1_Қазақ тілі_3 сынып_3-бөлім_Уақыт_№48сабақ_Түбір мен қосымшаның жазылуы_ҚМЖ


Қысқа мерзімді жоспар

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 3-бөлім: «Уақыт»

Күні: 2 тоқсан

Мектеп:

Мұғалімнің аты-жөні:

Модератор: Абдрасилова Гулсим Лесбековна

Сынып: 3

Қатысқандар:

Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы

№48. Түбір мен қосымшаның жазылуы

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

3.1.3.1 түрлі жағдаяттағы (қоғамдық ортада) қатысымдық әрекеттерде өз сөзін жүйелі түрде жоспарлап, сөйлеу мәдениетін сақтап диалогке қатысу;

3.4.1.2 түбір сөздегі -ы, -і-нің дауысты дыбыстан басталатын қосымша жалғанған кездегі өзгерісін сақтап жазу;

3.3.4.1 мұғалімнің көмегімен сызба, график, кесте, фотосуреттер пайдаланып, мәтін (хат, шақыру, нұсқаулық) құрау/компьютерде теру.

3.3.6.1 кең жолды дәптерде бас әріп пен кіші әріптің биіктігі мен мөлшерін сақтап көлбеу, үзбей және біркелкі жазу, жазу қарқынын жеделдету

Сабақ мақсаттары

Барлық оқушылар:

- сұхбаттасының айтқанын тыңдап, сөйлеу мәдениетін сақтап, диалогке қатысады;

- сөзді орфоэпиялық нормаға сай айтады, үлгі негізінде есте сақтап жазады;

- сызбада берілген мәліметтер негізінде бірлесе отырып, қарапайым нұсқаулық құрап жазады,

-- кең жолды дәптерде бас әріп пен кіші әріптің биіктігі мен мөлшерін сақтап көлбеу, үзбей және біркелкі үлгі негізінде жазады

Оқушылардың көбі:

- қызығушылықпен тыңдап, сөзін жүйелі түрде жоспарлап, сөйлеу мәдениетін сақтап сөйлейді;

- сөзді орфоэпиялық нормаға сай айтады, түбір сөздегі -ы, -і-нің дауысты дыбыстан басталатын қосымша жалғанған кездегі өзгерісін сақтап жазу;

- сызбада берілген мәліметтер негізінде қарапайым нұсқаулық құрап жазады;

-кең жолды дәптерде бас әріп пен кіші әріптің биіктігі мен мөлшерін сақтап көлбеу, үзбей және біркелкі орта темппен жазады.

Оқушылардың кейбірі:

- қызығушылықпен және комментарий айта отырып тыңдайды, түрлі жағдаяттарда жүйелі, сөйлеу мәдениетін сақтап сөйлейді;

- сөзді орфоэпиялық нормаға сай айтады, түбір сөздегі -ы, -і-нің дауысты дыбыстан басталатын қосымша жалғанған кездегі өзгерісін сақтап жазу;

- сызбада берілген мәліметтер негізінде толықтыра отырып, қарапайым нұсқаулық құрап жазады;

-кең жолды дәптерде бас әріп пен кіші әріптің биіктігі мен мөлшерін сақтап көлбеу, үзбей және біркелкі шапшаң жазады

Бағалау критерийлері

- түрлі жағдаяттарда жүйелі, сөйлеу мәдениетін сақтап сөйлейді;

- түбір сөздегі -ы, -і-нің дауысты дыбыстан басталатын қосымша жалғанған кездегі өзгерісін сақтап жазады, түбір мен қосымшаның жазылуын біледі;

- сызбада берілген мәліметтер негізінде толықтыра отырып, қарапайым нұсқаулық құрап жазады;

- бас әріп пен кіші әріптің биіктігі мен мөлшерін сақтап көлбеу, үзбей және біркелкі жазады.

Сөздік қор

Пәндік терминология мен тірек сөздер:

Түбір сөз, туынды сөз, түбір, қосымша, жұрнақ, жалғау;

Сабақта диалог /жазу үшін пайдаланылатын тіл:

Түбір сөз дегеніміз не? Туынды сөз дегеніміз не? Қосымша дегеніміз не? Түбірлес сөздер деген не?

Құндылықтарды дарыту

Өз іс-әрекетін жоспарлауға, уақытты тиімді пайдалануға үйрету

Пәнаралық байланыстар

Дүниетану

Алдыңғы меңгерілген білім

Түбір мен қосымша

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақта жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

0-5 минут

І. Ұйымдастыру кезеңі.

(Т) Өткенді бекіту.

Оқушыларға сөздер тізбегі беріледі. Түбірлес сөздерді табады.

Сөздер тізбегі: Ойын, ауыл, ойыншық, ауылдас, ойынпаз, ауылнай, ем, емхана, емделу т.б.

ІІ. Сабақтың тақырыбы мен мақсатын анықтау.

Оқушылар сабақтың тақырыбы мен мақсатын оқып, бағалау критерийлерін бірге құрастырады.

Қосымша №1

Сабақтың ортасы

6-11 минут

12-16 минут

17-20 минут

21-22 минут

23-29 минут

33-35 минут

Негізгі бөлім

(МК, Ұ, Қ) «Ассоциативті қатар» әдісі.

Мұғалім тақтаға тақырыпқа қатысты сөздер қатарын жазады. Тапсырма 1. Тақырыпқа қатысты ассоциация-сөздерді бір қатарға жазады. Оқушыларға жазылған сөздерден құраған пікірлерін жазу ұсынылады.

Ассоциативті қатар: Мезгіл, бүгін, сағат, ертең, жыл, ай, күн т.с.с.

Мысалы: Ертеңгі жасайтын ісіңді бүгін істе.

Тапсырма 2. Жазған пікірлерін дәлелдейді. Ой қорытындысын жасайды.

Жазған пікірлеріне байланысты тақырыпты болжайды.

3.1.3.1 (Ұ;Т;Қ) 40-жаттығу. Оқушылар «Аквариум» стратегиясы бойынша екі топқа бірігеді.

Тапсырма 1. Өлеңді түсініп тыңдайды. Өлеңдегі негізгі ойды анықтайды.

Тапсырма 2. Бірінші топ мәтін мазмұны бойынша сұрақтар құрастырады. Екінші топ оқушылары бірінші топтың қойған сұрақтарына жүйелі, толық жауап береді.

Тапсырма 3.

Оқыған мәтіннің ішінен қарамен жазылған сөздердің түбірін табу, жазылуындағы өзгерістерін түсіндіру.

3.4.1.2 (Ө, Қ) Көркем жазу.

41-жаттығу. Есте сақтау диктанты.

Ауыл-аулы, халық-халқы, көрік-көркі, дауыс-даусы т.с.с.

Бағалау дескрипторы:

-каллиграфиялық нормаларды сақтайды;

- түбір сөзге қосымшаны дұрыс жалғайды

Сергіту сәті!

3.3.4.1 (МК, Ө, Ж, Қ) Жазылым.

Тапсырма 1. Оқушылардың назары уақыт туралы суреттер мен уақыт туралы жазылған нақыл сөздерге аударылады. Нақыл сөздердің мағынасы ашылады. Тақырып анықталады. Берілген тақырыпта нұсқаулық жаздырылады.

Нұсқаулық - әлденені орындау, жүзеге асыру тәсілі мен тәртібін бекітетін тәртіптер жинағы. Қажет жағдайда үлгісі беріледі.

Үлгі:

1. Таңертең ерте тұр.

2. Бір күндік ісіңді алдын-ала жоспарла.

3. Күн тәртібін дұрыс құрастыр, үнемі соған бағынуға тырыс...т.с.с.

3.1.3.1 (Ө, Ж, Қ) Тыңдалым.

Тапсырма 2. Жазылған нұсқаулықтар жұпта талқыланады. Ең ұтымды нұсқасы таңдалып алынады. «Ара ұясы» стратегиясы бойынша бағаланады. Мұғалім жұптағы оқушыларға не білгендігі туралы пікір алмасуды және екі сұрақтан дайындауын тапсырады. Содан кейін әрбір жұп кезектесіп сұрақ қояды, оқушылар жауап береді.

Бағалау дескрипторы:

- суретте берілген мәліметтер мен нақыл сөздер негізінде қарапайым нұсқаулық құрап жазады;

- каллиграфиялық дағдыларды сақтайды.

- сөйлеу мәдениетін сақтап диалогке қатысады.

3.3.6.1 (Ө, Қ) Жазылым.

43-жаттығу. «Ретімен орналастыр» әдісі. Орны ауысып кеткен сөйлемдерді ретімен орналастыру. Мәтін құрап жазу. Өзін-өзі бағалау.

Бағалу дескрипторы:

- мағына жағынан өзара байланысты сөйлемдер тізбегін құраған;

- мәтінге ат қоюға болады;

-каллигафиялық дағдыларды сақтап жазған.

Слайд 1

Парақтар

Оқулық

Оқулық

№2 Дәптермен жұмыс

Көңілді әуен

Слайд 2.

https://kopilkaurokov.ru/nachalniyeKlassi/uroki/mienin_dostarym

«Ара ұясы» әдісі

Оқулық

№2 Дәптермен жұмыс

Сабақтың соңы

35-40 минут

Рефлексия.

(Ө; Қ) Берілген сөйлемдерді толықтыру, аяқтап жазу.

Тісті … . (күніне екі рет тазалау керек)

Таңертең ұйқыдан тұрған соң, әжетханаға кіріп шыққан соң, үнемі … (беті-қолды, құлақ пен мойынды) жуу керек.

Жуылмаған … ... (жеміс-жидек, көкөніс) жемеу керек.

Тамақтанып отырғанда ... ( сөйлеспеу) керек.

(Ө; Қ) «Аяқталмаған сөйлем» әдісі арқылы сабақтан игерген білімдеріне рефлексия жасатылады.

«Мұғалімге жеделхат» тақтасына оқушылар стикерлер жапсырады.

Оқушылар өздеріне жақын сөйлемді таңдап, айтылған ойды жалғастырады:

  • қызықты болғаны.....
  • ......қиындық тудырды.
  • менің түсінгенім.....
  • енді мен......аламын.

Үй тапсырмасы:

Өз туған күніне шақыру қағазын құрастырып жазу.

№2 Дәптермен жұмыс

Түрлі түсті стикерлер

Қосымша ақпарат

Саралау – оқушыларға көбірек қолдау көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай тапсырмалар қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін тексеру жоспарыңыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

Топтық тапсырмаларды саралау бойынша беру.

Қабілеті жоғары оқушыларға өз бетінше жұмыс істеуге мүмкіншілік беріледі. Күн тәртібіне байланысты нұсқаулық даярлауда өзгелерге ұсыныс берулеріне мүмкіндік жасалады.

Қолдауды қажет ететін оқушыларға көмек көрсетіледі.

Қалыптастырушы бағалаулар дескрипторлар негізінде және «Ара ұясы», «Аяқталмаған сөйлем» стратегиялары арқылы жүзеге асырылады.

Аталған стратегиялар негізінде сабақта игерліген білімдері мен алған мәліметтері қорытындыланады, өңделеді және бағаланады..

Топта бірін-бірі тыңдауы назарда ұсталады. Сыныпта қозғалыс қадағаланады және қауіпсіздік ережелерін сақтау.

Сабақ бойынша рефлексия

Сабақ мақсаттары дұрыс қойылған ба?

Оқушылар оқу мақсаттарына қол жеткізді ме?

Оқу мақсаттарына қол жеткізілмесе себебі неде?

Ынтымақтастыққа қол жеткізілді ме?

Саралау бойынша жұмыстар дұрыс жүргізілді ме?

Уақыт кезеңдері дұрыс сақталды ма?

Жоспардан ауытқулар орын алды ма? Неліктен?

Қорытындылау

Қандай екі нəрсе табысты болды (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)?

1:

2:

Қандай екі нəрсе сабақты жақсарта алды (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)?

1:

2:

Сабақ барысында сынып немесе жекелеген оқушылар туралы келесі сабағымды жетілдіруге не көмектесетін білдім?



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Ораза айт намазы уақыты Қазақстан қалалары бойынша
» Биыл 1 сыныпқа өтініш қабылдау 1 сәуірде басталып, 2024 жылғы 31 тамызға дейін жалғасады.
» Жұмыссыз жастарға 1 миллион теңгеге дейінгі ҚАЙТЫМСЫЗ гранттар. Өтінім қабылдау басталды!
Пікір жазу