![]() |
|
![]() |
2_Қазақ тілі_3 сынып_3-бөлім_Уақыт_№47сабақ_Түбір мен қосымшаның жазылуы_ПРЕЗЕНТАЦИЯ
«Қазақ тілі» пәні
3-сынып
3-бөлім: «Уақыт»
Сабақ тақырыбы: №47.
«Түбір мен қосымшаның жазылуы»
Сабақтың мақсаты
3.2.5.1 берілген тақырып, сұрақ бойынша түрлі дереккөздерден (мәтін, сөздік, сызба, кесте, карта) алынған ақпараттарда кездесетін жаңа сөздердің мағынасын сөздіктер арқылы ашу, жүйелеу, мағлұматтардың маңызды тұстарын анықтау;
3.3.6.1 кең жолды дәптерде бас әріп пен кіші әріптің биіктігі мен мөлшерін сақтап көлбеу, үзбей және біркелкі жазу, жазу қарқынын жеделдету;
3.2.3.1 мәтін мазмұны бойынша пікір білдіруге бағытталған сұрақтар құрастыру және жауап беру;
3.4.1.2 түбір сөздегі -ы, -і-нің дауысты дыбыстан басталатын қосымша жалғанған кездегі өзгерісін сақтап жазу.
Бағалау критерийлері
- жаңа сөздердің мағынасын түсіндіреді, сөздерді сөз таптарына қарай топтастыра алады;
- бас әріп пен кіші әріптің биіктігі мен мөлшерін сақтап көлбеу, үзбей және біркелкі шапшаң жазады;
- пікір білдіруге бағытталған сұрақтар құрастырады және өз жауабын негіздеп жауап береді;
- түбір сөздегі -ы, -і-нің дауысты дыбыстан басталатын қосымша жалғанған кездегі өзгерісін сақтап жазады, түбір мен қосымшаның жазылуын біледі
Түн өлеңі
СалыстырӨлең мазмұнын талқылау
1. Күннің ұясына батуы.
2. Әттең, әткеншек тепсем...
3. Тәтті түстер.
Өлеңнен зат есімдерді теріп жазу.
Анықтама
Дауысты дыбыстан басталатын қосымша жалғанғанда түбір сөздің соңғы буынындағы - ы, -і дыбыстары түсіріліп жазылады: мысалы, әріп –әрпі, халық – халқы, орын- орны, т.б.
Шығармашылық үзіліс
Бес жолды өлең құрастыру
Зат есім (не?)
Сын есім (қандай?)
Етістік (не істеді?)
Сөйлем
Мағыналас сөз.
Өзін-өзі бағалау кестесі
(+, -)Үй тапсырмасы:
Орны, даусы, халқы сөздерін қатыстырып, 3 сөйлем құрастырып, көркем жазу.
Құрметті оқырман! Файлдарды күтпестен жүктеу үшін біздің сайтта тіркелуге кеңес береміз! Тіркелгеннен кейін сіз біздің сайттан файлдарды жүктеп қана қоймай, сайтқа ақпарат қоса аласыз! Сайтқа қосылыңыз, өкінбейсіз! Тіркелу
Кейінірек оқу үшін сақтап қойыңыз:
![]() |
![]() |
![]() |
![]() |
![]() |
![]() |
![]() |
Қарап көріңіз 👇
Жаңалықтар:
» Оқушылардың соңғы қоңырау мерекесі 1 маусымда өтеді 05.02.2023
» Ультракүлгін лак кептіргіштер қатерлі ісік ауруын тудыруы мүмкін 02.02.2023
» Қазақстанға 5G қашан келеді? 28.01.2023