4.Қазақ тілі_3-сынып_3-бөлім_Уақыт_№45сабақ_Түбір мен қосымшаның жазылуы_Әдістемелік нұсқау


 Мұғалімге әдістемелік нұсқау

Бөлім: Уақыт

Сабақ тақырыбы: №45. Түбір мен қосымшаның жазылуы

Сабақ мақсаттары:

3.2.4.1 өз бетінше мәтіннің тақырыбын және мұғалімнің көмегімен негізгі ойды анықтау;

3.3.5.1 жіберілген пунктуациялық, орфографиялық, грамматикалық және стилистикалық қателерді мұғалімнің көмегімен тауып, түзету;

3.1.3.1 түрлі жағдаяттағы (қоғамдық ортада) қатысымдық әрекеттерде өз сөзін жүйелі түрде жоспарлап, тілдік нормаларды сақтап сөйлеу.

3.4.2.1 негізгі түбірге жұрнақтар жалғау арқылы туынды сөз жасау, түбірлес сөздердің мағынасын ажырату.

Ресурстар: Кестелер, Түрлі-түсті қағаз кубик, тақырыпқа сәйкес суреттер т.б.

Қауіпсіздік және денсаулық сақтау жағдайын назарда ұстап оқушылардың сынып ішінде қозғалысын ұйымдастыру қажет. Оқушылардың оқу әрекетінің түрін жүйелі алмастырып, шаршамауын қадағалау керек.

Сабаққа қажетті теориялық материалдар

Сөз – заттың, түрлі құбылыстың, қимыл-әрекеттің атауы. Мысалы: оқушы, алма, жасыл, қатты, оқыды, жүгірді т.б.

Түбір сөз – сөздің әрі қарай бөлшектеуге келмейтін, мағыналы бөлігі. Мысалы: нан, адам, отыр, жаз, сары, кенет т.б.

Түбір сөзге жұрнақ жалғау арқылы жасатған сөзді туынды сөз дейді. Мысалы: бала, бала+лық, бала+қай; оқу, оқу+лық, оқу+шы т.б.

Бір түбірден жасалған сөздерді түбірлес сөздер деп атайды. Мысалы: біл – білім – білімді – білгіш – білгір – білімпаз т.б.

Сабаққа қатысты ескертпелер

«Кубизм» әдісі

Алдыңғы білімді пысықтау мақсатында жүргізіледі. Қатар тұрған парталарда отырған 4 оқушыдан шағын топ құралады. Алдын ала әр топқа бір-бірден ойын сүйектері мен сұрақтар жазылған үлестірме қағаздар дайындалады. Оқушылар топта 1-ден 6-ға дейін сандар жазылған текшені кезекпен лақтырып, текшедегі түскен санға сәйкес сұраққа жауап береді. Бір-бірінің жауабын тыңдап, өзара бағалайды.

Сұрақтар:

1. Сөз дегеніміз не? Мысалы:

2. Сөздің бөлінбейтін бөлігі? Мысалы:

3. Қосымшаның атқаратын қызметі? Мысалы:

4. Қосымша нешеге бөлінеді, қандай?

5. Жұрнақ пен жалғаудың айырмашылығы?

6. Берілген сөздерден түбірлес сөздер қатарын құра:

Өнерпаз, жұмыс, бала, өнер, жұмыскер, балалық, өнерлі, балақай, жұмысшы т.б.

Суреттермен жұмыс.

«Мұражайдағы жағдай» суретпен жұмысы «Рөлдік ойын» әдісі арқылы ұйымдастырылады.

Тақырыпқа байланысты сурет көрсетіледі.

Суретке қарап не айтуға болатынын талқылайды.

Суретте не бейнеленгенін, қандай кейіпкерлер барын анықтайды

Сынып оқушылары 1-4-ке дейін санау арқылы шағын топтар құрайды. Суретте берілген кейіпкерлерге сәйкес, оқушылар қалауы бойынша топ ішінде рөлдерді бөліп алады:

- Мұражай қызметкері

- Ұл бала

- Қыз бала

- Екінші ұл бала

Мұражайдағы оқиға бойынша ақылдасып, диалогті құрайды. ...

Құраған диалогтары негізінде рөлге еніп, сахналайды.

Оқушыларға диалог құру барысында тірек сөздерді қолдануға мүмкіндік беріледі.

Саралау

Оқушылардың жеке ерекшеліктерін ескере отырып, тапсырманы орындау барысында қолдау көрсетіледі.

«Екі тілек, бір ұсыныс» стратегиясы

Топтық жұмыстың қорытындысы бойынша бір-бірінің жұмысын бағалайды. Орындаған жұмыстарының екі жақсы жағын атап өтеді және орын алған бір кемшілігін түзетуге байланысты ұсыныс білдіреді. Топтық жұмыстың нәтижесіне және өз іс-әрекеттеріне кері байланыс жасайды. Бағалауда оқушылардың берілген бағалау дескрипторларын басшылыққа алғандығы мұғалім тарапынан қадағаланады. Құраған әңгіменің суретке сәйкестігі, диолог құрауда тірек сөздерді қолдануы және сахналауда тілдік нормаларды сақтап сөйлегендігі ескеріледі.

Оқылым. Мәтінмен жұмыс.

1. Мәтін тақырыбын анықтау мақсатында оқушыларға жұмбақ жасырылады:

2. Мәтіннің тақырыбы мен мәтін мазмұны сұрақтар қою арқылы болжатылады.

3. Мәтінді мұқият тыңдайды.

4. Мәтін мазмұнымен жұмыс ұйымдастырылады.

5. Мәтіндегі негізгі ой сұрақ-жауап әдісі арқылы анықтатылады.

6. Мәтінді мазмұндайды.

Топтық жұмыс ұйымдастырылып, тапсырмалар беріледі.

Жұмыстарын топта жариялайды. Топтар өзара бағалау дескрипторы негізінде бағалайды.

Қолдауды қажет ететін оқушыларға көмек көрсетіледі.

Жазылым.

1. Тиісті сөздерді көп нүктенің қойып сөйлем құрап жазады. Оқушылардың бас әріп пен кіші әріптің биіктігі мен мөлшерін сақтап, оларды байланыстырып көлбеу және таза жазуы қадағаланып, бағыт беріледі.

2. Мұғалімнің көмегімен бір-бірінің қатесін тауып, түзетіп, орындалған жұмысты өзара бағалайды.

Саралау

Қолдауды қажет ететін оқушыларға көмек көрсету.

Қалыптастырушы бағалау Оқушылардың әр тапсырманы орындау барысындағы жетістіктерін мадақтап, жетелеп отыру. Рефлексиялық-бағалау кезеңінде бағалау дескрипторларын басшылыққа алу көзделеді. Сабақта өтілген тақырыпты меңгергеніне қаншалықты сенімді болғанын, тиісті сөзді белгілеу арқылы өз іс-әрекетіне рефлексия («+» немесе «–») жасайды.

Бағалау критерийі

Басқаларға түсіндіре аламын

Қолымнан келеді

Қиналамын, себебі

Мәтіннің тақырыбын және негізгі ойды анықтай аламын

Түбірге қосымшаның жалғану ерекшелігін білемін

Жүйелі түрде жоспарлап, тілдік нормаларды сақтап сөйлей аламын

Көркем жаза аламын



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Ораза айт намазы уақыты Қазақстан қалалары бойынша
» Биыл 1 сыныпқа өтініш қабылдау 1 сәуірде басталып, 2024 жылғы 31 тамызға дейін жалғасады.
» Жұмыссыз жастарға 1 миллион теңгеге дейінгі ҚАЙТЫМСЫЗ гранттар. Өтінім қабылдау басталды!
Пікір жазу