![]() |
|
![]() |
Конденсаторлар. Физика, 8 сынып, сабақ жоспары.
САБАҚ ЖОСПАРЫ
Сабақ тақырыбы: | Конденсаторлар | Мектеп: | ХББ НЗМ Алматы | |
Мерзімі: | Мұғалімнің аты: | Балажигитова Н.К | ||
Сынып: | Оқушылар саны | |||
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме) | 8.4.1.10 – конденсаторлардың құрылысын және қолданылуын сипаттау | |||
Сабақ мақсаты |
| |||
Бағалау критерийлері | - конденсатордыӊ құрылысын және қолданылуын сипаттайды; - конденсаторлардыӊ түрлерін біледі; - электр сыйымдылығыныӊ физикалық мағынасын түсіндіреді; - өткізгіштіӊ электр сыйымдылығыныӊ формуласын және өлшем бірлігін біледі; - жазық конденсатордыӊ сыйымдылығын анықтайтын формуласын біледі және қолданады; - жазық конденсатордыӊ энергиясыныӊ формуласын біледі және қолданады. | |||
Тілдік мақсаттар | Пәнге тән лексика мен терминология: Электрлік құбылыстар- phenomena Заряд- charge Оң заряд- positive charge Теріс заряд- negative charge Тебісу- repulsion Тартысу- attraction Зарядтың сақталу заңы- The law of conservation of charge Электроскоп- electroscope Электрометр- electrometer Электр өрісі - Electric field Электр өрісініӊ кернеулігі-Tension of electric-field Электр өрісініӊ күш сызықтары-Lines of tension of electric-field Диалог пен жазу үшін пайдалы сөздер мен тіркестер: Конденсаторлар – электр зарядын және электр өрісініӊ энергиясын жинақтайтын аспаптар. Конденсатор - диэлектрик қабатымен бөлінген екі өткізгіш пластинадан құралады. Пластиналарының пішініне қарай конденсаторлар жазық, цилиндрлік және сфералық болып бөлінеді. Электр сыйымдылық – конденсатордың заряд сақтау қасиетін сипаттайды. Электр сыйымдылығы – тек қана өткізгіштің (конденсатордың) пішініне және өлшемдеріне тәуелді. | |||
Құндылықтарды дарыту | Сабақ барысында бір- бірін бағалау және бірігіп жұмыс жасай алу дағдысы қалыптасады. | |||
Пән аралық байланыстар | Математика пәнімен байланыс есептер және формулалар қорытып шығару және графикті талдау . | |||
Бастапқы білім
| Оқушылар 8-сыныптың 1- токсанында ішкі энергия, жылу мөлшері ұғымдарымен танысқан болатын. Ішкі энергияны өзгертудің тәсілдерін біледі. |
Сабақ барысы | ||
Сабақтың жоспарланған кезеңдері | Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет | Ресурстар |
Сабақтың басы 0-5 мин |
Оқушылар жұпта талқылайды. Оқушылар өткізгіштің заряд жинау қабілетін сипаттайтын физикалық шама бар екенін түсінулері тиіс, ол электрсыйымдылығы.
| |
Сабақтың басы 5-10 мин 10-20 мин 20-35 мин 35-38 мин |
1745 жылы Лейден қаласында неміс физигі Эвальд Юрген фон Клейст және голланд физигі Питер ван Мушенбрук тарихта ең алғашқы конденсатор – «лейден банкасын» жасады. Конденсаторлар – электр зарядын және электр өрісініӊ энергиясын жинақтайтын аспаптар. Конденсатор диэлектрик қабатымен бөлінген екі өткізгіш пластинадан құралады. (от лат. condensare — «тығыздау»)
Конденсатор конструкциясыныӊ негізі- екі ток өткізетін астарлар және олар арасындағы орналасқан диэлектрик.
Пластиналарының пішініне қарай конденсаторлар жазық, цилиндрлік және сфералық болып бөлінеді. Электрсыйымдылық – конденсатордың заряд сақтау қасиетін сипаттайды. Электрсыйымдылығы – тек қана өткізгіштің (конденсатордың) пішініне және өлшемдеріне тәуелді.
Конденсатордың электрсыйымдылығы:
q - конденсатордың бір пластинасының бетіндегі заряд (Кл); С - конденсатордың электр сыйымдылығы (Ф); U - екі пластина арасындағы кернеу (В); 1Фарад - 1Кл заряд бергенде потенциалдар айырмасы 1В ға өзгеретін конденсатор сыйымдылығы. 2) Оқушылар виртуалды жұмыс арқылы өткізгіштің электрсыйымдылығы қандай факторларға байланысты өзгеретінін зерттейді : Қорытындысында төмендегідей тұжырымға келулері тиіс
Конденсаторларды сыртқы механикалық әсерлерден қорғау үшін оларды арнайы корпустармен қаптайды. Жазық конденсатордың электрсыйымдылығы
S - конденсатор пластинасының ауданы (м2); d - пластиналар арасындағы қашықтық (м).
Мұғалім кері байланыс жасай отырып оқушылардың тұжырымдарын толықтырады және түсіндіреді. Конденсаторды схемада мына түрде белгілейміз:
Зарядталған конденсатор энергиясы
Зарядталған конденсатордың энергиясы астарларының арасындағы кеңістіктегі шоғырланған.
5, Сабақты бекіту Жұппен жұмыс: 1.Жазық конденсатордың пластиналар арасына қалыңдығы d=0,1 мм слюда қабаты орналастырылады. Электр сыйымдылығы 1 мкФ болғанда,оның пластиналарының ауданы. (ε0=8,85∙10-12 Ф/м; ε слюда =6 ) . 2.Конденсаторға 5·10-6 Кл заряд берсек,оның энергиясы 0,01 Дж-ге тең болады. сы кезде конденсатор астарындағы кернеу... 4·103 В. 3.Электр сыйымдылығы 0,8 мкФ конденсатордың электр өріс кернеулігі 1000 В/м. Егер оның астарларының арасындағы ара қашықтық болса,онда конденсатордың электр өріс энергиясы.... 4·10-7 Дж. 4.Электр сыйымдылығы С=10 мкФ, U=10 В кернеуге дейін зарядталған конденсатордың электр өрісінің энергиясы. 0,5 мДж. 5.Егер конденсатордың кернеуін 4 есе арттырса, онда конденсатордың энергиясы 6.Заряды 8 мкКл конденсатордың энергиясы 600 кДж. Сыйымдылығын анықтаңдар. 5,3∙10-17 Ф.6.Сыйымдылығы 5 пФ тең конденсатордың энергиясы 64 кДж. Конденсатор заряды. 8∙10-4 Кл 7.Потенциалдар айырымы 1000В, конденсатордың заряды 5∙10-9 Кл. Осы конденсатордың электр сыйымдылығы. 5∙10-12 Ф.8.Жазық конденсатордың ауданы 520 см2. Конденсатордың сыйымдылығы 46 пФ болу үшін пластина қашықтықтығы (ε0=8,85∙10-12 Ф/м) . 9.Зарядталған конденсатордың энергиясы 800 кДж. Конденсаторға 4 мкКл заряд берген. Сыйымдылығын анықтаңдар. 10 мкФ.10.Өріс кернеулігі 10 МВ/м-ге жеткенде конденсатордың тесілуі шыныда байқалатын болса, оған 3,1 мкКл заряд беріледі. Жазық конденсатордың ауданын анықтаңдар. . Оқушылар дайын жауаптар арқылы өздік бағалау жүргізеді. | http://electrono.ru/peremennyj-tok/52-kondensatory-ix-naznachenie-i-ustrojstvo |
Сабақтың соңы 38-40 мин | 6. Рефлексия Мұғалім тапсырманың орындалу деңгейін талқылай отырып, сабақ мақсатына оралады. Келесі сабақты жоспарлау үшін оқушыларға сұрақтар қойылады: - нені білдім, нені үйрендім - нені толық түсінбедім - немен жұмысты жалғастыру қажет. Сұрақтар ауызша немесе жазбаша талқылануы мүмкін.
§ 33. 16-жаттығу. |
Рефлексия Сабақтың мақсаты / оқу мақсаты дұрыс па? Оқушылар бүгін не оқып-үйренді? Оқу атмосферасы қандай болды? Мен дифференцияланған жұмысты сәтті дайындай алдым ба? Мен уақытты сақтадым ба? Мен жоспарда қандай өзгеріс енгіздім және қандай? |
| |
Қорытынды баға Ең табысты екі сәті қандай еді (білім беру мен оқуды қараңыз)? 1: 2: Сабақтың қандай екі сәтін жақсарттым (білім беру мен оқуды қараңыз)? 1: 2: Мен сабақта сынып және жекелеген адамдар туралы нені білдім, мен келесі сабақта нені әңгімелеймін? |
Құрметті оқырман! Файлдарды күтпестен жүктеу үшін біздің сайтта тіркелуге кеңес береміз! Тіркелгеннен кейін сіз біздің сайттан файлдарды жүктеп қана қоймай, сайтқа ақпарат қоса аласыз! Сайтқа қосылыңыз, өкінбейсіз! Тіркелу
Кейінірек оқу үшін сақтап қойыңыз:
![]() |
![]() |
![]() |
![]() |
![]() |
![]() |
![]() |
Қарап көріңіз 👇
Жаңалықтар:
» Оқу-ағарту бірінші вице-министрі: ЖАЗҒЫ КАНИКУЛ 90 КҮНГЕ СОЗЫЛАДЫ 29.05.2023
» Шетелге шығу турларының құны бір жыл ішінде қалай өзгерді ? 19.05.2023
» Соңғы қоңырау 2023 жылы қашан болады ? 15.05.2023