1_Қазақ тілі_3 сынып_3-бөлім_Уақыт_№49сабақ_Нәтиже сабақ. Мен не үйрендім_ҚМЖ


Қысқа мерзімді жоспар

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 3-бөлім: «Уақыт»

Күні: 2 тоқсан

Мектеп:

Мұғалімнің аты-жөні:

Модератор: Абдрасилова Гулсим Лесбековна

Сынып: 3

Қатысқандар:

Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы

№ 49. Нәтиже сабақ. Мен не үйрендім?

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

3.2.3.1 мәтін мазмұны бойынша пікір білдіруге бағытталған сұрақтар құрастыру және жауап беру;

3.3.5.1 жіберілген пунктуациялық, орфографиялық, грамматикалық және стилистикалық қателерді мұғалімнің көмегімен тауып, түзету;

3.1.4.1 тірек сөздер мен жоспарды пайдалана отырып, берілген тақырып бойынша әңгіме құрау;

3.4.2.1 негізгі түбірге жұрнақтар жалғау арқылы туынды сөз жасау, түбірлес сөздердің мағынасын ажырату.

Сабақ мақсаттары

Барлық оқушылар:

-мәтін мазмұны бойынша пікір білдіруге бағытталған сұрақтарға жауап береді, берілген сұрақтарды пайдаланып пікір білдіруге бағытталған сұрақтар құрастырады;

-мұғалімнің қолдауымен жіберілген пунктуациялық, грамматикалық қателерді тауып, түзетеді;

-мұғалімнің қолдауымен жай сөйлемдерді жазуды /құжаттар редакторында басуды;

-негізгі түбірге жұрнақтар жалғау арқылы туынды сөз жасай алады; түбірлес сөздердің мағынасын ажыратады; түбір мен қосымшаның жазылуын біледі

Оқушылардың көбі:

-мәтін мазмұны бойынша пікір білдіруге бағытталған сұрақтар құрастырады және сұрақтарға жауап береді;

-жіберілген пунктуациялық, грамматикалық қателерді үлгі/талдау негізінде тауып, түзетеді;

-мұғалімнің қолдауымен зат есім, сын есім және етістіктерді қолданып, жай сөйлемдерді жазуды /құжаттар редакторында басуды;

-туынды сөздердің құрамына ажырата алады

Оқушылардың кейбірі:

-мәтін мазмұны бойынша пікір білдіруге бағытталған сұрақтар құрастырады және өз жауабын негіздеп жауап береді;

-жіберілген пунктуациялық, грамматикалық қателерді тауып, түзетеді;

-зат есім, сын есім, етістіктерді және көмекші сөздерді қолданып жай сөйлемдерді жазуды / құжаттар редакторында басуды;

-туынды сөздердің жасалу жолын түсіндіре алады, туынды сөз жасайтын жұрнақтарды атай алады

Бағалау критерийлері

- пікір білдіруге бағытталған сұрақтар құрастырады және өз жауаптарын негіздейді;

-жіберілген пунктуациялық, грамматикалық қателерді тауып, түзетеді;

- жай сөйлемдерді жазады / құжаттар редакторында басады;

- түбірлес сөздердің мағынасын ажыратады; түбір мен қосымшаның жазылуын біледі

Сөздік қор

Пәндік терминология мен тірек сөздер:

Түбір сөз, туынды сөз, түбір, қосымша, жұрнақ, жалғау;

Сабақта диалог /жазу үшін пайдаланылатын тіл:

Қосымша дегеніміз не? Түбірлес сөздер дегеніміз не? Түбір мен қосымшаның жазылуы?

Құндылықтарды дарыту

Өз іс-әрекетін жоспарлауға, уақытты тиімді пайдалануға үйрету

Пәнаралық байланыстар

Дүниетану, өзін-өзі тану

Алдыңғы меңгерілген білім

Түбір мен қосымша, түбір сөздегі -ы, -і-нің дауысты дыбыстан басталатын қосымша жалғанған кездегі өзгерісі.

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақта жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

0-5 минут

І. Ұйымдастыру кезеңі.

«Кім тапқыр?» Жұмбақтар шешу.

1. Бойлаған сайын тереңге, шығасың биік белеңге.

2. Оны алмасан, оңалмайсың, алсаң, ұстап көре алмайсың.

3. Ақыл-ойдың шырағы, зәулім көктей шынары. Биігіне бойлаған, қанбайды адам құмары.

Жұмбақтардың шешімін тапқызу. (Білім)

«Білім» сөзімен «сабақ» сөзінің байланысын анықтау.

ІІ. Сабақтың тақырыбы мен мақсатын анықтау.

Оқушылар сабақтың тақырыбы мен мақсатын оқып, бағалау критерийлерін бірге құрастырады.

Презентация

Қосымша №1

Слайд 2

Слайд 3

Сабақтың ортасы

5-11 минут

11-17 минут

18-19 минут

20-21 минут

22-30 минут

31-32 минут

33-35 мину

ІІІ. Негізгі бөлім

3.2.3.1 (Ұ; Қ) Оқылым.

(Ө; Қ) Мәтін мазмұны бойынша сұрақ құрастырып жазу. Мәтінге ат қою. Мәтін түрін анықтау.

Оқушылар мәтіннің мазмұны бойынша сұрақтар құрастырып жазады. Жазған жұмыстарын топта жариялап оқиды.

Сұрақтар үлгісі:

1. «Сабақ» сөзінің бастапқы мағынасы қандай?

2. «Сабақ» сөзі қай тілден енген?

3. «Сабақ» сөзінің ауыспалы мағынасы қандай?

4. Мәтінде не туралы айтылған?

5. Мәтінді қалай атауға болады? Не себепті? («Сабақ» сөзінің мәні).

6. Мәтін түріне қарай ажырат (Әңгімелеу мәтіні).Өз ойыңды дәлелде.

Жұмыстарын топ бойынша «Екі жұлдыз,. бір тілек» әдісімен бағалайды.

Бағалау дескрипторы:

- пікір білдіруге бағытталған сұрақтар құрастырады;

-өз ойын негіздеп жауап береді.

3.3.5.1 (МК; Ө; Ж; Қ) Жазылым.

2. Жұмбақты оқиды, шешуін табады.

Жұмбақты көшіріп жазады. Жұппен жұмыс жасайды. Бір-бірінің қатесін тауып, түзетеді.

Оқушылардың бас әріп пен кіші әріптің биіктігі мен мөлшерін сақтап көлбеу және таза жазуы қадағаланады. Орындалған жұмысты өзара бағалайды.

(МК, Ө, Қ) «Морфологиялық ширату». Кестемен жұмыс. Өзін – өзі бағалау.

Тапсырма 1. Кестеге берілген сөздерді дұрыс орналастыр.

Сөздер: Ақын, ақылды, тоғай, көкшіл, еңбек, сәулетші, жарық, еркіндік.

Түбір сөздер

Туынды сөздер

Тапсырма 2. Берілген сөздердің біреуін таңдап алып, түбірлес сөздер қатарын жаса. Мысалы: Көк, көкшіл, көкпеңбек, көгілдір т.б.

Тапсырма 3. Берілген сөздердің біреуін қатыстырып жай сөйлем құра.

Ескерту. Сөйлем құрамында зат есім, сын есім, етістіктер және көмекші сөздерді қолдану ұсынылады.

Мысалы: Көк аспанды бұлт торлап, жел тұра бастады.

Сергіту сәті!

3.1.4.1 (МК, Т, Қ) Тірек сөздер мен жоспарды пайдалана отырып, әңгіме құрау.

Оқушыларға тірек сөздер мен жоспарды ұсынылады. Топтық жұмыс арқылы әңгіме құратылады. Мәтін құрамында зат есім, сын есім және етістіктерді қолдану ұсынылады.

Тірек сөздер: Адам, байлық, уақыт, тас, тозады, алтын, қымбат.

Жоспар:

1. Адам және уақыт.

2. Тас та тозады.

3. Ең қымбат дүние.

(Ө; Ұ) Жазған әңгімелерін топта таныстырып, оқиды.

Бағалау дескрипторы негізінде бір-бірін «Басбармақ» әдісімен бағалайды.

Бағалау дескрипторы:

- тірек сөздер мен сөз тіркестерін орынды қолданады;

- мәтін мазмұнын жоспарға сай жазады;

- зат есім, сын есім және етістіктерді қолданады.

3.4.2.1 (Ө; Қ) Берілген сөздердің түбірі мен қосымшасын ажырату.

4. Берілген сөздердің түбірі мен қосымшасын ажыратып, кестедегі тиісті бағанға орналастырады. Түбір, жұрнақ пен жалғауды белгілейтін таңбаларды еске түсіреді.

Түбір - жұрнақ - жалғау -

Түбірлес сөздерді табу, мағынасына қарай ажырату.

5. Берілген сөздерді оқиды. Берілген сөздердің түбірі мен қосымшасын ажыратып, тиісті белгілерімен белгілейді.

«Ішіне-сыртына» стратегиясы бойынша түбірлес сөздерді ішіне теріп жазады. Сыртына жазылған сөздердің неліктен түбірлес сөздер болмайтынын түсіндіреді, дәлелдейді. Өзін-өзі бағалайды.

Ішіне

Сыртына

 

Оқулық

№2 Дәптермен жұмыс

Оқулық №2 Дәптермен жұмыс

Слайд 5

Қосымша №2

Оқулық

Оқулық

№2 Дәптермен жұмыс

Слайд 7

Слайд 8

Сабақтың соңы

35-40 минут

Рефлексия.

(Ө; Қ) Тиісті жауапты белгілеу.

Бүгінгі сабақта өтілген тақырыпты меңгергеніне қаншалықты сенімді болғанын, тиісті сөзді белгілеу арқылы өз іс-әрекетіне рефлексия («+» немесе «–») жасайды.

Бағалау критерийі

Басқаларға түсіндіре аламын

Қолымнан келеді

Қиналамын, себебі

өз ойымды білдіретін сұрақтар құрастырамын және негізді жауап бере аламыні

жіберілген пунктуациялық, грамматикалық қателерді тауып, түзетемін

жай сөйлемдерді құрастырып жаза аламын

түбірлес сөздердің мағынасын ажыратамын; түбір мен қосымшаның жазылуын білемін

Үй тапсырмасы:

Ұйықтар алдында өткен күніңді, өзіңнің не істеп, не тындырғаныңды ой елегінен бір өткізбей тұрып, көзіңді жұмушы болма.

Пифагор

Берілген ойды оқып, өз тұжырымыңды білдіретін 2 пікір ұсын.

Слайд 9

Қосымша ақпарат

Саралау – оқушыларға көбірек қолдау көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай тапсырмалар қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін тексеру жоспарыңыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

Топтық тапсырмаларды саралау бойынша беру.

Қабілеті жоғары оқушыларға өз бетінше жұмыс істеуге мүмкіндік жасау. Қабілеті жоғары оқушыларға тапсырмаларды күрделендіру.

Қолдауды қажет ететін оқушыларға көмек көрсету.

Қалыптастырушы бағалаулар дескрипторлар негізінде және «Екі жұлдыз,. бір тілек», «Басбармақ» әдістерімен жүзеге асырылады.

Топтық жұмыс барысында тақырып пен берілген тірек сөздерді қатыстырып мәтін құрай алуын және түбір, туынды, түбірлес сөздерді ажырата алуын бағалау.

Топта бірі-бірі тыңдау. Сыныпта қауіпсіздік ережелерін сақтау.

Сабақ бойынша рефлексия

Сабақ мақсаттары дұрыс қойылған ба?

Оқушылар оқу мақсаттарына қол жеткізді ме?

Оқу мақсаттарына қол жеткізілмесе себебі неде?

Ынтымақтастыққа қол жеткізілді ме?

Саралау бойынша жұмыстар дұрыс жүргізілді ме?

Уақыт кезеңдері дұрыс сақталды ма?

Жоспардан ауытқулар орын алды ма? Неліктен?

Қорытындылау

Қандай екі нəрсе табысты болды (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)?

1:

2:

Қандай екі нəрсе сабақты жақсарта алды (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)?

1:

2:

Сабақ барысында сынып немесе жекелеген оқушылар туралы келесі сабағымды жетілдіруге не көмектесетін білдім?



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу