Электрсыйымдылық. Сыйымдылықтың өлшем бірлігі. Конденсаторлар. Физика, 10 сынып, сабақ жоспары.


Қысқа мерзімді жоспар

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Электростатика

Мектеп:

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні: Токтамысова И.Т.

Сынып: 10

Қатысқандар саны: 10-11

Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы:

Электрсыйымдылық. Сыйымдылықтың өлшем бірлігі. Конденсаторлар.

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

10.3.1.4 – қарапайым электр тізбегіндегі конденсатордың рөлі

 Сабақ мақсаттары

  • Өткізгіштің электрсыйымдылығын түсіну
  • Қарапайым электр тізбегіндегі конденсатордың ролін түсіну;
  • C=Q/U -конденсатордың электрсыйымдылығын анықтайтын формулаларды білу, есеп шығаруда қолдана алу
  • конденсатордың құрылысын, түрлерін, қолданылуын білу;

 Бағалау критерийлері

  • Білу және түсіну:
  • Сыйымдылықты түсінеді, өлшем бірлігін сипаттай алады.
  • C=Q/U формуласын біледі;
  • Деректерді қолданып, Электр сыйымдылықтың формулаларын қолдана алады .
  • Қолдану.Талдау:
  • Кернеу мен зарядтың тәуелділігін талдап, сыйымдылықты анықтайды.
  • Қуатталған конденсатор мен қуаттан ажыратылған кездегі энергия өзгерісін талдап, салыстыра алады, білімді жинақтап, қорытынды жасайды.

 Тілдік мақсаттар

Диалогқа/жазуға қажетті сөз тіркестері

Конденсатор, конденсатордың сыйымдылығы, электрлік потенциал , энергия ,заряд сақтайды, тогынан айырады, босатады, зарядтың ыдырауы

Аккумулятор конденсаторды қуаттау үшін жұмыс істейді.

Конденсатор энергияны сақтайды.

Электрлік потенциалды энергия конденсатор қуатынан айырылған кезде босатылады

Пәнге тән лексика мен терминология:

қазақша

орысша

Ағылшынша

электр өткізгіш

проводник

conductor

диэлектрлік

диэлектрик

dielectric

Конденсатор

Конденсатор

Capacitor

Электр сыйымдылық

Электрическая емкость

electric capacity

 Құндылықтарды дарыту

Тапсырма орындау барысында ынтымақтастыққа, құрметке баулу. Оқушылар бірін-бірі бағалауда академиялық шыншылдықты ұстанады.

Мектептегі тақырыпқа сай іздену қажеттігін, өмір бойы білім алу керектігін білу.

 Пәнаралық байланыстар

математика (есептер шығаруда)

 АКТ қолдану дағдылары

Презентация, Интернет ресурстары

https://bilimland.kz/kk/#lesson=11024

Бастапқы білім

8 сыныптан потенциал ,потенциалдар айырымы, сыйымдылық,конденсатор ұғымдары

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

5 мин

- Ұйымдастыру

Алған білімді тексеру.Сұрақтар:

  • Электростатика және электродинамика бөлімі қандай бөлім?
  • Заряд дегеніміз ...
  • Кулон заңын тұжырымдаңыз
  • Күш сызықтарының қасиеттері
  • Кернеулік дегеніміз не? Бағыты?
  • Өткізгіш дегеніміз не?
  • Диэлектрик және диполь дегеніміз не?

Сабақтың ортасы

5 мин

10 мин

10мин

5мин

Миға шабуыл:

  • Теле радиоаппаратураны жөндеу маманының көмегіне жүгінген уақытыңыз болды ма? Қалай ойлайсыз ол немен айналысады?
  • Осы бөлшектерді атай аласыз ба?
  • Бұл маманға физиканың қай бөлігін білген дұрыс?

Сабақтың тақырыбы және оқу мақсаттарымен таныстыру.

Мультимедиялық оқулық, таныстырылым арқылы тақырыпты түсіндіру.

Конденсатор деп диэлектриктердiң жұқа қабатымен бөлiнген модульдары бойынша тең әр аттас зарядталған зарядтардың екi өткiзгiштен тұратын жүйесiн айтады.

Бұл өткізгіштерді (пластиналарды) конденсатордың астарлары деп атайды.

Жазық конденсатордың электрсыйымдылығы:

мұнда S – әр пластинаның ауданы, d – пластиналар арасындағы арақашықтық.

Сфералық конденсатордың электр сыйымдылығы:

Түрлері

Конденсаторлар жазық, сфералық және цилиндрлiк деп ажыратылады.

Жазық конденсатор бiр-бiрiнен аз арақашықтықта орналасқан бiрдей екi параллель пластинадан тұрады

Конденсаторларды сыртқы механикалық әсерлерден қорғау үшін оларды арнайы корпустармен қаптайды.

Конденсаторлар не үшін қажет?

Ұқсастық: Банкаға құйылған сумен салыстыру: банканың көлденең қимасы-сыйымдылық, биіктігі-кернеу, су-заряд немесе энергия; Аккумуляторда банкадағы су жіңішке шлангпен ағады; конденсатордағы зарядтың ағып кетуі банканың түбі ашылып, су бірден ағып кеткенге ұқсас.

Кластер-сызба жасау:

Бекіту

  • Конденсатордың негізгі сипаттамасы оның электрсыйымдылығы болып табылады.
  • Қатты диэлектриктің болуы жүйенің электрсыйымдылығын арттырады;
  • Диэлектриктің қалыңдығын азайтса, өткізгіштер жүйесінің сыйымдылығы артады;
  • Диэлектриктің өтімділігі артқанда, жүйенің электрсыйымдылығы артады;
  • Өткізгіштердің ауданын арттырғанда жүйенің электрсыйымдылығы артады;
  • Конденсаторларды сыртқы механикалық әсерлерден қорғау үшін оларды арнайы корпустармен қаптайды.

Альтернативті жауабы бар тест

  • Конденсатор атқаратын қызметі электр зарядын жинақтау.
  • Конденсатор деп жұқа диэлектрик қабатымен бөлінген екі өткізгіштен тұратын жүйені айтады.
  • Конденсатор астарларындағы зарядтар модулі және таңбалары бойынша бірдей болады.
  • Конденсатордың заряды деп оның астарларының біріндегі заряд шамасын айтады.
  • Электрсыйымдылық деп екі өткізгіштің қанша заряд жинақтай алатынын сипаттайтын шаманы айтады.
  • Жазық конденсатордың электрсыйымдылығы өткізгіштердің ауданына ғана тәуелді.

https://www.youtube.com/watch?v=zrCbD9lv6IA

https://bilimland.kz/kk/#lesson=10863

Мультимедиялық оқулық, §4.9-4.10.

http://sanatez.net/physics10/index.htm

https://www.youtube.com/watch?v=zrCbD9lv6IA

https://phet.colorado.edu/sims/html/capacitor-lab-basics/latest/capacitor-lab-basics_en.html

http://www.bilimland.kz/ru/content/lesson/6194-kondensator

Сабақтың соңы

5 мин

Кері байланыс Білемін Білдім Білгім келеді

Үй тапсырмасы Видеолар қарау

§ 8.10 – 8.11

  • Кернеуі U = 120 В болатын ток көзінен q = 6 · 10-5 Кл заряд алатын конденсатордың сыйымдылығы қандай?

Жауабы: 0,5 мкФ

  • Слюдадан жасалған конденсатор астарларының ауданы S = 15 см2, ал астарлар арасындағы қашықтық d = 0,02 см. Конденсатордың сыйымдылығы қандай?

Жауабы: 400 пФ

https://www.youtube.com/watch?v=8TpQzXyb9u4

https://www.youtube.com/watch?v=ERsFC-sXfho

https://www.youtube.com/watch?v=qiMYort7zMk

Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалауоқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

Барлық оқушылар:

Негізгі ұғымдар түсініп, қарапайым есептеулерді жүргізеді. А деңгейі есептерін шығарады

Көпшілік оқушылар

Формулаларды түрлендіріп, есептерді дұрыс шығарады. В деңгейі есептерін шығарады

Кейбір оқушылар:.

өз ойларын еркін жеткізіп қорғай алады; сұрақтарға толық дәлелді жауап береді. С деңгей есептерін шығара алады

Өз-өзін бағалау

Сабақ барысында қауіпсіздік техникасы ережелерін сақтау.

Сабақ бойынша рефлексия

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме?

Жеткізбесе, неліктен?

Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?

Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма?

Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен?

Бұл бөлімді сабақ туралы өз пікіріңізді білдіру үшін пайдаланыңыз. Өз сабағыңыз туралы сол жақ бағанда берілген сұрақтарға жауап беріңіз.

Жалпы баға

Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Қазақстандықтар шетелге шығуға жылына қанша жұмсайды?
» Су тасқынынан зардап шеккендерге қосымша тағы 553 мың теңге төленеді
» Елімізде TikTok желісі бұғатталуы мүмкін бе?
Пікір жазу