Табиғат пен қоршаған орта Жануарлар туралы әңгімелер оқу ҚЫСҚА МЕРЗІМДІ ЖОСПАР


Қысқа мерзімді жоспар

Пән:Қазақ тілі және әдебиет

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:

Бөлім: 7 – бөлім «Табиғат пен қоршаған орта»

Мектеп: Талдықорған қаласы Назарбаев Зияткерлік мектебі

Тоқсан: 4 Мұғалімнің аты-жөні : Сейсембаева С.И.

Сынып: 2

Қатысқандар:

Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы

Жануарлар туралы әңгімелер оқу

2.2.1.1 Мәтіндегі негізгі ойды анықтайды және ақпаратты толық түсінеді, оқиғаның себебі мен кейіпкерлердің өзгеруін түсіндіреді;

2.2.2.1 Негізгі оқиғаларға сүйене отырып, мәтіннің (әдеби және әдеби емес) тақырыбын анықтайды;

  Сабақ мақсаттары

Мәнерлеп оқиды, өз тарапынан қорытынды жасайды. тауып, шығармашылығы дамиды. Әдеби сөздермен ойын айтуға жетелеу. Әдеби сөздермен өз ойын айтуға үйрену.

Бағалау критерийлері

Мәтіндегі тірек сөздер мен сөз орамдарын түсінгендігін қимыл, сурет арқылы көрсете алады.

 Тілдік мақсаттар

 

Киік, аңшы, батыр, қарт, елік, жануарлар, мекендеген, халық.

 Құндылықтарды дарыту

Сабақ барысында оқушылардың бір – бірін тыңдау, көмектесу, жұптасып тапсырма орындау, диалогтық сөйлесу мәдениеті қалыптасады. Татулық, достық, сезімдерін қалыптастыру.

 Пәнаралық байланыстар

Берілген тақырыпқа байланыст танысытырылым және өздік жұмыстарын орындау арқылы АКТ пәнімен байланыс орнайды.

Алдыңғы меңгерілген білім

Оқушылар сурет бойынша сөйлем құрып, шағын мәтін жазады. Ойын жеткізуде сөйлемді дұрыс құруға қалыптасады.

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақта жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

5 – 7 минут

(Ұ) Оқушының басына жануар (киік) суреті бейнеленген тәж кигізіледі. Қалған оқушылар сұраққа жауап береді. Сабаққа осы тәсіл арқылы келеді.

Сабақ ортасы

25-30 минут

(Ұ,Т) Оқушылар белсенде тақтадан берілген сілтеме бойынша «Алтын мүйізді киік» ертегісін тыңдайды.

(Ұ,ОТ,Т) Топпен жұмыс. Сыныптағы оқушылар төрт топқа бөлінеді. Әр топқа төмендегі сұрақтар беріледі. Мәтін бойынша сұрақтарға жауап беріп, түсінгендерін қысқа айтып шығады.

  • Аңшының аты кім?
  • Не себепті ертегі Алтын мүйізді киік деп аталған?
  • Қарт аңшыға не деді?
  • Айдаһарды қалай жеңеді?
  • Аңшы ауыл тұрғындарына қандай жақсылық жасады?
  • Елін құтқарып қалған аңшыны кім деп айтар едің?
  • Халық аңшыны не себепті сыйлайды?
  • Елік қандай аң?
  • Елікті атуға бола ма? Жауабыңды дәлелде
  • Мәтін бойынша сен қандай сурет салар едің

(ОТ) Мәтін бойынша әр оқушы өз ойларынан сурет салады.

(Т) Мақал-мәтелдерді түсініп оқы. Олардың мәтінге қатысты екенін айтып көр.

  • Батыр есімі – ел есінде.
  • Еліңді сүйсең – ерлік істейсің.
  • Батыр жақсылық істесе,
  • Ел алғысын айтар.

(Ұ) Мәтінмен жұмыс.Мәтінді оқып шығып, қарамен жазылған сөздердің түбір қосымшасын ажыратыңдар.

Елік – бұғы тұқымдас жануар. Бұл атауды ол тез әрі әсем жүру қасиетіне байланысты алған. Якут тілінде «елік» сөзі «тез», «шапшаң», «епті» деген мағынаны береді. «Еліктің лағындай» деген теңеу әдемілікті білдіреді.

,ОТ) Сөйлемдерді толықтырыңдар.

Аңшы ... аулайды. Мен ... үшін қызмет етемін. Елік .... аң. Елікті ... болмайды, киесі атады. Отан үшін ... түс, күймейсің. Жануарлар ...

http://balakai.kz/audio-ertegiler/197-altyn-myzd-kik.html

Сабақтың соңы

2 – 3 минут

Рефлексия.Елім үшін мен... сөйлемін жалғастыру арқылы шағын эссе жазу.

Сабаққа кері байланыс ретінде оң қолдарын көтерсе өте жақсы, сол қолдарын көтерсе түсінбеген тұстары болғандығын білдіреді.

Дифференциация – оқушыларға көбірек қолдау көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай тапсырмалар қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін тексеру жоспарыңыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

Жазылым қабілеті жоғары оқушылардан сөйлемдерді жазып, тыныс белгілерін дұрыс қоя білуі күтіледі.

Оқушыларға берілген тапсырмалар арқылы әр баланың сабақты қаншалықты қабылдағанын бақылаймын.

Денсаулық және қауіпсіздік техникасын сақталу сергіту сәтін орындау барысында қарастырылады.

Қазақ тілі және әдебиеті 2 сынып 4 тоқсан

1. Мәтіннің тыныс белгісін қойып көшіріп жаз.

 Қазақтар аққуды киелі құс деп санаған аққу құсы әдемі, әрі ақ түсті болып келеді қазақтың әдемі қыздарын аққуға теңеген олар жұп болып өмір сүреді егер жұбынан айырылып қалса, не біреуі қаза болса, екіншісі қайғырып өлуге барған.

 

1) Әдемі, қайғыру сөздерінің синонимдік қатарын жазып шығыңдар.

2) Мәтіндегі келесі сөздердің антонимдерін тауып жазыңдар.

Ақ –

Сұлу-

Өмір сүреді-

3) Ақ түсті тіркесіндегі түс сөзінің басқа мағынада қолдануына мысал келтір.

2. Мәтінді оқы.

Көгершін – көп халықтарда бейбітшіліктің белгісі.Ол жер бетіне тыныштық пен береке әкелетін құс деп саналады. Көгершіндер орманды, кейде таулы жерлерде тіршілік етеді. Денесі тығыз, тұмсығы қысқа. Көгершіндер бүкіл жер жүзіне тараған.

1) Халық, бейбітшілік сөздерінің синонимдік қатарын жазып шығыңдар.

2) Мәтіндегі келесі сөздердің антонимдерін тауып жазыңдар.

Қысқа –

Тыныштық-

Көп-

3) Жер бетіне тіркесіндегі бет сөзінің басқа мағынада қолдануына(омоним) мысал келтір.

3.Қарлығаш — адамның досы, жанашыры, қай кезде де қамқор боп жүретін адал құс. Қарлығаш әдеміліктің де символы. Қарлығаш қораға қонса, қой егіз туады, ақ мол болады. Ал егер үйге қонса, үй – жан басы көбейеді. Қарлығаштың ұясын бұзған баланың көзін дәуіт шұқып тастайды. Себебі, дәуіт пен қарлығаш ағайынды.

1) Дос, ағайынды сөздерінің синонимдік қатарын жазып шығыңдар.

2) Мәтіндегі келесі сөздердің антонимдерін тауып жазыңдар.

Дос-

Қон-

Бұз-

3) Қой сөзінің басқа мағынада қолдануына (омоним) мысал келтір.

Жерден тары шоқып ап.

«Шиқ-шиқ» десіп отырмақ.

Бөтегесі томпайып,

Торғай – торғай тоқылдақ,

Қарға қарға қарғалар,

Боран соқса долданып,

Қар үстінде жорғалар.

Бұтаға келіп қорғанар.

Таранып қаранады жан-жағына.Сұлуды тасалама көк торғын бу!

Қаңқылдап қанатымен сабалап су.

Күн құшқан айдын көлде жалғыз аққу,



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Ораза кестесі 2024 жыл. Астана, Алматы, Шымкент т.б. ауыз бекіту және ауызашар уақыты
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу

Соңғы жаңалықтар:
» Биыл 1 сыныпқа өтініш қабылдау 1 сәуірде басталып, 2024 жылғы 31 тамызға дейін жалғасады.
» Жұмыссыз жастарға 1 миллион теңгеге дейінгі ҚАЙТЫМСЫЗ гранттар. Өтінім қабылдау басталды!
» 2024 жылы студенттердің стипендиясы қанша теңгеге өседі
Пікір жазу