Физикалық шамалардың қателіктері. Өлшеулер нәтижесін өңдеу. Физика, 10 сынып, презентация.
Физикалық шамалардың қателіктері. Өлшеулер нәтижесін өңдеу
Оқу мақсаттары:
10.1.2.1 - жүйелік және кездейсоқ қателіктерді ажырата білу;
10.1.2.2 - тәуелсіз, тәуелді және тұрақты физикалық шамаларды анықтау;
Бағалау критерийлері:
Физикалық шамалардың өлшемін ХБЖ-де жазады;
Өлшеу құралдарының бөлік құнын анықтайды;
Тура өлшеу үшін абсолют және салыстырмалы қателіктрді анықтай алады;
Жүйелі және кездейсоқ қателерді бір-бірінен ажырата алады;
Тәуелді, тәуелсіз шамаларды дұрыс таңдайды;
График салу үшін масштабты дұрыс таңдайды
Градинтті дұрыс анықтайды
Физика дегеніміз не?
Зерттеу құралы ретінде физикада қандай әдістер қолданылады?
Эксперимент жасау барысында қандай қауіпті жағдай туындауы мүмкін?
1. Жұмысты бастар алдында жұмыс барысын мұқият оқыңыздар.
3. Кабинеттегі тәртіпті сақтай отырып, мұғалімнің айтқанын дәлме-дәл істеуге тырысыңыздар.
2. Мұғалімнің рұқсатынсыз жұмысты орындауды бастамаңыздар.
Зертханалық жұмысына кезіндегі қауіпсіздік техника ережелері
4. Құрал-саймандарды, аспаптарды өз орындарынан құламайтындай етіп орналастырыңыздар.
5. Өлшеуіш аспаптарды асқын жүктемеңіздер.
6. Шыныдан жасалған ыдыспен жұмыс істеген кезде өте мұқият болыңыздар.
7. Шыны ыдысқа құйылатын су температурасы жоғары болған жағдайда ішіне термометр орналастырыңыздар.
7. Оптикалық аспаптармен жұмыс істеген кезде арнайы көзілдірік киіп алыңыздар. Лазер жарығын көзге бағыттауға тыйым салынған!
8. Сұйықтардың температурасы 70-80 °С-ден аспау керек.
9. Сұйықтарды қыздыру үшін тек спиралі жабық электрқыздырғышын қолданыңыздар.
10. Электр тізбегін жинаған кезде изоляцияланған сымдарды ғана қолданыңдар. Изоляциясы бұзылып қалған сымдармен жұмыс істеуге болмайтынын есте сақтаңдар.
11. Ток көзі электр тізбегіне ең соңғы болып қосылады.
12. Жиналған электр тізбегі мұғалімнің тексеруінен кейін ғана қосылады.
Тұрмыстығы электр тогы
Көшедегі электр тогы
Физикалық шама дегеніміз не?
Физикалық шама – табиғаттағы құбылыстарды немесе заттардың физикалық қасиеттерін бір-бірімен салыстыра сипаттау үшін енгізілген айрықша термин.
Физикалық шама (ағыл. physical quantity) – физикалық объекттің (физикалық жүйенің, құбылыстың немесе процестің) өзіне ғана тән қасиеттерін сипаттайды
Кез келген физикалық шаманың негізгі 5 сипаттамасы бар:
анықтамасы, атауы, белгісі, сан мәні, өлшемі.Физикалық шаманың өлшем бірлігі (англ. unit of measurement) – бұл физикалық шаманың шартты түрде сандық мәні 1-ге тең және біртекті физикалық шамалардың мөлшерін көрсететін ұғым.
Физикалық шамалардың бірліктер жүйесі
(system of units of measurement)
негізгі (ағылш. base unit of measurement) бірліктерінің кейбірін ғана (метр [м], килограмм [кг], секунд [с], ампер [А], кельвин [К], моль [моль] және кандела [кд]) қамтитын;
ал қалған өлшем бірліктері сол негізгі бірліктердің туынды (ағылш. derived unit of measurement) бірлігі ретінде анықталады.
Физикалық шаманың өлшем бірлігін анықтау
мысалы,
Паскаль
Ньютон
Метр
метр
Физикалық шамалар:
биіктік h , масса m, жол s, жылдамдық v, уақыт t, температура t, көлем V және т.б.Өлшем бірліктер ... бөлінеді
негізгі
туынды
Физикалық шаманы өлшеу –
Бірлік ретінде қабылданған біртекті шамамен салыстыру дегенді білдіреді.
негізгі
http://learningapps.org/1107206
Масса бірліктерін ХБЖ келтіріңіз, өсу ретімен орналастырыңыз
туынды
http://learningapps.org/595801
ұзындық бірліктерін өсу ретімен орналастырыңыз
Тапсырма №1.
Келесі физикалық шамалардың өлшемдерін ХБЖ негізгі өлшемдерімен өрнектеңіз:
Үдеу
Қуат
Заряд
Күш моменті
Дескрипторы:
- Туынды өлшемдерді негізгі өлшемдер арқылы өрнектейді.
Тапсырма №1 жауаптары
Үдеу – мс-2
Қуат – Вт=Дж/с=кгм2с-3
заряд – Кл=Ас
Күш моменті – Нм=кг·м2·c−2
Физикалық эксперимент
Эксперимент – табиғаттағы құбылыстарда орын алатын себеп-салдар тәуелділіктерді анықтау үшін қолданылатын физиканың ең басты зерттеу әдістерінің бірі.
Айнымалы шамалардың түрлері:
Тәуелсіз физикалық шаманы экспериментатор өзі өзгертеді.
Тәуелді физикалық шама тәуелсіз шаманың өзгерісіне тәуелді өзгереді.
Өзгермейтін шамалардың тұрақтылығын экспериментатор өзі қадағалап отырады.
Өлшеу — арнайы техникалық құралдардың көмегімен тәжірибе арқылы физикалық шаманың мәнін табу процесі. Физикада өлшеудің тура және жанама тәсілдері қолданылады.
Физикалық шаманың мәні тікелей құралдың көрсетуімен анықталады.
Мысалы, уақытты - сағатпен немесе секундомермен, ал ұзындықты сызғышпен анықтайды.
шаманың сандық мәнін белгілі бір формула (тура өлшеу негізінде алынған шама) арқылы анықтау.
Мысалы: дененің ауданын немесе көлемін анықтау
Өлшеу дәлдігі адамның тәжірибелігіне, пайдаланатын аспабындағы бөліктердің мәніне байланысты болады. Барлық өлшеулер қаншалықты нақтылап жүгізілгенмен де, тек жуық нәтижесін береді және өлшеу қателіксіз болмайды.
қателікке апаратын кейбір жолдарды қарастырайық:
Аспаптың жаңылысы
Өлшеудің мұқият жүргізілмеуі (секундомерді уақытында қоспау, көру аймағының дұрыс болмауы)
Өлшенетін шаманың құбылмалығы (температура, кернеу тербелісі, т.б.).
Өлшеу қателіктері:
Өлшеу қателіктері
Өлшеу дәлдігі – анықталатын шаманың нақты өлшемінің өлшенген мәнінен айырмашылығы. Өлшенетін шаманың сипаттамасына сәйкес өлшеу қателігі әр түрлі тәсілдермен анықталады.
Арифметикалық орташа мәні мен өлшеген мәнінің айырымы абсолют қателік деп аталады.
Мысалы, өлшеу нәтижесінде дененің ұзындығы 25 мм, 24мм, 27 мм.
Салыстырмалы қателік абсолют қателіктің ізделінді шаманың өлшеміне қатынасына тең.
Жүйелі қателік
бір физикалық шаманы қайталап өлшеген кезде заңды түрде өзгеретін және тұрақты түрде қалатын өлшеу қателіктерін құрайды. Олардың өзгешелік белгісі, олар болжанған, анықталған және осының арқасында тиісті түзетуді енгізумен толығымен жойылуы мүмкін
Жүйелік қателіктердің себептері:
өлшеу эталонымен сәйкес келмеуі;
өлшеуіш құралдарды дұрыс орналастырмау; (көлбеулік, дұрыс қойылмау);
құралдың бастапқы мәнінің ауытқуы;
Бірдей жағдайда бірдей мұқияттылықпен жүргізілген физикалық шаманың тура сол мөлшерін қайталап өлшеулер сериясындағы кездейсоқ түрде (белгісі және мәні бойынша) өзгеретін өлшеу қателіктерін құрайды.
Кездейсоқ қателік
Тапсырма
Дескрипторы:
Өлшеу құралдарының атауын жазады;
Құралдардың көрсеткішін анықтайды;
Физикалық шаманың мәнін оның қателігімен жазады
Қалыптастырушы бағалау
РЕФЛЕКСИЯ:
Не білемін?
Не үйрендім?
Не білгім келеді?
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру