Идеал газ күйінің теңдеуі. Изопроцестер. Адиабаталық процесс. Физика, 10 сынып, сабақ жоспары.


САБАҚ: № 15-16

10.1BЖылу физикасы - молекулалық физика

Мектеп:

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні:

СЫНЫП: 10

Қатысқандар саны:

қатыспағандар:

Сабақ тақырыбы: Идеал газ күйінің теңдеуі. Изопроцестер. Адиабаталық процесс.

Осы сабақ арқылы жүзеге асырылатын оқу мақсаттары

Изопроцестер графиктерін салу.

Адиабаталық және изотермиялық процесстер графиктерін айыра білу;

 Сабақтың

 мақсаты

Барлық оқушылар: идеал газдың күй теңдеуін, газ заңдарының тұжырымдамасын біледі;Изопроцесстердің графиктерін айыра біледі; Изотермиялық, изохоралық және изобаралық процестеріді бір-бірінен айыра алады; Адиабаталық және изотермиялық процесстер графиктерін айыра біледі;

Оқушылардың көбісі: тұрақты температурада газ көлемі мен қысымның өзгеріс процесін, тұрақты қысымда температура мен газ көлемнің өзгеріс процесін, тұрақты көлемде температура мен газ қысымының өзгеріс процестерін айыра біледі; Изопроцестердің графиктерін PT, VT, PV координата осінде сала алады; рV, pT, VT– диаграммаларында берілген графиктердің әрбір бөлігіне сәйкес келетін процестерді біледі;

Кейбір оқушылар: газ заңдарын изопроцестерге байланысты есептер шығаруда қолдана алады , Изопроцестердің өзгеру процестері графиктерін PT, VT, PV координата осінде түрлендіріп сала алады;

Бағалау

 критерийі

  • Изопроцесстердің графиктерін айыра біледі;
  • Изотермиялық, изохоралық және изобаралық процестерді бір-бірінен айыра алады;
  • Адиабаталық және изотермиялық процесстер графиктерін айыра біледі;
  • Изопроцестердің графиктерін PT, VT, PV координата осінде сала алады;
  • рV, pT, VT– диаграммаларында берілген графиктердің әрбір бөлігіне сәйкес келетін процестерді біледі;
  • Изопроцестердің өзгеру процестері графиктерін PT, VT, PV координата осінде түрлендіріп сала алады;

 Тілдік мақсаттар

Оқушылар орындай алады:

Изопроцестерге сәйкес заңдарды ғылыми тілде жеткізе алады

Пәндік лексика мен терминология:

Қазақ тілінде

Орыс тілінде

Ағылшын тілінде

Идел газ

Идеальный газ

Ideal gas

Изотермиялық процесс

Изотермический процесс

isothermal process

Бойль заңы

Закон Бойля

Boyle's Law

Изобаралық процесс

Изобарический процесс

isobaric process

Гей-Люссак заңы

Закон Гей-Люссака

Guy-Lussac's Law

Изохоралық процесс

Изохорический процесс

isochoric process

Шарль заңы

Закон Шарля

Charles' Law

Қысым

Давление

Pressure

Температура

Температура

Temperature

Көлем

Объем

Volume

Термодинамикалық параметр

Термодинамический параметр

Thermodynamic parameters

 

Диалог құру және жазылымға қажетті пайдалы сөз тіркестер:

Қыздыру ... бөлшектердің кинетикалық энергиясын арттырады.

Бөлшектер ретсіз қозғалады.

Қатты және сұйық заттың арасындағы айырмашылық... болып табылады.

Сұйық және газ тәрізді заттың арасындағы айырмашылық ... болып табылады.

Құндылықтарды дарыту

Қоғамдық қатынасКомандалық жұмысты ұйымдастыру және командалық жұмыстарды жоспарлау қажеттілігі оқушылардың достық қарым-қатынастарын және олардың бірлескен оқу ортасында жұмыс істеу үшін коммуникативтік қасиеттерін қамтамасыз етеді: бірлескен жұмыста басқа студенттермен әлеуметтік, мәдени, этикалық және интерактивті дағдыларды дамыту. Студенттерге өз бетінше, жұппен және топпен жұмыс істеу қабілетін дамыту; жолдастардың пікірін құрметтеу; білім көздерін өз бетімен іздестіру қабілеті.«Мәңгілік Ел» ұлттық идеясыБалалардың академиялық білімге деген қызығушылығын қалыптастыру, өмір бойы Отанымыздың игілігі үшін оқыту. Сабақтың элементтері өзін-өзі тәрбиелеуге, өзін-өзі тануға, студенттер арасында сыни ойлауды дамытуға және білім берудегі үш тілдік саясатты іске асыруға бағытталған.Сабақтың моральдық әсері мыналарды қамтиды: оқуға деген жауапкершілікті сезіну; басқаларға құрметпен қарау; білім беру және танымдық қызметті ойдағыдай жүзеге асыру үшін түрлі көздерден ақпаратты қабылдау және пайдалану дағдыларын және қабілеттерін дамыту; оқушыларға мектептің меншігіне мұқият қарауға мүмкіндік беру; өз іс-әрекетін жоспарлау дағдылары мен дағдыларын қалыптастыруға және өз іс-әрекеттерін басқаруға қабілетті болу керек.

 Пәнаралық байланыстар

Математика, химия, информатика, қазақ тілі, ағылшын тілі, орыс тілі

 АКТ қолдану дағдылары

оқушылар әртүрлі ақпарат көздерінен алынған мәліметтердің өздеріне қажеттісін саралай алады, қолдана алады.

Алдыңғы білім

8 -сынып: қатты денелер, сұйықтықтар мен газдар құрылымы; броундық қозғалыс ; газқысымы; p= F/A; жылу энергиясын беру; ыстықтан суыққа берілетін жылу ағыны; жылулық тепе-теңдік; қарапайым молекулалы-кинетикалық модель.

9 -сынып: Ньютон механикасының заңдары және қозғалыс заңын сақтау.

Жоспар

Сабақ қезеңдері

Сабақта орындалуы тиіс іс әрекеттер

Оқыту ресурстары

0 – 2 минут

2-10 минут

  • Ұйымдастыру кезеңі.
  • Ұйымдастыру кезеңі.
  • Негізгі бөлім.
  • (T) Мұғалім түсіндірмесі

Газдың барлық үш заңының идеалды газ теңдеуінде болатынын көрсету.

Газ заңдары идеал газ үшін:

pV / T = NR

мұндағы R = 8.31 ДжК-1моль-1 және N = моль саны

ІV. Сыныппен жұмыс

Цилиндр ішіндегі газдың қысымы - 300 кПа. Егер газдың бастапқы көлемі жартысына дейін сығылса онда оның температурасы 23 ° C-тан 323 ° C-қа дейін көтеріледі, қысымы қалай өзгереді?

Шығарылуы:

V. Оқушыларды топқа бөлу: Қысым, Температура, Көлем, Па, К, кПа, м3, л, 0С, P, T, V

І Топ: (D) Бойль заңы үшін тұрақты температура кезіндегі көлемді өлшеу және қысымды өзгерту үшін қарапайым аспапты пайдаланыңыз. Оқушыларға талдау үшін деректерді беріңіз.

Сілтемелер бойынша Бойль заңын түсіндіру-http://www.schoolphysics.co.uk/animations/Heat%20energy%20animations/Boyles_law/index.html

http://www.schoolphysics.co.uk/animations/Heat%20energy%20animations/Boyles_law_molecules/index.html

ІІ топ: (D) Шарль заңы үшін тұрақты қысым кезіндегі көлемді өлшеу және температураны өзгерту үшін қарапайым аспапты пайдаланыңыз. Оқушыларға талдау үшін деректерді беріңіз.

Сілтемелер бойынша Шарль және Гей-Люссак заңдарын түсіндіру

http://www.schoolphysics.co.uk/animations/Heat%20energy%20animations/Heating_a_gas/index.html

http://www.schoolphysics.co.uk/animations/Heat%20energy%20animations/Pressure_law/index.html

ІІІ топ: (D)Қысымның бөліну заңы(Дальтон заңы) және Авогадро заңдарын түсіндіру үшін тұрақты көлем кезіндегі қысымды өлшеу және температураны өзгерту үшін қарапайым аспапты пайдаланыңыз. Оқушыларға талдау үшін деректерді беріңіз.

VI. Сыныпппен жұмыс. Топтық жұмыстарға кері байланыс беру

https://www.twig-bilim.kz/search/?search=%D0%93%D0%B0%D0%B7%20%D0%B7%D0%B0%D2%A3%D0%B4%D0%B0%D1%80%D1%8B

10-20 минут

20-25

Мин

25-27

27-35

36-47

47-50

51-60

61-75

  • Мотивация. Минипостермен жұмыс. Изопроцестер. График салу.

а.

  • Изотермиялық процестің pV координата осінде;
  • Изотермиялық процестің pТ координата осінде;
  • Изотермиялық процестің VТ координата осінде;

b.

    • Изобаралық процестің pV координата осінде;
    • Изобаралық процестің pТ координата осінде;
    • Изобаралық процестің VТ координата осінде;

с.

i. Изохоралық процестің pV координата осінде;

ii.Изохоралық процестің pТ координата осінде;

iii.Изохоралық процестің VТ координата осінде;

(W) Сыныппен жұмыс. Газ заңдары және олардың қолданылуы. Твиг. (W) Сыныппен жұмыс. Видеокөрініс. Адиабаталық процесс. Білім Land

(T) Мұғалім түсіндірмесі.

Жылудан оқшауланған жүйеде өтетін процесс адиабаталық процесс деп аталады

Мысалы: велосипад камерасы, ауа оттығы,дизель қозғалтқышы, жер атмосферасы, құрғақы мұз алу.

Адиабаталық процесс өту шарттары:

а) Жүйе жылу өткізбейтін қабықшады түру керек (Дьюар ыдысында,

термостарда)

b) Процесс өте тез өтуі тиіс, сонда жылу қоршаған ортаға беріліп

үлгермейді

c) Процесс газдың үлкен көлемінде өтуі тиіс (атмосфера), сонда газ

параметрлерінің жеке дара кішігірім облыстарда өзгеруі процестің

өтуіне әрекет етпейді.

(W) Сыныппен жұмыс. Видео көрініс. Адиабаталық ұлғаю.

Адиабата сығылғанда газ температурасы қалай өзгереді?

Тұрақты температура кезінде идеалды газдың бекітілген массасы үшін көлемге тәуелді қысым.

http://flash-fizika.narod.ru/4_6.html

(W) Сыныппен жұмыс. Изопроцесс графиктерін PT, VT, PV графиктерінде түрлендіріп бейнелеудің әдістері.

Оқушыларды топқа бөлу.(Изопроцесстер графиктері арқылы.)

(G). Топтық жұмыс. Төменде берілген (рV), (pT), (VT) – диаграммаларында берілген графиктердің әрбір бөлігіне сәйкес келетін процестерді атаңыз.

Топтық жұмыстың жауабын талдау.

  • (pV): (1-2)- Изохоралық қыздыру, (2-3)-изобаралық ұлғаю, (3-4)-изохоралық салқындау, (4-1)-изобаралық сығылу.
  • (pТ): (1-2)- Изохоралық қыздыру, (2-3)-изобаралық ұлғаю, (3-4)-изохоралық салқындау, (4-1)-изобаралық сығылу.
  • (VТ): (1-2)- Изохоралық қыздыру, (2-3)-изобаралық ұлғаю, (3-4)-изохоралық салқындау, (4-1)-изобаралық сығылу.

(G) Жұптық жұмыс. Төменде берілген (рV), (pT), (VT) – диаграммаларында берілген графиктердің әрбір бөлігіне сәйкес келетін процестерді атаңыз.

Жұптық жұмыстың жауабын талдау.

•(pV): (1-2)- Изохоралық қыздыру, (2-3)-изобаралық ұлғаю,

(3-4)-изотермиялық ұлғаю, (4-1)-изобаралық сығылу.

•(pТ): (1-2)- Изохоралық қыздыру, (2-3)-изобаралық қыздыру, (3-4)-изотермиялық ұлғаю, (4-1)-изобаралық салқындау.

•(VТ): (1-2)- Изохоралық қыздыру, (2-3)-изобаралық ұлғаю, (3-4)-изотермиялық ұлғаю, (4-1)-изобаралық салқындау.

(I). Жеке жұмыс.

http://bilimland.kz/index.php/kz/Адиабатикалық сығылудағы қарапайым анимация:

http://www.youtube.com/watch?v=dQeCEqkE9eE

https://www.youtube.com/watch?v=4KEp5RxwYf0

Идеалды газдың кері изотермиялық сығылу анимациясы:

75-78

78-80

Рефлексия

  • Бүгінгі сабақтан … үйрендім
  • Бүгінгі сабақта маған ұнады…
  • Маған қиындық келтірді…

Үйге тапсырма. Тәжірибелік тапсырма

(D) Велосипед сорғысын алыңыз және ұшына саусағыңызды қойыңыз. Оны шапшаң тербелтіңіз –оқушыларды температураның біршама артуын сезінуге шақырыңыз. Оны ақырын тербелтіңіз – температураның қандай да болмаса артуы байқалмайды.

(I) Оқушылардан изотермиялық және адиабаталық сығылу үшін көлемнен қысымға тәуелді графикті салуды сұраңыз (жоғарыдағы велосипед сорғысындағыдай).

Қосымша ақпарат

Дифференциалды оқытуКөбірек қолдау көрсету үшін не істейсіз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндеттер қоюды жоспарлайсыз?

Бағалау – Оқушылардың берілген материалды меңгеру деңгейін қалай тексересіз?

Пәнаралық байланыс

Денсаулық және қауіпсіздік ережелері

АКТ

Құндылықтармен байланыс

(тәрбиелік элемент)

Бұл барлық оқушыларға қол жетімді кіріспе және зерттеу белсенділігі.

Қалыптастырушы бағалау жұмысы арқылы, сыныппен жұмыс кезіндегі оқушының белсенділіг, қойылған сұраққа дұрыс әрі нақты жауап бере алуы.

Осы сабақ кезіндегі қызмет оқушылардың денсаулығы мен қауіпсіздігіне қатер төндіреді, мысалы әйнекті сындыру кезінде. Бұл оқушылар үшін қатерді мұқият бағалау мен нақты нұсқауды талап етеді.

Рефлексия

Сабақ мақсаттары /оқыту мақсаттары жүзеге асырымды болды ма? Бүгін оқушылар нені үйренді? Оқыту ортасы қандай болды? Менің бөліп оқытқаным өз мәнінде жүзеге асты ма? Мен өз уақытымды ұтымды пайдалана алдым ба? Мен жоспарыма қандай өзгерістер енгіздім және неліктен?

Төменде берілген бос орынды өз сабағыңызға рефлексия жүргізу үшін пайдаланыңыз. Сабағыңызға қатысты сол жақта келтірілген сұрақтарға жауап беріңіз.

Жалпы бағалау

Ең жақсы өткен екі тапсырманы атап көрсетіңіз (оқытуға және үйренуге қатысты)

1:

2:

Қандай екі нәрсе немесе тапсырма сабақтың одан да жақсы өтуіне ықпалын тигізер еді (оқытуға және үйренуге қатысты)?

1:

2:

Осы сабақтың барысында барлық сынып немесе жекелеген оқушылар туралы менің келесі сабағыма қажет болуы мүмкін қандай ақпаратты білдім?



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Қазақстан пойыздарында үй жануарларын тасымалдау ережелері
» Қазақстандықтар шетелге шығуға жылына қанша жұмсайды?
» Су тасқынынан зардап шеккендерге қосымша тағы 553 мың теңге төленеді
Пікір жазу