1_Қазақ тілі_3 сынып_3-бөлім_Уақыт_№45сабақ_Түбір мен қосымшаның жазылуы_ҚМЖ


Қысқа мерзімді жоспар

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 3-бөлім: «Уақыт»

Күні: 2 тоқсан

Мектеп:

Мұғалімнің аты-жөні:

Модератор: Абдрасилова Гулсим Лесбековна

Сынып: 3

Қатысқандар:

Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы

№45. Түбір мен қосымшаның жазылуы

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

3.2.4.1 өз бетінше мәтіннің тақырыбын және мұғалімнің көмегімен негізгі ойды анықтау;

3.3.5.1 жіберілген пунктуациялық, орфографиялық, грамматикалық және стилистикалық қателерді мұғалімнің көмегімен тауып, түзету;

3.1.3.1 түрлі жағдаяттағы (қоғамдық ортада) қатысымдық әрекеттерде өз сөзін жүйелі түрде жоспарлап, тілдік нормаларды сақтап сөйлеу;

3.4.2.1 негізгі түбірге жұрнақтар жалғау арқылы туынды сөз жасау, түбірлес сөздердің мағынасын ажырату.

Сабақ мақсаттары

Барлық оқушылар:

-мұғалімнің қолдауымен мәтіннің тақырыбын, ондағы негізгі ойды анықтайды;

-мұғалімнің қолдауымен жіберілген пунктуациялық, грамматикалық қателерді тауып, түзетеді, түбір мен қосымшаның жазылуын біледі;

-сұхбаттасын тыңдап, оның айтқанын түсінеді;

-түбірге қосымшаның жалғану ерекшеліктерін түсінеді

Оқушылардың көбі:

-мәтіннің тақырыбын, мұғалімнің қолдауымен ондағы негізгі ойды анықтайды;

-жіберілген пунктуациялық, грамматикалық қателерді үлгі/талдау негізінде тауып, түзетеді;

-диалогке белсенді қатысады;

-туынды сөздердің құрамына ажырата алады

Оқушылардың кейбірі:

-мәтіннің тақырыбы мен ондағы негізгі ойды анықтай алады;

-жіберілген пунктуациялық, грамматикалық қателерді тауып, түзетеді;

-диалогте рөлдерді (тыңдаушы, сөйлеуші) еркін алмастыра алады;

-туынды сөздердің жасалу жолын түсіндіре алады, туынды сөз жасайтын жұрнақтарды атай алады

Бағалау критерийлері

- мәтіннің тақырыбын және негізгі ойды анықтайды;

-жіберілген пунктуациялық, грамматикалық қателерді тауып, түзетеді, түбір мен қосымшаның жазылуын біледі;

- берілген тақырып бойынша өз көзқарасын білдіріп, ой қорыту жасай алады, диалогке қатысады;

-түбір сөздерге қосымшаны дұрыс жалғайды

Сөздік қор

Пәндік терминология мен тірек сөздер:

Түбір сөз, туынды сөз, түбір, қосымша, жұрнақ, жалғау;

Сабақта диалог /жазу үшін пайдаланылатын тіл:

Түбір сөз дегеніміз не? Туынды сөз дегеніміз не? Қосымша дегеніміз не?

Құндылықтарды дарыту

Өз іс-әрекетін жоспарлауға, уақытты тиімді пайдалануға баулу

Пәнаралық байланыстар

Дүниетану

Алдыңғы меңгерілген білім

Түбірлес сөздер

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақта жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

0-5 минут

І. Ұйымдастыру кезеңі.

(Ұ) Ой қозғау!

Әріптерді тиісті орындарына қойып, жасырынған сөзді оқу.

С Ы Ң Б Т А Л

Таңбалы тас туралы не білетіндерін әңгімелейді. «Таңбалы тас» ұғымын уақыт ұғымына қатысты берілген сөздер мен сөз тіркестерімен дұрыс (қарамен жазылған) байланыстыру.

Сөздер мен сөз тіркестері: Қола дәуірі, 1995-2000 жылдары, ерте заманда, б.з.д. XІV-XІІІ ғасыр, ертеректе, XІX-XX ғасыр, «қозы жасы», қазіргі кезде т.б.

ІІ. (Т) Өткенді бекіту.

Оқушыларға «Кубизм» әдісі бойынша алдыңғы білім пысықталынады.

1. Сөз дегеніміз не? Мысалы:

2. Сөздің бөлінбейтін бөлігі? Мысалы:

3. Қосымшаның атқаратын қызметі? Мысалы:

4. Қосымша нешеге бөлінеді, қандай?

5. Жұрнақ пен жалғаудың айырмашылығы?

6. Берілген сөздерден түбірлес сөздер қатарын құра:

Өнерпаз, жұмыс, бала, өнер, жұмыскер, балалық, өнерлі, балақай, жұмысшы т.б.

ІІІ. Сабақтың тақырыбы мен мақсатын анықтау.

Оқушылар сабақтың тақырыбы мен мақсатын оқып, бағалау критерийлерін құрастыру

Интерактивті тақта

Парақтар

Түрлі-түсті қағаз кубик

Сабақтың ортасы

5-8 минут

8-13 минут

13-16 минут

16-19 минут

19-20 минут

21-23 минут

24-29 минут

29-32 минут

32-35 минут

ІV. Негізгі бөлім

3.2.4.1 (МК; Ө; Ұ) 30-жаттығу. Мәтіндегі негізгі ой сұрақ-жауап әдісі арқылы анықтатылады.

Тапсырма 1. Сабақта өтілетін мәтін тақырыбын анықтау мақсатында оқушыларға жұмбақ жасырылады:

Ілулі тұрған кітап

Барады күнде жұтап.

Бір бетін жыртты мамам,

Бір бетін жыртты ағам.

Бір бетін жыртты інім...

Себебі неде мұның?

Барады неге жұтап

Ілулі тұрған кітап?

Жауабы: (Күнпарақ)

Тапсырма 2. Мәтіннің тақырыбы мен мәтін мазмұны сұрақтар қою арқылы болжатылады.

Сұрақтар үлгісі:

-Күнпарақ дегеніміз не? (Күнтізбе)

-Күнпарақта нелер болады? (Күн, апта, ай атаулары)

-Күнпарақты не үшін пайдаланамыз? (Уақытты анықтау үшін)

-Күнпарақ түрлері? (Қабырға күнпарағы, үстел күнпарағы, қалта күнпарағы)

-Жұмбақ күнпарақтың қай түріне арналған? (Қабырға күнпарағына арналған)

-Қабырға күнпарағының басқаларынан айырмашылығы? (Күнпарақта көрсетілген күн аяқталғанда, жыртылып тасталады, яғни өткен күнді, уақытты білдіреді)

-Мәтіннің не туралы болатынын болжа. (Мерзім, уақыт, өтіп кеткен уақыт)

-Уақытты жоғалтуға болады ма? Қалай? (Болады. Берілген тапсырманы, жұмысты уақытында орындамау, сол себептен уақыттың жетпей қалуы т.с.с.)

(Ө, Т, Қ) Оқылым. Оқулықта берілген «Жоғалтып алған күн» мәтінімен жұмыс жүргізу.

Тапсырма 3. Мәтінді оқу, мәтіннің тақырыбы мен негізгі ойын анықтау. Оқуышыларға мәтінді жеке оқу ұсынылады. Топта бірігіп мәтіннің тақырыбы мен негізгі ойын анықтайды.

1-топ. Мәтін неліктен «Жоғалтып алған күн» деп аталған? Өз ойларын дәлелдеу.

2-топ. «Егер бір күннің ішінде пайдалы жұмыс бітірмесең, онда бұл күніңді босқа өткіздім деп есептей бер» нақыл сөзінің мәнін талқылау.

3-топ. Мәтіндегі қарамен берілген сөздерді тауып, түбір сөздерге қосымшалардың жуан, жіңішке болып жалғану себебін анықтау.

Жұмыстарын топта жариялайды. Топтар өзара бағалау дескрипторы негізінде бағалайды.

Бағалау дескрипторы:

-мәтінді түсініп оқиды;

-мәтіннің тақырыбы мен негізгі ойын анықтайды;

(М, Ұ) Түбір мен қосымшаның жазылуы.

Тапсырма. Сызбада көрсетілген сөздердің қосымшаларын дұрыс орналастыр.

Қосымшалар: -қын, -діз, -лар, -шіл, -ға, -де, -на, -гей, -ла, -дер.

МК:

-Берілген сөздердің дыбысталуына назар аудар.

-Екі сөзді бір-бірімен салыстыр. Дыбысталуында қандай ерекшелік бар?

-Қосымшаларды не себепті сол сөздерге жалғадың? Дәлелдеуге тырыс.

-Қандай ой қорытындысын жасайсың?

(М, Ұ) Оқулықта берілген жаңа ақпаратты оқып, түсіндіру жұмыстары жүргізіледі.

Түбір сөздің соңғы буыны жуан болса, оған жалғанатын қосымшалар да жуан болады: адам+дар+дың.

Түбір сөздің соңғы буыны жіңішке болса, оған жалғанатын қосымшалар да жіңішке болады: сурет+ші+лер.

Сергіту сәті!

Әуен ырғағымен билеу.

3.3.5.1 (МК; Ө; Ж; Қ) Тиісті сөздерді қойып, сөйлем құрап жазу. Жіберілген қателерді мұғалімнің көмегімен тауып, түзету.

31-жаттығу. Тиісті сөздерді қойып сөйлем құрап жазады. Оқушылардың бас әріп пен кіші әріптің биіктігі мен мөлшерін сақтап, оларды байланыстырып көлбеу және таза жазуы қадағаланып, бағыт беріледі.

Жұппен жұмыс жасайды. Мұғалімнің көмегімен бір-бірінің қатесін тауып, түзетіп, орындалған жұмысты өзара бағалайды.

3.1.3.1 (Т; Ж; Ұ; Қ) Сурет бойынша әңгіме құрау, диалогке қатысу, болжау жасау. Тілдік нормаларды сақтап сөйлеу.

Оқушылардың назары оқулықтағы немесе тақырыпқа сәйкес басқа да сюжетті суретке аударылады. Суретке қарап не айтуға болатынын топта талқылайды. Суретте не бейнеленгенін, қандай кейіпкерлер барын анықтаған соң, «Рөлдік ойын» әдісі арқылы, қажет жағдайда тірек сөздердің көмегімен мұражайдағы жағдаятты әңгімелейді. Кейіпкерлердің рөліне еніп, сахналайды.

Диалог үлгісі:

Мұражай қызметкері:

-Мына жәдігер қандай тіршілік иесі?

Ұл бала:

-Бұл –динозавр.

Мұражай қызметкері:

-Динозавр туралы және оның тіршілігі туралы не білесің?

Қыз бала:

-Динозавр өте ертеде тіршілік еткен т.с.с.

-...(Егер сен ұл баланың орнында болсаң не деп жауап берер едің?)

Мұражай қызметкері:

-Динозавр қай кезеңде тіршілік еткен? Неше жыл бұрын?

-... (Егер сен қыз баланың орнында болсаң не дер едің?)

-...(Егер сен ұл баланың орнында болсаң не дер едің?)

Мұражай қызметкері:

-Бейнеленген жануардың бұрынғы тіршілігі мен бүгінгі күнін салыстыр. Айырмашылықтар байқадың ба? Қандай?

Ұл бала:

-...

Қыз бала:

-...

Әр топқа диалог құруға қажетті тірек сөздер ұсынылады. Топтық талқылауға уақыт беріледі.

Тірек сөздер: Динозавр, «қорқынышты кесіртке», жыртқыш, жұмыртқа, 160 миллионға жуық жылдар бойы, 225 миллион жыл бұрын пайда болған, пілдерден үлкен, 65 миллион жыл бұрын жойылған, қаңқасы, сүйектері т.б.

(Ө; Ж) Жұмыстарын топта жариялау. Диалог құрайды. Құраған диалогтарын топта жариялайды және сахналайды.

(Ө; Ұ; Қ) Бір-бірінің жұмысын бағалау. Екі жақсы жағы мен бір кемшілігіне ұсыныс білдіру арқылы рефлексия жасау.

«Екі тілек, бір ұсыныс» стратегиясы арқылы бір-бірінің жұмысын бағалайды. Орындаған жұмыстарының екі жақсы жағы мен бір кемшілігіне ұсыныс білдіру арқылы өз іс-әрекеттеріне кері байланыс жасайды.

Бағалау дескрипторы:

-сурет бойынша әңгіме құрайды;

-тірек сөздерді орынды пайдаланып, диалогке қатысады;

  • -сахналауда тілдік нормаларды сақтап сөйлейді.

Оқулық

https://balakai.kz/zhumbaktar/330-y-zattary-turaly-zhmbatar.html

Интерактивті тақта

Сызба

Слайд №8

http://balapan.kaztrk.kz

Оқулық

№2 Дәптермен жұмыс

Оқулықтағы сурет

https://www.liveinternet.ru/users/5124893/page17.shtml

Слайд №8

«Екі тілек, бір ұсыныс» әдісі

Сабақтың соңы

35-40 минут

Рефлексия.

(Ө; Қ) Тиісті жауапты белгілеу.

Бүгінгі сабақта өтілген тақырыпты меңгергеніне қаншалықты сенімді болғанын, тиісті сөзді белгілеу арқылы өз іс-әрекетіне рефлексия («+» немесе «–») жасайды.

 

Бағалау критерийі

Басқаларға түсіндіре аламын

Қолымнан келеді

Қиналамын, себебі

Мәтіннің тақырыбын және негізгі ойды анықтай аламын

Түбірге қосымшаның жалғану ерекшелігін білемін

Жүйелі түрде жоспарлап, тілдік нормаларды сақтап сөйлей аламын

Көркем жаза аламын

Үй тапсырмасы:

Өзінің күн тәртібін құрастырып, жазып келу. Өз күніңді пайдалы немесе босқа өткіздің бе?

Кесте

Қосымша №5

Қосымша ақпарат

Саралау – оқушыларға көбірек қолдау көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай тапсырмалар қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін тексеру жоспарыңыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

Топтық тапсырмаларды саралау бойынша беру.

Қабілеті жоғары оқушыларға өз бетінше жұмыс істеуге мүмкіндік жасау.

Қолдауды қажет ететін оқушыларға көмек көрсету.

Түбір мен қосымшаның жазылуы ережесін түсіндергенде сызба және мұғалімнің көмегі, яғни жетелеуші сұрақтар арқылы оқушылардың өздеріне ой қорытындысын жасату.

Қалыптастырушы бағалаулар дескрипторлары, «Менің сөзім» стратегиясы, «Екі жұлдыз, бір тілек» әдісі негізінде жүзеге асырылады.

Топтық жұмыс барысында берілген мәтіннің негізгі ойын анықтай алуын, диалогке белсенді қатысуын және түбір мен қосымшаны дұрыс жалғауын бағалау.

Топтық жұмыстарда бірі-бірі тыңдау. Сыныпта ішінде қауіпсіздік ережелерін сақтау.

Сабақ бойынша рефлексия

Сабақ мақсаттары дұрыс қойылған ба?

Оқушылар оқу мақсаттарына қол жеткізді ме?

Оқу мақсаттарына қол жеткізілмесе себебі неде?

Ынтымақтастыққа қол жеткізілді ме?

Саралау бойынша жұмыстар дұрыс жүргізілді ме?

Уақыт кезеңдері дұрыс сақталды ма?

Жоспардан ауытқулар орын алды ма? Неліктен?

Қорытындылау

Қандай екі нəрсе табысты болды (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)?

1:

2:

Қандай екі нəрсе сабақты жақсарта алды (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)?

1:

2:

Сабақ барысында сынып немесе жекелеген оқушылар туралы келесі сабағымды жетілдіруге не көмектесетін білдім?



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Су тасқынынан зардап шеккендерге қосымша тағы 553 мың теңге төленеді
» Елімізде TikTok желісі бұғатталуы мүмкін бе?
» Елімізде су тасқынынан зардап шеккендердің қандай мүліктеріне өтемақы төленеді?
Пікір жазу