1_Қазақ тілі_3 сынып__3-бөлім_Уақыт_№46сабақ_Түбір мен қосымша_ҚМЖ


Қысқа мерзімді жоспар

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 3-бөлім: «Уақыт»

Күні: 2 тоқсан

Мектеп:

Мұғалімнің аты-жөні:

Модератор: Абдрасилова Гулсим Лесбековна

Сынып: 3

Қатысқандар:

Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы

№46. Түбір мен қосымша

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

3.2.3.1 мәтін мазмұны бойынша пікір білдіруге бағытталған сұрақтар құрастыру және жауап беру;

3.3.5.1 жіберілген пунктуациялық, орфографиялық, грамматикалық және стилистикалық қателерді мұғалімнің көмегімен тауып, түзету;

3.4.1.2 түбір сөздегі -ы, -і-нің дауысты дыбыстан басталатын қосымша жалғанған кездегі өзгерісін сақтап жазу.

Сабақ мақсаттары

Барлық оқушылар:

-мәтін мазмұны бойынша пікір білдіруге бағытталған сұрақтарға жауап береді, берілген сұрақтарды пайдаланып пікір білдіруге бағытталған сұрақтар құрастырады;

-мұғалімнің қолдауымен жіберілген пунктуациялық, грамматикалық қателерді тауып, түзетеді;

-сөзді орфоэпиялық нормаға сай айтады, үлгі негізінде есте сақтап жазады

Оқушылардың көбі:

-мәтін мазмұны бойынша пікір білдіруге бағытталған сұрақтар құрастырады және сұрақтарға жауап береді;

-жіберілген пунктуациялық, грамматикалық қателерді үлгі/талдау негізінде тауып, түзетеді;

-сөзді орфоэпиялық нормаға сай айтады, түбір сөздегі -ы, -і-нің дауысты дыбыстан басталатын қосымша жалғанған кездегі өзгерісін сақтап жазу

Оқушылардың кейбірі:

-мәтін мазмұны бойынша пікір білдіруге бағытталған сұрақтар құрастырады және өз жауабын негіздеп жауап береді;

-жіберілген пунктуациялық, грамматикалық қателерді тауып, түзетеді;

-сөзді орфоэпиялық нормаға сай айтады, түбір сөздегі -ы, -і-нің дауысты дыбыстан басталатын қосымша жалғанған кездегі өзгерісін сақтап жазады

Бағалау критерийлері

- пікір білдіруге бағытталған сұрақтарға жауап береді, пікір білдіруге бағытталған сұрақтар құрастырады және өз жауабын негіздеп жауап береді;

- жіберілген пунктуациялық, грамматикалық қателерді тауып, түзетеді;

- түбір сөздегі -ы, -і-нің дауысты дыбыстан басталатын қосымша жалғанған кездегі өзгерісін сақтап жазады

Сөздік қор

Пәндік терминология мен тірек сөздер:

Түбір сөз, туынды сөз, түбір, қосымша, жұрнақ, жалғау;

Сабақта диалог /жазу үшін пайдаланылатын тіл:

Түбір сөз дегеніміз не? Туынды сөз дегеніміз не? Қосымша дегеніміз не?

Құндылықтарды дарыту

Өз іс-әрекетін жоспарлауға, уақытты тиімді пайдалануға үйрету

Пәнаралық байланыстар

Дүниетану

Алдыңғы меңгерілген білім

Түбір мен қосымшаның жазылуы

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақта жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

0-5 минут

І. Ұйымдастыру кезеңі. (Ұ) Грамматикалық ширату: түбір сөзді естігенде 1 рет, туынды сөзді естігенде 2 рет қол соғу.

Ас, астық, жас, жастық, әнші, ән, күйші, күй, шеге, шегеле, үтікте, үтік, т.с.с.

ІІ. (Т) Өткенді бекіту.

(Ұ) «Сұрақ ілмегі» әдісі бойынша алдыңғы білімді пысықтау.

Түбір сөз дегеніміз не?

Туынды сөз дегеніміз не?

Қосымша дегеніміз не?

Қосымша нешеге бөлінеді? Қандай?

Түбірлес сөздер дегеніміз не?

Түбір мен қосымшаның жазылуы?

ІІІ. Сабақтың тақырыбы мен мақсатын анықтау.

Оқушылар сабақтың тақырыбы мен мақсатын оқып, бағалау критерийлерін құрастырады.

Қосымша №1

Слайд 1, 2

Сабақтың ортасы

5-10 минут

11-15 минут

6-17 минут

18-20 минут

20-23 минут

24-25 минут

26-27 минут

28-31 минут

32-35 минут

ІV. Негізгі бөлім

3.2.3.1 (МК; Ө; Ұ; Қ) Мәтін бойынша пікір білдіруге бағытталған сұрақтар құрастыру және жауап беру.

Проблемалық сұрақ:

Мақсаты: сыни ойлау дағдыларын дамыту, өткен білімді қайта жаңғырту.

1. Уақыт өлшем бірліктері неліктен қажет?

2. Не себепті «Сағат» және «Уақыт» ұғымдары қатар жүреді?

3 Әрбір өткен мезеттің немесе бір минуттың адам өміріндегі маңыздылығы қандай деп ойлайсың? т.с.с.

Оқушыларға өтілетін мәтіннің тақырыбы мен мазмұны болжатылады.

-Мәтін не туралы болуы мүмкін?

Оқылым. Оқулықтағы «Бір минут» мәтінімен жұмыс ұйымдастырылады.

Оқушыларды» топқа бөліп, «Үштік» әдісі арқылы мәтін мазмұны бойынша пікір білдіруге бағытталған сұрақтар құрастырып, өз көзқарастарын білдіретін жауаптар беру ұсынылады.

(МК) Мұғалім оқушы сұрақтарының неліктен? не себепті? қалай ойлайсың? мазмұнында болуын қадағалайды. Жауап болатын пікірдің нақты, дәйектермен берілуін бағалайды.

Мысалы. Талғат бір минуттың да рөлі бар екенін түсінді ме?, Оны түсінуге не себеп болды?

Топтар өзара бірін-бірі бағалау дескрипторы негізінде «Екі жұлдыз, бір тілек» стратегиясы бойынша бағалайды.

Бағалау дескрипторы:

-бір ашық, бір жабық түріндегі сұрақ құрастыру;

-сұрақ мәтіннің мазмұнына сәйкес болу керек;

-өз көзқарасын білдіретін жауап болу керек.

Сергіту сәті!

Бейнежазбадағы әуен ырғағымен билеу.

3.3.5.1 (МК; Ө; Ж; Қ) Жазылым. Жазба жұмысы «Қос жазба күнделігі» стратегиясы арқылы ұйымдастырылады.

Оқушылардан таратылып берген парақты ортасынан вертикаль сызықпен бөлу сұралады.

Тапсырма 1.

1. Берілген сөздерді жинап алу - бөліктің оң жағына жазады.

Адам, бір, өмірінде, бар, минуттың, да, маңызы.

2. Мағынасын ашу – бөліктің сол жағына жазады.

Бір минуттың да адам өмірінде маңызы бар.

3.4.1.2 (МК) Мәтіндегі қарамен берілген сөздерге назар аударту, қайталап оқыту: кітабы, жауабы.

Берілген сөздердің түбірін және қосымшасын тапқызу: кітап+ы=кітабы, жауап+ы=жауабы.

Түбір сөзге -ы, -і дауысты дыбыстан басталатын қосымша жалғанған кезде өзгеретінін аңғарту.

Ереже: Қосымша жалғанғанда кейбір түбір сөздердің жазылуы өзгереді: кітап - кітабы, парақ – парағы, әріп –әрпі, халық – халқы.

Тапсырма 2. Сызбамен жұмыс.

Сызбаға сәйкес сөздер тауып жаз.

Түбір сөз+жұрнақ

Түбір сөз+жұрнақ+жалғау

Тапсырма 3. «Ішіне – сыртына» стратегиясы бойынша берілген сөздерден түбір сөздер мен қосымшалы сөздерді ажырату (түбір сөздерді шеңбердің ішіне, қосымшалы сөздерді шеңбердің сыртына жазу).

Сөздер тізбегі: Ауыл-аулы, дауыс-даусы, орын-орны т.с.с.

(Ө, Қ) 34-жаттығу. Суреттегі сөздерді жұптастырып жазады. Жұптасқан сөздерді салыстырып, түбір сөздің жазылуын өзгерткен қосымшаны атайды.

(МК) Оқушылардың бас әріп пен кіші әріптің биіктігі мен мөлшерін сақтап, көлбеу, үзбей және біркелкі жазуы қадағаланады.

Каллиграфиясы бойынша жеке қолдауды қажет ететін оқушылармен жұмыс ұйымдастырылады.

3.3.5.1 (МК; Ө; Ж; Қ) 35-жаттығу. Жұппен жұмыс жасайды. Мақалда берілген қарамен жазылған сөздің түбірін тауып, қатесін түзетіп, көшіріп жазады.

Қарамен берілген сөзді қатыстырып екі сөйлем құрастырады. Мұғалімінің көмегімен бір-бірінің қатесін тауып, түзетіп, орындалған жұмысты өзара бағалайды.

Бағалау дескрипторы:

-жіберілген пунктуациялық, орфографиялық, грамматикалық және стилистикалық қателерді тауып, түзетеді;

-каллиграфиялық нормаларды сақтайды;

-толық мағыналы екі сөйлем құрастырады.

Қосымша №2

Оқулық

«Үштік» әдісі»

«Екі жұлдыз, бір тілек» стратегиясы

http://balapan.kaztrk.kz

Оқулық

Ішіне – сыртына» стратегиясы

Оқулық

№2 Дәптермен жұмыс

Оқулық

№2 Дәптермен жұмыс

Сабақтың соңы

35-40 минут

Рефлексия.

(Ө; Қ) Бос уақытында немен айналысатынын жазу.

Бос уақытында немен айналысқанды ұнататынын жазып, өз ойын білдіреді.

Жазған жұмысын топта жариялап оқиды.

(Ө; Қ) Өзін-өзі бағалау.

Егер оқушыға бәрі түсікті болса,

Леп белгісін көрсетеді (!) - сабақты өте жақсы түсіндім.

Егер жартылай түсінікті болса,

Нүктені көрсетеді (.) - сабақты түсіндім, әлі де толықтырулар керек.

Сабақ түсініксіз болса,

Сұрақ белгісін көрсетеді (?) - маған көмек қажет.

Үй тапсырмасы:

«Еріншектің ертеңі бітпес» өз көзқарасыңды білдіретін шағын мәтін құра.

Парақшалар

Қосымша ақпарат

Саралау – оқушыларға көбірек қолдау көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай тапсырмалар қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін тексеру жоспарыңыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

Топтық тапсырмаларды саралау бойынша беру.

Қабілеті жоғары оқушыларға өз бетінше жұмыс істеуге мүмкіндік жасау.

Қолдауды қажет ететін оқушыларға көмек көрсету.

Қосымша жалғанғанда кейбір түбір сөздердің жазылуы өзгеретінін ой қорытындылау арқылы оқушыларға айтқызу.

Қалыптастырушы бағалаулар дескрипторлар, «Қос жазба күнделігі» стратегиялары негізінде жүзеге асырылады.

Мәтін мазмұны бойынша пікір білдіруге бағытталған сұрақтар құрастыра алуын, құрастырылған сұрақтарға жүйелі, толық жауаптарын және өз көзқарастарын бағалау.

Топта бірі-бірі тыңдау. Сыныпта қауіпсіздік ережелерін сақтау.

Сабақ бойынша рефлексия

Сабақ мақсаттары дұрыс қойылған ба?

Оқушылар оқу мақсаттарына қол жеткізді ме?

Оқу мақсаттарына қол жеткізілмесе себебі неде?

Ынтымақтастыққа қол жеткізілді ме?

Саралау бойынша жұмыстар дұрыс жүргізілді ме?

Уақыт кезеңдері дұрыс сақталды ма?

Жоспардан ауытқулар орын алды ма? Неліктен?

Қорытындылау

Қандай екі нəрсе табысты болды (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)?

1:

2:

Қандай екі нəрсе сабақты жақсарта алды (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)?

1:

2:

Сабақ барысында сынып немесе жекелеген оқушылар туралы келесі сабағымды жетілдіруге не көмектесетін білдім?



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Ораза кестесі 2024 жыл. Астана, Алматы, Шымкент т.б. ауыз бекіту және ауызашар уақыты
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу

Соңғы жаңалықтар:
» Биыл 1 сыныпқа өтініш қабылдау 1 сәуірде басталып, 2024 жылғы 31 тамызға дейін жалғасады.
» Жұмыссыз жастарға 1 миллион теңгеге дейінгі ҚАЙТЫМСЫЗ гранттар. Өтінім қабылдау басталды!
» 2024 жылы студенттердің стипендиясы қанша теңгеге өседі
Пікір жазу