алу
👈 қаріп өлшемі 👉
қосу

4.Қазақ тілі_3-сынып_3-бөлім_Уақыт_№46сабақ_Түбір мен қосымша_Әдістемелік нұсқау


 Мұғалімге әдістемелік нұсқау

Бөлім: «Уақыт»

Сабақ тақырыбы: Түбір мен қосымша

Сабақ мақсаттары

3.2.3.1 мәтін мазмұны бойынша пікір білдіруге бағытталған сұрақтар құрастыру және жауап беру;

3.3.5.1 жіберілген пунктуациялық, орфографиялық, грамматикалық және стилистикалық қателерді мұғалімнің көмегімен тауып, түзету;

3.4.1.2 түбір сөздегі -ы, -і-нің дауысты дыбыстан басталатын қосымша жалғанған кездегі өзгерісін сақтап жазу.

Ресурстар: Кестелер, сызбалар т.б.

Қауіпсіздік және денсаулық сақтау жағдайын назарда ұстап оқушылардың сынып ішінде қозғалысын ұйымдастыру қажет. Оқушылардың оқу әрекетінің түрін жүйелі алмастырып, шаршамауын қадағалау керек.

Сабаққа қажетті теориялық материалдар

Түбір сөзге -ы, -і дауысты дыбыстан басталатын қосымша жалғанған кезде өзгереді.

Қосымша жалғанғанда кейбір түбір сөздердің жазылуы өзгереді: кітап - кітабы, парақ – парағы, әріп –әрпі, халық – халқы.

Түбір сөзге –ы, -і дыбыстары жалғанғанда кейбір түбір сөздердің –ы, -і дыбыстары түсіп қалады. Мысалы: ауыл-аулы, орын-орны, көрік-көркі, ерік-еркі т.б.

Сабаққа қатысты ескертпелер

Проблемалық сұрақ:

Оқылым бойынша мәтіналды жұмыстар жүргізіледі.

Оқушылардың сыни ойлау дағдыларын дамыту, өткен білімді қайта жаңғырту мақсатында қолданылады.

1. Уақыт өлшем бірліктері неліктен қажет?

2. Не себепті «Сағат» және «Уақыт» ұғымдары қатар жүреді?

3 Әрбір өткен мезеттің немесе бір минуттың адам өміріндегі маңыздылығы қандай деп ойлайсың? т.с.с.

Оқушыларға өтілетін мәтіннің тақырыбы мен мазмұны болжатылады.

Мәтіннің не туралы болуы мүмкін екендігі сұралады.

Оқылым.

Оқулықтағы «Бір минут» мәтінімен жұмыс ұйымдастырылады.

Оқушыларды» топқа бөліп, «Үштік» әдісі бойынша берілген тақырыптар бойынша пікір білдіруге бағытталған сұрақтар құрастырып, өз көзқарастарын білдіретін жауаптар беру ұсынылады.

«Үштік» әдісі

Оқушылар үш-үштен бірнеше топқа бірігеді. Бірінші оқушы мәтінді оқиды немесе мазмұнын айтады, екінші оқушы тыңдайды, үшінші оқушы түртіп алады да, соңынан өзінің пікірін айтады. Мәтін мазмұны бойынша пікір білдіруге бағытталған сұрақтар құрастырып, өз көзқарастарын білдіретін жауаптар береді.

Оқушылардың өз ойларын ашық айта алуына және оқылым, айтылым, тындалым, жазылым дағдыларын қалыптастыруға байланысты жұмыстарды қатар жүргізуге қол жеткізіледі.

Оқушы сұрақтарының неліктен? не себепті? қалай ойлайсың? мазмұнында болуын қадағалайды. Жауап болатын пікірдің нақты, дәйектермен берілуін бағалайды.

Топтар өзара бірін-бірі бағалау дескрипторы негізінде «Екі жұлдыз, бір тілек» стратегиясы бойынша бағалайды.

Бағалау дескрипторы:

-бір ашық, бір жабық түріндегі сұрақ құрастыру;

-сұрақ мәтіннің мазмұнына сәйкес болу керек;

-өз көзқарасын білдіретін жауап болу керек.

Жазылым

Жазба жұмысы «Қос жазба күнделігі» стратегиясы арқылы жүзеге асады.

Оқушылардан таратылып берген парақты ортасынан вертикаль сызықпен бөлу сұралады.

Сызықтың бір жағына сөздер тізбегі жазылады:

1. Берілген сөздерді жинап алу - бөліктің оң жағына жазады.

Адам, бір, өмірінде, бар, минуттың, да, маңызы.

Сызықтың екінші жағына сол сөздерден мағыналы сөйлем құрасытырып жазады.

2. Мағынасын ашу – бөліктің сол жағына жазады.

Бір минуттың да адам өмірінде маңызы бар.

Тілдік нормалар қолданысы бойынша қосымша жалғанғанда кейбір түбір сөздердің жазылуы өзгеретіні нақты мысалдар арқылы түсіндіріледі: кітап - кітабы, парақ – парағы, әріп –әрпі, халық – халқы.

Мәтіндегі қарамен берілген сөздерге назар аудартып, қайталап оқытылады: кітабы, жауабы.

Берілген сөздердің түбірін және қосымшасын тапқызылады: кітап+ы=кітабы, жауап+ы=жауабы

Түбір сөзге -ы, -і дауысты дыбыстан басталатын қосымша жалғанған кезде өзгеретіні аңғартыладыу

Ережені бекіту мақсатында сызбамен жұмысжүргізіледі.

Сызбаға сәйкес сөздер тауып жазады:

Түбір сөз+жұрнақ

Түбір сөз+жұрнақ+жалғау

«Ішіне – сыртына» стратегиясы

«Ішіне – сыртына» стратегиясы бойынша берілген сөздерден түбір сөздер мен қосымшаны ажыраттып жазады.

Түбір сөздерді шеңбердің ішіне, қосымшаны шеңбердің сыртына жазады.

Сөздер тізбегі: Ауыл-аулы, дауыс-даусы, орын-орны т.с.с,

Суреттермен жұмыс

Оқулықта берілген суреттегі сөздерді жұптастырып жазады. Жұптасқан сөздерді салыстырып, түбір сөздің жазылуын өзгерткен қосымшаны атайды. Орындаған жұмыстарын түсіндіру, талдау жұмыстары ұйымдастырылады.

Жұмыс дәптерлеріне түбір сөздегі -ы, -і -нің дауысты дыбыстан басталатын қосымша жалғанған кездегі өзгерісін сақтап жазады.

Мұғалім тарапынан оқушылардың бас әріп пен кіші әріптің биіктігі мен мөлшерін сақтап, көлбеу, үзбей және біркелкі жазуы қадағаланады.

Каллиграфиясы бойынша жеке қолдауды қажет ететін оқушылармен жұмыс ұйымдастырылады.

Саралау

Оқушылардың жеке ерекшеліктерін ескере отырып, тапсырманы орындау барысында қолдау көрсетіледі.

Өзін-өзі бағалауға назар аударылады.

Егер оқушыға бәрі түсікті болса,

Леп белгісін көрсетеді (!) - сабақты өте жақсы түсіндім.

Егер жартылай түсінікті болса,

Нүктені көрсетеді (.) - сабақты түсіндім, әлі де толықтырулар керек.

Сабақ түсініксіз болса,

Сұрақ белгісін көрсетеді (?) - маған көмек қажет.

Қалыптастырушы бағалау

Оқушылардың әр тапсырманы орындау барысындағы жетістіктерін мадақтап, жетелеп отыру. Бір-бірінің жұмысын бағалау кезінде бағалау дескрипторларын басшылыққа алу көзделеді.


Құрметті оқырман! Файлдарды күтпестен жүктеу үшін біздің сайтта тіркелуге кеңес береміз! Тіркелгеннен кейін сіз біздің сайттан файлдарды жүктеп қана қоймай, сайтқа ақпарат қоса аласыз! Сайтқа қосылыңыз, өкінбейсіз! Тіркелу
Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Кейінірек оқу үшін сақтап қойыңыз:


Қарап көріңіз 👇



Жаңалықтар:
» Оқушылардың соңғы қоңырау мерекесі 1 маусымда өтеді 05.02.2023
» Ультракүлгін лак кептіргіштер қатерлі ісік ауруын тудыруы мүмкін 02.02.2023
» Қазақстанға 5G қашан келеді? 28.01.2023

Пікір жазу



Келесі мақала, жүктелуде...
Біз cookie файлдарын пайдаланамыз!
Біздің сайтты пайдалануды жалғастыра отырып, сіз сайттың дұрыс жұмыс істеуін қамтамасыз ететін cookie файлдарын өңдеуге келісім бересіз. Cookie файл деген не?
Жақсы