Шешендік сөздер. Қазақ тілі, 11 сынып, сабақ жоспары. 2 сабақ.


САБАҚ:

Мектеп: Нұр-Сұлтан ФМБ НЗМ

Күні:

Сыныбы: 11Т1

Мұғалімнің аты-жөні:

(оқыту қазақ тілінде)

Қатысқан оқушылар саны:

Қатыспаған

дар:

Сабақтың тақырыбы

1. Қазақстан бүгінгі әлемде: Қазақстанның өткені мен келешегі.

Шешендік сөздер

Осы сабақ арқылы жүзеге асатын оқу мақсаттары

10. Ж6 Мәтіндерді түзету және редакциялау.

10. ӘТН1 Орфографиялық норма

Сабақтың мақсаттары

Ж6 Жазба жұмысын абзацтар мен бөліктерге бөлу, ойын (ақпарат, идея) дұрыс жүйелеп, логикалық түзетулер енгізу, редакциялау.

ӘТН1 Мәнмәтін бойынша тілдік бірліктерді орфографиялық нормаға сай жазу.

Бағалау критерийлері

  • 1. Оқырмандардың қызығушылығын арттырып, жүйелеп мақала жазады.
  • Орфографиялық норманы сақтайды.

Тілдік мақсаттар

Оқушылар:

Диалог және жазылым үшін қажетті сөз тіркестер: Менің ойымша.....Мен мұны былай дәлелдеймін....Дәлел ретінде мысалдар келтіремін......Мынадай қорытынды шешімге келдім.......

Осыған дейін меңгерілген білім

Жоспар

Жоспарланатын уақыт

Жоспар бойынша орындалуы тиіс іс-әрекеттер (төменде келтірілген жазбаларды жоспарланған әрекеттермен алмастырыңыз)

Дереккөздер

Сабақтың басы

5-6 минут

Қызығушылықты ояту:

  • 1. Мақала мен эссе туралы не білеміз?
  • 2. Мақала мен эссенің қандай айырмашылығы бар?

Оқушылармен амандасып, бүгінгі сабақтың мақсатымен таныстыру, күтілетін нәтижеге болжам жасау.

Сабақтың ортасы

Жазылымалды тапсырма:

ЖЖ мақала мен эссе туралы оқып, бір-біріне мақала мен эссенің айырмашылығын түсіндіреді.

/1-оқушы /Мақала жазу талаптары

Құрылымы:

  • Мақалаға ат қою керек. Мақала атауы қызықты болу керек. Қысқа да нұсқа болғаны жөн. Мақалада көтерілген мәселе мен мақала атауы өзара үндес болуы шарт. Публицистикалық, яғни газет-журнал мен сайтта берілетін, мақалаларда лид жазылады. Лид – оқырман назарын баурап алып, мақаланы оқуға деген ынтаны оятатын қарапайым әрі түсінікті ең алғашқы екі сөйлем.
  • Кіріспеде мақаладағы мәселені бірден толық ашпайды. Оқырманды тақырыпқа қызықтыру үшін жалпы ойды баяндап, суреттеп бастайды.
  • Негізгі бөлімде көпшілікке ортақ ой көтерілген тақырып ретінде қозғалады. Бір ғана нақты ойды дамыта түседі. Оқырманды аяғына дейін қызықтырып отыру керек. Ол үшін деректер, фактілер автордың ойын жеткізу құралы ретінде пайдаланылады. Бұл мақаладан оқырман қандай ақпарат ала алады, ол қаншалықты пайдалы болады?
  • Қорытындыда шешім оқырманға ой тастау арқылы беріледі, яғни оқырман шешімді өзі шығарады.

Тілдік құрал:

Мақал-мәтелдер, тұрақты тіркестер, дәйексөздер (цитата), афоризмдер (қанатты сөздер), көркемдегіш құралдар (теңеу, эпитет, метафора), эксперссивті-эмоционалды сөздер қолданылады.

Тілдік норма:

Үшінші жақтан жазылады. Ырықсыз етістер қолданылады. Субъективті пікірді білдіретін менің ойымша, біздің, қорытындылай келе, қорыта айтқанда сияқты тіркестер мүлдем қолданылмауы тиіс.

Стилі:

Стильдер араласып келеді: ғылыми мақалада да, публицистикалық мақалада да ақпараттық сипат басым болып келеді және екі стиль де қатар көрініс таба береді, тіпті проблемалық мақалаларда көркем әдебиет стилі де қолданылады. Риторикалық сұрақтар қойылып, оған жауап ұсыну арқылы жазылады.

2-оқушы

Эссенің талаптары

Құрылымы:

  • Берілген эссе тақырыбынан кілт сөз бен өзекті мәселені белгілеп алады.
  • Кіріспеде бірінші кілт сөз арқылы тақырыпты ашатын сөйлем жазылады. Екіншіден, эссе тақырыбында белгілеп алған сөз тіркесі арқылы тақырыптың өзектілігіне тоқталады. Үшіншіден, аргументтік эсседе автор нақты позициясын көрсетеді, кейде оны тезис түрінде де бере алады. Әдеби эсседе (нақты бір көркем шығарма аясында) де, басқа да эссе түрлерінде міндетті түрде тезис берілуі керек. Төртіншіден, кіріспеде айтылған ойды қорытушы бір сөйлем немесе негізгі бөлімге өтетін бір сөйлем берілгені жөн.
  • Негізгі бөлімде автор кіріспеде көрсеткен жеке ойы, яғни позициясын немесе тезисін дамытып жазады. Ол үшін пікір, аргумент (дәлел), мысал, қорытынды ой қағидасын қатаң сақтауы талап етіледі. Әрбір пікір дәлелі, мысалы, қорытынды ойын қоса жеке бір абзацта жазылуы тиіс. Егер авторда бірнеше пікір болса, санамалап береді, әсіресе аргументтік эсседе біріншіден, екіншіден деп келеді. Бірнеше ойды қатар дамыта алады, тек әрбір ойына қатысты дәлелін, мысалын ұсынуды ұмытпау қажет. Деректер кейде автордың пікірін дәлелдеу құралы ретінде де қолданылады. Негізгі бөлімде екі немесе одан да көп абзацтар берілсе, онда міндетті түрде барлық абзацтағы ойды қорытындылаушы сөйлем болуы қажет.
  • Қорытынды бөлімде (қорытындылай келе, қорыта айтқанда, т.б. тіркесті қолдана отырып) ең бірінші, кіріспедегі позицияны не тезисті перифразамен қайта өңдеп жазғаны дұрыс. Бұл ойды жинақтайды. Сосын негізгі бөлімде айтылған пікірлерінен автор өз шешімін шығарады. Мәселені шешудің өз жолын, ұсынысын анық, нақты көрсетеді.

Тілдік құрал:

Мақал-мәтелдер, тұрақты тіркестер, дәйексөздер (цитата), афоризмдер (қанатты сөздер), көркемдегіш құралдар (теңеу, эпитет, метафора), эксперссивті-эмоционалды сөздер қолданылады.

Тілдік норма:

Бірінші жақтан жазылады. Субъективті пікірді білдіретін менің ойымша, қорытындылай келе, қорыта айтқанда сияқты тіркестер қолданылады.

Стилі:

Тек публицистикалық стильде жазылады. Риторикалық сұрақтар қойылып, оған жауап ұсыну тәсілі қолданылмайды.

Жазылым тапсырмасы

Ж Оқушылар өздеріне ұсынылған мәтінді жеке түсініп оқиды.

Мәтін

Дүниеде барлық адам, барлық халық тәуелсiздiк пен бостандықты, теңдiктi аңсайтыны анық. Сол жолдағы тынымсыз күрес әлемнің кей түкпірінде әлi де жалғасып жатыр. Тәуелсiздiк ұғымының терең астарын тарих қойнауынан, ата-бабамыздың өткенiнен, оның санғасырлық арманынан iздегенiмiз абзал.Елбасы Н.Назарбаев айтқандай, «Қазақстанның бүгіні мен болашағы – халқымыздың ынтымақ-бірлігінде, ырыс-құтты тірлігінде». Сол бірліктің арқасында еліміз экономикалық даму мен әлеуметтік жаңару, жаңғырудың даңғыл жолына түсті. Кешегі Астана Саммитінде де әлем жұртшылығы еліміздегі ынтымақ-бірліктің қуаты мен құндылығына көз жеткізді. Жалпы, дер кезiнде айтылған сөз – тарихи ерлiк, тындырылған шаруа – тарихи әрекет.

Ғасырлар бойы бабалар көксеген тәуелсіздік туын желбірету бақыты бүгінгі заманда тірлік кешіп жатқан біздерге бұйырыпты. Қазiргi басты мiндет те, басты парыз да тәуелсiздiктi көздiң қарашығындай сақтау әрi оны одан әрi нығайту болып табылады.

Бүгінгі таңда біздің еліміз әлемдік өркениетте өзінің айшықты орнын алған мемлекетке айналды. Қазақстан өзінің экономикалық дамуының жаңа үрдістерімен де сыртқа таңылып, өз ішінде сан ұлттардың ынтымағын жарастырған ел екендігін көрсетіп, саяси тұрақтылықтың арқасында өрелі биіктерге қол созды.Осы бір аумалы- төкпелі заманда елдің елдігін танытқан Елтаңба, аспан түстес көк Байрақ , рухты оятар Әнұранымыз қабылданды.Елбасымыздың елдікті орнатумен қатар, есімі тарихта қалған ұлылардың абыройын көтеруін қалай мадақтасаң да жарасып тұр. ЮНЕСКО көлемінде Абай, Махамбет, Мұхтар Әуезов, Қаныш Сәтбаев тойлары әлемдік дәрежеде тойланды. Тарих құндылықтары да назардан тыс қалған жоқ. Осы уақыт ішінде Түркістанның 1500 жылдығы, Тараздың 2000 жылдығы тойланды.БҰҰ-ның қолдауымен Қазақстан көптеген халықаралық конференциялар мен жиындар өткізді. Мәселен, 2003, 2006 және 2009 жылдары Астана қаласында Әлемдік және дәстүрлі діндер басшыларының І, ІІ,ІІІ съездері өткізілді. Бұл Қазақстанның жер байлығымен қоса, рухани байлығының дамуын көрсетеді.Бүгінгі Қазақстан – әлемдік аренадан өз орын ойып алған, Азия мен Еуразияны мойындата білген өжет елдің мекені. Қазақ мемлекеті өз тәуелсіздігін алғаннан бері әлемдік қауымдастықтың біразына мүше болды, көптеген елдермен елшілік қарым – қатынас орнатты. Еліміздің ертеңі үшін аянбай еңбек ету, оқу оқып, білім игеру, жас тәуелсіз мемлекетіміздің ірге тасын бекіту, ұлттар арасындағы ынтымақтастық пен достықты нығайту ең басты парызымыз!

ЖЖ.

  • Жұптасып, бір-біріне мәтін туралы ойларыңызды айтыңыз.

Жазылым тапсырмасы

Ж.

Тапсырма

  • Мәтінінде айтылған ақпараттарды, идеяны пайдаланып, «Қазақстанның бүгіні мен болашағы» деген тақырыпта мақала жазыңыз.

Жазылымнан кейінгі тапсырма

  • Жұпта алмастырып оқыңыз және логикалық түзетулер енгізіңіз, редакциялаңыз.
  • Орфогрфиялық нормаға сай жазылмаған деп таныған тілдік бірліктерін қарындашпен белгілеп, не себепті екенін түсіндіріңіз.

Дескриптор:

1

Мақаланың жазылу ерекшелігін біледі

2

2

Мәтінді түсініп оқиды

2

3

Жұпта өз ойларын айтады

2

4

Мақаланы жазады

2

5

Бір-бірінің жазылымын тексеріп, редакциялайды

2

https://sabaqtar.kz/bayandama/1062-azasha-bayandama-tuelsz-azastanny-bgn-men-kelesheg.html

Сабақтың соңы

2 минут

Кері байланыс. «Екі жұлдыз, бір тілек»

Қосымша ақпарат

Дифференциация – Сіз оқушыларға көбірек қолдау көрсету үшін не істейсіз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай тапсырма беруді көздеп отырсыз?

Бағалау – Оқушылардың ақпаратты қаншалықты меңгергенін қалай тексересіз?

Пәнаралық байланыс

Қауіпсіздік ережелері

АКТ-мен байланыс Құндылықтармен байланыс (тәрбиелік элемент)

Дифференциацияны берілетін тапсырма, күтілетін нәтиже, қолдау көрсету, бөлінетін уақыт, қолданылатын дереккөздер арқылы жүзеге асыруға болады.

Дифференциация сабақтың кез келген бөлімінде қолданылады.

Бұл бөлімді оқушылардың сабақ барысында алған білімдерін бағалау үшін қолданылатын әдіс-тәсілдеріңізді жазу үшін пайдаланыңыз.

Сабақ жоспарын құру үшін сізге өзге пән мұғалімдерінің көмегі керек пе?

Берілген тапсырмалардың қайсыбірі оқушылардың қауіпсіздігіне немесе денсаулығына қауіп төндіре ме?

Оқушылар сабақ барысында өздерінің АКТ дағдыларын дамыта ала ма?

Осы сабақ барысында НЗМ құндылықтарын дамытуға қандай мүмкіндік бар?

Ойлану

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары жүзеге асырымды болды ма?

Бүгін оқушылар нені үйренді? Сыныптағы оқу атмосферасы қандай болды? Дифференциацияны жүзеге асыру қолымнан келді ме? Мен жоспарланғануақытымды ұстандым ба? Мен жоспарыма қандай өзгерістер енгіздім және неліктен?

Төменде берілген бөлімді осы сабақ туралы ойларыңызды жазу үшін пайдаланыңыз. Сол жақ бағанда берілген сабағыңызға қатысты ең маңызды сұрақтарға жауап беріңіз.

Жалпы баға

Сәтті өткен екі нәрсені атап көрсетіңіз (сабақ беру және оқытуға қатысты)?

1:

2:

Қандай екі нәрсе сабақтың одан да жақсы өтуіне ықпалын тигізер еді (сабақ беру және оқытуға қатысты)?

1:

2:

Осы сабақ барысында сынып немесе жеке оқушылар туралы менің келесі сабағыма дайындалу үшін қажет болуы мүмкін қандай ақпарат алдым?



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
» Қазақстандағы білім беру деңгейі 10 жыл ішінде қалай өзгерді?
Пікір жазу