Электрсыйымдылық. Сыйымдылықтың өлшем бірлігі. Конденсаторлар. Физика, 10 сынып, презентация.


Сұрақ. Теле радиоаппаратураны жөндеу маманының көмегіне жүгінген уақытыңыз болды ма? Қалай ойлайсыз ол немен айналысады

Осы бөлшектерді атай аласыз ба?

Бұл маманға физиканың қай бөлігін білген дұрыс?

Электрсыйымдылық.Конденсаторлар.Олардың түрлері және құрылысы. Жазық конденсатордың сыйымдылығы.

Оқу мақсаты:

10.4.2.1 - электр сыйымдылығының физикалық мағынасын анықтау және есеп шығаруда электрсыйымдылықтың формуласын қолдану

Бағалау критерийлері:

Электрсыйымдылық ұғымын түсіну

Конденсатордың сызбасын қарапайым сызбамен көрсете алады

Жазық конденсатордың сыйымдылығын тәжірибеде бақылау

Конденсатордың негізгі қызметін білу

https://bilimland.kz/kk/home

Диэлектриктер

Диэлектриктер деп электр тогын өткізбейтін заттарды айтады. Диэлектрикте еркін заряд тасымалдаушылар жоқ. Диэлектриктің барлық электр зарядтары оның молекулаларының құрамына кіреді және олар тек аз қашықтықтарға, атом немесе молекула аумағында ғана ығыса алады. Сол себепті диэлектриктер электр тогын өткізбейді.

Диэлектриктерге көптеген қатты денелер (янтарь, эбонит, шыны, фарфор, кварц, мәрмәр және т.б.), кейбір сұйықтар (мысалы, дистилденген су) және барлық газдар жатады.

Өткізгіштер

Өткізгіштер диэлектриктерден заряд тасымалдаушылардың, яғни электрондар мен иондардың болуымен ерекшеленеді. Өткізгіштердің ішіндегі зарядты тасымалдаушы бөлшектер хаосты түрде қозғалады, ал егер өткізгіш электр өрісіне түссе, олар кулондық күштің әсерінен реттелген қозғалысқа келеді.

Электрсыйымдылық бірлік кернеуге келетін заряд шамасы

Электрсыйымдылық

Capacitance

Дененің электр зарядын жинақтау қабілеті электрсыйымдылық (С) деп аталады

Өткізгіштің электрсыйымдылығы осы өткізгіштің өлшемі, пішіні және сыртқы жағдайларға тәуелді.

 

Электрсыйымдылық

Capacitance

Өткізгіштің электр сыйымдылығы өсы өткізгіштің потенциалын бір бірлікке арттыруға қажет электр заряд мөлшерімен өлшенеді:

 

Электрсыйымдылықтың бірлігі:

 

Электрсыйымдылық

Capacitance

SI жүйесінде электрсыйымдылықтың бірлігі ретінде фарад (Ф) алынған.

1 фарад дегеніміз – потенциалын 1 В-қа арттыру үшін

1 Кл заряд керек болатын өткізгіштің электрсыйымдылығы.

Практикада қолданылатын электрсыйымдылығының өлшемдері:

1 мкФ = 10-6 Ф

1 нФ = 10-9 Ф

1 пФ = 10-12 Ф

Өткізгіштің электрсыйымдылығы

 

Өткізгіштің электрсыйымдылығы

4. Қатты диэлектриктің болуы жүйенің электрсыйымдылығын артырады.

5. Диэлектриктің қалыңдығын азайтса, өткізгіштер жүйесінің сыйымдылығы артады.

6. Диэлектриктің диэлектрлік өтімділігі артқанда, жүйенің электрсыйымдылығы артады.

7. Өткізгіштердің бір-бірімен айқасу ауданын арттырғанда жүйенің электрсыйымдылығы артады.

ЭЛЕКТРСЫЙЫМДЫЛЫҚ

заряд пен кернеуден

тәуелді емес

Конденсатор

Конденсатор — заряд жинақтайтын өткізгіштер жүйесі

Лейден банкасы- ең алғашқы конденсатор

1745 Мушенбрук

Жазық конденсатор

Жазық конденсатор үшін

Конденсаторлардың жіктелуі

Диэлектрик бойынша

Тағайындалуы бойынша

Формасы бойынша

Конденсатор формалары бойынша

Сфералық

Цилиндрлік

Жазық

Конденсаторлардағы диэлектрик

Қағаз

Электролиттік

Керамикалық

Конденсаторлардың қолданылуы

Айнымалы сыйымдылық

Тұрақты сыйымдылық

Айнымалы сыйымдылықты конденсатор

Бекіту

Конденсатордың негізгі сипаттамасы оның электрсыйымдылығы болып табылады.

Қатты диэлектриктің болуы жүйенің электрсыйымдылығын арттырады;

Диэлектриктің қалыңдығын азайтса, өткізгіштер жүйесінің сыйымдылығы артады;

Диэлектриктің өтімділігі артқанда, жүйенің электрсыйымдылығы артады;

Өткізгіштердің ауданын арттырғанда жүйенің электрсыйымдылығы артады;

Конденсаторларды сыртқы механикалық әсерлерден қорғау үшін оларды арнайы корпустармен қаптайды.

Альтернативті жауабы бар тест

иә немесе жоқ

Конденсатор атқаратын қызметі электр зарядын жинақтау.

Конденсатор деп жұқа диэлектрик қабатымен бөлінген екі өткізгіштен тұратын жүйені айтады.

Конденсатор астарларындағы зарядтар модулі және таңбалары бойынша бірдей болады.

Конденсатордың заряды деп оның астарларының біріндегі заряд шамасын айтады.

Электрсыйымдылық деп екі өткізгіштің қанша заряд жинақтай алатынын сипаттайтын шаманы айтады.

Жазық конденсатордың электрсыйымдылығы өткізгіштердің ауданына ғана тәуелді.

Есептер шығару

1. Конденсатордың электр сыйымдылығы C=5∙10-12 Ф. Конденсатордың астарлары арасындағы потенциалдар айырмасы U=1000 В. Конденсатордың әрбір астарларындағы заряд қандай?

2. Жазық конденсатордың ауданы 520 см2, конденсатордың сыйымдылығы 46∙10-12 Ф. Пластиналардың арақашықтығы қандай? (ε=1; ε0=8,85*10-12 Ф/м)

3. Сыйымдылығы 500 мкФ конденсаторды кернеуі 20 В ток көзіне қосқанда алатын заряд мөлшері неге тең?

4. Сыйымдылығы 7пФ, кернеуі 200В конденсатор энергиясын табыңыз

5. Электр өтімділігі 𝜺=1,5 ортадағы электр өрісінің кернеулігі 2∙103 В/м нүктедегі электр өрісі энергиясының тығыздығын тап.

6. Конденсатор сыйымдылығын 2 есе арттырып, тізбектегі кернеу шамасын 2 есе кемітсе, конденсатордың энергиясы қалай өзгереді?

7. Конденсатордың электрсыйымдылығы 0,25 мкФ, ал пластиналарының арасындағы потенциалдар айырмасы 400 В болса, конденсатордың энергиясын анықтаңыз

8. Конденсатор пластиналарының әр қайсысындағы заряд шамасын 2 есе ұлғайтса, конденсатор энергиясы қалай өзгереді?

Кері байланыс

Білемін Білдім Білгім келеді



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Пікір жазу