Тәрбие – тал бесіктен. Қазақ тілі, 6 сынып, сабақ жоспары.


Қысқа мерзімді жоспар

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Ұлттық және отбасылық құндылықтар

Мектеп:

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні:

Сынып: 6 Т1

Қатысқан оқушылар саны:

 Қатыспағандар:

Сабақтың тақырыбы

Тәрбие – тал бесіктен

Осы сабақ арқылы жүзеге асатын оқу мақсаттары

6.2.5.1 мәтіннен негізгі және қосымша ақпаратты, көтерілген мәселені анықтауға бағытталған нақтылау сұрақтарын құрастыру

 Сабақтың мақсаттары

Мәтіндегі негізгі және қосымша ақпараттарды табу;

Мәтінде көтерілген мәселені анықтау;

Сұрақтар құрастыру білу.

 Бағалау критерийлері

Мәтіннің негізгі және қосымша ақпаратын белгілейді;

көтерілген мәселені анықтайды;

мәселені анықтауға бағытталған нақтылау сұрақтарын құрастырады.

Тілдік мақсаттар

Пәнге тән лексика мен терминология:

Бесік, тартпа, түбек, төсеніш, жабу, қарапайым сұрақ, нақтылаушы сұрақ, нақыл сөз

Диалог пен жазу үшін пайдалы сөздер мен тіркестер:

Біздің пікірімізше...

Мәтінде ... мәселесі көтерілген

…екені рас па?

Егер мен дұрыс түсінсем, ...

Құндылықтарды игерту

Тақырып аясында берілген мәтін негізінде оқушылар ұлттық құндылықтардың отбасы өмірінде алатын орнын бағдарлайды, тәрбиенің халық өміріндегі мәнін түсінеді.

Пәнаралық байланыс

Әдебиет

Осыған дейін меңгерілген білім

Оқушылар негізгі және қосымша ақпарат, мәтін мәселесі деген ұғымдармен таныс болулары қажет.

Жоспар

Жоспарлана

тын уақыт

Жоспар бойынша орындалуы тиіс іс-әрекеттер

Дереккөздер

Сабақтың басы

0-6

Оқушылар «Бесік жырын» тыңдайды. Сабақтың тақырыбын болжайды.

  • Бұл ән кімге арналған?
  • Ән не туралы?
  • Әннің атауы қандай?
  • Әннің маңызы қандай?

Бейнебаян

https://www.youtube.com/watch?v=yhYobhgy7vc

Сабақтың ортасы

6-8

8-20

20-25

25-35

Оқушыларға суреттер таратылады. Бірдей суреті бар оқушылар бір топқа бірігеді.

ТЖ. Оқылымалды тапсырма.

Оқушылар мәтінмен танысады. Мәтін тақырыбына қатысты негізгі, қосымша ақпаратты табады, мәтінде көтерілген мәселені анықтайды. Сұрақтар құрастырады.

Тапсырма:

Мәтінді мұқият оқыңдар. Мәтін тақырыбына қатысты негізгі, қосымша ақпаратты, мәтінде көтерілген мәселені анықтаңдар. Сұрақтар құрастырыңдар.

Дескриптор:

  • Мәтіндегі қосымша ақпаратқа қатысты қарапайым сұрақ құрастырады.
  • Мәтіндегі негізгі ақпаратқа қатысты нақтылаушы сұрақ құрастырады.
  • Мәтінде көтерілген мәселеге қатысты нақтылаушы сұрақ құрастырады.

Оқушыларға қарапайым, нақтылаушы сұрақтар туралы ақпарат беріледі. Берілген ақпаратты қолдана отырып, оқылым тапсырмасын орындайды.

«Сұрақтар қоржыны» әдісі.

Топ оқушылары өз сұрақтарын қағазға жазып, қоржынға салады.

Қоржыннан әрбір топ кезек-кезек сұрақтарды алып, сұрақтың қандай ақпаратты анықтауға қатысты қойылғанын анықтайды және жауап береді.

Тапсырма:

Сұрақтың қай ақпаратқа қатысты қойылғанын анықтаңдар. Жауап беріңдер.

Дескриптор:

  • Сұрақтың қай ақпаратқа қатысты қойылғанын анықтай алады.
  • Сұраққа дұрыс жауап береді.

ТЖ. Оқылымнан кейінгі тапсырма.

Оқушылар мәтінде берілген М.Әуезовтің сөзін топта талқылайды.

Өз пікірлерін білдіреді.

Тапсырма:

«Ел боламын десең, бесігіңді түзе» деген нақыл сөзді қалай түсінесіңдер?

Осы пікірге қатысты ойларыңды білдіріңдер.

Дескриптор:

  • Нақыл сөздің мағынасын түсіндіреді.
  • Сөзге қатысты өз позицияларын көрсетеді.
  • Өз пікірлеріне дәлел келтіреді.

1-қосымша

5-слайд

Мәтін

(2-қосымша)

https://baq.kz/kk/news/ruhaniyat/besiktin-men-biletin-paidasi-33847

3-қосымша

Сабақтың соңы

35-40

Рефлексия

«Футбол» әдісі.

Оқушылар сабақ нәтижесі бойынша берілген суретте қай адамның кейпінде екенін белгілейді және неліктен екенін түсіндіріп жазады.

4-қосымша

Қосымша ақпарат

Дифференциация – Сіз оқушыларға көбірек қолдау көрсету үшін не істейсіз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай тапсырма беруді көздеп отырсыз?

Бағалау – Оқушылардың ақпаратты қаншалықты меңгергенін қалай тексересіз?

Денсаулық және қауіпсіздік ережелерін сақтау

Қарапайым, нақтылаушы сұрақтар туралы берілген ақпарат оқушылардың мақсатқа жетуіне қолдау көрсету тәсілі болып табылады.

Топтық бағалау, мұғалімнің бақылауы оқушылардың мақсатқа жеткендіктері туралы және нені қажет ететіндіктері туралы ақпарат береді.

«Сұрақтар қоржыны» әдісі кезінде, топтық жұмыста қауіпсіздік ережелерін сақтаулары қажет.

Ойлану

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары жүзеге асырымды болды ма?

Бүгін оқушылар нені үйренді? Сыныптағы оқу атмосферасы қандай болды? Дифференциацияны жүзеге асыру қолымнан келді ме? Мен жоспарланғануақытымды ұстандым ба? Мен жоспарыма қандай өзгерістер енгіздім және неліктен?

Төменде берілген бөлімді осы сабақ туралы ойларыңызды жазу үшін пайдаланыңыз. Сол жақ бағанда берілген сабағыңызға қатысты ең маңызды сұрақтарға жауап беріңіз.



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Салымдар түрі: қалайша неғұрлым көп пайда табуға болады
» Қауіпсіз каникул: балаларыңызды алаяқтардан қалай қорғауға болады
» 🙌 ҚАРЫЗ ҚАЙТАРУМЕН ҒАНИБЕТ
Пікір жазу