Қазіргі қоғам: миграция және зияткерлік миграция. Қазақ тілі, 11 сынып, сабақ жоспары. 5 сабақ. 1 нұсқа.


Сабақ жоспары

Қазіргі қоғам: миграция және зияткерлік миграция.

Мектеп:

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні: Ниязмаганбетова С.Ж.

Сынып: 11

Қатысқандар:

Қатыспағандар:

Сабақтың тақырыбы

Қазіргі қоғам: миграция және зияткерлік миграция.

Осы сабақ арқылы жүзеге асатын оқу мақсаттары

11.2.1.1 әртүрлі графиктік мәтіндердегі (кесте, диаграмма, сызба, шартты белгі) мәліметтерді салыстырып талдау, негізгі үрдістерді анықтау;

11.3.2.1 мәтін құрылымын сақтай отырып, әртүрлі графиктік мәтіндегі деректерді салыстырып, маңызды тұстары мен үрдістерді талдап жазу, өзіндік тұжырым жасау;

Сабақтың мақсаты

Әртүрлі графиктік мәтіндердегі (кесте, диаграмма, сызба, шартты белгі) мәліметтерді салыстырып талдау, негізгі үрдістерді анықтау;

Мәтін құрылымын сақтай отырып, әртүрлі графиктік мәтіндегі деректерді салыстырып, маңызды тұстары мен үрдістерді талдап жазу, өзіндік тұжырым жасау;

 Бағалау критерийлері

  • Әртүрлі графиктік мәтіндердегі мәліметтерді түсінеді;
  • Мәліметтерді салыстырып, негізгі үрдістерді анықтайды;
  • Мәтін құрылымын сақтайды;
  • Деректерді салыстырады;
  • Маңызды тұстары мен үрдістерді талдайды;
  • Өзіндік тұжырым жасайды.

 Тілдік дағдылар

графиктік мәтіндер, статистикалық мәліметтер, миграция, зияткерлік миграция, санақ т.б.

 Құндылықтарды дарыту

Сабақ оқушылардың бойына топтық, жұптық жұмыс жасау барысында бірін-бірі тыңдай білу, өзгенің пікіріне құрметпен қарау құндылықтарын дарыту, бірін-бірі бағалауы кезінде академиялық әділдік саясатын ұстануға үйретуге бағытталған.

 Дифференциация

Нәтиже немесе жауап бойынша саралау (барлық тапсырмалар)

Оқушыға жеке қолдау көрсету арқылы саралау (Мағынаны тану)

 Пәнаралық байланыс

Заң, георграфия, тарих, математика

Бастапқы білім

Оқушылар алдыңғы сабақта алған білімдеріне сүйенеді, ғылым салаларындағы өнертабыстар туралы білімдерін толықтырады.

Сабақ барысы

Жоспарланған сабақ кезеңдері

Сабаққа жоспарланған іс-әрекеттер

Дереккөздері

Сабақтың басы

5 минут

Қызығушылықты ояту.

Графикалық диктант жазу арқылы. Оқушыларға тақырыпқа қатысты бірнеше анықтамалар оқылады. Анықтамаларды тыңдау арқылы графикалық диктант жазады.

Графикке мұқият қараңдар. Бүгінгі сабақ тақырыбы, мақсаты не туралы болуы мүмкін?

Сабақтың тақырыбы анықталып, мақсаты хабарланады.

МД Слайд

Сабақтың ортасы

5 минут

15 минут

10 минут

3 минут

Мәтіналды тапсырма. С.

1.Оқушыларға тақырыпқа қатысты сұрақтар қойылады.

1. Миграция дегеніміз не?

2. Адамдар не үшін көшеді?

3. Санақ дегеніміз не?

4. Үкімет неліктен санақ жүргізеді?

2. Жұппен бірге кестедегі мәліметтермен таныс. Төмендегі сұрақтарды талқыла:

- Кесте мазмұны қандай ақпараттарды қамтиды?

- Кестедегі мәліметтер қалай рәсімделген?

Мәтін тапсырмасы. Ж. Оқушыларға тақырыпқа қатысты 2 түрлі кесте ұсынылады

Тапсырма:

- Графиктік мәтіндердегі мәліметтермен танысыңыз.

- Мәліметтерді салыстырыңыз, негізгі үрдістерді анықтаңыз.

- Құрылымын сақтап, маңызды тұстары мен үрдістерді талдай отырып, тұжырым жасаңыз.

Мәтін соңы тапсырмасы

1. Сұрақтарға жауап беру үшін сыныптасың жазған тұжырымды тексер. Жазылым жұмысында:

- Графиктік мәтіндердегі барлық ақпарат қамтылған ба?

- Салыстыру қолданылған ба?

- Негізгі үрдістер көрініс тапқан ба?

- Құрылымы сақталған ба?

- Өзіндік тұжырымымен қорытындыланған ба?

ЖЖ. Талқылау,өзара кері байланыс бере отырып, бағалау.

Жұптар жұмыстарына қатысты бір-біріне өзара кері байланыс береді. Ұсыныс айтады, ұсыныс негізінде жұмыстарына түзетулер енгізеді.

Дескрипторлар:

- Графиктік мәтіндердегі мәліметтерді түсінеді;

- Мәліметтерді салыстырып, негізгі үрдістерді анықтай алады.

- Құрылымын сақтап, маңызды тұстары мен үрдістерді талдай отырып, тұжырым жасайды.

Өзіндік бағалау. Оқушылар БК негізге ала отырып, өзін-өзі бағалайды.

Мұғалімнің кері байланысы: Мұғалім сабақ соңында оқу мақсатына қайта оралып, оған қаншалықты жеткендіктерін талқылап, оқушыларға кері байланыс ұсынады.

1-қосымша

Сабақтың соңы

2 минут

Рефлексия

Маған қиындық келтіргені…

Мен үшін орындауға жеңіл болғаны...

Маған ұнағаны…

Қосымша ақпарат

Дифференциация – Сіз оқушыларға көбірек қолдау көрсету үшін не істейсіз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай тапсырма беруді жоспарлайсыз?

Бағалау – Оқушылардың ақпаратты қаншалықты меңгергенін қалай тексересіз?

Денсаулық және қауіпсіздік ережелерін сақтау



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
» Қазақстандағы білім беру деңгейі 10 жыл ішінде қалай өзгерді?
Пікір жазу