3.Қазақ тілі_3-сынып_3-бөлім_Уақыт_№3 сабақ_Сөздердің айтылуы мен жазылуы_Дидактикалық материал


Бөлімі: Уақыт

Сабақ тақырыбы: 3-сабақ. Сөздердің айтылуы мен жазылуы

Қосымша №1

«Шын-жалған» ойыны. Оқушылар таратылған парақшада шын немесе жалған екенін ☺ белгілейді.

шын

жалған

1

Мен бүгін таңертең сағат 10-да тұрдым

2

Мен екінші сабаққа келдім

3

Кеше мен туған күнге бардым

4

2 жыл бұрын мен 7 жаста болдым

5

5-10 минуттан соң сабақ аяқталады

Қосымша 2

Сөздерді жазылуы және айтылуы бойынша екі бағанға бөліп жаз.

Қоныспек-Қонысбек, Тынысбек-Тыныспек, тас бер- тас пер, Жаңақорған-Жаңағорған, кім гелді-кім келді, Жампейіс-Жанпейіс, Ермағанбет-Ермағамбет, ашшы-асшы, жасса-жазса, тұс сал-тұз сал, Божжігіт-Бозжігіт, Дошшан-Досжан, Жаңғожа-Жанқожа.

Үлгі:

Жазылуы Айтылуы

Қонысбек Қоныспек

Қосымша №3

Сызба бойынша сөйлемдер құрап жаз.

Кім қай күндері барады?

Аян

Әлібек

Дана

Димаш

Дүйсенбі

Бассейн

Музыка мектебі

Тоғызқұмалақ

Сейсенбі

Шахмат үйірмесі

Музыка мектебі

Сәрсенбі

Бассейн

Тоғызқұмалақ

Бейсенбі

Тоғызқұмалақ

Жұма

Шахман үйірмесі

Бассейн

Музыка мектебі

Сенбі

Театр

Теннис

Жексенбі

Театр

Саябақ

Саяжай

Үлгі: Аян сейсенбі, жұма күндері шахмат үйірмесіне барады. Сенбі, жексенбі күндері театрға барады.

Әлібек _______________________________

Дана__________________________________

Димаш _________________________________

Сен қай күндері не істейтініңді жалғастырып жаз. Жұбымен бөліс.

Мен дүйсенбі күндері_____________________

Мен сейсенбі күндері____________________

Мен сәрсенбі күндері___________________

Мен бейсенбі күндері__________________

Мен жұма күндері____________________

Мен сенбі күндері_____________________

Мен жексенбі күндері____________________

Жұбыңмен бірге аптаның барлық күндерінде біріспен айналысудың маңыздылығы туралы ой бөліс.

Қосымша 4

Мәтінмен жұмыс

 Нарынқолда тұратын қос құрбы Амангүл мен Жанбике демалысты асыға күтеді. Өйткені, сенбі, жексенбі күндері сабақ жоқ, екеуі де армансыз ойнайды. Екеуі де бір үйдің жалғыздары, ата-аналарының еркелері. Апта сайын кезекпен бірде Амангүлдің, бірде Жанбикенің үйінде сән үйінің модельерлері болып ойнайды. Аналарының киімдерін киіп алып, сән үлгілерін көрсетеді. Бірде сынып жетекшісі келесі аптада «Алтын күз» кеші болатынын ескертті. Кеш барысында сән үлгілерін көрсету қажеттілігін айтты. Екі құрбы апта бойы сән үлгілерін дайындаумен болды. Екеуін қағаздан, керексіз заттардан жасаған сән үлгілері бәріне ұнады. Амангүл мен Жанбике болашақта модельер боламыз деп шешті.

 Талқылау сұрақтары:

 - Уақытқа қатысты қандай сөздер кездеседі?

 - Уақытты тиімді өткізу үшін немен айналысу керек?

 - Болашағыңызға қазіргі әрекеттеріңіздің қандай әсері бар?

 - Қай сөздердің айтылуы мен жазылуы бірдей емес? Себебін түсіндір?

Қосымша №5

Сәйкес жалғауларды орнына қойып жаз.

Бір апта_________

Екі күн_________

Үш жыл________

Бір ғасыр_______

Төрт сағат______

Екі тәулік_______

Жалғаулар: -дан, -ден, -тан, -тен, -нен. Соң (кейін).

Қосымша №6

Диалогтің сұрақтары мен жауаптарын реттеп жаз. Сен жексенбі күні не істедің? Сол туралы досыңа SMS жаз.

- Сәлем, Димаш!

- Димаш, демалыста қайда болдың? Телефонға жауап бермедің.

- Ағаммен Алматыға бардым. Алматыдан кеше келдім.

- Астанада алдыңғы күні күн өте жылы болған еді, бүрсігүні жаңбыр жауады екен.

- Сен демалыста не істедің?

- Алдыңғы күні жаңбыр жауды. Өте салқын екен.

- Жақсы. Сау бол!

- Иә, мен демалыста қалада болған жоқпын. Ата-анаммен саябақта болдым.

- Сау бол!

- Сәлем, Мақсат!

Қосымша №7

Сәуленің күнделігін оқыңыз.

Сәуленің күнделігі

 01.09.2014

 Менің атым – Сәуле, фамилиям – Рамазанова. Мен бүгін бірінші күн жаңа мектепке бардым. Біз бұрын Тараз қаласында тұрдық. Ата-анам Алматыға жұмысқа байланысты көшіп келді.

Әрине, маған Алматы ұнайды. Бірақ мен Тараздағы достарымды сағынып жүрмін. Жаңа сыныбым да жақсы сияқты. Маған сынып жетекшім ұнады. Оның аты – Жанна Мейірбекқызы. Өте мейірімді адам. Мені сыныпқа ертіп келді. Оқушыларға біздің сыныпқа жаңа оқушы келді деп мені таныстырды. Сынып оқушылары әрқайсысы келіп менімен танысты. Бәрінің есімдері есімде қалған жоқ. Мариямдеген оқушы математикадан есепті жақсы шығарады екен. Мінезі салмақты. Ол маған ұнады. Ал енді ұйықтаймын. Ертең ерте тұруым керек.

 

 Сендердің жеке күнделіктерің бар ма? Болмаса, бүгіннен бастап төмендегі үлгіге қарап, жазып көріңіз.

 1. Күн қалай басталды?_______________________________________________________________________

 2. Бұл күні ерекше не болды?__________________________________________________________________________

 3. Саған не әсер етті?___________________________________________________________________________

 4. Бір күніңе есеп бер.____________________________________________________________________________

Қосымша №8

Темірланның хатын жаз.

Кімге:_____________

Кімнен:_____________

Сәлем, Нұрбол. «____________» фильмі «_____________» кинотеатрында болып жатыр.

12.00 _____________ болады. Барасың ба?

Қосымша №9

Темірлан мен Нұрбол екеуі көрген фильмі бойынша өз әсерлерін күнделікке түсіреді.

1. Бұл кино немен қызықты болды?____________________

2. Фильмдегі қандай сәттер саған әсер етті?_______________________________________________

3. Фильмдегі қай кейіпкерлерге ұқсағың келеді?____________________________________________



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Ораза кестесі 2024 жыл. Астана, Алматы, Шымкент т.б. ауыз бекіту және ауызашар уақыты
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу

Соңғы жаңалықтар:
» Биыл 1 сыныпқа өтініш қабылдау 1 сәуірде басталып, 2024 жылғы 31 тамызға дейін жалғасады.
» Жұмыссыз жастарға 1 миллион теңгеге дейінгі ҚАЙТЫМСЫЗ гранттар. Өтінім қабылдау басталды!
» 2024 жылы студенттердің стипендиясы қанша теңгеге өседі
Пікір жазу