4.Қазақ тілі_3-сынып_3-бөлім_Уақыт_№49сабақ_Нәтиже сабақ. Мен не үйрендім_Әдістемелік нұсқау


 Мұғалімге әдістемелік нұсқау

Бөлім: «Уақыт»

Сабақ тақырыбы: №49. Нәтиже сабақ. Мен не үйрендім?

Сабақ мақсаттары

3.2.3.1 мәтін мазмұны бойынша пікір білдіруге бағытталған сұрақтар құрастыру және жауап беру;

3.3.5.1 жіберілген пунктуациялық, орфографиялық, грамматикалық және стилистикалық қателерді мұғалімнің көмегімен тауып, түзету;

3.1.4.1 тірек сөздер мен жоспарды пайдалана отырып, берілген тақырып бойынша әңгіме құрау;

3.4.2.1 негізгі түбірге жұрнақтар жалғау арқылы туынды сөз жасау, түбірлес сөздердің мағынасын ажырату.

Ресурстар: Кестелер, оқулық, жұмыс дәптері т.б.

Қауіпсіздік және денсаулық сақтау жағдайын назарда ұстап оқушылардың сынып ішінде қозғалысын ұйымдастыру қажет. Оқушылардың оқу әрекетінің түрін жүйелі алмастырып, шаршамауын қадағалау керек.

Сабаққа қажетті теориялық материалдар

Бір түбірден жасалған сөздерді түбірлес сөздер деп атайды. Мысалы: біл – білім – білімді – білгіш – білгір – білімпаз т.б.

Сабаққа қатысты ескертпелер:

Оқылым. Мәтінмен жұмыс.

Мәтінді оқымас бұрын мәтіналды жұмыстар жүргізіледі.

«Кім тапқыр?» әдісі арқылы өтілетін мәтін тақырыбына сәйкес жұмбақтар шешу ұсынылады.

Жұмбақтардың шешімін тапқызу арқылы мәтіннің тақырыбы болжатылады. («Білім» сөзімен «сабақ» сөзінің байланысын анықтайды)

1. Мәтінді түсініп оқиды.

2. Мәтін мазмұнына талдау жасатылады.

3. Мәтіннің негізгі ойын анықтайды.

4. Мәтінге ат қояды.

5. Оқушылар мәтіннің мазмұны бойынша сұрақтар құрастырып жазады. Сұрақтар үлгісі алдын-ала даярлайды. Қажет жағдайда мұғалімнің қолдауы көрсетіледі.

Сұрақтар үлгісі:

- «Сабақ» сөзінің бастапқы мағынасы қандай?

- «Сабақ» сөзі қай тілден енген?

- «Сабақ» сөзінің ауыспалы мағынасы қандай?

- Мәтінде не туралы айтылған?

- Мәтінді қалай атауға болады? Не себепті? («Сабақ» сөзінің мәні).

- Мәтін түріне қарай ажырат (Әңгімелеу мәтіні).Өз ойыңды дәлелде.

6. Мәтін түріне қарай ажыратады.

Топтың жұмысты «Екі жұлдыз, бір тілек» стратегиясы бойынша бағалайды.

Екі жұлдыз – екі ұнаған нәрсесіне негізделген комментарий жасайды (жасаған жұмысқа байланысты айтылады).

Бір тілек – жұмыста орын алған кемшіліктерге байланысты, жақсартуды қажет ететін ұсыныс немесе тілек йтылады.

Саралау

Қолдауды қажет ететін оқушыларға көмек көрсету. Не істеді? Қандай? Неліктен? сұрақтарына назар аудару ұсынылады

Жазылым дағдысы бойынша «Морфологиялық ширату» пайдаланылады.

Кестемен жұмыс ұйымдастырылады.

1. Кестеге берілген сөздерді дұрыс орналастырады.

2. Сөздерден түбірлес сөздер қатарын жасайды.

3. Берілген сөздердің біреуін қатыстырып жай сөйлем құрайды.

Саралау

Әр оқушының жазудағы жетістіктерін атап өтіп, кемшілік тұстарын түзетуге бағытталған жұмыстар жүргізу жоспарланады.

Тыңдалым дағыдысы бойынша топтық жұмыс ұйымдастырылады. Тірек сөздер мен жоспарды пайдалана отырып, әңгіме құратылады.

Оқушыларға тірек сөздер мен жоспарды ұсынылады. Топтық жұмыс арқылы әңгіме құратылады. Мәтін құрамында зат есім, сын есім және етістіктерді қолдану ұсынылады.

Тірек сөздер: Адам, байлық, уақыт, тас, тозады, алтын, қымбат.

Жоспар:

1. Адам және уақыт.

2. Тас та тозады.

3. Ең қымбат дүние.

Жазған әңгімелерін топта таныстырып, оқиды. Топтық жұмыстың нәтижесі «Басбармақ» әдісі арқылы бағаланады.

«Басбармақ» әдісі.

Оқушылардың бас бармақтарын көрсету арқылы сіз түсіндіргенді олардың ұғу деңгейі тексеріледі.

Бас бармақ жоғарыға қарап тұрса = Мен түсінемін.

Бас бармақ көлденең тұрса = Мен түсінгендеймін.

Бас бармақ төмен қарап тұрса = Мен түсінбедім

Тілдік нормалардың қолданысы бойынша берілген сөздердің түбірі мен қосымшасын ажырату жұмыстары жүргізіледі.

Берілген сөздердің түбірі мен қосымшасын ажыратып, кестедегі тиісті бағанға орналастырады.

Түбір, жұрнақ пен жалғауды белгілейтін таңбаларды еске түсіреді.

Түбірлес сөздерді табады, мағынасына қарай ажыратады.

Берілген сөздерді оқиды. Берілген сөздердің түбірі мен қосымшасын ажыратып, тиісті белгілерімен белгілейді.

«Ішіне-сыртына» стратегиясы бойынша түбірлес сөздерді ішіне теріп жазады. Сыртына жазылған сөздердің неліктен түбірлес сөздер болмайтынын түсіндіреді, дәлелдейді. Өзін-өзі бағалайды.

Қалыптастырушы бағалау

Оқушылардың әр тапсырманы орындау барысындағы жетістіктерін мадақтап, жетелеп отыру. Рефлексиялық-бағалау кезеңінде орындалатын «Өзін өзі бағалау» кестесін толтыруда бағалау дескрипторларын басшылыққа алу көзделеді.

Бағалау критерийі

Басқаларға түсіндіре аламын

Қолымнан келеді

Қиналамын, себебі

өз ойымды білдіретін сұрақтар құрастырамын және негізді жауап бере аламыні

жіберілген пунктуациялық, грамматикалық қателерді тауып, түзетемін

жай сөйлемдерді құрастырып жаза аламын

түбірлес сөздердің мағынасын ажыратамын; түбір мен қосымшаның жазылуын білемін



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Су тасқынынан зардап шеккендерге қосымша тағы 553 мың теңге төленеді
» Елімізде TikTok желісі бұғатталуы мүмкін бе?
» Елімізде су тасқынынан зардап шеккендердің қандай мүліктеріне өтемақы төленеді?
Пікір жазу