Қазақ тілі және әдебиет 2 сынып 7 бөлім Табиғат пен қоршаған орта Жануарлар туралы әңгімелер оқу ҚЫСҚА МЕРЗІМДІ ЖОСПАР


Қысқа мерзімді жоспар

Пән:Қазақ тілі және әдебиет

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:

Бөлім: 7 – бөлім Табиғат пен қоршаған орта

Мектеп: Талдықорған қаласы Назарбаев Зияткерлік мектебі

Тоқсан:4 Мұғалімнің аты-жөні : Сейсембаева С.И.

Сынып: 2

Қатысқандар:

Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы

Жануарлар туралы әңгімелер оқу

Осы сабақта қол жеткізілетін ОБ сілтеме)

2.2.1.1 Мәтіндегі негізгі ойды анықтайды және ақпаратты толық түсінеді, оқиғаның себебі мен кейіпкерлердің өзгеруін түсіндіреді;

2.2.8.1 Мұғалімнің көмегімен түрлі мәтіндердегі сөйлемдер мен әдеби көркемдегіш құралдардың қолданысын салыстырады;

2.1.6.1 Тыңдаушыны қызықтыру үшін көркем-бейнелі сөздерді (сын есім, т.б.) пайдаланады.

 Сабақ мақсаттары

Мәнерлеп оқиды, өз тарапынан қорытынды жасайды. Өлең ұйқастарын тауып, шығармашылығы дамиды. Әдеби сөздермен ойын айтуға жетелеу. Әдеби сөздермен өз ойын айтуға үйрену.

 Бағалау критерийлері

Екі немесе одан көп өлеңдердің сөйлем құрылысындағы ұқсастықтар мен айырмашылықтарды анықтай алады; мәтіндердегі,өлеңдердегі түрлі әсер туғызатын көркем сөздерді анықтай алады; мұғалімнің көмегімен мәтінөдегі көркемдегіш құралдардың қолданысын салыстыра алады.

 Тілдік мақсат

 

Жануарлар, құстар, қарға,тоқылдақ, көгершін, қарлығаш, аққу, ұйқасын тап.

 Құндылықтарды дарыту

Сабақ барысында оқушылардың бір – бірін тыңдау, көмектесу, жұптасып тапсырма орындау, диалогтық сөйлесу мәдениеті қалыптасады. Татулық, достық, сезімдерін қалыптастыру.

 Пәнаралық байланыстар

Берілген тақырыпқа байланыст танысытырылым және өздік жұмыстарын орындау арқылы АКТ пәнімен байланыс орнайды.

Алдыңғы меңгерілген білім

Оқушылар сурет бойынша сөйлем құрып, шағын мәтін жазады. Ойын жеткізуде сөйлемді дұрыс құруға қалыптасады.

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақта жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

5 – 7 минут

(Ұ) Оқушылармен сыныпта жайлы ахуал орнату.

(Ұ) «Иә» - «Жоқ» ойыны. Бір оқушы тақтаға шығады, оның маңдайына «Құс» деген жазу оқушыға көрсетілмей жабыстырылады. Тақтаға шыққан оқушы оқушыларға сұрақ қояды және өзінің кім екенін табады. Мысалы: Мен тәттімін бе... Мен жүремін бе... Мен секіремін бе... тапқанша бала басқа оқушыларға сұрақ қояды, қалғандары «жоқ» не «иә» деп жауап қайтарады.

Сабақ ортасы

25-30 минут

(Ұ,Т) Балалар, ойнаймын деген үш оқушы шықсын. Қазір мен сендердің көздеріңді жұмып қоямын. Сендер өздеріңнің қалауларың бойынша бір құстың атын жазасыңдар. Мысалға,

қарлығаш, торғай, көгершін.

(Т) Топпен жұмыс. Құс атаулары жазылғаннн кейін оқушылар топпен тапсырма орындауға қатысады.

«Мен ақынмын» ойынын ойнайық. Құстар тақырыбының төңірегінде шығармашылығымызды арттырайық.

(Оқушыларға өлеңнің әр жолы бөлек беріледі, оқушылар сол өлең жолдарын ретімен орналастырады.)

1. Торғай – торғай тоқылдақ

Жерден тары шоқып ап.

Бөтегесі томпайып,

«Шиқ-шиқ» десіп отырмақ.

2. Қарға қарға қарғалар,

Қар үстінде жорғалар,

Боран соқса долданып

Бұтаға келіп қорғанар.

Құртты іздеп інінен,

Қарағайды үңгіген.

Тоқылдақ құс дәрігер,

Қашанда ол әбігер.

Адамзаттың жақыны

Қарлығаш та ақылды

Көгершін мен екеуі

Жайлайды бір шатырды

Көлдің көркі, сәні екен,

Ұшқанда сазды ән екен.

Ақындар оны мақтаған,

Адамдар қорғап сақтаған.

1.Адам қай құсты аң аулауға пайдаланады?(Бүркіт)

2 .Қандай құс хат тасушы атанған?(Көгершін)

3 . Қандай құста мүлде ұя болмайды? (Көкек)

(Т) Толық сөйлем ойынын ойнайық. Оқушыларға құстарға қатысты тыныс белгісі қойылмаған мәтін беріледі. Олар мәтінді оқып, қажет жеріне тыныс белгісін қоюы тиіс.

1. Қазақтар аққуды киелі құс деп санаған. Аққу құсы әдемі, әрі ақ түсті болып келеді. Қазақтың әдемі қыздарын аққуға теңеген. Олар жұп болып өмір сүреді. Егер Жұбынан айырылып қалса, не біреуі қаза болса, екіншісі қайғырып өлуге барған.

1) Әдемі, қайғыру сөздерінің синонимдік қатарын жазып шығыңдар.

____________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________

2) Мәтіндегі келесі сөздердің антонимдерін тауып жазыңдар.

Ақ –

Сұлу-

Өмір сүреді-

3) Ақ түсті тіркесіндегі түс сөзінің басқа мағынада қолдануына мысал келтір.

2. Көгершін – көп халықтарда бейбітшіліктің белгісі. Ол жер бетіне тыныштық пен береке әкелетін құс деп саналады. Көгершіндер орманды, кейде таулы жерлерде тіршілік етеді. Денесі тығыз, тұмсығы қысқа. Көгершіндер бүкіл жер жүзіне тараған.

1) Халық, бейбітшілік сөздерінің синонимдік қатарын жазып шығыңдар.

_________________________________________________________________________________________________________________________________________________________

2) Мәтіндегі келесі сөздердің антонимдерін тауып жазыңдар.

Қысқа –

Тыныштық-

Көп-

3) Жер бетіне тіркесіндегі бет сөзінің басқа мағынада қолдануына мысал келтір.

3.Қарлығаш — адамның досы, жанашыры, қай кезде де қамқор боп жүретін адал құс. Қарлығаш әдеміліктің де символы. Қарлығаш қораға қонса, қой егіз туады, ақ мол болады. Ал егер үйге қонса, үй-жан басы көбейеді. Қарлығаштың ұясын бұзған баланың көзін дәуіт шұқып тастайды. Себебі, дәуіт пен қарлығаш ағайынды.

1) Дос, ағайынды сөздерінің синонимдік қатарын жазып шығыңдар.

____________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________

2) Мәтіндегі келесі сөздердің антонимдерін тауып жазыңдар.

Дос-

Қон-

Бұз-

3) Қой сөзінің басқа мағынада қолдануына мысал келтір.

Сергіту сәті. «Ақ көгершін» әнін айту.

Сабақтың соңы

2 – 3 минут

Рефлексия. Оқушылар аяқталмаған сөйлем кестесін толтырады.

Мен білгенмін...

Үйрендім...

Білімімді толықтырғым келеді...

Дифференциация – оқушыларға көбірек қолдау көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай тапсырмалар қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін тексеру жоспарыңыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

Жазылым қабілеті жоғары оқушылардан сөйлемдерді жазып, тыныс белгілерін дұрыс қоя білуі күтіледі.

Оқушыларға берілген тапсырмалар арқылы әр баланың сабақты қаншалықты қабылдағанын бақылаймын.

Денсаулық және қауіпсіздік техникасын сақталу сергіту сәтін орындау барысында қарастырылады.



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Су тасқынынан зардап шеккендерге қосымша тағы 553 мың теңге төленеді
» Елімізде TikTok желісі бұғатталуы мүмкін бе?
» Елімізде су тасқынынан зардап шеккендердің қандай мүліктеріне өтемақы төленеді?
Пікір жазу