Қазақ тілі_3-сынып_4-бөлім_Сәулет_№55сабақ_Тұрлаулы мүшелер_ҚМЖ


Қысқа мерзімді жоспар

Пән: Қазақ тілі

Бөлімі: Сәулет өнері

№ 55абақ. Тақырыбы Тұрлаулы мүшелер

Мектеп:

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні: Жарылғасова Ж.М.

Сынып: 3

Қатысқандар саны:

Қатыспаған оқушылар:

Оқу мақсаты:

3.1.3.1 түрлі жағдаяттағы (қоғамдық ортада) қатысымдық әрекеттерде өз сөзін жүйелі түрде жоспарлап, тілдік нормаларды сақтап сөйлеу;

3.4.2.7 сөйлемнің тұрлаулы (бастауыш, баяндауыш) және тұрлаусыз мүшелерін ажырату;

3.3.7.2 мұғалім көмегімен бастауыш пен баяндауыштың арасына қойылатын сызықшаның орнын білу және қою.

 Сабақтың

 мақсаты:

Барлық оқушылар:

- сұхбаттасын тыңдап, оның айтқанын түсінеді;

- үлгі негізінде сөйлем ішінен тұрлаулы мүшені ажыратып, құрастырады;

- үлгі негізінде бастауыш пен баяндауыштың арасына қойылатын сызықшаның орнын анықтап, тыныс белгісін қолданады

Оқушылардың көбі:

- диалогке белсенді қатысады;

-сөйлем сызбасы негізінде тұрлаулы мүшені ажыратып, құрастырады;

- сызба негізінде бастауыш пен баяндауыштың арасына қойылатын сызықшаның орнын анықтайды, сәйкес жай сөйлем құрастыра алады және тыныс белгісін қолданады;

Оқушылардың кейбірі:

- диалогте рөлдерді (тыңдаушы, сөйлеуші) еркін алмастыра алады;

-сөйлем ішінде тұрлаулы мүшені ажыратып, құрастырады;

-бастауыш пен баяндауыштың арасына қойылатын сызықшаның орнын біледі, сәйкес жай сөйлем құрастыра алады және тыныс белгісін қолданады.

 Бағалау критерийлері

Өз ойын жүйелей отырып, диалогке қатысады.

Тілдік нормаларды сақтап сөйлейді.

Сөйлемнің тұрлаулы мүшелерін (бастауыш, баяндауыш) анықтайды.

Бастауыш пен баяндауыштың арасына сызықша қояды.

Тірек сөздер

Пәндік терминология мен тірек сөздер

Сөйлем мүшелері. Бастауыш. Баяндауыш. Тұрлаулы мүшелер.

Сабақта диалог /жазу үшін пайдаланылатын тіл:

Талқылау үшін сұрақтар:

Қазақстанның қандай көне қалаларын білесің?

Отырар қаласы туралы не білесің?

Өзің тұратын жердің орталық қаласы қалай аталады?

 Құндылықтар

Өз ұлтын, халқын құрметтеу және мақтаныш сезімін қалыптастыру.

 Пәнаралық байланыс

Әдебиеттік оқу, дүниетану.

 АКТ қолдану дағдылары

Интербелсенді тақта

Алдыңғы меңгерілген білім

Сөйлем мүшелері.Бастауыш.Баяндауыш.Бастауыш пен баяндауыш арасына қойылатын сызықша

Сабақ барысы

Жоспарланған уақыт

Сабақта жоспарланғаніс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

3 минут

) Ұйымдастыру кезеңі. Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.

«Алфавит» әдісі бойынша жүргізіледі. Мұғалім кез келген дыбысты айтқанда, оқушылар сол дыбыстан басталатын қаланың атын айтулары тиіс. Материк, өзен-көл атаулары есепке алынбайды.Мысалы, «Қ» дыбысы - Қарағанды т.б. Жылдам әрі дұрыс айтылуы тиіс.

Сабақ тақырыбы және оқу мақсаттары таныстырылады. Оқушыларға бағалау критерийі айтылады.

Сабақтың ортасы

34 минут

10 минут

5 минут

1 минут

10 минут

8 минут

(Ө) 3.3.7.2 мұғалім көмегімен бастауыш пен баяндауыштың арасына қойылатын сызықшаның орнын білу және қою.

Оқушылар үш тапсырмадан тұратын тест орындайды.

1. Қандай жағдайда бастауыш пен баяндауыштың арасына сызықша қойылады?

А) бастауыш та, баяндауыш та сын есім болғанда;

Б) бастауыш та, баяндауыш та зат есім болғанда;

В) бастауыш та, баяндауыш та етістік болғанда.

2. Сөйлемдерді оқы. Тиісті жерге сызықша қой.

3. Бастауыш пен баяндауыштың арасына сызықша қойылатын бір сөйлем құрастырып жаз.

_____________________________________________

Дескриптор:

-бастауыш пен баяндауыштың арасына сызықша қойылу себебін анықтайды;

-сөйлемдегі сызықшаның орнын анықтайды;

-бастауыш пен баяндауыштың арасына қойылатын сызықшаға сөйлеммен мысал келтіреді.

Қалыптастырушы бағалау мұғалім бағалауымен жүзеге асырылады. Оқушылардың жұмыстары жинап алынады.

(Ж) 3.1.3.1 түрлі жағдаяттағы (қоғамдық ортада) қатысымдық әрекеттерде өз сөзін жүйелі түрде жоспарлап, тілдік нормаларды сақтап сөйлеу;

1.Оқулықтан 18-жаттығуды оқу тапсырылады. Оқушылар мәтінді оқып шығады. «Консенсус» әдісі бойынша таладанады. Тірек сөздерді табады: көне, қыш ыдыстар, сәулетті сарайлар, мешіттер, жәдігерлер, Әбу Насыр әл-Фараби.

2. Зерттеуші күнделігін толтыру. Оқушылар қиялын дамыту мақсатында «Егер сен осы Отырар қаласында болса, нені, кімді көрер едің? Не істер едің?» сұрағына жауап береді.

3.(Ұ).Сергіту сәті. Қимыл қозғалыстарын жасайды.

Шаршасаңдар, тұрыңдыр,

Қолды қолға ұрыңдар.

Басты төмен бұғыңдар,

Жұдырықты жұмыңдар.

Алақанды ашыңдар,

Құстай ұшып шығыңдар.

(Ж)4.Тапсырма жұппен орындалады. Әр жұпқа бір қағаздан беріледі. Бұл тапсырма «Қиын» және «оңай» сұрақтар кестесі бойынша орындалады. Диалог құрастыру үшін сұрақтарды дұрыс құру қажеттігі айтылады. Ол үшін сурет мазмұнына қарай сұрақтарды оңай сұрақтардан күрделігіне қарай жариялау-кестесіне жазып, тұжырымдайды. «Оңай» сұрақтар – бір сөзді жауап талап етілетін сұрақтар. Ал «қиын» сауалдар – ойлануды, қосымша білімді талап ететін, талдай білу дағдысын қажет ететін сұрақтар. Сабақ үстінде төмендегідей кесте пайдаланылады.

Оңай сұрақтар – бір рет қана дәлелді жауап талап ететін сұрақтар.

Қиын сұрақтар – күрделі, толық жауап беріп, талдауды қажет етеді.

Мысалы, .... кім?

.... не?

қашан...?

...болуы мүмкін?

.... болады ма?

.... қалай аталады?

...болды ма?

.... келісесің бе?

түсініктеме беріңдер, неге... ?

неге олай ойлайсың?

...айырмашылығы неде?

... болса, не болады?

Берілген қағазға сурет бойынша диалог құрастырады. Жұптың бірі сұрақты жазады, екіншісі жауап береді. Уақыт беріледі. Әрі қарай орын алмастырылып, екінші жұп сұрақ дайындайды, бірінші жұп сұраққа жауап береді.

Оқушылар өзара бағалайды. Оқушылар стикермен өз ой-пікірлерін жазады.

Дескриптор:

-тақырыпқа сәйкес диалог құрастырады; - сұхбаттасына сұрақ қояды;

- сұхбаттасының сұрағына жауап береді;

- өз ойын жүйелі жеткізеді;

-сөйлеу барысында тілдік нормаларды сақтайды.

(Ө.Ж.)5.3.4.2.7 - сөйлемнің тұрлаулы (бастауыш, баяндауыш) және тұрлаусыз мүшелерін ажырату;

«Кең ауқымды дәріс» әдісі арқылы жұмыс жүргізіледі. Оқушыларға сызба беріледі.

Бастауыш + баяндауыш= тұрлаулы мүшелер

Берілген сызба бойынша бұрыннан өздеріне таныс ақпараттың тізімін жасайды. Содан соң жұпта талқылайды.Мұғалім жұпқа тапсырма береді. Мұғалім тақырып туралы шағын мағлұмат береді. Бірінші жұп өздерінде бар ақпаратты белгілеп отырады. Екіншісі өздерінде жоқ ақпаратты жазып алып отырады. Соңынан қорытындыланады. Қосымша. «Тұрлаулы» деген тұрақты деген сөз.

6. (Ө) Оқушыларға оқулықтан 20-жаттығу беріледі. Тапсырма өз бетінше орындалады. Тапсырма «Семантикалық әдіс» бойынша кестеге түсіріледі.

Саралау оқушылар сөздерді сөз құрамына талдайды.Үлгерімі төмен оқушылар мұғалімнің көмегімен орындайды.

Тұрлаулы мүшелер

Бастауыш

Баяндауыш

1.

2.

3.

4.

Оқушылар өзін-өзі тексереді. Балмұздақ таяқшасы бойынша тапсырма орындалады. Оқушылар өз жұмыстарына «+», «-» таңбаларын қойып отырады.

Дескриптор:

- қатесіз көшіреді;

- бастауышты анықтайды;

- баяндауышты анықтайды.

Қосымша материал

№1

http://bilim-all.kz/uploads/images/2016/01/09/original/40cb6cce1205ba6add4fa24d5b0b9c28.jpg

слайд№1

https://avatars.mds.yandex.net/get-pdb/195449/

Қосымша материал

№2

Слайд№2

Қосымша материал

№3

Сабақтың соңы

3 минут

Рефлексия

Оқушылардың сабақты қаншалықты меңгергенін тексеруі үшін «Қол белгісі» стратегиясы қолданылады. Осылайша, олардан тақырыпты түсінгендігін немесе түсінбегендігін қол белгілері арқылы көрсетулері сұралады.

Мен тұрлаулы мүшелер туралы түсініп отырмын және түсіндіре аламын (қолдың бас бармағын жоғары көтереді).

Мен тұрлаулы мүшелер туралы әлі түсінбей отырмын (қолдың бас бармағын бір жанына қарай бұрады).

Мен тұрлаулы мүшелер туралы түсінгеніме сенімді емеспін (қолды бұлғау).

Үй тапсырмасы оқулықтағы 19-жаттығу:

- ребусты шешу;

- «қала» сөзіне екі сөйлем ойлау;

- екінші сөйлемдегі сөздің бірі бастауыш, екіншісі баяндауыш болу.

Қосымша ақпарат

Саралау –оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау - оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық пен қауіпсіздік техникасының сақталуы

Қабілеті жоғары оқушылардан әрдайым көркем сөздермен сөйлеу қажеттігі талап етілді. Сөйлемдегі сөздерді сөз құрамына талдау жасалды.

Оқушылардың

- Өз ойын жүйелей отырып, диалог құрастыра білуі;

-сөйлемнің тұрлаулы мүшелерін (бастауыш, баяндауыш) анықтай алуы;

-бастауыш пен баяндауыштың арасына сызықша қоя білуі бағаланады.

Сергіту сәті өткізіледі.

АҚТ қолдану кезіндегі және жазу кезіндегі қауіпсіздік ережесі айтылады.

Сабақ бойынша рефлексия

Жалпы баға

Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)

1.

2.

Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1.

2.

Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/ қиындықтары туралы нені білдім? Келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Ораза кестесі 2024 жыл. Астана, Алматы, Шымкент т.б. ауыз бекіту және ауызашар уақыты
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу

Соңғы жаңалықтар:
» Биыл 1 сыныпқа өтініш қабылдау 1 сәуірде басталып, 2024 жылғы 31 тамызға дейін жалғасады.
» Жұмыссыз жастарға 1 миллион теңгеге дейінгі ҚАЙТЫМСЫЗ гранттар. Өтінім қабылдау басталды!
» 2024 жылы студенттердің стипендиясы қанша теңгеге өседі
Пікір жазу