Қазақстанда тұңғыш рет геномдық төлқұжат алуға мүмкіндік туды. Қазақ тілі, 9 сынып, сабақ жоспары.
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Биотехнология және гендік инженерия келешегі Мектеп: Уақыты: Мұғалімнің аты-жөні: Сыныбы: 9 қатысқаны: қатыспағаны: | |
Сабақтың тақырыбы: | Қазақстанда тұңғыш рет геномдық төлқұжат алуға мүмкіндік туды. |
Грамматикалық материал | Синтаксис Шартты бағыныңқы сабақтас. Қарсылықты бағыныңқы сабақтас. Мезгіл бағыныңқы сабақтас |
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаты (оқу бағдарламасына сілтеме) | 9.1.6.1 қоғамдық-саяси, ғылыми, коммуникативтік жағдаятқа сай тиісті сөздер мен фразаларды таңдау, орта көлемді монолог дайындау |
Сабақ мақсаты | Қоғамдық-саяси, ғылыми, коммуникативтік жағдаятқа сай тиісті сөздер мен фразаларды таңдай отырып, орта көлемді монолог дайындау, сөйлеу мәдениетін дамыту. |
Бағалау критерийлері | - түрліше коммуникативтік жағдаятқа сай тиісті сөздер мен фразаларды таңдай алады; - орта көлемді монолог дайындайды. |
Тілдік мақсаттар | Оқушылар: тақырыпқа сай сөздер мен фразаларды іріктей алады. Пән ерекшелігіне сай лексика мен терминология: биотехнология, гендік инженерия, генетикалық төлқұжат, биоматериал, генетика, селекция т.б. Диалог пен жазылым үшін қажетті тіркестер: менің ойымша, мен ... ойлаймын... т.б. |
Құндылықтарды дарыту | Сабақ мазмұны арқылы академиялық адалдық, жеке/жұпта/топта жұмыс жасау, өзінің және өзгенің оқуына жауапкершілікпен қарау, көшбасшылық сияқты құндылықтар сіңіріледі. Жаһандық азаматтық ұғымы «Биотехнология және гендік инженерия» мәселесіне қатысты көрініс табады. |
Пәнаралық байланыс | Биология, гендік инженерия |
Алдыңғы білім | Оқушылардың төменгі сыныптан Гендік модификацияланған өнімдер туралы түсінігі бар. |
Сабақтың барысы:
Сабақтың кезеңдері | Сабақта жоспарланған іс-әрекеттер | Ресурс тар | |
Сабақтың басы 0-3
4-8 | Жаттығу-тренинг. Оқушыларды шағын жұмыс топтарына бөлу. 1.Жаңа сабаққа оқушы назарын аудару. Биотехнология, гендік инженерия тақырыбына қатысты суреттер көрсетіліп, болжам жасалады. 2. Сабақ тақырыбы, мақсаты таныстырылады. Бағалау критерийлерін оқушылар өздері құрастырады. | МД слайд | |
Сабақтың ортасы 9-11 12-15 16-23 24-28 29-33
34-37 | 3. Жаңа тақырыпты меңгерту. С. Тыңдалым алдындағы тапсырма Генетика ғылымы нені зерттейді? Генетикалық төлқұжат туралы естуіңіз бар ма? Мұндай төлқұжат не үшін керек? Қазақстандық ғалымдардың биотехнология саласындағы басқа да қандай жаңалықтарын естідің? С. Тыңдалым тапсырмасы Мәтінді ден қойып тыңда. Тақырыбы: «Қазақстанда тұңғыш рет геномдық төлқұжат алуға мүмкіндік туды». Т. Тыңдалымнан кейінгі тапсырма 1-тапсырма. 1.Мәтінмен жұмыс істеудің негіздері. Мәтіннен негізгі (жаңа) ұғымдарды тауып, оларды алфавиттік ретте жазыңыздар. Мәтіннен сіздер күтпеген, сіздердің бұрынғы ұғымдарыңызға қарсы тұрған ақпаратты табыңыздар. Сіздерге жаңалық болған ақпаратты жазыңыздар. 2.Маңызды өмірлік даналық. Мәтіннің негізгі ойын бір сөйлеммен білдіріңіз. 3.Таныс және беймәлім. Мәтіннен сіздерге алдында таныс болған және мүлдем белгісіз ақпаратты табыңыздар. 4.Иллюстрациялық бейнелеу. Мәтіннің негізгі ойын сурет, сызба, карикатура т.б. арқылы бейнелеп көріңіздер. 5.Үлгі боларлық қорытынды. Оқыған мәтіннен келешекте қажет болатын маңызды қорытынды шығаруға бола ма? 6.Талқылауға арналған маңызды тақырыптар. Сыныпта талқылауға тұрарлықтай, ерекше көңіл бөлуге болатын ойларды, пікірлерді табыңдар. Оқушылар топта бірін-бірі бағалап, кері байланыс береді. ЖЖ. 2-тапсырма. «Генетикалық төлқұжаттың тиімділігі» деген тақырыпта қазақстандық ғалым монологын дайындаңдар. Шартты бағыныңқы, қарсылықты бағыныңқы, мезгіл бағыныңқы сабақтастарды қолданыңдар. Қабілеті жоғары оқушылар мәтіндегі ақпараттарды талдай алады, ал қабілеті төмендеу оқушылар мазмұнын баяндаумен шектеледі. 4. Дескриптор - сұрақтарға жауап береді; - мәтінді тыңдайды; - негізгі идеясын анықтайды; - мәтін мазмұнын талдайды; - орта көлемді монолог құрастырады; - сабақтас құрмаластарды қолданады. 5. Оқушы монологын сынып алдында оқиды. Оқушылар мен мұғалім кері байланыс береді. | ||
Сабақтың аяғы 38-40 | Сабақтың соңында мұғалім бағалау критерийлері мен сабақ мақсаттарына қайта оралады. Бағалау критерийлеріне қаншалықты қол жеткізгендері туралы бірге талқылайды. 6. Рефлексия «Шеңбер» әдісі Сабақ мақсатына жетті ме? Бүгінгі сабақтан не үйрендіңіз? Не қиын, не оңай болды? Қандай кедергілер болды? Сабақты қорытындылау. | слайд | |
Дифференциация Сіз оқушыларға көбірек қолдау көрсету үшін не істейсіз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай тапсырма беруді көздеп отырсыз? | Бағалау Оқушылардың ақпаратты қаншалықты меңгергенін қалай тексересіз? | Денсаулық және техникалық қауіпсіздікті сақтау | |
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» Грузия қазақстандықтарға білім грантын бөлді
» Қазақстандықтар шетелге қай мезгілде жиірек шығады
» Freedom bank-те керемет акция! 1000 ₸ кэшбек сыйлайды