![]() |
|
![]() |
Электр тогының жылулық әсері, Джоуль-Ленц заңы. Физика, 8 сынып, сабақ жоспары.
Сабақ жоспары
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Тұрақты электр тогы | Мектеп: | ||||||||||||||||||
Күні: | Мұғалімнің аты-жөні: | ||||||||||||||||||
Сынып: 8 | Қатысқан оқушылар саны: | Қатыспағандар: | |||||||||||||||||
Сабақтың тақырыбы | Электр тогының жылулық әсері, Джоуль-Ленц заңы | ||||||||||||||||||
Осы сабақ арқылы жүзеге асатын оқу мақсаттары | 8.4.2.13 – Джоуль-Ленц заңын есептер шығару үшін қолдану; | ||||||||||||||||||
Сабақтың мақсаттары |
| ||||||||||||||||||
Бағалау критерийлері
|
| ||||||||||||||||||
Тілдік мақсаттар | Оқушылар орындай алады:
Пәнге тән лексика мен терминология: Электр энергиясын өндіру, жеткізу және тұтыну, энергия көздері, балама энергия көздері.
Диалог пен жазу үшін пайдалы сөздер мен тіркестер Жылу электр станцияларында ........ ..... энергиясы электр энергиясына айналдырылады. Қазақстанда өндірілетін жалпы энергия қуаты .... Электр станциялары ұлттық, .... және .... мақсаттағы болып бөлінеді. | ||||||||||||||||||
Құндылықтарды дарыту |
| ||||||||||||||||||
Пәнаралық байланыстар | Формулаларды түрлендіру менжәне есптер швғарғанда математика пәнімен байланыс | ||||||||||||||||||
Осыған дейін меңгерілген білім | Тоқтың жұмысы мен қуаты. | ||||||||||||||||||
Сабақ барысы | |||||||||||||||||||
Сабақтың жоспарланған кезеңдері | Сабақтың жоспарланған әрекеттері | Ресурстар | |||||||||||||||||
Сабақтың басы 0-5 мин 5-7 мин | 1) Өтілген тақырыпты еске түсіру үшін оқышылар орындайтын тапсырма. Физикалық диктант.
2) Ой қозғау: слайдта берілген құралдарды сипаттайтын ортақ қандай шамалар бар? 3) Мақсатты болжау. Мұғалім оқушылармен бірге бүгінгі сабақтың мақсатын талқылайды. | Презентация | |||||||||||||||||
Сабақтың ортасы 7-17 мин 17-27 мин 27-35 мин 35-38 мин | 4) Мұғалім Джоуль-Ленц заңын мысал келтіре отырып түсіндіреді. Токтың жылулық әрекетін еске түсіріп, өткізгіш арқылы ток жүрген кезде бөлінетін жылуды есептеуге арналған Джоуль-Ленц формуласын енгізу ұсынылады. Осы кезеңде электр энергиясын өлшеу үшін Джоуль ғана емес, оның құнын анықтау кезінде кВтсағ деген өлшем бірлікті қолданатынына тоқталу керек. Металдардағы еркін электрондар электр өрісі әрекетінен орын ауыстырғанда кристалдық тор түйіндерінде орналасқан иондармен соқтығысып және оларға өз энергияларының бір бөлігін берумен түсіндіріледі. Иондар үлкен жылдамдықпен тербеле бастайды,өткізгіштің ішкі энергиясы артады және температурасы көтеріледі. Электр энерғиясының жылу энергиясына өтуі Ленц — Джоуль заңымен анықталады. Бұл заңды токтың жылулық әсер заңы деп те атайды. Орыс ғалымы Ленц және ағылшын физигі Джоуль бір мезгілде және бір-бірінен тәуелсіз электр тогы өткізгіш арқылы өткенде, өткізгіште бөлінетін жылу мөлшері ток квадратына, өткізгіш кедергісіне және токтың өткізгіштен өту мерзіміне тура пропорционал болатындығын анықтады. Бұл ереже Ленц — Джоуль заңы деп аталады. Егер ток әрекеті жасалған жылу мөлшерін Q әрпімен өткізгіштен өтетін ток күшін I әрпімен, өткізгіш кедергісін R әрпімен және, токтың өткізгіштен ағып өту уақытын t әрпімен белгілесек, онда Ленц — Джоуль заңының өрнегін былай жазуға болады: Q = І²R t{\displaystyle Q=I^{2}Rt\,} I=U/R және R=U/t, болғандықтан: Q = UІt = U²t/R. Оқушыларға шағын зерттеу жұмыстарының тақырыптарын ұсыныңыз:
5) Бекіту. Оқушылар өтілген тақырыпты игеру үшін тапсырмалар жазылған парақты толтырады. Электр қыздырғыш құралдарының ПӘК-і, энергия шығыны туралы тапсырмаларды бере отырып, оқушыларды электр энергиясының шығыны және оны үнемдеу жолдарын анықтау туралы ойлануға бағыттаңыз. Осы кезеңде оларға шағын зерттеу жұмысын ұсынуға болады: Электр энергиясын үнемдеу жолдарын анықтау Оқушылар өтілген теориялық материалды қолдану үшін тапсырмалар жазылған парақты толтырады. Токтың жұмысы мен қуатының формуласына, Джоуль Ленц заңын қолданып есептер шығарады.
Топтық жұмыс: Оқушылар 3 топка бөлінеді. Тапсырма №1: Электр тогыныӊ жұмысын және қуатын есептеӊіз. Тапсырма № 2: Суретте көрсетілген электр тізбегіндегі Л2 шамыныӊ қуатына нықтаӊыз. Тапсырма № 3: Суретте көрсетілген электр тізбегіндегі Л1 шамыныӊ қуатын анықтаӊыз. | Презентация Электр тогын үнемдеу онлайн-ресурсы: http://bilimland.kz/ru/content/structure/940-physics#lesson=11084 Қосымша №1 | |||||||||||||||||
Сабақтың соңы 38-40 мин | Үй жұмысы § 42. 21 жаттығу (4,5,6) №6 үйде орындалатын эксперименттік тапсырма | «Физика және Астрономия» 8 класс, Б.М.Дүйсенбаев, Г.З.Байжасарова, А.А.Медетбекова | |||||||||||||||||
Қосымша ақпарат | |||||||||||||||||||
Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жос-парлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз? | Бағалау – оқушылардың мате-риалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз? | Денсаулық және қауіп-сіздік техникасының сақталуы | |||||||||||||||||
Дифференциацияны берілетін тапсырма, күтілетін нәтиже, қолдау көрсету, бөлінетін уақыт, қолданылатын дереккөздер арқылы жүзеге асыруға болады. Дифференциация сабақтың кез келген бөлімінде қолданылады. | Бұл бөлімді оқушылардың сабақ барысында алған білімдерін бағалау үшін қолданылатын әдіс-тәсілдеріңізді жазу үшін пайдаланыңыз. | Сабақ жоспарын құру үшін сізге өзге пән мұғалімдерінің көмегі керек пе? Берілген тапсырмалардың қайсыбірі оқушылардың қауіпсіздігіне немесе денсаулығына қауіп төндіре ме? Оқушылар сабақ барысында өздерінің АКТ дағдыларын дамыта ала ма? Осы сабақ барысында НЗМ құндылықтарын дамытуға қандай мүмкіндік бар? | |||||||||||||||||
Ойлану Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары жүзеге асырымды болды ма? Бүгін оқушылар нені үйренді? Сыныптағы оқу атмосферасы қандай болды? Дифференциацияны жүзеге асыру қолымнан келді ме? Мен жоспарланғануақытымды ұстандым ба? Мен жоспарыма қандай өзгерістер енгіздім және неліктен? |
| ||||||||||||||||||
Жалпы баға Сәтті өткен екі нәрсені атап көрсетіңіз (сабақ беру және оқытуға қатысты)? 1: 2: Қандай екі нәрсе сабақтың одан да жақсы өтуіне ықпалын тигізер еді (сабақ беру және оқытуға қатысты)? 1: 2: Осы сабақ барысында сынып немесе жеке оқушылар туралы менің келесі сабағыма дайындалу үшін қажет болуы мүмкін қандай ақпарат алдым? |
Құрметті оқырман! Файлдарды күтпестен жүктеу үшін біздің сайтта тіркелуге кеңес береміз! Тіркелгеннен кейін сіз біздің сайттан файлдарды жүктеп қана қоймай, сайтқа ақпарат қоса аласыз! Сайтқа қосылыңыз, өкінбейсіз! Тіркелу
Кейінірек оқу үшін сақтап қойыңыз:
![]() |
![]() |
![]() |
![]() |
![]() |
![]() |
![]() |
Қарап көріңіз 👇
Жаңалықтар:
» Оқу-ағарту бірінші вице-министрі: ЖАЗҒЫ КАНИКУЛ 90 КҮНГЕ СОЗЫЛАДЫ 29.05.2023
» Шетелге шығу турларының құны бір жыл ішінде қалай өзгерді ? 19.05.2023
» Соңғы қоңырау 2023 жылы қашан болады ? 15.05.2023