Тәрбие – тал бесіктен. Қазақ тілі, 6 сынып, қосымша материал.


Блум түймедағы

  • Қарапайым сұрақтар. Мәтін мазмұнын білу деңгейіндегі сұрақтар. Бұл сұраққа жауап мәтін мазмұны бойынша нақты әрі қысқа болуы қажет. Мысалы, Басты кейіпкердің аты кім? Мұқтаж жандардың үлес салмағы қанша?
  • Нақтылаушы сұрақтар. Мәтін мазмұнын түсіну деңгейіндегі сұрақ. Бұл «иә» немесе «жоқ» жауаптарын қажет ететін мәтін мазмұны бойынша оқушының түсіну деңгейін тексеру сұрақтары. …екені рас па? Егер мен дұрыс түсінсем, ...Сұрақтарға жауап беру барысында оқушы өз жауабын дәлелді түрде жеткізуі қажет.
  • Түсініктеме беруші сұрақтар. Мәтін мазмұнына анализ жүргізу мақсатында қойылатын сұрақтар. Әдетте, «Неге?», «Неліктен?» деп басталады. Сұрақтар себеп-салдарлық мәнді анықтау мақсатында қойылады. Ескерерлік жайт, бұл сұрақтардың жауаптары мәтінде нақты көрсетілмеуі керек, оқушының сыни ойлауына бағыттаңыз.
  • Шығармашылық сұрақтар. Мәтінге синтез жүргізуге көмектесетін сұрақтар. Әдетте, келер шақты меңзеп қойылады, болжамды қамтиды. Мұқтаж адамдарға көмек көрсететін бағдарламалар 100 пайыз жұмыс істейтін болса, мемлекет экономикасы қалай өзгерер еді?
  • Бағалаушы сұрақтар. Іс-әрекетті, оқиғаны, деректі бағалауға бағытталған сұрақтар. … деген қарым-қатынасыңыз қандай? … іс-әрекеті дұрыс па?
  • Тәжірибелік сұрақтар. Теория мен тәжірибе арасындағы байланысты анықтауға бағытталған сұрақтар. Басты кейіпкердің орнында мен не істер едім? Қазақстандағы кедейлік деңгейі туралы ақпарат мен үшін қаншалықты маңызды?


Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Салымдар түрі: қалайша неғұрлым көп пайда табуға болады
» Қауіпсіз каникул: балаларыңызды алаяқтардан қалай қорғауға болады
» 🙌 ҚАРЫЗ ҚАЙТАРУМЕН ҒАНИБЕТ
Пікір жазу