Ұлттық тәрбие. Қазақ тілі, 8 сынып, сабақ жоспары. 1 сабақ.


САБАҚ: 1-сабақ

Мектеп: №5 көпсалалы мектеп-лицейі

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні: Киршимова Н.Қ.

Сынып: 8-сынып

Қатысқан оқушылар саны:

Қатыспағандар:

Бөлім атауы:

Адамзаттық құндылықтар және әлем мәдениеті. Фонетика.

Сабақтың тақырыбы

Ұлттық тәрбие

Осы сабақ арқылы жүзеге асатын оқу мақсаттары

8.1.2.1. – әлеуметтік-қоғамдық, мәдени-тарихи тақырыптарға байланысты диалог, монолог, полилогтердегі (интервью, пікірталас үзінді) автор көзқарасы мен экспрессивті-эмоционалды сөздердің рөлін талдау.

Сабақтың мақсаттары

Оқушылар әлеуметтік-қоғамдық, мәдени-тарихи тақырыптарға байланысты интервьюдегі автордың көзқарасы мен экспрессивті-эмоционалды сөздердің рөлін талдауы тиіс.

Бағалау критерийлері

  • Тыңдаған интервьюден автордың көзқарасын талдай алады.
  • Интервьюде қолданылған экспрессивті-эмоционалды сөздерді тауып, олардың рөлін талдай алады.

Құндылықтар

Құрмет, отансүйгіштік, үздіксіз білім алу.

АҚТ қолдануы

Интерактивті тақта арқылы слайд-презентация пайдаланылады.

Тілдік мақсаттар

Интвервьюде қолданылатын қаратпа сөздерді, эмоционалды-экспрессивті лексиканы анықтай алады.

Осыған дейін меңгерілген білім

Көне түркі жазбалары және қазақ жазуы.

Жоспар

Жоспарланатын уақыт

Жоспар бойынша орындалуы тиіс іс-әрекеттер

Дереккөздер

Сабақтың басы

2 мин

Оқушылармен бірге сабақтың мақсаты мен бағалау критерийлерін талқылау.

Ұсынылған суреттер негізінде сабақтың тақырыбын болжау.

Слайд-презентация

Сабақтың ортасы

Тыңдалымалды тапсырмасы:

- Құндылықтар дегеніміз не?

- Отбасыңда құндылықтардың дәріптелуіне қаншалықты көңіл аударасыңдар?

- Қазақ ұлтының негізгі құндылықтарына қандай ұғымдарды жатқызасыңдар?

Оқушылар «Ұлттық тәрбие мәтінін» тыңдайды.

Тыңдалым тапсырмасы:

1-тапсырма. Барлық сыныппен орындалатын тапсырма.

 1. Мәтіннің тақырыбы қандай?

 2. Негізгі идеясы қандай?

 3. Интервью барысында экспрессивті-эмоционалды сөздер қолданыс тапты ма?

 4. Экспрессивті-эмоционалды сөздердің рөлі қандай?

2-тапсырма. Топпен орындалатын тапсырма.

Мәтінде айтылған төмендегі ойларға қатысты өз бағаңды бер.

Б.Момышұлының қорқынышы.

Өткенгі өмір – баға жетпес байлық.

Ақсақ Темір немересін үнемі қасына алып жүруі.

Бала Абайдың Байкөкше шешешеннің сөзіне тәнті болуы.

Ұлттық тәрбие – ел болашағы.

Тыңдалымнан кейінгі тапсырма:

3-тапсырма. Жұппен орындалатын тапсырма.

Оқушылар жұпта «Ұлттық тәрбиені сақтап қалудың жолдары» тақырыбында интервью құрастырыңдар. Үлгі ретінде «Қазақстан» ұлттық телеарнасында көрсетілетін «Баламен бетпе-бет» бағдарламасы негізге алынады.

https://www.youtube.com/watch?v=3StPa4IxX_8

https://www.youtube.com/watch?v=vtAYePpv80s

Сабақтың соңы

3 минут

Рефлексия

Рефлексия мына сұрақтар негізінде жүргізіледі:

- Мен осы сабаққа дейін не білдім?

- Осы сабақ маған несімен пайдалы болды?

- Қандай мәселені әлі жақсарту керек?

Қосымша ақпарат

Дифференциация

Мүмкіндігі төмен оқушыларға мұғалім жеке нұсқаулықтар, түрткі сұрақтар беріледі, топтағы талқылаулар көмектеседі.

Бағалау – Оқушылардың ақпаратты қаншалықты меңгергенін қалай тексересіз?

Топтағы талқылауларды бақылаймын, оқушылардың маркерлеген мәтінін бақылаймын

Рефлексия кезінде ұсынған сұрақтар бойынша айтқан пікірлерінен ақпарат аламын

Пәнаралық байланыс

Қауіпсіздік ережелері

АКТ-мен байланыс Құндылықтармен байланыс (тәрбиелік элемент)

Бірқатар оқушылардың өз біліміндегі ақаулары үшін алаңдамайтындай жайлы атмосфера тудыру

Оқушылар бірі біріне деген құрмет пен үйренуге ашықтық құндылықтарын дамыта алады

Слайд-презентация пайдаланылады

Ойлану

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары жүзеге асырымды болды ма?

Бүгін оқушылар нені үйренді? Сыныптағы оқу атмосферасы қандай болды? Дифференциацияны жүзеге асыру қолымнан келді ме? Мен жоспарланғануақытымды ұстандым ба? Мен жоспарыма қандай өзгерістер енгіздім және неліктен?

Төменде берілген бөлімді осы сабақ туралы ойларыңызды жазу үшін пайдаланыңыз. Сол жақ бағанда берілген сабағыңызға қатысты ең маңызды сұрақтарға жауап беріңіз.

Жалпы баға

Сәтті өткен екі нәрсені атап көрсетіңіз (сабақ беру және оқытуға қатысты)?

1:

2:

Қандай екі нәрсе сабақтың одан да жақсы өтуіне ықпалын тигізер еді (сабақ беру және оқытуға қатысты)?

1:

2:

Осы сабақ барысында сынып немесе жеке оқушылар туралы менің келесі сабағыма дайындалу үшін қажет болуы мүмкін қандай ақпарат алдым?



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Қазақстандағы білім беру деңгейі 10 жыл ішінде қалай өзгерді?
» 85 жастағы қызылордалық ақсақал 2 млн түп ағаш еккен
» 👦🏻👧🏻Елімізде қанша бала бар?
Пікір жазу