Зертханалық жұмыс. Шынының сыну көрсеткішін жазық параллель пластинаның көмегімен анықтау. Физика, 11 сынып, презентация.


Геометриялық оптика

Зертханалық жұмыс

Шынының сыну көрсеткішін жазық параллель пластинаның көмегімен анықтау

Физика 11 сынып

Физика пәні мұғалімі: Оспанова Елнур Есенжоловна

Химия биология бағытындағы

Назарбаев Зияткерлік мектебі

Қызылорда қаласы

Оқу мақсаты

11. 6.2.5 – шынының сыну көрсеткішін эксперимент жүзінде анықтаңыз және экспериментті жақсарту жолдарын ұсыныңыз

Бағалау критерийлері

Қолдану

Сараптау

Жазық параллель пластинаға түскен жарықтың жолын дұрыс салады

Түсу және сыну бұрыштарын дұрыс анықтайды

Сыну заңын қолданып, жазық параллель пластинаның сыну көрсеткішін дұрыс анықтайды, оны кестелік мәнімен салыстырады

Экспериментті жасауда кездескен үш қиындықтарды дұрыс анықтайды

Экспериментті жақсартудың үш жолын ұсынады

Пәнге тән лексика мен терминология

(G) Топтық жұмыс

Жұмыстың мақсаты: жазық параллель пластина мен үшбұрышты призмадағы сәуленің жолын сыза білу.

1. үшбұрышты призманың қырына түскен жарық сәлесінің жолын салыңыз

2. параллель жазық шыны пластинаның қырына түскен жарық сәулесінің жолын салыңыз

Сол жақ жоғарғы жақтағы суретті дәптерге көшіріп сызыңыз.

1. Жарық сәулесі жазық параллель пластинаға қандай бұрышпен түскен?

2. Сыну бұрышы неге тең?

Жарық сәулесінің жазықты параллель пластинадағы жолын салыңыз.

3. Пластинадан шыққан кезде сәуле неше миллиметрге ығысады?

4. Қоршаған орта материалдары мен пластина өзара ауысып тұрса, сыну бұрышы қандай болады?

Бұл жағдайда сәуле жолын салыңыз.

Призманы дәптеріңізге көшіріп салыңыз және оның көмегімен жарық сәулесінің жолын сызыңыз.

5. Призма шетіне сәуленің түсу бұрышы қандай?

6. Сыну бұрышы неге тең?

7. Призманың сындыру бұрышы нешеге тең?

8. Призманың екінші жағына сәуленің түсу бұрышын есептеңіз

9. Сәуле призмадан шыққан кезде сыну бұрышы қандай болады?

10. Призма арқылы өткенде сәуленің толық ауытқу бұрышын анықтаңыз.

Дескриптор

Жауабы

(Р ) Жұптық жұмыс

Жұмыс мақсаты: жазық параллель пластина мен үшбұрышты призмадағы жарық сәулесінің сынуына есеп шығара білу.

Тапсырма: Суретке мұқият қараңыздар. Суретте жарық сәулесінің жәшікке кіргені және шыққаны көрсетілген. Жәшіктің ішіндегі қандай шыны блоктар қойылған?

Жауабы

Бағалау критерийі:

і. әрбір жәшіктегі жарық сәулесінің жолын дұрыс талдайды

іі. әрбір жәшіктегі призмаларды дұрыс анықтайды

ііі. нәтижесін дұрыс түсіндіріп бере алады.

(Т) Мұғалім түсіндірмесі

Жарық сәулесі призма ішінде призманың жалпақ табанына қарай ауытқиды

f) Жеке жұмыс Практикалық жұмыс

Шынының сыну көрсеткішін анықтау.

Экспериментті жақсарту жолдарын ұсыныңыз

3-4 қосымша

 

(G) Топтық жұмыс Қорытынды жасаңыз

Практикалық жұмысқа берілген екі жұмысты салыстырыңыз.

і.Екі жұмыстың бір-бірінен айырмашылығын немесе ұқсастығын анықтаңыз.

іі. Осы екі жұмысты орындауда кездескен үш қиындықты анықтаңыз

iіі. Осы қиындықтарды шешу жолдарын ұсыныңыз

іv. Осы жұмысты сіз қалай өзгертер едіңіз?

Осы сұрақтарды топта талқылаңыз

Өз ой пікірлеріңізбен сыныппен бөлісіңіздер

Дескриптор

Рефлексия

Зертханалық жұмыста жасау маған ұнады / ұнамады

Зертханалық жұмыста кездескен қиындықтар .....

Зертханалық жұмысты жасауда нені өзгертер едіңіз .....

Үйге тапсырма

Физика 11 сынып

§ 4.10 Жарықтың сыну құбылысы



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Қазақстан пойыздарында үй жануарларын тасымалдау ережелері
» Қазақстандықтар шетелге шығуға жылына қанша жұмсайды?
» Су тасқынынан зардап шеккендерге қосымша тағы 553 мың теңге төленеді
Пікір жазу