Электр өрісі. Электр заряды. Электр өрісінің күштік сипаттамасы. Физика, 10 сынып, сабақ жоспары.


Қысқа мерзімді жоспар

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Молекулалық физика

Мектеп: Ақтау қаласындағы химия-биология бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні: Бекешова Л.Д.

Сынып: 10

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы:

Электр өрісі. Электр заряды. Электр өрісінің күштік сипаттамасы

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

  • Электр өрісінің қасиетін талқылау және оның күштік сипаттамасын анықтау

 Сабақ мақсаттары

  • Денелердің электрленуін түсіну
  • Электростатикалық өріс қасиеттерін білу, талдау
  • Электр өрісінің күштік сипаттамасын білу

 Бағалау критерийлері

  • Денелердің электрленуін түсінеді
  • Электростатикалық өрістердің қасиеттерін талдап, салыстыра алады
  • Электр өрісінің күштік сипаттамасын біледі

 Тілдік мақсаттар

Пәнге тән лексика мен терминология:

Электр өрісі, электр өрісі кернеулігі анықтамаларын ауызша айта алады.

Терминдер: Электростатикалық өріс, пропорционалдық коэффициент, Электростатикалық өріс кернеулігі, т.б.

Қазақ тілінде

Орыс тілінде

Ағылшын тілінде

Электростатикалық өріс

Электростатическое поле

electrostatic field

Электростатикалық тұрақтылық

Электростатическое постаянное

electrostatic constant

Пропорционалдық коэффициент

Пропорциональный коэффициент

Proportional gain

Электростатикалық өріс кернеулігі

Напряженность электрического поля

Electric field strength

Масса

Масса

Mass

Диалог пен жазу үшін пайдалы сөздер мен тіркестер:

Өріс ... болғанда қуатты болады

Өріс ... болғанда әлсіз болады

Электр өрісінің кернеулігі …білдіреді

 Құндылықтарды дарыту

  • Оқушылардың белсенділігін арттыру;
  • Сыни ойлау қабілетін дамытуға жағдай жасау;
  • Коммуникативтік дағдысын жетілдіру
  • Топтық жұмыс жасау барысында бір-бірімен сыйласу, пікірлерін тыңдау, ұйымшыл болу;

 Пәнаралық байланыстар

Математика (есептер шығару)

 АКТ қолдану дағдылары

Презентация Power Point, сайттар; bilimland.kz.

Бастапқы білім

8-сыныптан денелердің электрленуі, зарядтардың әрекеттесуі, Кулон күші, электр өрісі туралы білулері тиіс

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

1 минут

7 минут

І. Ұйымдастыру

Сабақтың мақсатын, жетістік критерийлерін талдау

ІІ. Жұптық жұмыс. 8-сыныпта оқылған материалдарды еске түсіру

  • Демонстрация:
  • қалам мен қағаз тілімшесінің әрекеттесуін бақылау

Ой қозғау мақсатында электр өрісіне байланысты демонстрация көрсеткізу, жауаптарын жұппен ойлануға уақыт беріп, талқылау.

Оқушы іс-әрекеті: қағаз қиындыларын алып, қаламды шаштарына үйкеу арқылы зарядтап, қағаз қиындыларының қаламға тартылғанын түсіндіреді

Мұғалім іс-әрекеті:

Сабақтың басында оқушылармен бірге электр заряды, зарядтың бөлінгіштігі, зарядтың сақталу заңы, Кулон заңы түсініктерін еске түсіріп және бір аттас зарядтардың тебілуін және әр аттас зарядтардың тартылуын демонстрациялайды. Электр зарядтың айналасында пайда болатын күштік өріс басқа зарядтарға әсер ететіндігін еске түсіреді. оқушы жауаптарына кері байланыс береді

Бағалау. Сұрақтарға белсенді жауап берген жұптарды мах 5 ұпаймен бағалау

Сызғыш, шар, ұсақ қағаз

Сабақтың ортасы

6 минут

6 минут

7 минут

3 минут

5 минут

Сабақтың соңы:

5 минут

Мұғалім іс-әрекеті:

Жаңа сабақ бойынша теориялық материалдармен таныстыру.

Интернет ресурстары арқылы қысқаша бейнероликтер көрсету

ІІІ. Топтық жұмыс. Оқушыларды бой бойымен сапқа тұрғызып, үш-үштен санатып, топ құру

Мұғалім іс-әрекеті:

Егер де сыныпта электростатика бойынша жабдықтар жинағы болатын болса, оқушыларға үйкеліс арқылы зарядтауды және зарядталған өзектерді іліп және басқа зарядталған өзектерге жақындастырып электростатикалық күшті зерттеу тапсырмаларын беріңіз. Олардан өз бақылауларын түсіндіруді сұраңыз.

Мысалы:

- Электрофорная машина құрылғысының жұмыс істеу принципін сұрау тапсырмасы

Тапсырма дескрипторы:

  • Алдарындағы құралдың құрылысын атау
  • Ол құрылғыда электр өрісі қайдан пайда болатындығын түсіндіру
  • Электрофорная машина құрылғысының жұмыс істеу принципін түсіндіру

Оқушы іс-әрекеті:

Электрофорная машина құрылғысының жұмыс істеу принципін топта талқылап, шешімге келіп, ортаға салу

Мұғалім іс-әрекеті:

Барлық үш топтың жауаптарын тыңдап, кері байланыс беру.

Бағалау. Сұрақтарға белсенді жауап берген топтарды мах 5 ұпаймен бағалау

ІV. Өзіндік жұмыс

Оқушылардан электростатикалық өріс туралы төмендегі үлгі бойынша бос орынды толтыруды ұсыныңыз:

  • Электростатикалық өріс көзі _____________________________________________
  • 2. Электростатикалық өрістерде денеге әсер ететін күштер ______________________________________________________________________________________________
  • 3. Электростатикалық өрістердің күштік сипаттамалары(формуласы және бағыты).
  • ______________________________________________________________________________________________
  • 4. Электростатикалық өрістердің сұлбасының бейнеленуі;

5. Өрістің күш сызықтары ________ зарядтардан басталады және __________зарядтарда аяқталады.

Оқушы іс-әрекеті: Өзіндік жұмысты аяқтаған соң жұппен алмастырып, бір-бірін тексеріп бағалау, мах 5 ұпай.

V. Бекіту тапсырмасы (жеке жұмыс).

Есептер шығару

Тапсырма дескрипторы:

  • Есептің берілген шартын дұрыс жазу
  • Формулаларды қолдану
  • Жауабын негіздеу

1.40 және — 10 нКл зарядтар бір-бірінен 10 см қашыктықта орналасқан. Осы екі заряд тарапынан әсер ететін күштердің тең әсерлі күші нөлге тең болу үшін қандай үшінші зарядты алу керек және қай жерге орналастыру керек? (3 ұпай)

2. Шамалары 10 H және 7 H болатын екі күш дененің бір нүктесіне әсер етеді. Екі күш векторының арасындағы бұрыш 900-қа тең. Осы күштердің тең әсерлі күшінің модулін табыңдар. (2 ұпай)

Бағалау

Сабақтың басында әр оқушыға өзін-өзі бағалау парағы беріледі. Бағалау парағындағы кесте бойынша оқушы өз-өзін және мұғалімнің берген ұпайларын сабақтың әр кезеңінде жазып отырады.

Оқушы аты-жөні: _______________________________

Сабақ кезеңі

Мах ұпай

Оқушы ұпайы

Жұптық жұмыс

5

Топтық жұмыс

5

Өзіндік жұмыс

5

Есептер шығару

5

Барлығы

20

Проценттік көрсеткіш

100%

%

Мақсатқа жетті талпынды (керегін қоршаңыз)

1-70% Мақсатқа жетті

71-100% Талпынды

VI. Үйге тапсырма беру 8,1-8,2

15-жат 3,4,5.

VII. Рефлексия

« Бүгінгі сабақта мен...»

Оқушылар не түсінді, не түсінбегендерін стикерге жазады. Сабақ барысында жинаған ұпай сандарын есептеп, өзінің бағасын айтады.

Презентация

https://bilimland.kz/kk/courses/physics-kk/ehlektrodinamika/ehlektrostatika/lesson/ehlektr-orisi

Электрофорлы машина құрылғысы

Таратпа қағаздар

Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

Барлық оқушылар Электростатикалық өріс ұғымын естеріне түсіреді; Күш сызықтарының бейнелей алады және қасиеттерің біледі;

Оқушылардың көпшілігі

Электростатикалық өрісті сипаттай алады;

Кейбір оқушылар

Физикалық шаманың маңыздығын ескеріп электростатикалық өрістің қасиетін талдап, күштік сипаттамасының анықтамасын жатқа айта алады;

  • Сабақ басында жұппен жауап берген оқушылар ойы ескеріліп, ұпай беріледі

2. Оқушылардың сабақтың екінші жартысында топтық жұмыстарын мұғалімнің өзінің бағалауы

3. Оқушылардың сабақтың үшінші жартысында өзіндік жұмыстарын өзара баалау

Денсаулық сақтау технологиялары. Сергіту сәттері

Осы сабақта қолданылатын Қауіпсіздік техникасы ережелерінің тармақтары:

  • Электрофорная машина қолдану барысында құрылғыдан алшақтау тұру;
  • Разрядтау барысында абай болу;
  • Электр ұшқынына алу барысында рычагын жәй айналдыру
  • Мұғалім рұқсатымен жұмысты бастау

Сабақ бойынша рефлексия

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме?

Жеткізбесе, неліктен?

Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?

Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма?

Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен?

Бұл бөлімді сабақ туралы өз пікіріңізді білдіру үшін пайдаланыңыз. Өз сабағыңыз туралы сол жақ бағанда берілген сұрақтарға жауап беріңіз.

Жалпы баға

Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Қазақстан пойыздарында үй жануарларын тасымалдау ережелері
» Қазақстандықтар шетелге шығуға жылына қанша жұмсайды?
» Су тасқынынан зардап шеккендерге қосымша тағы 553 мың теңге төленеді
Пікір жазу