Шешендік сөздер. Қазақ тілі, 11 сынып, сабақ жоспары. 1 сабақ.


Сабақ жоспары

САБАҚ:

Мектеп: Нұр-Сұлтан ФМБ НЗМ

Күні:

Сыныбы: 11Т1

Мұғалімнің аты-жөні:

(оқыту қазақ тілінде)

Қатысқан оқушылар саны:

Қатыспағандар:

Сабақтың тақырыбы

1. Қазақстан бүгінгі әлемде: Қазақстанның өткені мен келешегі.

Шешендік сөздер

Осы сабақ арқылы жүзеге асатын оқу мақсаттары

10. Ж6 Мәтіндерді түзету және редакциялау.

10. ӘТН1 Орфографиялық норма

Сабақтың мақсаттары

Ж6 Жазба жұмысын абзацтар мен бөліктерге бөлу, ойын (ақпарат, идея) дұрыс жүйелеп, логикалық түзетулер енгізу, редакциялау.

ӘТН1 Мәнмәтін бойынша тілдік бірліктерді орфографиялық нормаға сай жазу.

Бағалау критерийлері

  • 1. Оқырмандардың қызығушылығын арттырып, жүйелеп мақала жазады.
  • Орфографиялық норманы сақтайды.

Тілдік мақсаттар

Оқушылар:

Диалог және жазылым үшін қажетті сөз тіркестер: Менің ойымша.....Мен мұны былай дәлелдеймін....Дәлел ретінде мысалдар келтіремін......Мынадай қорытынды шешімге келдім.......

Осыған дейін меңгерілген білім

Жоспар

Жоспарланатын уақыт

Жоспар бойынша орындалуы тиіс іс-әрекеттер (төменде келтірілген жазбаларды жоспарланған әрекеттермен алмастырыңыз)

Дереккөздер

Сабақтың басы

5-6 минут

Қызығушылықты ояту: ЖЖ

 Мақала – газет жанрының кең таралған түрі

 Мақала жазу үшін оған шеберлік керек. Корреспонденция оқиғаны болған жері мен уақытымен шектелсе, мақала кең ауқымды мәселелерді қамтиды .Онда автордың өзіндік пікірі байқалады .

 Мақала жазудағы журналистің мақсаты – нақты факт, дәлел келтіре отырып, ақпаратты оқырманға , бұқараға жеткізу. Автордың көрген оқиғаны қалың бұқараға дұрыс жеткізуі , бұл оқиғаға өз пікірін, көзқарасын білдіруі, мәселені дұрыс бағалауы – оның шеберлігі болса керек. Мақала кең ауқымдылықты талап етеді.

 Мақалалардың мынандай түрлері бар: алдыңғы қатарлы, редакциялық, теориялық, сыни, түсіндірмелі. Мақалалар тақырып жағынан мынандай топтарға бөлінеді: экономика, саясат, этика, өнер, әдебиет, халықаралық жаңалықтар т.б.

 Қорыта келгенде, мақала дегеніміз белгілі бір газетте, журналда жарияланатын ғылыми–публицистикалық көлемі шағын шығарма. Қазақта бұл жанрды алғаш дамытқан адамдар М.Ж.Көпеев, А.Байтұрсынов, Ш.Құдайбердиев т.б. Олар сол кезде болып жатқан қоғамдық құбылыстар мен өзгерістерге пікірлерін білдіріп, халықтың мұңын шертті.

 

 Мақала жазу алгоритмі:

 Мақаланы жазуды бастағанға дейін

  • Мақаланың негізгі тақырыбын тауып, айтылар ойларды пысықтаңыз.
  • Негізгі мақсатты анықтаңыз.
  • Деректер іздеңіз, жинаңыз.
  • Деректерге қорытынды жасаңыз, жоспар (құрылым) құрыңыз.
  • Мақаланы қай стильде жазатындығыңызды анықтаңыз.
  • Аудитория таңдаңыз.
  • Қай БАҚ-қа(бұқаралық ақпарат құралы) жариялайтыныңызды анықтаңыз.

Мақаланы жазуды бастаңыз

  • Алғашқы нұсқасын жазыңыз.
  • Мақаланы тексеріңіз, өңдеңіз.
  •  Соңғы нұсқасын көшіріп жазыңыз.

Оқушылармен амандасып, бүгінгі сабақтың мақсатымен таныстыру, күтілетін нәтижеге болжам жасау.

Сабақтың ортасы

Жазылым алды тапсырмасы

Ж Оқушылар өздеріне ұсынылған мәтінді жеке түсініп оқиды.

 Би-шешен — қай заманда да өзінің елден асқан ақыл-парасат, біліктілігімен қабырғалы қалың елге көшелі ісімен қызмет етуші ірі тұлға. Бұдан кейінгі лауазымдық дәрежеде би — ауыл-үй арасындағы ақсақалдық биліктен ең жоғарғы сатыдағы сот билігінің тізгінін ұстап, Хан кеңесінде төрелік айтқан аузы дуалы ұлылық иесі. Мемлекеттік аса жоғары дәрежеде би елі үшін осы тақылеттес тағы бір лауазымды атқарған. Ол — халықаралық дәрежеде мемлекет атын зор беделге жеткізетін, еліне береке-ырыс, жақсылық пен тыныштық әкелетін бітістіруші дипломат — елшілік қызметкері. Қазақтың «Елдестірмек — елшіден, жауластырмақ — жаушыдан» деген аталы сөзі соған куә. Билердің қалың бұқара халықтың арасындағы беделі мен атақ даңқын дүйім елге мәлім еткен тағы бір ерекше қасиеті — қара тілден май тамызған шешендік өнері. Елі мен жеріне бақ-береке, ынтымақ-ырыс бұйыртқан, ел қорғаны батыры мен бағланына Алладан тілеу тілеген даналық ойдың алтын кені — батагөй абыздығы.

Бұған халықтың келешегі мен елдің ертеңін болжай білетін, жаман қылығын жазбай танып, сын тезіне салатын көрегендік қасиетімен ұлт тағдырын темір қазықтай тура болжап беретін кемел ойлы білгірлігін, көрегендігін қосыңыз. Ел мүддесі мен бірлігі үшін атқарған бұл қызметтің ауқымы кең, мәні зор болған.

 Билер – өз заманынының дәстүрлі құқықтары мен әдет-ғұрып ережелерін заңи тұрғыдан реттеп, заман ағымына қарай жаңартып отыратын білікті заңгерлер. «Заманына қарай – заңы, орманына қарай – аңы болады» деген қағида ізімен тозығы кетіп, озығы жеткен заңнама үлгілерін уақытына сай жаңғыртып, елді біртұтас білікті заң ережелерімен қамтамасыз етуді де өз мойнына алған. Мемлекеттік істерде заң саласын жетік білетін сұңғылалығымен ел мүддесіне қажет ереже-қағидаларды нормашығармашылық және заң талқылау қабілеттілігімен иін қандырып, құқықтық қолданысқа енгізетін білікті заң маманы бола білді. Мәселен, Майқы бидің «түгел сөзі», Әз Жәнібек ханның «әдет-ғұрыптары», «Қасқа жолды Қасым ханның», «Тура жолды Тәуекел ханның», «Ескі жолды Есім ханның», одан кейінгі «Әз Тәукенің «Жеті Жарғысын» мемлекет атынан қолданылатын заң дәрежесіне жеткізіп, талқылаған, сөйтіп қоғамдық қарым-қатынасқа енуіне кепілдік берген сол заманның атақты билері болатын.

Біз осы ойымызды қорытындылай келе, қазақ елінің ежелгі заманынан берігі көшпелі және жартылай отырықшы тұрмыс-салты мен әлеуметтік-саяси дамуындағы ұзақ жылдарда әртүрлі қоғамға қызмет еткен мемлекет билігіндегі билердің рөлі мен билер соты және олардың әлеуметтік мәртебесі осындай дүниежүзілік үлкен ғылыми конференцияда жан-жақты талқыланып, аса құнды баға берілуі – билер сотының ұмытылуға айналған мәртебесін қайта жаңғыртуға мұрындық болады деп үлкен сенім артамыз.

ЖЖ.

  • Жұптасып, бір-біріне мәтін туралы ойларыңызды айтыңыз.

Жазылым тапсырмасы

Ж.

Тапсырма

  • Мәтінінде айтылған ақпараттарды, идеяны пайдаланып, «Би-шешендер туралы не білеміз?» деген тақырыпта мақала жазыңыз.

Жазылымнан кейінгі тапсырма

  • Жұпта алмастырып оқыңыз және логикалық түзетулер енгізіңіз, редакциялаңыз.
  • Орфогрфиялық нормаға сай жазылмаған деп таныған тілдік бірліктерін қарындашпен белгілеп, не себепті екенін түсіндіріңіз.

Дескриптор:

1

Мақаланың жазылу ерекшелігін біледі

2

2

Мәтінді түсініп оқиды

2

3

Жұпта өз ойларын айтады

2

4

Мақаланы жазады

2

5

Бір-бірінің жазылымын тексеріп, редакциялайды

2

https://www.google.com/search?q=Би+шешендер+туралы&rlz=1C1GGRV

Сабақтың соңы

2 минут

Рефлекция

«3 маңызды» әдісі бойынша бүгінгі сабаққа рефлексия жасайды.

Қосымша ақпарат

Дифференциация – Сіз оқушыларға көбірек қолдау көрсету үшін не істейсіз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай тапсырма беруді көздеп отырсыз?

Бағалау – Оқушылардың ақпаратты қаншалықты меңгергенін қалай тексересіз?

Пәнаралық байланыс

Қауіпсіздік ережелері

АКТ-мен байланыс Құндылықтармен байланыс (тәрбиелік элемент)

Дифференциацияны берілетін тапсырма, күтілетін нәтиже, қолдау көрсету, бөлінетін уақыт, қолданылатын дереккөздер арқылы жүзеге асыруға болады.

Дифференциация сабақтың кез келген бөлімінде қолданылады.

Бұл бөлімді оқушылардың сабақ барысында алған білімдерін бағалау үшін қолданылатын әдіс-тәсілдеріңізді жазу үшін пайдаланыңыз.

Сабақ жоспарын құру үшін сізге өзге пән мұғалімдерінің көмегі керек пе?

Берілген тапсырмалардың қайсыбірі оқушылардың қауіпсіздігіне немесе денсаулығына қауіп төндіре ме?

Оқушылар сабақ барысында өздерінің АКТ дағдыларын дамыта ала ма?

Осы сабақ барысында НЗМ құндылықтарын дамытуға қандай мүмкіндік бар?

Ойлану

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары жүзеге асырымды болды ма?

Бүгін оқушылар нені үйренді? Сыныптағы оқу атмосферасы қандай болды? Дифференциацияны жүзеге асыру қолымнан келді ме? Мен жоспарланғануақытымды ұстандым ба? Мен жоспарыма қандай өзгерістер енгіздім және неліктен?

Төменде берілген бөлімді осы сабақ туралы ойларыңызды жазу үшін пайдаланыңыз. Сол жақ бағанда берілген сабағыңызға қатысты ең маңызды сұрақтарға жауап беріңіз.

Жалпы баға

Сәтті өткен екі нәрсені атап көрсетіңіз (сабақ беру және оқытуға қатысты)?

1:

2:

Қандай екі нәрсе сабақтың одан да жақсы өтуіне ықпалын тигізер еді (сабақ беру және оқытуға қатысты)?

1:

2:

Осы сабақ барысында сынып немесе жеке оқушылар туралы менің келесі сабағыма дайындалу үшін қажет болуы мүмкін қандай ақпарат алдым?



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Қазақстан пойыздарында үй жануарларын тасымалдау ережелері
» Қазақстандықтар шетелге шығуға жылына қанша жұмсайды?
» Су тасқынынан зардап шеккендерге қосымша тағы 553 мың теңге төленеді
Пікір жазу