1_Қазақ тілі_3 сынып__3-бөлім_Уақыт_№47сабақ_Түбір мен қосымшаның жазылуы_ҚМЖ


Қысқа мерзімді жоспар

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 3-бөлім: «Уақыт»

Күні: 2 тоқсан

Мектеп:

Мұғалімнің аты-жөні:

Модератор: Абдрасилова Гулсим Лесбековна

Сынып: 3

Қатысқандар:

Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы

№47. №Түбір мен қосымшаның жазылуы

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

3.2.5.1 берілген тақырып, сұрақ бойынша түрлі дереккөздерден (мәтін, сөздік, сызба, кесте, карта) алынған ақпараттарда кездесетін жаңа сөздердің мағынасын сөздіктер арқылы ашу, жүйелеу, мағлұматтардың маңызды тұстарын анықтау;

3.3.6.1 кең жолды дәптерде бас әріп пен кіші әріптің биіктігі мен мөлшерін сақтап көлбеу, үзбей және біркелкі жазу, жазу қарқынын жеделдету;

3.2.3.1 мәтін мазмұны бойынша пікір білдіруге бағытталған сұрақтар құрастыру және жауап беру;

3.4.1.2 түбір сөздегі -ы, -і-нің дауысты дыбыстан басталатын қосымша жалғанған кездегі өзгерісін сақтап жазу.

Сабақ мақсаттары

Барлық оқушылар:

- жаңа сөздердің мағынасын түсіндірме сөздікті қолдану арқылы түсіндіреді;

- кең жолды дәптерде бас әріп пен кіші әріптің биіктігі мен мөлшерін сақтап көлбеу, үзбей және біркелкі үлгі негізінде жазады,

- мәтін мазмұны бойынша пікір білдіруге бағытталған сұрақтарға жауап береді, берілген сұрақтарды пайдаланып пікір білдіруге бағытталған сұрақтар құрастырады;

- сөзді орфоэпиялық нормаға сай айтады, үлгі негізінде есте сақтап жазады, түбір мен қосымшаның жазылуын біледі.

Оқушылардың көбі:

- жаңа сөздердің мағынасын түсіндірме сөздікті қолдану арқылы түсіндіреді, сөздерді сөз таптарына қарай топтастыра алады;

- кең жолды дәптерде бас әріп пен кіші әріптің биіктігі мен мөлшерін сақтап көлбеу, үзбей және біркелкі орта темппен жазады;

- мәтін мазмұны бойынша пікір білдіруге бағытталған сұрақтар құрастырады және сұрақтарға жауап береді;

- сөзді орфоэпиялық нормаға сай айтады, түбір сөздегі -ы, -і-нің дауысты дыбыстан басталатын қосымша жалғанған кездегі өзгерісін сақтап жазу.

Оқушылардың кейбірі:

- жаңа сөздердің мағынасын түсіндіреді, сөздерді сөз таптарына қарай топтастыра алады;

- кең жолды дәптерде бас әріп пен кіші әріптің биіктігі мен мөлшерін сақтап көлбеу, үзбей және біркелкі шапшаң жазады;

- мәтін мазмұны бойынша пікір білдіруге бағытталған сұрақтар құрастырады және өз жауабын негіздеп жауап береді;

- сөзді орфоэпиялық нормаға сай айтады, түбір сөздегі -ы, -і-нің дауысты дыбыстан басталатын қосымша жалғанған кездегі өзгерісін сақтап жазу

Бағалау критерийлері

- жаңа сөздердің мағынасын түсіндіреді, сөздерді сөз таптарына қарай топтастыра алады;

- бас әріп пен кіші әріптің биіктігі мен мөлшерін сақтап көлбеу, үзбей және біркелкі шапшаң жазады;

- пікір білдіруге бағытталған сұрақтар құрастырады және өз жауабын негіздеп жауап береді;

- түбір сөздегі -ы, -і-нің дауысты дыбыстан басталатын қосымша жалғанған кездегі өзгерісін сақтап жазады, түбір мен қосымшаның жазылуын біледі

Сөздік қор

Пәндік терминология мен тірек сөздер:

Түбір сөз, туынды сөз, түбір, қосымша, жұрнақ, жалғау;

Сабақта диалог /жазу үшін пайдаланылатын тіл:

Түбір сөз дегеніміз не? Туынды сөз дегеніміз не? Қосымша дегеніміз не?

Құндылықтарды дарыту

Өз іс-әрекетін жоспарлауға, уақытты тиімді пайдалануға үйрету

Пәнаралық байланыстар

Дүниетану

Алдыңғы меңгерілген білім

Түбір мен қосымша

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақта жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

0-5 минут

І. Ұйымдастыру кезеңі.

(Ұ) Өткенді бекіту.

Берілген түбір сөздерден туынды сөз жасап жазу.

Сөздер тізбегі: Уақыт, мерзім, бас, ас, сый, сән, дәрі, еңбек т.б.

ІІ. Сабақтың тақырыбы мен мақсатын анықтау.

Оқушылар сабақтың тақырыбы мен мақсатын оқып, бағалау критерийлерін бірге құрастырады.

Қосымша №1

Слайд 1

Сабақтың ортасы

5-10 минут

11-14 минут

15-17 минут

18-20 минут

21-27 минут

28-29 минут

30-32 минут

33-35 минут

ІІІ. Негізгі бөлім

3.2.5.1 (Ұ, МК, Қ). 36-жаттығу. Түсіндірмелі сөздікті немесе смартфонды пайдаланып «күнұзақ» сөзінің мағынасын ашу. Өлең мазмұнына байланысты тапсырмаларды орындау. Өзін –өзі бағалау.

Тапсырма 1. Өлеңді іштей оқып, уақытқа байланысты берілген сөздерді теріп жазу.

Мысалы: Түн, күнұзақ, түнде.

Тапсырма 2. Таңдап алынған сөздерді сөз құрамына ажырату.

Мысалы:Түн =түн+0, күнұзақ+0 =күнұзақ, түнде=түн+де

Қарамен жазылған сөздің екі түбір сөзден құралғанына назар аударту. «Күнұзақ» сөзінің мағынасын түсіндіру.

Екі түбір сөзден тұратын «күнұзақ» сөзіне қарама-қарсы мағыналас сөздерді тапқызу. («түнімен», «түні бойы» т.б.)

«Түнімен», «түні бойы» сөзі мен сөз тіркесіндегі түбір сөзді анықтату арқылы оқылатын мәтіннің тақырыбын болжату.

3.2.3.1 (Ө,Т) Оқулықтағы «Түн» өлеңін оқу. Өлең мазмұны бойынша пікір білдіруге бағытталған сұрақтар құрастыру және жауап беру.

(МК) Мұғалім өлеңнің тақырыбы мен негізгі ойды анықтауда төмендегі сұрақтарды басшылыққа алады:

-Өлең не туралы?

-Өлең неліктен «Түн» деп аталған?

-Балалардың түнде әткеншек теппеу себебі неде?

-Түн мезгілін күндізгі уақытпен салыстыр.

(Т, Қ) Өлең мазмұнын талқылау

1. Күннің ұясына батуы.

2. Әттең, әткеншек тепсем...

3. Тәтті түстер.

(Ө) Сөздерді сөз таптарына қарай топтастыру.

Тапсырма 3. Мәтіннен зат есімдерді теріп жазу.

Бағалау дескрипторы:

- жаңа сөздердің мағынасын түсіндіреді;

- мәтін мазмұны бойынша пікір білдіруге бағытталған сұрақтар құрастырады және өз жауабын негіздеп жауап береді;

- сөздерді сөз таптарына қарай топтастыра алады.

3.4.1.2 (Ө; Қ) Түбір сөздегі -ы, -і-нің дауысты дыбыстан басталатын қосымша жалғанған кездегі өзгерісін білу.

Шығармашылық үзіліс.

Тапсырма 3. Оқушыларға жеке-жеке күн тәртібі бейнеленген сурет қиындылары беріледі. Сол қиындылардан өздерінің күн тәртібін құрастырады. Күн тәртібінің маңызды бөлігі таңертеңгі уақытқа байланысты іс-әрекеттерін әңгімелейді. Әңгімеге арқау болатын тірек сөздер мен сөз тіркестері ұсынылады. Қарамен жазылған сөздерге –ы, -і дыбыстары жалғанданда түбір сөздердің қандай өзгеріске ұшырайтыны сұралады.

Тірек сөздер мен сөз тіркестері: Уақыт, таңертең, орын, мойын, ауыз, жуыну, мектеп, сынып, кітап, оқулық, тамақ, бару т.б.

Тапсырма 4. «Сұрақтар жаңбыры» әдісімен топтық жұмыс ұйымдастыру.

Мақсаты: оқушылардың сұрақ қою және сыни ойлау дағдыларын дамыту.

Сипаттамасы: оқушылар топтарға өз еркімен, қалауымен бөлінеді. Әр топ параққа күн тәртібіне байланысты құрастырған әңгімелері негізінде пікір білдіретін сұрақтар жазып, бір-біріне лақтырады. Алған сұрақтарына жауап жазып, кері лақтырады. Жауап жазылған парақты қағып алған ойыншы, сол жауаптан сұрақ тудырып, ары қарай лақтырады. Ойын осылай жалғасады.

(Т; Ұ; Қ) Топтық жұмысты бағалау. Бағалау дескрипторы негізінде топтар бір-бірін «Басбармақ» әдісімен бағалайды.

Бағалау дескрипторы:

- түбір мен қосымшаның жазылуын біледі;

- пікір білдіруге бағытталған сұрақтар құрастырады және өз жауабын негіздеп жауап береді

- сөздерді сөз таптарына қарай ажыратады.

3.3.6.1 (МК; Ө; Ж, Қ) Каллиграфиялық нормаларды сақтап, көркем жазу.

Құраған мәтінді қатесіз, көркем жазады.

Мұғалім тарапынан бас әріп пен кіші әріптің биіктігі мен мөлшерін сақтап, көлбеу және таза жазуы қадағаланады, түсіндіріледі. Жұппен жұмыс жасайды, өзара бағалайды.

Бағалау дескрипторы:

- каллиграфиялық нормаларды сақтап жазады;

- үзбей және біркелкі шапшаң жазады.

Сергіту сәті!

(Ө, Ж, Қ) Шығармашылық жазу. «Синквейн» әдісі.

1. Зат есім (тақырып бір сөзбен беріледі).

2. Сын есім (тақырыпты екі сөзбен сипаттау).

3. Етістік (тақырыпқа байланысты 3 қимыл атауын жазу).

4. Сөйлем (тақырыпқа сәйкес 4 сөзден тұратын сөйлем құрау).

5. Мағыналас сөз (тақырыптың мәнін ашатын 1 синоним сөз жазу).

Тапсырманы орындаған соң жұптар өзара өлеңдерін оқып, бағалайды.

Түсіндірмелі сөздікті немесе смартфон

Оқулық

http://gimn.chernyahovsk.ru/blog/Burk_blog/rezhim-dnya-pervoklassnika.php

№2 Дәптермен жұмыс

Көңілді әуен

Парақтар

Сабақтың соңы

35-40 минут

Рефлексия.

-Бүгінгі сабақта сәтті орындаған нәрселерің?

-Қандай нәрсені орындау қиын болды?

(Ө; Қ) Бағалаудың шартты белгілеріне сәйкес (+, -) өзін-өзі бағалау. Жұмыстарын топта жариялап, дәлелдеу.

Бағалау критерийлері

Қолым

нан келеді

Көмек

қажет етемін

Жаңа сөздердің мағынасын түсінемін, сөз таптарына ажырата аламын

Каллиграфиялық нормаларды сақтап жаза аламын

Пікір білдіруге бағытталған сұрақтар құрастырамын және өз ойымды білдеремін

Түбір мен қосымшаның жазылуын білемін

Үй тапсырмасы:

Орны, даусы, халқы сөздерін қатыстырып, 3 сөйлем құрастырып, көркем жазу.

Қосымша

Қосымша ақпарат

Саралау – оқушыларға көбірек қолдау көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай тапсырмалар қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін тексеру жоспарыңыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

Топтық тапсырмаларды саралау бойынша беру.

Қабілеті жоғары оқушыларға өз бетінше жұмыс істеуге мүмкіндік жасау.

Қолдауды қажет ететін оқушыларға көмек көрсету.

Шығармашылық жұмыстарды орындау барысында ресурстар арқылы саралау: сурет қиындыларын пайдалану.

Қалыптастырушы бағалаулар дескрипторлар негізінде және «Басбармақ», «Смайликтер» әдістері арқылы жүзеге асырылады.

Түрлі жағдаяттағы қатысымдық әрекеттерде өз сөздерін жүйелі түрде жоспарлап, тілдік нормаларды сақтап сөйлеулері бағаланады.

Топта бірі-бірі тыңдау. Сыныпта қауіпсіздік ережелерін сақтау.

Сабақ бойынша рефлексия

Сабақ мақсаттары дұрыс қойылған ба?

Оқушылар оқу мақсаттарына қол жеткізді ме?

Оқу мақсаттарына қол жеткізілмесе себебі неде?

Ынтымақтастыққа қол жеткізілді ме?

Саралау бойынша жұмыстар дұрыс жүргізілді ме?

Уақыт кезеңдері дұрыс сақталды ма?

Жоспардан ауытқулар орын алды ма? Неліктен?

Қорытындылау

Қандай екі нəрсе табысты болды (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)?

1:

2:

Қандай екі нəрсе сабақты жақсарта алды (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)?

1:

2:

Сабақ барысында сынып немесе жекелеген оқушылар туралы келесі сабағымды жетілдіруге не көмектесетін білдім?



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Су тасқынынан зардап шеккендерге қосымша тағы 553 мың теңге төленеді
» Елімізде TikTok желісі бұғатталуы мүмкін бе?
» Елімізде су тасқынынан зардап шеккендердің қандай мүліктеріне өтемақы төленеді?
Пікір жазу