Қазақстанда тұңғыш рет геномдық төлқұжат алуға мүмкіндік туды. Қазақ тілі, 9 сынып, презентация.
БӨЛІМ: Биотехнология және гендік инженерия келешегі
Сабақ тақырыбы:
Қазақстанда тұңғыш рет геномдық төлқұжат алуға мүмкіндік туды.
Сабақ мақсаты: Қоғамдық-саяси, ғылыми, коммуникативтік жағдаятқа сай тиісті сөздер мен фразаларды таңдай отырып, орта көлемді монолог дайындау, сөйлеу мәдениетін дамыту.
Бағалау критерийлері:
- түрліше коммуникативтік жағдаятқа сай тиісті сөздер мен фразаларды таңдай алады;
- орта көлемді монолог дайындайды.
С. Тыңдалым алдындағы тапсырма
Генетика ғылымы нені зерттейді? Генетикалық төлқұжат туралы естуіңіз бар ма?
Мұндай төлқұжат не үшін керек?
Қазақстандық ғалымдардың биотехнология саласындағы басқа да қандай жаңалықтарын естідің?
С. Тыңдалым тапсырмасы
Мәтінді ден қойып тыңда.
Тақырыбы: «Қазақстанда тұңғыш рет геномдық төлқұжат алуға мүмкіндік туды».
Т. Тыңдалымнан кейінгі тапсырма
Мәтінмен жұмыс істеудің негіздері.
Мәтіннен негізгі (жаңа) ұғымдарды тауып, оларды алфавиттік ретте жазыңыздар. Мәтіннен сіздер күтпеген, сіздердің бұрынғы ұғымдарыңызға қарсы тұрған ақпаратты табыңыздар. Сіздерге жаңалық болған ақпаратты жазыңыздар.
Маңызды өмірлік даналық.
Мәтіннің негізгі ойын бір сөйлеммен білдіріңіз.
Таныс және беймәлім.
Мәтіннен сіздерге алдында таныс болған және мүлдем белгісіз ақпаратты табыңыздар.
Иллюстрациялық бейнелеу.
Мәтіннің негізгі ойын сурет, сызба, карикатура т.б. арқылы бейнелеп көріңіздер.
Үлгі боларлық қорытынды.
Оқыған мәтіннен келешекте қажет болатын маңызды қорытынды шығаруға бола ма?
Талқылауға арналған маңызды тақырыптар.
Сыныпта талқылауға тұрарлықтай, ерекше көңіл бөлуге болатын ойларды, пікірлерді табыңдар.
Оқылым тапсырмасы.
Тапсырма.
1. Мақаланы оқыңыз.
2. Мақаланың рәсімделуін ұсыныңыз.Үлгіні назарға алыңыз.
3. Ұсынылған рәсімдеу ережесіне сай мақаланы өңдеңіз.
Тапсырма.
1. Мәтінді оқыңыз.
2. Мәтін бойынша презентация жасау үшін презентацияның рәсімделу ержесін ұсыныңыз.
3. Ұсынлған рәсімдеу ережесіне сай презентацияны әзірлеңіз.
ЖЖ. 2-тапсырма.
«Генетикалық төлқұжаттың тиімділігі» деген тақырыпта қазақстандық ғалым монологын дайындаңдар. Шартты бағыныңқы, қарсылықты бағыныңқы, мезгіл бағыныңқы сабақтастарды қолданыңдар.Дескриптор
сұрақтарға жауап береді;
мәтінді тыңдайды;
негізгі идеясын анықтайды;
мәтін мазмұнын талдайды;
орта көлемді монолог құрастырады;
сабақтас құрмаластарды қолданады.
Рефлексия
«Шеңбер» әдісі
Сабақ мақсатына жетті ме?
Бүгінгі сабақтан не үйрендіңіз?
Не қиын, не оңай болды?
Қандай кедергілер болды?
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» Грузия қазақстандықтарға білім грантын бөлді
» Қазақстандықтар шетелге қай мезгілде жиірек шығады
» Freedom bank-те керемет акция! 1000 ₸ кэшбек сыйлайды