Электр тогының жұмысы мен қуаты. Электр тогының жылулық әрекеті. Джоуль-Ленц заңы. Физика, 10 сынып, сабақ жоспары.


Сабақтың қысқа мерзімді жоспары

Ұзақ мерзімді жоспардың бөлімі:

Электр тогының жұмысы мен қуаты

Мектеп:

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні:

Сынып:

10

Қатысқандардың саны:

Қатыспағандардың саны:

Сабақтың тақырыбы

Электр тогының жұмысы мен қуаты. Электр тогының жылулық әрекеті. Джоуль-Ленц заңы.

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

10.3.2.4 – тұрмыстағы электр құралдарының жұмыс құны мен қуатына практикалық есептеулер жүргізу.

Бағалау

критерийлері

Оқушы оқу мақсатына жетеді, егер:

Электр тогының жұмысын есептейді.

Электр құралдарының тұтынатын қуатын анықтайды.

Токтың жылулық әрекетін түсіндіреді.

Сабақ мақсаттары:

Тұрмыстық техника құралдары электр энергиясының есебінен жұмыс жасайтындығын түсіндіру. Электр тогының жұмысы мен қуаты қандай параметрлерге тәуелді екендігін білу және формулаларын есептер шығаруда қолдана алу.

 Тілдік мақсаттар

 

Потенциометр

Потенциометр

Potentiometer

Қуат

Мощность

Power

Джоуль-Ленц заңы

Закон Джоуля-Ленца

The Law Of Joule

Электр тогының жұмысы

Работа электрического тока

Work electric current

Электр үнемдеу

Энергосбережение

Energy saving

Электр энергиясын санағыш

Счетчик электрической энергии

Electricity meter

Электр үнемдегіш шамдар

Энергосберегающие лампочки

Energy saving light bulb

Лексика мен терминология

Оқушылар:

- академиялық лексиканы қолдана отырып ауызша және жазбаша түрде әртүрлі энергия көздерінің электр энергиясына түрленуін сипаттай алады;

-электростанциялардың түрлерін атай алады;

- электростанциялардың қолдану аясын ажырата алады: ұлттық, өндірістік және аймақтық.

 Құндылықтарды дарыту

Топтық жұмыс кезіндегі өзара көмек, академиялық адалдық.

 Жаһандық азаматтықты тәрбиелеу

Елдегі және әлемдегі энергияны үнемдеудің рөлін түсіну, өткен ғасырда мыс купоросы бар астаудың электр есептегіші ретінде қолданылуының мысалы.

АКТ қолдану дағдылары

Инженерлік калькуляторлармен, мультиметрлермен немесе электрондық құрал SPARK-пен жұмыс.

Түпнұсқалықты оқыту

Электр шамдарын энергияны үнемдейтін шамдармен ауыстырған кезде біз тек қана ақшаны үнемдемей қоймай, қоршаған ортаны сақтаймыз.

Пәнаралық байланыстар

Математика.

Бастапқы білім

8-сынып физикасының материалы: Электр тогы, Ом заңы, жұмыс және қуат.

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтың жоспарланған әрекеттері

Ресурстар

Сабақтың басы

1-10 мин

(W) Ұйымдастыру кезеңі.

Өткен бөлімдегі меңгерілген материалды қайталау.

  • Сұрақтарға жауап беріңіз.
  • Тізбек бөлігі үшін Ом заңын тұжырымдаңыз.
  • Қандай жалғану тізбектей деп аталады? Бұл жалғану кезінде қандай шама тұрақты болып қалады?
  • Қандай жалғану параллель деп аталады? Бұл жалғану кезінде қандай шама тұрақты болып қалады?
  • Кедергілері бірдей үш тізбектей жалғанған резисторлардың жалпы кедергісін қандай формуламен анықтауға болады? Ал параллель жалғанатын болса?
  • Ауызша есептеңіз.

Презентация

1-2 слайдтар

Сабақтың ортасы

11-20 мин

21-24 мин

25-30 мин

31-38 мин

(W) Оқушылармен бірге сабақтың тақырыбын, оқу мақсаты мен бағалау критерийлерін анықтау.

(W) Жаңа материалды меңгеру.

Әр отбасыға ай сайын есеп түбіртегі жіберіледі.

Осындай квитанция арқылы коммуналдық қызметтің қай түріне төлем жасаймыз?

Біз не үшін ақша төлейміз? (тұтынатын электр энергиясы үшін).

Ол неге жұмсалады? (қолданатын тұрмыстық құралдар).

Физика бойынша электр тогы бізге жұмыс жасайды.

  • Электр тогының жұмысының формуласын

қорыту:

Анықтамаға сәйкес кернеу мен ток күшінің формулаларын жазыңыз:

Джоуль-Ленц заңы.

.

Формуланың бірінші жағы электр тогының жұмысының формуласын қайталайды.

Токтың қандай да бір басқа энергия түрленуі болғанда Джоуля-Ленц заңы орындалмайтынын ескеру керек.

Электр тогының жұмысы.

Токтың жұмысымен бірге токтың қуатын да ескеру керек, себебі бұл шама электр энергиясын қолдануда негізгі болып табылады.

Қуат деген не?

  • Электр тогының қуатының формуласын қорыту:

Анықтама. Қуат – бірлк уақытта жасалған уақыт (токтың жұмыс жасау жылдамдығы). Тізбек бөлігіндегі токтың қуаты ток күші мен кернеудің көбейтіндісіне тең.

Белгіленуі: Р, Қуаттың ваттқа еселік мәндері: гектоватт, киловатт, мегават.

(I) Токтың жұмысы мен қуатының өлшем бірліктерін ХБЖ айналдыру. Оқушылар әр түрлі нұсқалармен жеке жұмыс жасайды. Жұмысты аяқтағаннан кейін оқушылар бір-бірін тексереді (берілген қызмет түрі жаңа материалды түсіндіру кезінде ұсынылады).

(W) Ойша орындалатын эксперимент «Қай өткізгіште токтың қуаты көбірек?»

Геометриялық өлшемдері бірдей екі өткізгіш тізбектей жалғанып ток көзіне қосылған. Қай өткізгіште ток қуатыы көбірек? Неліктен? Қорытынды жасаңыз.

Оқушылар сұрақтарға жауап береді жән есәйкес қорытынды жасайды.

(D) Мұғалімнің демонстациясы. «Токтың қуаты/ жұмысының кедергіге тәуелділігі».

Қорытынды: тізбектей жалғану кезінде токтың қуаты/жұмысы кедергісі көп өткізгіште көбірек болады.

Қорытынды: параллель жалғану кезінде, кедергісі азырақ өткізгіштегі токтың қуаты көбірек болады.

(G) Есептер шығару: есептер бірге шығарылады, қажет болғанда мұғалім көмектеседі.

Дескрипторлар:

  • Суреттегі физикалық шамалардың мәндерін анықтайды;
  • Шамалардың мәндерін ХБЖ айналдырады.
  • Есепетер шығару кезінде электр тогының қуаты мен жұмысының формуласын қолданады;
  • Математикалық есептерді жүргізеді.
  • Жауабын жазады.

Жауаптары:

  • 138 кДж, 2А;
  • 2Вт, 4Вт;
  • 896 с.

Презентация

Қосымша 1,2

Сабақтың соңы

39-40 мин

Екінші сабақтың рефлексиясы.

Презентация

Үй жұмысы

Үйді жарықтандыру үшін қандай шамды таңдайсыз: қыздыру шамы, энергия үнемдегіш немесе жарықдиодтық?

Кем дегенде 3 аргумент келтіріңіз.

Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жос-парлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау – оқушылардың мате-риалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіп-сіздік техникасының сақталуы

Әртүрлі деңгейлі есептер шығару

Оқушылардың жауабы, қалыптастырушы бағалау.

Физика кабинеттіндегі қауіпсіздік техника сақтау ережелерін сақтау

Қабілетті оқушылар құралдармен демонстрацияны көрсеткенде, сонымен қатар топтық жұмысты ұйымдастырғанда көмекші рөлдерінде болады.

Барлық оқушылар үйренуі тиіс:

Электр тогының әрекетін түсіндіреді, мысалдар келтіреді.

Кейбір оқушылар үйренуі тиіс:

Электр тогының жұмысын, электр құралдардың қуатын анықтауға, Джоуль-Ленц заңын қолдануға есептер шығарады.

Кейбір оқушылар үйренуі тиіс:

Энергияны үнемдейтін шамдарды қолданудың экономикалық тиіімділігін бағалайды.

Әртүрлі деңгейлі есептер шығару.

Материалды меңгеру деігейін анықтау келесідей жүзеге асырылады: топта есептер шығару кезіндегі мұғалімнің бағалауы, өтілген материалға есеп шығару кезінде оуызша мадақтау немесе қолдау сөздері, өлшем бірлктермен жұмыс жасаған кездегі өзара бағалау, дайын жауаптар бойынша өз-өзін тексеру.

Электр тогымен жұмыс жасау кезінде қауіпсіздік техникасын сақтау.

Жалпы баға

Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Қазақстандықтар шетелге шығуға жылына қанша жұмсайды?
» Су тасқынынан зардап шеккендерге қосымша тағы 553 мың теңге төленеді
» Елімізде TikTok желісі бұғатталуы мүмкін бе?
Пікір жазу