2.Қазақ тілі_3-сынып_3-бөлім_Уақыт_№2 сабақ_Сөздердің айтылуы мен жазылуы_Презентация


Қазақ тілі 3-сынып

3-бөлім: Уақыт

Сабақ тақырыбы: №2.

Сөздердің айтылуы мен жазылуы

(«Қазақ тілі» оқу жоспары. 2018-2019 оқу жылы. НЗМ ДББҰ)

Модератор: Жангазакова Ж.М.

Оқу мақсаты

аудио-бейнежазба мазмұны бойынша айтылған өзгенің пікіріне (келісу/келіспеу себебін ) өз көзқарасын білдіру;

сөз ішінде қатар тұрған дауыссыз дыбыстардың өзара үндесуін сақтап айту;

кең жолды дәптерде бас әріп пен кіші әріптің биіктігі мен мөлшерін сақтап көлбеу, үзбей және біркелкі жазу, жазу қарқынын жеделдету.

Бағалау критерийлері

Өз көзқарасымды білдіре алады;

Сөз ішінде қатар тұрған дауыссыз дыбыстардың өзара үндесуін сақтайды;

Үлкен жазу жол дәптерінде бас әріп пен кіші әріп биіктігін және көлемін сақтап жазады.

«Апталық тілек» ойыны

Уақыт бірлігін өсу ретімен орналастыр

Жұбыңды тап

Өздік жұмыс

«Дүйсенбі», «сейсенбі», «сәрсенбі», «бейсенбі», «сенбі», «жексенбі» сөздерінің айтылуы мен жазылуын салыстыр және жаз. Берілген сөздерді қатыстырып, сөйлем құрап жаз.

Сергіту сәті

Дүйсенбіде доп ойнадық далада,

Сейсенбіде серуен құрдық далада,

Сәрсенбіде сурет салдық әдемі,

Бейсенбіде би биледік әдемі,

Жұма күні жидек тердік даладан,

Сенбі күні кино көрдік клубтан,

Жексенбіде бір ұйықтадық демалдык,

Осылайша өтіп кетті бір апта.

Қазақтың байырғы өлшемдері

http://balakai.kz/sen_bilesin_be/888-azaty-bayyry-lshemder.html

Оқушыларға талқылауға қойылатын сұрақтар:

Байырғы заманда ұзындықты өлшегенде қандай өлшем бірліктері қолданылған?

Байырғы заманда заттың салмағын өлшегенде қандай өлшем бірліктері қолданылған?

Сөздердің айтылуы мен жазылуы бірдей бола ма?

Не себепті кейбір сөздердің айтылуы мен жазылуы бірдей емес деп ойлайсың?

Ереже

Түбірдің соңғы –н- дыбысы –б-п- дыбыстарының алдынан келсе, -н- дыбысы айтуда өзгеріп, -м- дыбысына айналады, бірақ жазуда ескерілмейді. Мысалы: сен+бі – сембі, жексен+бі – жексембі, Жан+болат – Жамболат т.б.

Түбірдің соңғы –н- дыбысы –к-қ-г-ғ- дыбыстарының алдынан келсе, айтуда –н- дыбысы өзгеріп, -ң- дыбысына айналады, бірақ жазуда ескерілмейді. Мысалы: түн+гі –түңгі, сән+қой – сәңқой, Аман+гүл – Амаңгүл т.б.

Сөздерді сәйкестендір. Көрсетілмеген жыл мезгілінің атын тап және дұрыс айт. Кестедегі сөздермен сөйлем құра.

Сөздерді жазылуы және айтылуы бойынша екі бағанға бөліп жаз

Жыланбалық-жыламбалық, қашша-қазша, ағүрпек-ақ үрпек, ақ жолақ-ағжолақ, құнамбәйге-құнан бәйге, бағбаңға-бағбанға, ата кәсіп-атагәсіп, ала-құла-алағұла

«Адасқан әріптер» ойыны

Сөздерге дыбыстық талдау жаса.

1. Ж, н, б, а, т, о, л, а. 

2. С, р, ә, б, й, н, а, с, е

3. Б, й, н, е, б, е, с, а, й

Бағалау критерийлері

Үй тапсырмасы

«Аптадағы игі істер» тақырыбына рефлексивті күнделік жазып келу



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Су тасқынынан зардап шеккендерге қосымша тағы 553 мың теңге төленеді
» Елімізде TikTok желісі бұғатталуы мүмкін бе?
» Елімізде су тасқынынан зардап шеккендердің қандай мүліктеріне өтемақы төленеді?
Пікір жазу