1.Қазақ тілі_3-сынып_4-бөлім_Сәулет_№57сабақ_Тұрлаусыз мүшелер_ҚМЖ


Қысқа мерзімді жоспар

Пән Қазақ тілі

Бөлімі Сәулет өнері

№ 57-сабақ. Тақырыбы Тұрлаусыз мүшелер

Мектеп:

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні: Жарылғасова Ж.М.

Сынып: 3

Қатысқандар саны:

Қатыспаған оқушылар:

Оқу мақсаты:

3.2.4.1 өз бетінше мәтіннің тақырыбын және мұғалімнің көмегімен негізгі ойды анықтау;

3.4.2.7 - сөйлемнің тұрлаулы және тұрлаусыз мүшелерін ажырату;

3.3.5.1 жіберілген пунктуациялық, орфографиялық, грамматикалық және стилистикалық қателерді мұғалімнің көмегімен тауып, орфографиялық сөздік пен анықтамалық арқылы түзету.

 Сабақтың

 мақсаты:

Барлық оқушылар:

-мұғалімнің қолдауымен мәтіннің тақырыбын, ондағы негізгі ойды анықтайды;

-үлгі негізінде сөйлем ішінен тұрлаулы мүшені ажыратып, құрастырады;

-мұғалімнің қолдауымен жіберілген пунктуациялық, грамматикалық қателерді тауып, түзетеді.

Оқушылардың көбі:

- мәтіннің тақырыбын, мұғалімнің қолдауымен ондағы негізгі ойды анықтайды;

-сөйлем сызбасы негізінде тұрлаулы мүшені ажыратып, құрастырады;

-жіберілген пунктуациялық, грамматикалық қателерді үлгі/талдау негізінде тауып, түзетеді.

Оқушылардың кейбірі:

- мәтіннің тақырыбы мен ондағы негізгі ойды анықтай алады;

- сөйлем ішінде тұрлаулы мүшені ажыратып, құрастырады;

- жіберілген пунктуациялық, грамматикалық қателерді тауып, түзетеді.

 Бағалау критерийлері

Мәтіндегі негізгі ойды анықтайды.

Мәтінге тақырып қояды.

Сөйлемнің тұрлаулы мүшелерін және тұрлаусыз мүшелерін анықтайды.

Жіберілген қателерді анықтайды және түзетеді.

Тірек сөздер

Пәндік терминология мен тірек сөздер

Сөйлем мүшелері. Тұрлаулы мүшелер.Тұрлаусыз мүшелер.

Сабақта диалог /жазу үшін пайдаланылатын тіл:

Талқылау үшін сұрақтар:

Даңқты қалалар деп қандай қалаларды атайды?

Астана қаласы несімен ерекшеленеді?

Өзіңнің туған жерің несімен ерекшеленеді?

 Құндылықтар

Өз ұлтын, халқын құрметтеу және мақтаныш сезімін қалыптастыру.

 Пәнаралық байланыс

Әдебиеттік оқу, дүниетану пәні.

 АКТ қолдану дағдылары

Интербелсенді тақта

Алдыңғы меңгерілген білім

Сөйлем мүшелері.Тұрлаулы мүшелер.Тұрлаусыз мүшелер.

Сабақ барысы

Жоспарланған уақыт

Сабақта жоспарланғаніс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы 7 минут

) Ұйымдастыру кезеңі. Оқушылардың зейінін сабаққа аудару. Оқушылар қала аттарын таңдау бойынша бес топқа бөлінеді.

1-топ. Эйфель мұнарасы

2-топ. Мәскеу

3-топ. Вашингтон

4-топ. Афина

5-топ. Алматы.

Бұл тапсырма «Ассоциация» әдісі арқылы орындалады. Оқушылар қағазға шеңбер сызып, ортасына «атақты қала» деп жазады. Ең алдымен, дәптерлеріне атақты қала сөз тіркесіне байланысты өздері білетін мәліметті сөзбен жазады. Нәтижесі шағын топта талқыланады. Барлық топтардың жазған мәліметтерінен презентация жасалады. Мұнда тақырып бойынша алынған бүкіл ақпараттың тізімі жасалады.

Сабақ тақырыбы және оқу мақсаттары таныстырылады. Оқушыларға бағалау критерийі айтылады.

Слайд №1

Сабақтың ортасы

28 минут

10 минут

2 минут

7 минут

9 минут

3.2.4.1 өз бетінше мәтіннің тақырыбын және мұғалімнің көмегімен негізгі ойды анықтау;

1.Оқушылар оқулықта берілген 24-жаттығуды орындайды. Алдымен өлеңді іштей мәнерлеп оқиды. Жазылуы мен айтылуы қиын сөздерді қайталап оқиды. Суреттегі көріністер неліктен даңқты екенін білу үшін дереккөздерін қолданады. Әр топ өздеріне бөлінген қала бойынша ізденеді. Топ мүшелері жазған мәліметтерін жинақтап, ортаға шығып қорғайды.

1.Эйфель мұнарасы - әлемнің 7 кереметінің ішінде екінші орында тұр.40 жыл бойы әлемдегі ең биік мұнара болып саналды.

2.Мәскеудегі Кремль алаңы - біздің дәуірімізге дейін жеткен күйдірілген қызыл кірпіштен салынған жоғары сәулет өнерінің үлгісі.

3.Вашингтондағы Ақ үй алғашқыда сұр тастан салынған ғимаратты британиялық әскерлер басып, өртеп жіберген. Кейінірек, бастапқы қалпына қайта келтірілді. Қабырғалардағы өрттің қалдырған таңбаларын кетіру мақсатында ақ түспен сырлап шықты.

4. Афинадағы Акрополь — өзге үйлерден шоқтығы биік, қабырғасы қалың, қала халқының жаулардан қорғаныс табатын бекінісі, қасиетті орны болған.

5. Алматы- Қазақстанның ең үлкен қаласы. Ол Тянь-Шань тауларының солтүстігінде, Іле Алатауының баурайында орналасқан.

-Бұл суреттерде бейнеленген дүниені қандай өнер түрі біріктіреді?

Саралау оқушылар «даңқты» сөзінің синонимін табады. Жауабы: атақты, әйгілі, белгілі, мақтаулы, көпке аты жайылған.

2.Содан соң тапсырмалар беріледі. Тапсырма жұппен орындалады.

Мәтін не туралы?______________________________

Мәтінге басқа ат қой____________________________

Мәтін арқылы автордың не айтқысы келді деп ойлайсың?_____________________________________________________________________________________

Мәтіннен қандай ой түйдің?_______________________________________________________________________________________________________________________________________

Қалыптастырушы бағалау мүғалім тексеруі арқылы бағаланады. Оқушылардың жұмыстары жинап алынады.

Қосымша өзіміздің туған жеріміз несімен ерекшеленетіндігі сұралады.

3.Оқушыларға сергіту сәті ретінде географиялық жұмбақтар беріледі.

Табыңдаршы өздерің

Жұмбақтадым кай елді?

Айтыңдаршы ал енді,

¥лы қорған бар елді.(Қытай)

Айтыңдаршы ал енді,

Кенгуруі бар елді.(Аустралия)

 

Айтыңдаршы ал енді,

 Пирамидалар бар елді.(Мысыр)

Айтыңдаршы ал енді,

Ламалары бар елді.(Перу)

Сілкінетін жері көп,

 Шектесетін елі жоқ.(Жапония)

Мұнараны ең алып,

Алған қайсы ел салып.(Франция)

 (Ө.Т)3.3.5.1 жіберілген пунктуациялық, орфографиялық, грамматикалық және стилистикалық қателерді мұғалімнің көмегімен тауып, орфографиялық сөздік пен анықтамалық арқылы түзету.

Оқушылар оқулық бойынша 25-жаттығуды орындайды. Оқушылар қате жазылған сөзді тауып, түзетіп жазулары тиіс. Сөйлемдерді сөйлем мүшесіне талдайды. Топта «Дөңгелек үстел» әдісі арқылы талданады.

Дескриптор:

-сөйлемдегі қате берілген сөздерді түзетеді;

- сөздерді сауатты жазады.

Қалыптастырушы бағалауда өзін-өзі бағалау арқылы жүргізіледі. Оқушылар топта отырып, қатені түзетеді. Сөйлемде қойылған сызықшаның себебін түсіндіреді.

(Ө.Ж.Т) 3.4.2.7 сөйлемнің тұрлаулы және тұрлаусыз мүшелерін ажырату. 28-жаттығу

Осы мақсатты орындау үшін оқушылар семантикалық картаны толтырады. Алдымен оқушы жеке отырып орындайды. Содан соң жұбымен тексереді. Қорытындысында топта талқылайды.

  • Ескерткіштер қорғауға алынған.
  • Астанада сәулетті үйлер салынды.
  • Сәулетшілерді кездесуге шақырды.
  • Мен өскенде сәулетші болғым келеді.

Тұрлаулы мүшелер

Тұрлаусыз мүшелер

Бастауыш

Баяндауыш

Дескриптор:

- тұрлаулы мүшелерді анықтайды;

- тұрлаусыз мүшелерді анықтайды.

Қосымша материал

№1

Қосымша материал

№2

Сабақтың соңы

5 минут

Рефлексия

Мұғалім оқушыларға төмендегідей сұрақтар қояды. Оқушылар сұрақтарға ауызша жауап береді.

- Сіз өзіңіз үшін жаңа не білдіңіз?

- Сіз үшін не жеңіл болды?

- Сізге қай жерде көмек қажет болды?

- Сіздің қандай да бір сұрағыңыз бар ма?

Үй тапсырмасы:

- көрікті жерлер туралы 4 сөйлем құрастырып жазу;

-сөйлем мүшелерінің талдау үлгісін басшылыққа алып, сөйлемдерді сөйлем мүшелеріне талдау.

Қосымша ақпарат

Саралау –оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау - оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық пен қауіпсіздік техникасының сақталуы

Қабілеті жоғары оқушылар сөздің мағынасын анықтайды. Синоимдік қатарын табады. Үлгерімі төмен оқушыларға сөйлемді сөйлем мүшелеріне талдауда көмек береді.

Оқушылардың

-мәтіндегі негізгі ойды анықтай алуы;

-мәтінге тақырып қоя білуі;

-сөйлемнің тұрлаулы мүшелерін және тұрлаусыз мүшелерін ажырата алуы;

-жіберілген қателерді анықтай алуы және түзете білуі бағаланады.

Сергіту сәті өткізіледі.

АҚТ қолдану кезіндегі және жазу кезіндегі қауіпсіздік ережесі айтылады.

Сабақ бойынша рефлексия

Жалпы баға

Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)

1.

2.

Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1.

2.

Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/ қиындықтары туралы нені білдім? Келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Ораза айт намазы уақыты Қазақстан қалалары бойынша
» Биыл 1 сыныпқа өтініш қабылдау 1 сәуірде басталып, 2024 жылғы 31 тамызға дейін жалғасады.
» Жұмыссыз жастарға 1 миллион теңгеге дейінгі ҚАЙТЫМСЫЗ гранттар. Өтінім қабылдау басталды!
Пікір жазу