Қазақстанда тұңғыш рет геномдық төлқұжат алуға мүмкіндік туды. Қазақ тілі, 9 сынып, дидактикалық материал. 7 сабақ.

1-тапсырма. Сұрақтарға жауап бер.

  • Генетика ғылымы нені зерттейді? Генетикалық төлқұжат туралы естуіңіз бар ма?
  • Мұндай төлқұжат не үшін керек?
  • Қазақстандық ғалымдардың биотехнология саласындағы басқа да қандай жаңалықтарын естідің?

2-тапсырма. Мәтінді тыңда.

 Ағзаңыздағы бар кінәратты ерте анықтауға болады. Ел ғалымдары енді геномдық төлқұжат әзірлей алады. Мұнда сіз түгіл, болашақ сәбиіңіз жайлы да мәлімет беріледі. Тың әдісті Ұлттық Биотехнология орталығының мамандары меңгерген.

Тілші Бірлік Берікұлы:

 Енді кез келген қала тұрғыны Ұлттық Биотехнология орталығынан геномдық төлқұжат алуына болады, бұл төлқұжат арқылы сіз өне бойыңыздағы барлық ауруларды анықтап қана қоймай, сізге қандай дәрі-дәрмек керек екенін, тіпті теріңіздің қартаю деңгейін анықтауға көмектеседі. Жыл жаңалығына айналған бұл жоба Қазақстанда тұңғыш рет ашылған.

 Мына құтыға адамнан алынған биоматериал құйылады, ол қан немесе сілекей болуы мүмкін, содан кейін арнайы аппаратқа салып, сканерлеп, ДНК нәтижесін біледі.

 Ата-бабамыз ежелден жеті атаға бөліп, қан тазалығын сақтауды жиі айтатын. Себебі ұрпақ тәрбиесі – ұлт болашағы. Кезінде айтып кеткен дана халқымыздың сөздері іспен дәлелденуде. Елімізде алғаш рет тапсырған қан арқылы денсаулығыңызды, тіпті болашақ сәбиіңізге қатысты мәліметтерді біле аласыз.

 Мысалы, әйелдерді айтсақ, болашақта келетін ұрпақта қандай аурулар болуы мүмкін, сондай-сондай көп мәселелерді алдын-ала болжауға болады.

 Геномика деген сала алғаш рет дүние жүзінде адам ағзасын 2001 жылы зерттеген. Осылайша араға ұзақ жылдар салып, елімізде де қолданысқа енді.

 Біздегі жобаның тиімділігі – үш күн ішінде қолыңызға құжатты ала аласыз. Сонымен қатар үй жануарларына да генетикалық төлқұжат алуға болады.

 Асыл тұқымды жануарларға: жылқыға болсын, ірі қара малға төлқұжат өте қажет. Генетикада, селекцияда, қай жерде қалай пайдалануға болатынын, соған ... күллі ақпарат сонда болады.

 Ғалымдар алғашқы тапсырыс берушіні қабылдауға дайын. Төлқұжаттың бағасы 6000 (алты мың) теңге шамасында. Мамандар келешекте косметологтар, Ұлттық ана мен бала орталығымен бірлесіп жұмыс жасамақ. (237 сөз)

3-тапсырма. Тыңдалым мәтінін талда.

  • Мәтінмен жұмыс істеудің негіздері.

Мәтіннен негізгі (жаңа) ұғымдарды тауып, оларды алфавиттік ретте жазыңыздар. Мәтіннен сіздер күтпеген, сіздердің бұрынғы ұғымдарыңызға қарсы тұрған ақпаратты табыңыздар. Сіздерге жаңалық болған ақпаратты жазыңыздар.

  • Маңызды өмірлік даналық.

Мәтіннің негізгі ойын бір сөйлеммен білдіріңіз.

  • Таныс және беймәлім.

Мәтіннен сіздерге алдында таныс болған және мүлдем белгісіз ақпаратты табыңыздар.

  • Иллюстрациялық бейнелеу.

Мәтіннің негізгі ойын сурет, сызба, карикатура т.б. арқылы бейнелеп көріңіздер.

  • Үлгі боларлық қорытынды.

Оқыған мәтіннен келешекте қажет болатын маңызды қорытынды шығаруға бола ма?

  • Талқылауға арналған маңызды тақырыптар.

Сыныпта талқылауға тұрарлықтай, ерекше көңіл бөлуге болатын ойларды, пікірлерді табыңдар.

4-тапсырма. Монолог құрастыр.

ЖЖ.

«Генетикалық төлқұжаттың тиімділігі» деген тақырыпта қазақстандық ғалым монологын дайындаңдар. Монолог жазу барысында сабақтас құрмалас сөйлемдерді (шартты бағыныңқы сабақтас, қарсылықты бағыныңқы сабақтас, мезгіл бағыныңқы сабақтас) қолданыңдар.

..............................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................

Дескриптор

- сұрақтарға жауап береді;

- мәтінді тыңдайды;

- негізгі идеясын анықтайды;

- мәтін мазмұнын талдайды;

- орта көлемді монолог құрастырады;

- сабақтас құрмаластарды қолданады.

Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇

Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Freedom bank-те керемет акция! 1000 ₸ кэшбек сыйлайды
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
Пікір жазу