Шешендік сөздер. Қазақ тілі, 11 сынып, сабақ жоспары.


Пәні: қазақ тілі

Сабақ №1

Мектеп: Қызылорда қаласындағы ХББ НЗМ

Бөлім тақырыбы:

Сабақтың тақырыбы:

Бейбітшілік, қауіпсіздік және жаһандық экономика.

Шешендік сөздер

(6 сағат)

Күні:

Мұғалімнің аты - жөні: Ералиева А.К.

Сынып: 11Т1

Қатысқан оқушылар саны:

Қатыспағандар:

 Оқу мақсаты

11.3.5.1 оқылым және тыңдалым материалдары бойынша түртіп жазудың (конспектілеудің) әртүрлі жолдарын меңгеру арқылы негізгі ақпаратты іріктеу

 Сабақтың мақсаты

Барлығы: оқылым және тыңдалым материалдары бойынша түртіп жазады.

Көпшілігі: оқылым және тыңдалым материалдары бойынша түртіп жазудың (конспектілеудің) әртүрлі жолдарын меңгереді.

Кейбірі: негізгі ақпаратты іріктеп жазады.

 Тілдік міндеттер

Тақырыпқа байланысты сөздер мен терминдер: әділ би, билердің шешендігі, билердің шешімі, даулы мәселе

Мектеп құндылықтары

«Мәңгілік ел» құндылығы:

  • Тіл және мәдениет

Мектеп құндылықтары:

  • Өзіне және айналадағы адамдарға құрмет;
  • Ынтымақтастық;
  • Жауапкершілік;
  • Қазақтың ұлттық өнеріне деген құрмет

Пәнаралық байланыс

экономика

Алдыңғы білім

Жастар мәселесі

Жоспар

Сабақ кезеңдері

Жоспарланған іс - әрекеттер

Ресурстар

Сабақтың басы

5 минут

10 минут

дайындалуға

15 минут қорғауға

5 минут

Қызығушылықты ояту кезеңі:

Сынып оқушылары берілген сурет арқылы сабақтың тақырыбын болжайды.

- Қазақтың би шешендерінің рөлі туралы не білесіз?

- Би-шешендер қандай мәселелерді шешіп отырған?

- Неліктен халық би-шешендерге үміт артқан?

- Қазіргі таңда би-шешендер деп кімдерді атай аламыз?

Жазылымға дайындық

Түрткі сұрақтар беріледі:

Бейнебаян не туралы?

Неліктен халық билерді құрметтеген?

Билердің тағы қандай өнері болған?

Елдің азаттығы мен бостандығы үшін қандай ықпал жасады?

Берілген бейнебаян бойынша сынып оқушылары дифференциациялық тапсырма орындайды. Оқушылардың қабілетіне қарай 3 түсті конвертке салынған тапсырмалар таратылады.

С деңгейі. Бейнебаяннан негізгі ақпараттарды іріктеп жазып, бейнебаянда айтылған пікірге өз пікірін қосып, 1мақал-мәтел, 1 тұрақты тіркеспен жеткізеді.

Ақпарат

Қолданысы

Менің пікірім

1.

2.

Бағалау дескрипторы:

  • Негізгі ақпараттарды іріктеп, олардың қолданысын түсіндіреді;
  • бейнебаянда айтылған пікірге өз пікірін қосады;
  • өз ойын 1мақал-мәтел, 1тұрақты тіркеспен жеткізеді.

В деңгейі. Бейнебаянда халық азаттығы мен бостандығы туралы ақпаратты іріктеп, мәселені анықтайды. Айтылған мәселе бойынша «Төрт сөйлем» әдісі арқылы өз ойларын жазбаша білдіруде 1 теңеу мен 1 эпитетті қатыстырады.

Менің ойымша, ...

Себебі ...

Мысалы,

Ойымды қорытындылайтын болсам...

Бағалау дескрипторы:

  • негізгі ақпаратқа қатысты фактілер мен мысалдар келтіреді.
  • өз ойын білдіруде 1 теңеу 1 эпитетті қатыстырады.

А деңгейі. Бейнебаяннан алынған кез келген ақпаратты іріктеп, «Гипотеза» әдісі арқылы өз пікірін Төле бидің шешендік сөзімен байланыстыра отырып талдап, жазады.

Тоғыз жасар Жетес тоқсандағы Төле биге сәлем бере барыпты: сонда Төле би былай деген екен: - Бата - басқа, қына - тасқа, ақыл - жасқа, не қалайсың, балам? - депті. Сонда Жетес бала: - О, қасиетті, баба! - Ат берсеңіз өліп қалады, тон берсеңіз тозып қалады. Ат, тонға бергісіз өлмейтін, өшпейтін, өмірі естен кетпейтін бір өсиет айтсаңыз соған ризамын, - депті. Онда колыңды жай, балам, - деп Төле би:

Бір үйдің баласы болма,

Көп үйдің санасы бол!

Бір елдің атасы болма,

Бар елдің данасы бол!

Бір тонның жағасы болма,

Көп қолдың ағасы бол!

Ақты ақ деп бағала, аумин,

Қараны карала

Өзегің талса өзен бойын жағала,

Басыңа іс түссе көпшілікті шағала.

Өзіңе-өзің кәміл бол.

- Халқыңа әділ бол,

Жауыңа катал бол!

Досыңа адал бол!

деген Төле бидің сөзі мен бейнебаяндағы негізгі ақпаратты байланыстыра отырып, монолог жазады. Сөз саны-140-150 сөз

Бағалау дескрипторы:

  • берілген ойды жалғастырады;
  • бейнебаяндағы негізі іріктелген ақпараттарды қолданады.
  • өз ойын жеткізуде 1 метафораны қатыстырады.

Таныстырылым

https://www.youtube.com/watch?v=QUc6jl_Um1o

Қазақ билері

Сабақтың соңы

5 минут

Рефлексия. «Бір сөзбен» әдісі

Оқушылар өздеріне берілген 12 сөздің ішінен, өздерінің бүгінгі сабақтағы жағдайын сипаттайтындай 3 сөзді таңдап айтады, неліктен сондай жағдайда болғанын түсіндіріп кетеді.*Төзімсіздік,

*Ашу,

*Қуаныш,

*Немқұрайлылық,

*Қанағаттану,

*Шабыт,*Зерігу,

*Алаңдау,

*Тыныштық,

*Сенімділік,

*Сенімсіздік.

Қосымша тапсырма.

Рефлексия

Сабақ / оқыту мақсаты қолжетімді болды ма? Оқушылар нені білді? Сыныпта қандай ахуал қалыптасты? Уақыт бойынша үлгердім бе? Сабақ жоспарынан ауытқушылық болды ма? Болса неге?

Бұл бөлімді сабақ бойынша ойларыңызды білдіру үшін пайдаланыңыз. Сол бағанада берілген сұрақтарға жауап беру арқылы өзіңіздің сабағыңыз жайлы пікіріңізді білдіріңіз

Оқушылар бұл сабақта оқылым дағдысы бойынша тапсырмаларды орындады.

Қорытынды бағалау

Сабақтың қандай екі аспектісі жақсы өтті (сабақ беру және оқыту жайлы ойланыңыз)?

Қандай екі жағдай сабақты жақсырақ өткізуге мүмкіндік берер еді (сабақ беру және оқыту жайлы ойланыңыз)?

Жалпы сынып немесе жеке оқушылар жайлы мен не білдім? Келесі сабақтарға дайындалу барысында бұл мәлімет қандай көмегін бере алады?



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу