Зертханалық жұмыс. Шынының сыну көрсеткішін жазық параллель пластинаның көмегімен анықтау. Физика, 11 сынып, сабақ жоспары.


Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Геометриялық оптика

Мектеп: ХББ НЗМ Қызылорда қ.

Күні: 05.11.2019ж

Мұғалімнің аты-жөні: Оспанова Е.Е.

Сынып: 11

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы

Зертханалық жұмыс. Шынының сыну көрсеткішін жазық параллель пластинаның көмегімен анықтау.

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

11. 6.2.5 – шынының сыну көрсеткішін эксперимент жүзінде анықтаңыз және экспериментті жақсарту жолдарын ұсыныңыз

 Сабақ мақсаттары

Барлық оқушылар: параллель пластина арқылы өткен жарықтың екі рет сынатынын біледі, түсу және сыну бұрыштарын дұрыс салады, жазық параллель пластинада жарықтың жолын дұрыс салып көрсетеді, сыну заңын біледі, есептеу қателіктерін анықтайды,

Оқушылардың көбісі: эксперимент арқылы шынының сыну көрсеткішін анықтайды, жасалған экспериментке талдау жасайды, экспериментті жасау барысында кездескен қиындықтарды және қателерді айқындайды, экспериментті жақсарту жолдарын ұсынады;

Кейбір оқушылар: алынған нәтижелерді салыстыра отырып анализ жасайды.

 Бағалау

 критерийлері

 Қолдану

Сараптау

Жазық параллель пластинаға түскен жарықтың жолын дұрыс салады

Түсу және сыну бұрыштарын дұрыс анықтайды

Сыну заңын қолданып, жазық параллель пластинаның сыну көрсеткішін дұрыс анықтайды, оны кестелік мәнімен салыстырады

Экспериментті жасауда кездескен үш қиындықтарды дұрыс анықтайды

Экспериментті жақсартудың үш жолын ұсынады

 Тілдік мақсаттар

 

Оқушылар білуі тиіс: жарықтың түзу сызық бойымен таралуын, сыну құбылысын сипаттайтын шамаларды: түсу және сыну бұрышы, ортаның сыну көрсеткішін анықтайтын формуланы біледі. Экспериментті жасай алады, қателіктерді анықтайды және экспериментті жақсарту жолдарын ұсына алады.

Пәнге тән лексика мен терминология:

қазақша

русский

english

Вакуум

Вакуум

Vacuum

Сыну

Преломление

Refraction

Шыны

Стекло

Glass

Түскен сәуле

Падающий луч

Incident ray

Сынған сәуле

Преломленний луч

Refracted ray

Түсу бұрышы

Угол падения

Angel of incidence

Сыну бұрышы

Угол перломления

Angel of rafraction

Жарықтың сыну заңы

Закон перломления света

Refraction of light law

Ортаның сыну көрсеткіш

Показатель переломления среды

The refractive index of the medium

Жазық параллель пластина

Плоско параллельная пластина

plane parallel plate

Диалог пен жазу үшін пайдалы сөздер мен тіркестер:

Неліктен біз әртүрлі ортаның сыну көрсеткіштерін білуіміз керек?

……ұлғаятын себепті … болады.

Қай сәуле бәрінен артық иіледі?

… жылдамдығымен неболады

 Құндылықтарды

 дарыту

 

 

Қоғамдық қатынасКомандалық жұмысты ұйымдастыру және командалық жұмыстарды жоспарлау қажеттілігі оқушылардың достық қарым-қатынастарын және олардың бірлескен оқу ортасында жұмыс істеу үшін коммуникативтік қасиеттерін қамтамасыз етеді: бірлескен жұмыста басқа студенттермен әлеуметтік, мәдени, этикалық және интерактивті дағдыларды дамыту. Студенттерге өз бетінше, жұппен және топпен жұмыс істеу қабілетін дамыту; жолдастардың пікірін құрметтеу; білім көздерін өз бетімен іздестіру қабілеті.Сабақтың моральдық әсері мыналарды қамтиды: оқуға деген жауапкершілікті сезіну; басқаларға құрметпен қарау; білім беру және танымдық қызметті ойдағыдай жүзеге асыру үшін түрлі көздерден ақпаратты қабылдау және пайдалану дағдыларын және қабілеттерін дамыту; оқушыларға мектептің меншігіне мұқият қарауға мүмкіндік беру; өз іс-әрекетін жоспарлау дағдылары мен дағдыларын қалыптастыруға және өз іс-әрекеттерін басқаруға қабілетті болу керек.

 Пәнаралық

 байланыстар

Математика пәнімен өлшеу нәтижелерінің мәндерін инженерлік калькулятордың көмегімен дұрыс есептей білу, теңдеуді шешу, салыстырмалы қателікті есептеу және сандарды жуықтауды дұрыс орындау.

 АКТ қолдану

 дағдылары

Сыну көрсеткішінің мәнін интернет рессурстар арқылы таба алады

Бастапқы білім

6 сыныпта сыну толқын сапасы ретінде аталды, ал 8 сыныпта ауадан шыныға өтетін сәуле үшін сыну коэффициенті, сондай-ақ қосатын мен тарататын линзалар жолымен суреттер түзілуі зертелді. Оқушылар шыны блоктармен тәжірибе жасауы, шынының сыну көрсеткішін өлшеуі және жалғыз қабатты линзалар жүйесі үшін шоғырлық диаграммалар сыза алуы керек.

Сабақ барысы

Жоспарланған сабақтың кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Ұйымдастыру кезеңі.

(G) Топтық жұмыс.

Жұмыстың мақсаты: жазық параллель пластина мен үшбұрышты призмадағы сәулелердің жолын сыза білу.

1. Үшбұрышты призманың қырына түскен жарық сәлесінің жолын салыңыз

2. Параллель жазық шыны блоктың қырына түскен жарық сәулесінің жолын салыңыз

Сол жақ жоғарғы жақтағы суретті дәптерге көшіріп сызыңыз.

1. Жарық сәулесі жазық параллель пластинаға қандай бұрышпен түскен?

2. Сыну бұрышы неге тең?

Жарық сәулесінің жазықты параллель пластинадағы жолын салыңыз.

3. Пластинадан шыққан кезде сәуле неше миллиметрге ығысады?

4. Қоршаған орта материалдары мен пластина өзара ауысып тұрса, сыну бұрышы қандай болады? Бұл жағдайда сәуле жолын салыңыз.

Призманы дәптеріңізге көшіріп сызыңыз және оның көмегімен жарық сәулесінің жолын сызыңыз.

5. Призма шетіне сәуленің түсу бұрышы қандай?

6. Сыну бұрышы неге тең?

7. Призманың сындыру бұрышы нешеге тең?

8. Призманың екінші жағына сәуленің түсу бұрышын есептеңіз

9. Сәуле призмадан шыққан кезде сыну бұрышы қандай болады?

10. Призма арқылы өткенде сәуленің толық ауытқу бұрышын анықтаңыз.

Дескриптор:

үшбұрышты призманың

параллель жазық шыны блоктың

үшбұрышты призманың қырына түскен сәулені салады, түсу нүктесі арқылы призманың қырына перпендикуляр тұрғызады, түсу бұрышын дұрыс көрсетеді.

параллель жазық шыны блоктың қырына түскен сәулені салады, түсу нүктесі арқылы параллель жазық шыны блоктың қырына перпендикуляр тұрғызады, түсу бұрышын дұрыс көрсетеді.

призма ішіндегі сынған жарық сәулесінің жолын дұрыс салады, сыну бұрышын дұрыс анықтайды.

параллель жазық шыны блоктың ішіндегі сынған жарық сәулесінің жолын дұрыс салады, сыну бұрышын дұрыс анықтайды.

үшбұрышты призманың екінші қырына түскен сәулені салады, түсу нүктесі арқылы перпендикуляр тұрғызады, түсу бұрышын дұрыс салып көрсетеді

параллель жазық шыны блоктың екінші қырына түскен сәулені салады, түсу нүктесі арқылы перпендикуляр тұрғызады, түсу бұрышын дұрыс салып көрсетеді

үшбұрышты призманың екінші қырынан сынып шыққан сәулені салады, сыну бұрышын дұрыс көрсетеді.

параллель жазық шыны блоктың екінші қырынан сынып шыққан сәулені салады, сыну бұрышын дұрыс көрсетеді.

Жауаптары

Тапсырмалар

2

4

6

8

Жазық параллель шыны пластина үшін

1

Бірінші қырына түсу бұрышы

45º

34º

45º

45º

2

Сыну бұрышы

23º

18º

23º

30º

3

Екінші қырына түсу бұрышы

23º

18º

23º

30º

4

Пластинадан шыққан сәуленің сыну бұрышы

45º

34º

45º

45º

Жарық сәулесінің ауытқуы

8,5 мм

8,6 мм

12 мм

12 мм

Тапсырмалар

2

4

6

8

Үшбұрышты призма үшін

1

Бірінші қырына түсу бұрышы

45º

22º

45º

18º

2

Сыну бұрышы-1

23º

12º

23º

13º

3

Екінші қырына түсу бұрышы

22º

32º

16º

4

Призмадан шыққан сәуленің сыну бұрышы

42º

71º

24º

(Р ) Жұптық жұмыс

Жұмыс мақсаты: жазық параллель пластина мен үшбұрышты призмадағы жарық сәулесінің сынуына есеп шығара білу.

Тапсырма: Суретке мұқият қараңыздар. Суретте жарық сәулесінің жәшікке кіргені және шыққаны көрсетілген. Жәшіктің ішіндегі қандай шыны блоктар қойылған?

Жауабы

Бағалау критерийлері:

і. әрбір жәшіктегі жарық сәулесінің жолын дұрыс талдайды

іі. әрбір жәшіктегі призмаларды дұрыс анықтайды

ііі. нәтижесін дұрыс түсіндіріп бере алады.

(Т) Мұғалім түсіндірмесі

Қатемен жұмыс.

Жарық сәулесінің жолын топтық жұмыс нәтиесіне сүйене отырып түсіндіріледі.

Жарық сәулесі призма ішінде призманың жалпақ табанына қарай ауытқиды

1 қосымша

2 қосымша

Сабақтың ортасы

25 мин

(Іf)  Жеке жұмыс. Практикалық жұмыс.

Шынының сыну көрсеткішін анықтау.

Экспериментті жақсарту жолдарын ұсыныңыз

(G) Топтық жұмыс Қорытынды жасаңыз 

і. Практикалық жұмысқа берілген екі жұмысты салыстырыңыз.

іі.Екі жұмыстың бір-бірінен айырмашылығын немесе ұқсастығын анықтаңыз.

ііі. осы екі жұмысты орындауда кездескен үш қиындықты анықтаңыз

iv. осы қиындықтарды шешу жолдарын ұсыныңыз

v. осы жұмысты қайта жасайтын болсаңыз, сіз нені немесе қалай өзгертер едіңіз?

Осы сұрақтарды топта талқылаңыз.

Өз ой пікірлеріңізбен сыныппен бөлісіңіздер.

3-4 қосымша

Жұмыс парақтары беріледі.

Сабақтың соңы

5 мин

Рефлексия

Практикалық жұмысты жасау менің өздігімнен жұмыс жасауыма қиындық туғызды / дағдыларымды шыңдады

Практикалық жұмысты орындауда кездескен қиындықтар .....

Практикалық жұмысты жасауда нені өзгертер едіңіз .....

Сұрақтар ауызша немесе жазбаша талқылануы мүмкін.

6. Үйге тапсырма: §4.10 Жарықтың сыну құбылысы.142 бет.

Физика 11

С.Тұяқбаев

Ш.Насохова

Б.Кронгарт

В.Кем

В.Загайнова

Саралау –оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалауоқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

Оқушылардың жұмысын сырттай бақылау. Орташа қабілетті оқушыларға жетелеуші сұрақтар қою арқылы бағыт беру.

Оқушылардың материалды меңгергендіктерін сұрақтар қою арқылы тексеру.

Зертханалық жұмыстың орындалуын бағалау критерийлері арқылы тексеру.

Зертханалық жұмыс жасау барысында техника қауіпсіздік ережелерін сақтау Ыстық сумен тәжірибені абайлап жасау. Термометрді қолдану барысында өте мұқият болу.

Сабақ бойынша рефлексия

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қолжеткізді ме?

Жеткізбесе, неліктен?

Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?

Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма?

Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен?

Бұл бөлімд ісабақ туралы өз пікіріңізді білдіру үшін пайдаланыңыз. Өз сабағыңыз туралы сол жақ бағанда берілген сұрақтарға жауап беріңіз.

Жалпы баға

Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Қазақстан пойыздарында үй жануарларын тасымалдау ережелері
» Қазақстандықтар шетелге шығуға жылына қанша жұмсайды?
» Су тасқынынан зардап шеккендерге қосымша тағы 553 мың теңге төленеді
Пікір жазу