Электр сыйымдылық. Конденсаторлар. Физика, 10 сынып, сабақ жоспары.


Сабақ жоспары

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:

10.2В – Конденсаторлар

Мектеп: Қарағанды қаласындағы химия-биология бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні: Манат С.М.

Сынып: 10

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы

Электр сыйымдылық. Конденсаторлар.

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

10.4.2.1 - электр сыйымдылығының физикалық мағынасын анықтау және есеп шығаруда электрсыйымдылықтың формуласын қолдану

10.4.2.2 – Зарядталған конденсатордың энергиясын есептеу;

Сабақ мақсаттары

Оқушылар электр сыйымдылығының физикалық мағынасын анықтайды;

есеп шығаруда электрсыйымдылықтың формуласын қолданады;

зарядталған конденсатордың энергиясын есептейді.

Бағалау критерийлері

Оқушылар электр сыйымдылығының физикалық мағынасын анықтайды;

есеп шығаруда электрсыйымдылықтың формуласын қолданады;

зарядталған конденсатордың энергиясын есептейді.

 Тілдік мақсаттар

Пәнге тән лексика мен терминология:

 Құндылықтардыдарыту

Сабақ бойында оқушыларда қалыптасады бір-бірін сыйлау, ашықтық,мектеп мүлкін құрметтеу және бірігіп жұмыс жасай алу.

 Пәнаралықбайланыстар

Математика пәнімен байланыс есептер және формулалар қорытып шығару және графикті оқи білу.

 АКТ қолдану дағдылары

Интерактивті тақтаның қажетті мүмкіндіктерін кеңінен пайдалануы, интернет желісінен ақпараттар іздегендетиімді жолдарды таңдауы.

Бастапқы білім

 

8 сынып курсынан. Электр заряды, Кулон заңы, электр зарядының сақталу заңы

Сабақбарысы

Сабақтыңжоспарланғанкезеңдері

Сабақтағыжоспарланғаніс-әрекет

Ресурстар

1.Ұйымдастыру кезеңі

2.Сабақ мақсатын анықтау.

Сабақтың басы

Сабақтың ортасы

Сабақтың соңы

Сабақтың басы

Сабақтың ортасы

Активити

Демонстрация

Демонстрацияда конденсатор тұрақты ток көзінен зарядталды.

Сосын оны ток көзінен ажыратып шамға жалғады.

  • Осы кезде не байқадыңыздар?
  • Конденсаторды не үшін қолданылады?

Видео материалмен жұмыс - How a capacitor works - capacitor physics and applications

https://www.youtube.com/watch?v=L6cgSxpGmDo 0.00 – 3.37с

1. конденсатор анықтама беру

2. конденсатор құрылғысы

3. конденсатор сыйымдылығы: формуласы, белгіленуі

4. конденсатордың зарядталуы

5. диэлектриктің полеризациясы

6. лампаны қосу арқылы конденсатордың разрядталуы

Конденсатор деп жұқа диэлектрик қабатымен бөлінген екі өткізгіштен тұратын жүйені айтамыз. Ол латынның “condenso”- қоюлату, жинақтау деген сөзінен шыққан. Конденсатор электр энергиясын және электр зарядтарын жинақтау үшін қолданылады.

Электр сыйымдылығы - өткізгіштің немесе өткізгіштер жүйесінің электр зарядтарын жинау және ұстап тұру қабілетін сипаттайтын физикалық шама. 

Фарада, фарад — электр сыйымдылықтың бірліктердің халықаралық жүйесіндегі бірлігі. Ол қысқаша: Ф (қазақша) не Ғ (халықар.) арқылы белгіленеді. Электр сыйымдылық бірлігінің бұл атауы М.Фарадейдің құрметіне аталған. 1Ф — 1 Кл зарядтың конденсатор астарларында 1 в-қа тең потенциалдар айырмасын туғызатын конденсатор сыйымдылығы.

1 Ф = 1 Кл/1 В.

ХБЖ-да негізгі өлшем бірліктері арқылы:

Ф = А2·с4·кг−1·м−2.

Формулалар:

1. Электр сыйымдылығы өткізгіш зарядының (Q) оның электр потенциалы (U) қатынасына тең скаляр шама:

2. Жазық конденсатор сыйымдылығы:

Конденсатор құрылғысы:

Электролитикалық конденсатор

Эксперимент

Құрал-жабдықтар: сыйымдылығы 470 мкФ тең конденсатор, тұрақты ток көзі (6-12 В), шам.

Эксперимент барысы:

1.Кернеуі (12 В) тұрақты ток көзінен сыйымдылығы 400 мкФ конденсаторды зарядтаңыз.

2.Шам арқылы разрядтаңыз.

Ескерту: шам қатты жарқырайды.

Зарядталған конденсатордың электр энергиясы қыздырылған шам ішіндегі сымның ішкі энергиясына өтеді.

3. Конденсаторды зарядтау кезінде кернеу мәнін 1 В көтеріп отырып экспериментті бірнеше рет қайталаңыз (6В тан 12 В дейін).

4. Шам жарығы қалай өзгеретінін байқылаңыз.

5. Зарядталған конденсатор энергиясының ток көзінің кернеуіне тәуелділігі туралы қорытынды келтіріңіз.

6. Зарядталған конденсатордың энергия формуласын шығарыңыз.

Эксперимент барысында қандай қиындық туындады?

Зарядталған конденсатордың энергиясының формуласы

Видео материалмен жұмыс 0.00 с – 1,30 с

G Жұптық жұмыс

Формуланы қорыту энергияның:

  • зарядтан және конденсатор сыйымдылығына
  • конденсатор сыйымдылығына және кернеуге
  • геометриялық өлшемдеріне және кернеуге
  • электр өрісінің кернеулігіне және пластина арасындағы ара қашықтыққа байланысты формулаларын қорытып шығарыңыздар.

Конденсатордың шартты белгіленуі:

Конденсаторлардың қолдану аясы:

1. https://www.youtube.com/watch?v=U-sDJrb2wh4 6.10 – 6.16 с

2. кері есептеу таймері. Осы схемада конденсатор бар екендігін дәлелдеңіздер.

3. суретте көрсетілген электр энергиясын сақтауға арналған құрал атауын атаңыз.

Активити

Оқу мақсатын тұжырымдаңыз.

W, G, I Есептер шығару

  • Бірінші конденсатордың сыйымдылығы 0.5 мкФ, ал екіншісінікі 5000 пФ. Осы конденсаторларда бірдей заряд қорын алу үшін, оларға түсірілген кернеулерді салыстырыңдар.
  • Ауа конденсаторының пластиналарын арасындағы кеңістікте қатты диэлектрикті енгізгенде конденсатордың кернеуі 400 В – тан 50 В – қа дейін кеміген. Диэлектриктің диэлектрик өтімділігі қандай?
  • Жазық конденсатордың әр пластинасының ауданы 520 см2. Конденсатордың сыйымдылығы 46 пФ болу үшін оның пластиналарын ауада бір-бірінен қандай қашықтыққа орналастыру керек?
  • Жазық конденсатор әрқайсысының ауданы 50 см2 екі пластинадан тұрады. Пластиналар арасында шыны қабаты бар. Өріс кернеулігі 10 МВ/м-ге жеткенде конденсатордың тесілуі шыныда байқалатын болса, осы конденсаторда ең көп дегенде қанша заряд болады?
  • Импульстік фотожарқыл кезінде шам 300 В кернеуге дейін зарядталған сыйымдылығы 800 мкФ конденсатордан қоректенеді. Разрядталудың ұзақтығы 2.4 мс болғандағы жарқылдың энергиясын және орташа қуатын табу керек.
  • Сыйымдылығы 20 мкФ конденсаторға түсірілген кернеуді 2 есе арттырғанда, өріс энергиясы 0.3 Дж шамасына өтті. Кернеу мен өріс энергиясының бастапқы мәндерін табыңдар.

Құрал-жабдықтар: сыйымдылығы 470 мкФ тең конденсатор, тұрақты ток көзі (6-12 В), шам,

Сабақтың соңы

Рефлексия

Үй тапсырмасы

Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

Саралау іріктелген тапсырмалар, нақты бір оқушыдан күтілетін нәтижелер, оқушыға дербес қолдау көрсету, оқу материалдары мен ресурстарын оқушылардың жеке қабілеттерін есепке ала отырып іріктеу (Гарднердің жиындық зият теориясы) түрінде болуы мүмкін.

Саралау уақытты ұтымды пайдалануды есепке ала отырып, сабақтың кез-келген кезеңінде қолданыла алады

Бұл бөлімде оқушылардың сабақ барысында үйренгенін бағалау үшін қолданатын әдіс-тәсілдеріңізді жазасыз

Денсаулық сақтау технологиялары.

Сергіту сәттері мен белсенді іс-әрекет түрлері.

Осы сабақта қолданылатын Қауіпсіздік техникасы ережелерінің тармақтары

Сабақ бойынша рефлексия

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме?

Жеткізбесе, неліктен?

Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?

Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма?

Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен?

Бұл бөлімді сабақ туралы өз пікіріңізді білдіру үшін пайдаланыңыз. Өз сабағыңыз туралы сол жақ бағанда берілген сұрақтарға жауап беріңіз.

Жалпы баға

Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Қазақстандықтар шетелге шығуға жылына қанша жұмсайды?
» Су тасқынынан зардап шеккендерге қосымша тағы 553 мың теңге төленеді
» Елімізде TikTok желісі бұғатталуы мүмкін бе?
Пікір жазу