![]() |
|
![]() |
Электр тогының жылулық әсері. Джоуль-Ленц заңы. Физика, 8 сынып, сабақ жоспары.
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Тұрақты электр тогы | Мектеп: | ||||||||||||||||||||||
Күні: | Мұғалімнің аты-жөні: | ||||||||||||||||||||||
Сынып: | Қатысқандар саны: Қатыспағандар саны: | ||||||||||||||||||||||
Сабақтақырыбы | Электр тогының жылулық әсері. Джоуль-Ленц заңы. | ||||||||||||||||||||||
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме) | 8.4.2.13–Джоуль-Ленц заңын есептер шығаруда қолдану. | ||||||||||||||||||||||
Сабақ мақсаттары |
| ||||||||||||||||||||||
Бағалау критерийлері |
| ||||||||||||||||||||||
Тілдік мақсаттар
| Арнайы пәндік лексика және терминология: Ток күші- current Кернеу-voltage Электрлік кедергі- resistor Электр тогының жұмысы- energy transformed Электр тогының қуаты- electric power Диалог үшін пайдалы баянды сөйлемдер: Джоуль-Ленц заңы: Өткізгіштен электр тогы өткен кезінде өткізгіш қызады. Өткізгіштен бөлініп шыққан жылу мөлшері ток күшінің квадратына, өткізгіштің кедергісіне және токтың өту уақытына тура пропорционал. | ||||||||||||||||||||||
Құндылықтарды дарыту
|
| ||||||||||||||||||||||
Пәнаралық байланыстар | Джоуль-Ленц заңын қолданып есептер шығаруда математика пәнімен байланыс. | ||||||||||||||||||||||
Бастапқы білім | Электр тогының жұмысы және қуаты. Тізбек бөлігіне арналған Ом заңы, кернеу, ток күші және кедергі. | ||||||||||||||||||||||
Сабақ барысы | |||||||||||||||||||||||
Сабақтың жоспарланған кезеңдері | Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет | Ресурстар | |||||||||||||||||||||
Сабақтың басы 0-10 мин 10-12 мин | 1) Өткен тақырыптар бойынша теориялық материалды меңгеру деңгейін анықтау үшін физикалық диктант алу. 1.Ток күшінің анықтамасы айт және оның математикалық формуласын жаз. (I=) 2. Зарядтар орын ауыстырғанда өрістің электрлік күштерінің атқаратын жұмысын анықтайтын формуланы жаз.(A=Uq). 3. Ток күшінің анықтамасынан шығатын зарядтың формуласын жаз.(q=It). 4. Электр тогының жұмысын ток күші, кернеу және жұмыс істеуге кеткен уақыт арқылы өрнекте. (A=IUt). 5. SI жүйесінде жұмыстың өлшем бірлігі қалай анықталады? (1Дж=1А·1В·1с). 6. Тізбек бөлігіне арналған Ом заңын пайдаланып электр тогын анықтауға болатын тағы да екі формула қорытып шығар. (A=I2·Rt; A= ). 7. Электр тогының қуатын қалай есептеуге болады? (P=UI) 8. SI жүйесінде қуаттың өлшем бірлігі қалай анықталады? (1Вт= ). 9.Өткізгіштерді тізбектей жалғанғанда қуатты қандай формуламен есептеген қолайлы? (P=I2Rt). 10. Өткізгіштерді параллель жалғанғанда қуатты қандай формуламен есептеген қолайлы? (P=t ). Мұғалім жауабын көрсетеді, оқушылар өзара бағалайды. Мұғалім кері байланыс жасай отырып, сабақтың тақырыбы мен мақсатына қарай оқушыларды бағыттайды. 2) Мақсатты болжау. Оқушылармен бірге талқыланады
Ой қозғау Өткізгіштің қызуы тек ток күшіне байланысты ма? Мұғалім демострация көрсетеді Кедергісі әр түрлі мыс ,болат және никелиннен жасалған сымды тізбектей жалғап ток көзіне қосады. Ток күшін біртіндеп арттырады. Тізбектей жалғағанда ток күші бірдей, бірақ өткізгіштерде бөлінетін жылу әртүрлі. Оқушылар талқылайды және жылу кедергіге тәуелді екенін түсінулері тиіс. | Үлестірмелі материалдар | |||||||||||||||||||||
Сабақтың ортасы 12-22 мин 22-37 мин 37-39 мин | 3) «Ойлан – жұптас – бөліс» оқушылар жұпта талқылайды. Әр жұптың жауабына қарай мұғалім бағалау жүргізеді. І жұп
ІІ жұп
ІІІ жұп
ІҮ жұп
Ү жұп 1.Өткізгіш сымдарды жалғастырғанда ұштарын бұрап бекіте салмай, неліктен оларды пісіріп жалғастырады? Жауаптарыңды дәлелдеңдер.
Мұғалім оқушыларға кері байланыс жасай отырып толықтырулар жасайды немесе басқа оқушылар жауапты толықтырады. Оқушылар қолдану дағдысын дамыту үшін Джоуль-Ленц заңын пайдаланып есептер шығарады. 4) Өздік жұмыс
4. Кернеуі 220 В желіге есептелген қуаты 600 Вт электр пешінің орамасын жасау үшін, көлденең қимасының ауданы 0,2 мм2 никелин сымынан неше метр алу керек? =0,4 Оқушылар бағалау критерийлерін қолданып өзін- өзі бағалайды.
| Таратпа материал Таратпа материал | |||||||||||||||||||||
Сабақтың соңы 39-40 мин | 5) Оқушылардан кері байланыс алу. (ет турағыш, чемодан, себет) 6) Үйге тапсырма .
| Таратпа материал | |||||||||||||||||||||
Саралау –оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз? | Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз? | Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы | |||||||||||||||||||||
Барлық оқушылар: Джоуль-Ленц заңын есептеуге арналған формуланы біледі және есептер шығаруда қолдана алады.Джоуль-Ленц заңын тұжырымдамасын біледі. Басым бөлігі:. Джоуль-Ленц заңын есептеуге арналған формуланы қорытып шығара алады және жеткілікті деңгейдегі есептер шығаруда қолданады. Кейбір оқушылар:Джоуль-Ленц заңын анықтауға байланысты эксперименттік тапсырмалар орындайды, жоғары дәрежедегі есептерді шығарады. | Сабақ барысында оқушылар өзара және өзін-өзі бағалайды. | ||||||||||||||||||||||
Сабақ бойынша рефлексия Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылғанба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткіздіме? Жеткізбесе, неліктен? Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме? Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма? Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен? |
| ||||||||||||||||||||||
Жалпы баға Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)? 1: 2: Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)? 1: 2: Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет? |
Құрметті оқырман! Файлдарды күтпестен жүктеу үшін біздің сайтта тіркелуге кеңес береміз! Тіркелгеннен кейін сіз біздің сайттан файлдарды жүктеп қана қоймай, сайтқа ақпарат қоса аласыз! Сайтқа қосылыңыз, өкінбейсіз! Тіркелу
Кейінірек оқу үшін сақтап қойыңыз:
![]() |
![]() |
![]() |
![]() |
![]() |
![]() |
![]() |
Қарап көріңіз 👇
Жаңалықтар:
» Оқу-ағарту бірінші вице-министрі: ЖАЗҒЫ КАНИКУЛ 90 КҮНГЕ СОЗЫЛАДЫ 29.05.2023
» Шетелге шығу турларының құны бір жыл ішінде қалай өзгерді ? 19.05.2023
» Соңғы қоңырау 2023 жылы қашан болады ? 15.05.2023