Физикалық практикум. Электр қыздырғышы бар қондырғының ПӘК-ін анықтау. Физика, 10 сынып, сабақ жоспары.


Сабақжоспары 10сынып.

Ұзақмерзімдіжоспарбөлімі:

Жалпы орта білім беретін мектеп :

Қоғамдық-гуманитарлық бағыт

Күні:

Мұғалімніңаты-жөні:

Сынып: 10

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы

Физикалық практикум. Электр қыздырғышы бар қондырғының ПӘК-ін анықтау.

Осы сабақта қол жеткізілетін

Оқу мақсаттары (оқубағдарламасынасілтеме)

10.3.2.4 – тұрмыстағы электр құралдарының жұмыс құны мен қуатына практикалық есептеулер жүргізу;

электр қыздырғышы бар қондырғының ПӘК-ін анықтауды үйрену.

 Сабақ мақсаттары

Оқушылар орындай алады:

Құрал-жабдықтарды қолданып өлшеулер жүргізу;

Есептеу формулаларын қолданып есептеулер жүргізу;

Тәжірибенің нәтижелерін қорытындылау

 Бағалау критерийлері

Егер төмендегі бағалау критерийлерін орындаса, оқушы оқу мақсатына жетеді:

Құрал-жабдықтарды қолданып, өлшеулер жүргізуді біледі;

Есептеу формулаларын қолданып, қажетті есептеулерді орындай алады;

Тәжірибенің нәтижелерін қорытындылайды.

 Тілдік мақсаттар

 

Пәндік сөздік қор/Пәндік лексика мен терминология:

Диалогқа/жазуға қажетті сөз тіркестері :

Тілді оқыту мақсаты:

Құндылықтарды дарыту

 

 

Топтық жұмыста өзара сыйластық қарым-қатынасты және көшбасшылық қасиеттерін дамыту.

Оқушылардың ізденіс дағдыларын қалыптастыру;

 Пәнаралық байланыстар

Математика: санның стандарт түрлерін жазу;

 АКТ қолдану дағдылары

Ғаламтор желісіндегі ресурстармен жұмыс.

Бастапқы білім

Тұрақты электр тогы. Электр тогының жұмысы мен қуаты.

Сабақбарысы

Сабақтыңжоспарланған

кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

8 минут

Ұйымдастыру бөлімі.

Сабақтың мақсат,міндеттерімен таныстыру.

Қайталау сұрақтары:

1.Электр тогы дегеніміз не?

2.Электр тогының пайда болу шарттары қандай?

3.Ток күші дегеніміз не?

4.Тізбек бөлігі үшін Ом заңы қалай жазылады?

5.Электрлік кедергі дегеніміз не?

6.Өткізгіштерді тізбектей жалғаудың заңдылықтарын жазыңыз.

7.Өткізгіштерді параллель жалғаудың заңдылықтарын жазыңыз.

8.Токтың жұмысы дегеніміз не?

9.Электр тогының энергиясын қалай есептейміз?

10.Қыздырғыштың ПӘК қандай формуламен есептейміз?

Сабақтың ортасы

30 минут

Физикалық практикум №1

«Электр қыздырғышы бар қондырғының ПӘК-ін анықтау»

Мақсаты: Электр қыздырғышы бар қондырғының ПӘК-ін анықтауды үйрену.

Құрал-жабдықтар: термометр, сағат, калориметр, ток көзі, кілт, қыздырғыш үшін қуаты белгілі спираль сым, жалғағыш сымдар, су, таразы, амперметр.

Теориялық түсінік

Қыздырғышы бар қондырғының пайдалы әсер коэффициенті деп қыздырылған судың ішкі энергиясының өсуінің электр қыздырғыш элементі бөлген электр энергиясына қатынасына тең шаманы айтамыз. Суды қыздыру барысында энергияның пайдалы шығыны жүзеге асады, сонымен қатар ыдысты және қоршаған ортаны жылытуға жұмсалады.

ПӘК=Апайдалы/ Атолық

Суды қыздыруға жұмсалған жылу мөлшерін есептеу формуласы:

Aпайдалы = Q = cm(t2-t1)

Электр тогының энергиясын есептеу формуласы:

Aтолық= Aэл= Pt

Жұмыс барысы:

  • Ток көзі, кілт, амперметр, қыздырғыш спиральдан тұратын тізбекті жинаңдар.
  • Қыздырғыш қуатын анықтаңдар.
  • Калориметрдің бос ішкі ыдысын таразыға өлшеңдер.
  • Калориметрге ортадан жоғары су құйып, оны сумен бірге таразыға тартып, массасын өлшеңдер. Су массасын анықтаңдар.
  • Суы бар калориметрге қыздырғыш спиральді салыңдар.
  • Судың бастапқы температурасын термометрмен өлшеңдер.
  • Тізбекті тұйықтаңдар.
  • Ток көзіне қосылған сәттен бастап, уақытты сағатпен бақылаңдар.
  • 5-6 минут өткеннен соң, қыздырылған судың температурасын өлшеңдер.
  • Өлшеу нәтижелерін жазып алыңдар.
  • Есептеу нәтижелерін кестеге түсіріңдер.
  • Тәжірибе нәтижелерін қорытындылаңдар.

Сабақтың соңы

2 мин

Сабақ соңында оқушылар рефлексия жүргізеді:

- нені білдім, нені үйрендім

- нені толық түсінбедім

- немен жұмысты жалғастыру қажет

Үйге тапсырма:

Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

Саралау іріктелген тапсырмалар, нақты бір оқушыдан күтілетін нәтижелер, оқушыға дербес қолдау көрсету, оқу материалдары мен ресурстарын оқушылардың жеке қабілеттерін есепке ала отырып іріктеу (Гарднердің жиындық зият теориясы) түрінде болуы мүмкін.

Саралау уақытты ұтымды пайдалануды есепке ала отырып, сабақтың кез-келген кезеңінде қолданыла алады

Бұл бөлімде оқушылардың сабақ барысында үйренгенін бағалау үшін қолданатын әдіс-тәсілдеріңізді жазасыз.

.

Денсаулық сақтау технологиялары.

Сергіту сәттері мен белсенді іс-әрекет түрлері.

Осы сабақта қолданылатын Қауіпсіздік техникасы ережелерінің тармақтары:

Амперметр мен вольтметрді тізбеккке жалғаудың ережесін оқушылардың есіне салыңыз.

Сабақбойыншарефлексия

Сабақмақсаттары/оқумақсаттарыдұрысқойылғанба? ОқушылардыңбарлығыОМқолжеткіздіме?

Жеткізбесе, неліктен?

Сабақтасаралаудұрысжүргізілдіме?

Сабақтыңуақыттықкезеңдерісақталдыма?

Сабақжоспарынанқандайауытқуларболды, неліктен?

Бұлбөлімдісабақтуралыөзпікіріңіздібілдіруүшінпайдаланыңыз. Өзсабағыңызтуралысолжақбағандаберілгенсұрақтарғажауапберіңіз.

Сабақ мақсаттары оқу мақсаттарына сай дұрыс қойылған. Оқушылар тапсырмаларды орындау арқылы ОМ қол жеткізді. Сабақта саралау жұмысы дұрыс жүргізілді. Сабақта уақытты үнемдеу үшін өзгерістер енгізуге болады,мысалы оқушылардың «BilimLand» сайты бойынша тапсырмаларды өзбеттерімен үй жұмысы ретінде орындауларына болады.

Жалпы баға

Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Пікір жазу