац пен бөліктерге бөлу, ойын дұрыс жүйелеп, логикалық және стильдік түзетулер енгізу.

 Бағалау критерийі

  • көтерілген мәселе бойынша автор мен оқырманның қарым-қатынасын ескереді;
  • талқылау сұрақтарын құрастырады;
  • сыни тұрғыда бағалайды;
  • жазба жұмысын абзац пен бөліктерге бөледі;
  • логикалық және стильдік түзетулер енгізеді.

Тілдік мақсаттар

Тілдік дағдылар тақырып аясында дамиды. Өзге пәндерден меңгерген білімін қазақ тілінде сауатты қолдана алады.

Пәнге тән лексика мен терминология:

Миграция, зияткерлік миграция, иммиграция, эмиграция... т.б.

Жазылымға қатысты тіркестер: менің байқағаным, менің ойымша,...

мен ... ойлаймын, дегенмен ......, сол себепті .....

Құндылықтарды игерту

Адалдық, толеранттылық, денсаулық, құрмет, жауапкершілік, үздіксіз оқу

Құндылықтарды дарыту сабақ мазмұны арқылы жүзеге асады.

Жаһандық азаматтық –жаһандық мәселеге көзқарас білдіру арқылы көрініс табады.

Пәнаралық байланыс

Әлеуметтану, экономика

АКТ пайдалану дағдылары

Сабақ таныстырылымын қолдану, бейнежазба қарау

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

Денсаулық сақтау технологиясы талаптарына сай сынып оқушыларын орналастыру, қауіпсіздік ережелерін сақтау.

Жоспар

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Жоспар бойынша орындалуы тиіс іс-әрекеттер

Дереккөздер

Сабақтың басы

5 минут

Қызығушылықты ояту. Оқушылармен амандасу, топтарға бөлу.

Оқушылар сурет қиындыларын біріктіру арқылы 3-4 топқа бөлінеді.

Құрастырған суреттің мағынасы мен тақырыпты байланыстыра сөйлейді.

«Миға шабуыл» әдісі

  • Бұл суреттерден нені байқауға болады?
  • Бұл адамдар қайда бара жатыр?
  • Адамдар неліктен қоныс аударады?

   Сабақтың тақырыбына болжам жасалып, мақсаты мен бағалау критерийлері айқындалады.

слайд

Сабақтың ортасы

3 минут

3 минут

10 минут

3 минут

10 минут

3 минут

Сабақтың соңы

3 минут

Тыңдалым алды тапсырмасы

Оқушылардың бастапқы білімін анықтау мақсатында сабақтың тақырыбына сай терминдер талқыланады.

1. Миграция дегеніміз не?

2. Эмиграция ...

3. Иммиграция ...

Мұғалім оқушыларды тыңдап болған соң жауаптарды қорытындылайды. Оқушылар қысқаша анықтамасын дәптерлеріне жазып алады.

Тыңдалым тапсырмасы

Оқушыларға бейнематериал көрсетіледі.

https://www.youtube.com/watch?v=qwztDO-ztLo

ТЖ. Бейнематериалды оқушылар мұқият тыңдап, топта талқылайды.

«Ойлан, жұптас, бөліс» әдісі

Топтаса отырып, төмендегі кестені толтырады.

Көтерілген мәселе

Автор мен оқырманның қарым-қатынасы

Талқылау сұрақтары

Сыни баға

1.

2.

3.

Дескриптор:

  • көтерілген мәселе бойынша автор мен оқырманның қарым-қатынасын ескереді;
  • талқылау сұрақтарын құрастырады;
  • сыни тұрғыда бағалайды;

Б. Топтар бір-бірінің жауаптарын тыңдап, сұрақтарын қояды. Дескрипторлар арқылы бағалайды.

Тыңдалымнан кейінгі тапсырма

Ж. Оқушылар «Болашақта көші-қон үдерісі жергілікті тұрғындардың қауіпсіздігіне қатер төндіреді» деген пікірге тыңдалым мәтінінен ақпарат пайдаланып, логикалық және стильдік түзетулер енгізе отырып, өз көзқарастарын ойтолғау жазу арқылы білдіреді.

Б. Оқушылар бір-бірінің жұмыстарын сағат тілі бойымен жылжыта отырып дескриптор арқылы бағалайды, ауызша пікір білдіреді.

Дескриптор:

  • өз көзқарасын ойтолғау жазу арқылы білдіреді;
  • жазба жұмысын абзац пен бөліктерге бөледі;
  • логикалық және стильдік түзетулер енгізеді.

Мұғалімнің сындарлы кері байланысы

Рефлексия

Ø Сабақта алған 3 маңызды ақпарат

Ø Қиындық келтірген 2 мәселе

Ø Сабақта ұнаған 1 аспект

Слайд

https://www.youtube.com/watch?v=qwztDO-ztLo

слайд

слайд

Слайд

Қосымша ақпарат

Дифференциация – Сіз оқушыларға көбірек қолдау көрсету үшін не істейсіз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай тапсырма беруді көздеп отырсыз?

Бағалау – Оқушылардың ақпаратты қаншалықты меңгергенін қалай тексересіз?

Денсаулық және қауіпсіздік ережелерін сақтау

Ойлану

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары жүзеге асырымды болды ма?

Бүгін оқушылар нені үйренді? Сыныптағы оқу атмосферасы қандай болды? Дифференциацияны жүзеге асыру қолымнан келді ме? Мен жоспарланған уақытымды ұстандым ба? Мен жоспарыма қандай өзгерістер енгіздім және неліктен?

Төменде берілген бөлімді осы сабақ туралы ойларыңызды жазу үшін пайдаланыңыз. Сол жақ бағанда берілген сабағыңызға қатысты ең маңызды сұрақтарға жауап беріңіз.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
» Қазақстандағы білім беру деңгейі 10 жыл ішінде қалай өзгерді?
Пікір жазу