Қазақстанда экотуризмді дамыту үшін қолайлы ресурстар жеткілікті. Қазақ тілі, 8 сынып, сабақ жоспары. 7 сабақ.


Қысқа мерзімді жоспар

Пән: қазақ тілі

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:

9-бөлім

Қазақстандағы туризм және экотуризм

Мектеп:

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні:

Тоганакова Рабиға Сулейменовна

Сынып: 8 Т1

Қатысқан оқушылар

саны:

 Қатыспағандар:

Сабақтың тақырыбы

Қазақстанда экотуризмді дамыту үшін қолайлы ресурстар жеткілікті

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

8.3.4.1 эссе құрылымы мен даму желісін сақтап, мәселе бойынша ұсынылған шешімнің артықшылығы мен кемшілік тұстарын салыстыру, өз ойын дәлелдеп жазу (аргументативті эссе)

 Сабақтың мақсаттары

Эссенің құрылымын, даму желісін сақтап, ұсынылған тақырыптың артықшылығы мен кемшілігін салыстырып, өз ойын дәлелдеп эссе жазу

 Бағалау критерийі

Эссенің құрылымын, даму желісін сақтайды, ұсынылған тақырыптың артықшылығы мен кемшілігін салыстыра алады, өз ойын дәлелдеп эссе жаза алады.

Тілдік мақсаттар

Пәнге тән лексика мен терминология:

Инфраструктура, қолайлы орта, тиімді, таңсық жер, қызықты оқиға, кең байтақ, тарихи ескерткіштер, көшпелілер мәдениеті.

Диалог пен жазу үшін пайдалы сөздер мен тіркестер:

Ең алдымен, ...

Мен мынадай дәлелдер келтіремін...

Оның себебін... деп түсіндіремін.

Бұлай пайымдауыма негіз болған ....

Қортындылай келе, ...

Құндылықтарды игерту

Өз еліне, жеріне сүйіспеншілік, отансүйгіштік қасиеттерін

дамыту

Пәнаралық байланыс

География, тарих

Бастапқы білім

Жоспар

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Жоспар бойынша орындалуы тиіс іс-әрекеттер

Дереккөздер

Сабақтың басы

0-5

1. Мұғалім оқушылармен амандасады, оқушыларды түгелдейді.

Ынтымақтастық ортаны қалыптастыру үшін мұғалім оқушыларға келесі ойынды ұсынады.

Оқушылар шеңбер бойымен тұрады, мұғалім Қазақстандағы туризм және экотуризм тақырыбына қатысты сөз айтады. Сөз қандай дыбысқа аяқталса, оқушы сол дыбыстан басталатын сөзбен жалғастырады. Ойын жалғасады.

Мыс, саяхат туризм мәдениет, т.б

2. Сабақтың тақырыбын хабарлайды: Қазақстанда экотуризмді дамыту үшін қолайлы ресурстар жеткілікті.

3. Сабақтың мақсаты мен бағалау критерийлерін оқушылармен бірге талқылайды.

Сабақтың ортасы

5-10

10-25

25-28

28-35

Жазылым алды тапсырма

1. Оқушылардың жалпы ойын білу:

- Эссе деген не? Эссе қалай жазылады?

- Эссенің құрылымы қандай болады?

- Абзац қалай жазылады?

2. Топтық тапсырма. «Ойлан/жұптас/талқыла». Эссе туралы ақпаратпен танысу

Эссе тақырыбы эссенің мақсатын, оның өн бойында не сұралып отырғандығын, қандай мәселені қозғайтындығын көрсетеді.

1-топқа «Кіріспе - берілген тақырыптың мәнін ашатын бөлім. Бұл бөлімде қандай сұрақтарға жауап іздейтініміз анықталады».

2-топқа «Негізгі бөлім - негізгі ой мен мәселеге байланысты аргументтер жинақталған бөлім. Негізгі бөлімде дәлелдер, дәйектемелерді, түрлі статистикалық мәліметтер мен сызбаларды қолданып, тақырыпты ашады, көтерілген мәселені айқындап, оның туу себептерін көрсетеді».

3-топқа «Қорытынды - тақырып бойынша түйін. Қорытындыда жаңа ой енгізілмей, дәлелдемелер бойынша түйін шығарады, шешу жолдарын көрсетеді».

Жазылым тапсырмасы

Мұғалім оқушыларға тапсырма шартын түсіндіреді.

Мұғалімнің сөзі:

«Kazakh Tourism» Ұлттық компаниясы» Акционерлік қоғамының өкілі Тимур Дүйсенғалиевтің айтуынша, соңғы уақытта Астана мен Алматы қаласына келетін туристердің саны артқан және Қазақстанның орналасқан жері өте тиімді. Егер Өзбекстан ежелгі қалаларымен мәдени туризмнің орталығы атанса, Қазақстан - іскерлік және экотуризмді дамыта алады», - деп атап көрсетіп отыр. Ая Құсайынова, туризм индустриясы ұлттық академиясының жетекшісі:  «Таулар мен кең байтақ далаға келіп, ат мініп, киіз үйде тұру туристер үшін аса қызық. Біздің табиғатымыз бай, сондықтан экотуризмді дамыту маңызды. Өйткені әлемде өркениет жетпеген жерлер аз. Ал бізде мұндай жерлер жетерлік. Мұны тиімді пайдаланып, туристердің қызығушылығын арттыруымыз керек деп есептеймін», - деп отыр. Ендеше, оқушылар, сендер де осыған дейінгі сабақтардан алған, басқа да пәндер арқылы білгендеріңді кірістіре отырып, Қазақстанда экотуризмді дамыту үшін қолайлы ресурстар жеткілікті немесе жеткіліксіз екендігін көрсетіп, көзқарастарыңды аргументтермен дәлелеп, эссе жазыңдар.

Сөз көлемі – 50-60 сөз.

Көз жаттығуы

Оқушылар жазба жұмысын орындағаннан кейін мұғалім оларға көз жаттығуын жасауды ұсынады.

Жазылымнан кейінгі тапсырма

Оқушылар бетпе-бет екі қатарға тұрады, «Ауыспалы жұптар шеңбері» тәсілі бойынша төмендегі мәселелерге өз дәлелдерін айтады, әр қайсысы кем дегенде бір дәлел айтып, жұптарымен алмасып, жылжып отырады:

1-мәселе. Қазақстанда экотуризмді дамытуға болады, себебі ...

2-мәселе. Қазақстанда экотуризмді дамытуға болмайды, себебі...

Дескриптор:

  • эссенің құрылымын (кіріспе, негізгі және қорытынды бөлім) сақтайды;
  • Экотуризмді дамытуға болатындығын дәлелдейді;
  • аргуметтентерді салыстырады, көзқарасын дәлелдейді.

Өзара бағалау

Оқушылар «Конвейер» әдісімен бірінің жұмысын бірі оқып бағалайды. Оқушының бағалауы шынайы әрі толыққанды болуы керек. Өзара бағалау кезінде оқушылар мына мәселелерге назар аударады:

  • Эссенің құрылымы (кіріспе, негізгі, қорытынды) сақталды ма?
  • Дәлелдер жеткілікті ме?
  • Сөз байлығы мен сауаттылық қай деңгейде?
  • Қиындық тудырған мәселе бар ма?
  • Оны қалай шешуге болады?

1-таратпа

https://www.inform.kz

http://kazakh-tv.kz

1-қосымша

2-қосымша

Сабақтың соңы

35-40

Рефлексия

«Неге? Неге? Неге?»

Оқушылар шеңберге тұрады. Жүргізуші осы сабақта не үйренгенін айтады және сөйлемін «неге?» деген сұрақпен аяқтайды. Келесі тыңдаушы сол сұраққа жауап беріп, жауабын «неге?» деген сұрақпен аяқтайды. Келесі ойыншылар осы әрекеттерді тізбек бойынша жалғастырады. Ойынның соңында

барлық оқушылар орындалған тапсырмаларды еске түсіріп, тақырыптың түйінді идеяларының байланысын түсінеді.

Сабақты қорытындылау

Мұғалімнің сөзі:

Эдмондо Чириелли, Италия парламентінің депутаты:  - Италиялықтар және жалпы еуропалықтар үшін таңсық жерлерге саяхат жасау жанына жақын болып келеді. Сондықтан, Еуропа мен Азияның арасында алтын көпір болған Қазақстанның бірегей тарихы батыс үшін өте қызықты бағыт болары сөзсіз. Бүгінгі таңда мемлекет туризмі жақсы ұйымдастырылған, қауіпсіз ел болып саналады», - дейді. Демек, Қазақстанға келгісі келетін сыртқы туристер бар. Сондықтан да мына отырған оқушылар, сендер де еліміздің дамуына үлес қоса аласыңдар.

3-қосымша

Қосымша ақпарат

Дифференциация – Сіз оқушыларға көбірек қолдау көрсету үшін не істейсіз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай тапсырма беруді көздеп отырсыз?

Бағалау – Оқушылардың ақпаратты қаншалықты меңгергенін қалай тексересіз?

Денсаулық және қауіпсіздік ережелерін сақтау

.

Ойлану

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары жүзеге асырымды болды ма?

Бүгін оқушылар нені үйренді? Сыныптағы оқу атмосферасы қандай болды? Дифференциацияны жүзеге асыру қолымнан келді ме?

Мен жоспарланған уақытымды ұстандым ба? Мен жоспарыма қандай өзгерістер енгіздім және неліктен?

Төменде берілген бөлімді осы сабақ туралы ойларыңызды жазу үшін пайдаланыңыз. Сол жақ бағанда берілген сабағыңызға қатысты ең маңызды сұрақтарға жауап беріңіз.

Кері байланыс

Алшы - Сабақтан өзіңе пайдалы не алдың?

Тәйке – Сабақта не қиын болды?

Бүк – Сабақта нені басқаша өзгертуге болады деп ойлайсың?

Шік – Бүгінгі сабақтан үйренгенің бойынша алда не істеймін деп ойлайсың?



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Қазақстан пойыздарында үй жануарларын тасымалдау ережелері
» Қазақстандықтар шетелге шығуға жылына қанша жұмсайды?
» Су тасқынынан зардап шеккендерге қосымша тағы 553 мың теңге төленеді
Пікір жазу